Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
3 кредита ВШНП ,СР и Туризм.doc
Скачиваний:
8
Добавлен:
05.02.2016
Размер:
320.51 Кб
Скачать

Глоссарий

Ақпарат термині латынның түсіндіру, баяндау, мәлімет деген ұғымдарды білдіретін “information” сөзінен шыққан. Ақпарат – бұл қоршаған орта туралы анықталмағандықты білдіретін мәліметтер.

Ақпараттық үрдіс - ақпаратты қабылдау, алмастыру, өңдеу және қолдану үрдісі.

Ақпаратты қорғау – ақпараттың сыртқа шығуын, оның ұрлануын, жоғалуын, рұқсатсыз жойылуын, өзгертілуін, рұқсатсыз көшірмеленуін болдырмау үшін жүргізілетін шаралар кешені.

Ақпараттандыру – адам қызметінің қоғамдық мәні бар барлық түрлерінде ақиқат білімдердің толық және дер кезінде пайдаланылуын қамтамасыз етуге бағытталған шаралар кешенін іске асыру.

Ақпараттық жүйе – қойылған мақсатқа жету жолында ақпаратты сақтау, өңдеу және басқаларға беру үшін пайдаланылатын құралдардың, әдістердің және адамдардың өзара байланысты жиыны.

Ақпараттық ресурстар – кітапханаларда, мұрағаттарда, қорларда, мәліметтер банкілерінде және басқа да ақпараттық жүйелерде жеке құжаттар немесе олардың жиымдары түрінде шоғырланған мағлұматтар жиынтығы.

Алгоритм - орындаушының белгіленген мақсатқа жетуіне бағытталған түсінікті  ұйғарым.

Алмасу буфері – құжаттар мен қосымша программалар арасында мәтіндік немесе графикалық информация алмасуға арналған жад аймағы.

Антивирустық программа – компьютер программаларына зақым келтіретін вирустарды табатын, әрі олардың кері әсерін жоятын программа.

Архивтеу – файлды немесе файлдар тобын тығыздау процесі.

Аппараттық жасақтама – компьютерлік жүйенің жҗмыс істеуіне қажетті барлық аппараттық құралдар жиынтығы.

Байт – 8 биттен тұратын ЭЕМ жадының немесе ондағы мәліметтердің бірлігі.

Бейнеадаптермонитордағы бейнені басқару үшін бас тақшаға орнатылған немесе кеңейтуге арналған қосқыштарға жалғанатын схемалық тақша.

Бейнекарта – бейнекамера, бейнемагнитафон немесе кез-келген басқа композитті сигнал көзінен алынатын бейнемәліметтерді дисплей экранына шығаруға мүмкіндік беретін, компьютерлік графикамен және бейнемәліметтермен жұмыс істеуге арналған құрылғы

Гипермәтін - экранда ашық тҗрған құжаттың бір бөлігінен екінші бөлігіне жылдам ауысуды жүзеге асырады.

Дербес компьютер – жеке пайдаланушыға арналған кіші өлшемді жөн бағалы, өмбебап микропроцессор; үстелге қоятын, ықшамды, қалтаға салып жүретіндей етіп жасалған, жеке пайдаланушыға арналған компьютер.

Десте – желі арқылы тасымалданатын мәліметтерді сипаттайтын жалпы аталым.

Домен – бір бір компьютерден басқарылатын немесе желілік түйіннің жалпы басшылығымен жұмыс істейтін қатынастар әрекетінің немесе желілік ресурстардың тобы.

Драйвер – сыртқы құрылғылармен байланыс жасайтын жүйелік программа.

Жад – мәліметтерді қабылдауға, сақтауға және беруге арналған ЭЕМ-нің функционалдық бөлігі.

Жедел жадберілген мезетте атқарылатын программалар мен оларға дер кезінде қажетті мәліметтерді сақтайтын электрондық жад.

Жергілікті желі (локальная сеть) – жалпы мақсаттағы байланыс құралдарын пайдаланбайтын, бір-біріне жақын орналасқан компьютерлердің есептеу желісі.

Компьютерлік желі – мәліметтерді компьютер арасында жеткізетін бір-бірімен телеқатынас құру құралдары.

Конструктормәліметтер қоймасы нысандарының (кестелер, сұраныстар, формалар, басылымдар, макростар, модульдер) қасиеттерін анықтап, құрастыру режимі.

КЭШ жад – процессор мен жедел жад арасында буфер ретінде қолданылатын мәліметтер алу уақыты жедел жадқа қарағанда өте жылдам жад түрі.

Информатика - адам өмірінің әр түрлі салаларында ақпараттың құрылымы мен жалпы қасиеттерін, оны іздеу, жинау, сақтау, түрлендіру және қолдану мәселелерін зерттейтін жас ғылыми пән.

Программалық жасақтама – белгілі бір типтегі есептеуіш машиналарға арналған программалар жиынтығы; компьютерлерге арналған алгоритмдер мен программаларды әзірлеу.

Санау жүйесі – сандық мәліметтерді көрсету үшін керек тәсілдер мен ережелердің келісілген жиынтығы.

Қолданбалы программалық жасақтамақолданушының нақты есептерін шешуге арналған программалар жиынтығы.

Сыртқы жад – мәліметтерді ұзақ сақтауға арналған алынып-салынатын жад құралдары (магниттік диск, иілгіш магниттік диск т.с.с.).

Слот – компьютердің жүйелік тақтасында кеңейтудің алып-қосу ойығы.

Стример – қатқыл дискідегі мәліметтерді резервке сақтап қоюға арналған көлемді мәліметтер жинақтайтын магниттік таспадағы компьютерлік магнитофон.

Мәліметтер қорын басқару жүйелері (МҚБЖ) – мәліметтер қорымен жҗмыс істеуге арналған, оны басқару мен түрлендіруді жүзеге асыратын программалар тобы.

Мәліметтер қоры (МҚ) – бір-бірімен байланысқан әртүрлі ақпарат көздерінен алынған мәліметтерді бір жерге жинақтап сақтау.

Модемкомпьютерлік желілері жүйесінде цифрлық сигналдарды аналогты түрге және керісінше түрлендіретін модулятор және демодулятор құрылғылары.

Операциялық жүйе – компьютер мен қолданушы арасындағы диалогты ұйымдастыратын, компьютерді және оның ресурстарын басқаратын, компьютердің барлық аппараттық құралдарының жұмысын үйлестіретін өзара байланысқан жүйелік программалардың жиынтығы.

Файл - белгілі бір атаумен аталып, реттеліп жазылған байттар тізбегі, дискідегі аталған аймақ.

Файл пішімі – файл мәліметтерін дискілрде сақтау, экранда немесе қағазда бейнелеу тәсілдерін анықтайтын оның құрылымы.

Электрондық почта – компьютер желісі бойынша хабарларды жөнелтуді, хабарларды оқу мен сақтауды жасақтайтын қызметтік программалар жүйесі.

Шебер (Мастер) – белгілі бір мақсатта шектеулі әрекеттер жиынын біртіндеп орындайтын программа.

Утилиттер – операциялық жүйенің мүмкіндіктерін кеңейтетін көмекші программалар.

Форма – мәліметтерді экранда бейнелеу жолы немесе оларды басқару мүмкіндіктері.