Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
3 кредита ВШНП ,СР и Туризм.doc
Скачиваний:
8
Добавлен:
05.02.2016
Размер:
320.51 Кб
Скачать

Қазақстан Республикасының білім және ғылым Министрлігі

Қазақ гуманитарлық заң университеті

«БЕКІТЕМІН»

Экономика, бизнес және әлеуметтік ғылымдар Жоғары мектебінің

проректор-директоры

т.ғ.к., доцент Мукатаева Л.К

_____________________________

«___» _________________ 2011 ж.

ПӘНДЕРДІҢ ОҚУ ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ

«Информатика» пәні бойынша

5В030200 – Халықаралық құқық, 5В030400 – Кеден ісі, 5В030300 – Құқыққорғау қызметі, 5В030100 - Заңтану, 5В050900 - Қаржы, 5В050800 - Есеп және аудит, 5В050600 -Экономика, 5В050300 - Психология, 5В050100 - Әлеуметтану, 5В050900 – Әлеуметтік жұмыс, 5В050200 – Туризм, 5В050207- Аударма ісі, 5B050507 – Менеджмент

мамандықтарының студенттеріне арналған

Экономика, бизнес және әлеуметтік ғылымдар Жоғары мектебі

Гуманитарлық және жаратылыстану пәндер кафедрасы

Астана – 2011 ж.

Пәннің оқу-әдістемелік кешенін гуманитарлық және жаратылыстану пәндері кафедрасының аға оқытушысы Адалбек А., аға оқытушысы Анетова А.Ж., оқытушы Кошербаева Ж.Е. дайындады.

Гуманитарлық және жаратылыстану пәндері кафедра отырысында талқыланды

Хаттама № ____ «_____» ______________________________ ___________ж.

Кафедра меңгерушісі Құсайынова Ж.Д.

______________ «_____» _____________________________ ___________ ж.

Экономика, бизнес және әлеуметтік ғылымдар Жоғары мектебінің Кеңесімен келісілген.

Хаттама № ____ «_____» ______________________________ ___________ж.

Төрайымы т.ғ.к., доцент Мукатаева Л.К.

__________________ «_____» _________________________ ___________ж.

Қазақ гуманитарлық заң университеті

ЭКОНОМИКА, БИЗНЕС ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ҒЫЛЫМДАР ЖОҒАРЫ МЕКТЕБІ

ГУМАНИТАРЛЫҚ ЖӘНЕ ЖАРАТЫЛЫСТАНУ ПӘНДЕР КАФЕДРАСЫ

«БЕКІТЕМІН»

Экономика, бизнес және әлеуметтік ғылымдар Жоғары мектебінің

Проректор-директор м.а.

т.ғ.к., доцент Мукатаева Л.К

_____________________________

«___» _________________ 2011 ж.

ПӘННІҢ ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ

(syllabus)

Пәннің атауы: «Информатика»

Мамандықтар:

5В030200 – Халықаралық құқық, 5В030400 – Кеден ісі, 5В030300 – Құқыққорғау қызметі, 5В030100 - Заңтану, 5В050100 - Әлеуметтану, 5В050900 – Әлеуметтік жұмыс, 5В050200 - Туризм

Оқу нысаны: күндізгі болім

Барлығы - 3 кредит

Курс - 1

Семестр – 1,2

Cеминарлық сабақтар - 45 сағат

СОӨЖ - 23 сағат

СӨЖ - 67 сағат

Емтихан - 1,2 семестр

Жалпы көлемі – 135 сағат

А С Т А Н А – 2011 ж.

Пән оқытушысы туралы мәліметтер: Адалбек А., Анетова А.Ж., Кошербаева Ж.Е. Гуманитарлық және жаратылыстану кафедрасында аға оқытушылары және оқытушы міндетін атқарады.

Оқытушының ғылыми қызығушылығы: студенттердің ойлау қабілетін дамыту және студенттердің шығармашылық ойлау қабілеттерін дамыту барысында ақпараттық технологияның көмегіне жүгіну жолдарын арттыру.

