Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
3-5 лекциялар.docx
Скачиваний:
147
Добавлен:
05.02.2016
Размер:
65.71 Кб
Скачать

2 Айналым қорларының ауыспалы айналысы және оны жеделдету жолдары

Қызмет ете отырып, айналым құралдары ауыспалы айналым жасайды. Оны үш фазаға бөлуге болады: Бiрiншi фазада (А-Т) айналым құралдары тауарға айналады, яғни ақша қаражатына өнiм өндiру үшiн керектi шикiзат, материалдар, т.б. сатып алынады. Екiншi фазада (Т-Ө-Т) айналым құралдары өндiрiс процесiне қатыса отырып, аяқталмаған өндiрiс, жартылай фабрикат, дайын өнiм формасын қабылдайды, яғни шикiзаттан дайын өнiм жасалып, сатылатын тауарға айналады. Үшiншi фазада (Т-А) дайын өнiм формасындағы айналым құралдары оны өткiзу процесiнде қайтадан ақшаға айналады. Айналым құралы толық ауыспалы айналым жасайтын уақыт, яғни өндiрiс кезеңiнен өтiп, айналыс кезеңiне өту кезi айналым құралының айналым кезеңi деп аталады. Бұл көрсеткiш кәсiпорындағы немесе саладағы ақшалай қаражаттың орташа жылдамдығын сипаттайды.

Айналым құралының қаржылану көздерi - жеке(меншiктi), қарызға алынған және тартылған қаражат болып бөлiнедi.

Өнеркәсiптiк кәсiпорындарда айналым құралдарын тиiмдi қолданудың негiзгi үш көрсеткiшi бар:

1). Айналым қаржысының айналымдылығы - айналым қаржысының тиімді пайдалануын сипаттайтын экономикалық көрсеткіш. Ол қарастырылып отырған мерзім ішінде айналым құралы қанша айналым жасайтындығын білдіреді.

Айналым коэффициенті(Ка) – сатылған өнімнің көлемін (Ө) айналым қаражаттарының орташа қалдығына (Қо) бөлу арқылы анықталады:

Ка = Ө / Қо (5.1)

Бұл формула сатылған өнімнің өзгермеген көлемінде айналым санының өсуі айналым құралының орташа жылдық қалдығының төмендейтіндігін, олай болса, кәсіпорынның ақша қаражатының босайтындығын көрсетеді.

2) Айналым құралын жүктеу коэффициентi, ол айналымдылық коэффициентiне керi көрсеткiш,

Кж Қо / Ө, (5.2)

Ол өткiзiлген өнiмнiң 1теңгесiне жұмсалған айналым құралы сомасын сипаттайды.

3) 1 айналым ұзақтығы - кезеңдегi күн санын (К) айналым коэффициентiне бөлу арқылы табылады:

ТК/Ко (5.3)

Мысалы, 2008 жылы өткiзiлген өнiм көлемi 600 млн.тг., ал 2009 жылы 612 млн.тг. болды делік. Айналым құралының жылдық орташа қалдығы 2008 жылы -120 млн.тг., 2009 жылы-110 млн.тг.

Айналымдылық коэффициентi

2008 ж. 600 млн.тг/120 млн.тг. 5,0

2009 ж. 612 млн.тг./110млн.тг. 5,54.

1 айналым ұзақтығы

2008 ж. 360 /5 72 күн

2009 ж. 360/5,5465 күн.

Айналым құралын жүктеу коэффициентi

2008ж.120млн.тг. /600млн.тг.  0,2

2009 ж. 110млн.тг/612млн.тг. 0,18

Айналым қорларының айналымын жылдамдату кәсіпорының негізгі мақсаты болып табылады және оның мынадай жолдары бар:

 ғылыми-техникалық прогрестің соңғы нәтижелерін қолдану;

 өнеркәсіптік өндірісті ұйымдастыру формаларын жетілдіру;

 арзан конструкциялық материалды қолдану;

 шикізат, отын-энергетика ресурстарын үнемді қолдану және т.б.