Тіл білімділігі: қазақ, орыс, ағылшын (сөздік көмегімен).

Кафедра мәліметтері: ҚазГЗУ, Гуманитарлық және жаратылыстану кафедрасы, 413 ауд.

Реквизит алды (пререквизиты): Информатика пәнін оқыту студенттердің мектепте алған информатика, математика және физика пәндеріне сүйенеді.

Реквизит соңы: «Информатиканың» негізгі мəселелері:

- информатиканың негізгі түсініктерін үйрену үшін студенттерге алгоритмдік ойлау қабілетін, жаңа қоғамда ақпаратты қор ретінде пайдалану жəне ақпараттық қорларды басқару əдістерін зерделеу;

- студенттерді əмбебап компьютерлердің архитектурасымен таныстыру жəне компьютерде жұмыс істеуге үйрету;

- студенттерді экономикалық жəне басқарудағы есептерді алгоритмдеуге, информациялық жүйелерде программалаудың негіздеріне оқытып үйрету;

- жаңа информациялық технологиялардың мүмкіндіктерін жəне болашақтағы олардың өркендеуін көрсету;

- ЭЕМ-нің, информациялық жүйелердің, компьютерлік жүйелердің жəне олардың программалық қамтамаларының даму қалпы мен келешегін зерделеу;

- теориялық білімдерді белсенді практикаға пайдалануға дағдыландыру.

Пән мақсаты:информатика дамуындағы негізгі тенденцияларды қамтитын теориялық және тәжірибелік мағлұматтармен студенттерді таныстыру; дискретті математика элементтерін таныстыру; есептелінетін жүйе архитектурасы, операциялық жүйелер мен желілер туралы түсінік беру: студенттерге алгоритмдер мен блок схемаларды құруды үйрету; компьютерлік графика негіздерімен және желілік қосымшаларды құрудың негізгі концепцияларымен таныстыру.

Пән мәселесі: студенттерге есептерді алгоритмдеу негізін, тиімді алгоритмдерді құруды және қолданбалы бағдарламалар пакеттерін қолдануды оқыту; қазіргі ақпараттық технологиялар мүмкіндіктерін және олардың даму перспективасын игеру; компьютерлік желілер мен компьютердің программалық және ақпараттық жабдықтарының перспективалары мен жағдайларын игеру.

Білім, дағды және қабілет минимумы: «Информатика» пəнін оқу нəтижесінде студенттер келесіні меңгеруі керек:

- дербес компьютерде жұмыс əдістерін, операциялық жүйелерді, программалық қамтамаларды, əртүрлі редакторларды, кестелік процессорларды, деректер қорын басқару жүйелерін, қолданбалы программалар пакеттерін білу;

- компьютер көмегімен экономикалық жəне басқару мəселелерін шешуге алгоритмдер мен программаларды құрастыру;

- экономиканың салаларындағы информациялық жүйелерді, деректер қорын жобалауды жəне құруды үйрену;

- экономикалық ақпаратты талдау əдістерін, құрылымдауын, өңдеуін көрсете білу;

- арнайы экономикалық жəне басқару есептерді шешуге қолданбалы программалық қамтамаларды қолданып үйрену;

- компьютерлік желілердің қызметтерін қолдану жəне дүниежүзілік ауқымды Internet желісінің, E-mail, WWW,

телекоммуникациялар қызметтерін қолдану;

- компьютерлік жүйелердің жəне информациялық технологиялардың жиі кездесетін өзгерістерін қадағалау.

Оқытушылық фактор

Оқыту элементтері – практикалық жұмыстар, оқытушының қатысуымен өз бетімен жұмыс.

Бақылау формасы – семестрлік тапсырмалардың орындалуы, рефераттар, тестік жұмыстардан тұратын аралық бақылау.

Бақылаудың қорытынды формасы – ДК-де орындалатын емтихан.