Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
3-5 лекциялар.docx
Скачиваний:
147
Добавлен:
05.02.2016
Размер:
65.71 Кб
Скачать

5.3 Айналым құралының мөлшерленуi

Айналым құралының мөлшерленуi кәсiпорынның қалыпты жұмысын ұйымдастыру үшiн қажет айналым құралының экономикалық негiзделген шамасын дайындау процесi. Айналым құралын мөлшерлеу iшкi резервтердi анықтауға, өндiрiстiк цикл ұзақтығын қысқарту, дайын өнiмдi тезiрек өткiзуге ықпал етедi. Айналым құралына қажеттiлiктi анықтау тәсiлi бойынша олар нормаланатын және нормаланбайтын айналым құралдары болып бөлiнедi. Нормаланатын айналым құралдары: өндiрiстiк запас, аяқталмаған өндiрiс және өздерi жасаған жартылай фабрикаттар, болашақ кезең шығындары, қоймадағы дайын өнiм. Ал жолдағы, тиелген тауарлар, ақша қаражаты, дебиторлық қарыз нормаланбайтын айналым құралдары (Сурет 5.1).

Айналым құралын мөлшерлеуда айналым құралдарының мөлшері мен нормативтерi қолданылады. Айналым құралдарының мөлшері тауар -материалдық құндылықтың ең төмен қорын сипаттайды және қор-күнмен, қор- деталь мөлшерімен, өнiм бiрлiгiндегi теңгемен есептеледi.

Айналым құралдарының нормативтерi натуралды және ақшалай мәнiнде есептеледi және айналым қорларының мөлшерін осы мөлшер көрсетілген көрсеткішке көбейту арқылы табады.

Айналым құралына қажеттiлiк ақшалай мәнiнде мына формула бойынша есептеледi:

ННб tз (5.4)

Мұндағы Нб - өндiрiстегi материалдың бiркүндiк шығыны, теңге,

tз – айналым құралының нормасы, запас күндерi.

Айналым құралының мөлшері

Н а.қ.  Нө.з.+На.ө.+Нд.ө. (5.5)

Мұндағы Н а.қ.- айналым құралын мөлшері

Нө.з-өндiрiстiк запасты нормасы,

На.ө.-аяқталмаған өндiрiстi нормасы,

Нд.ө.-дайын өнiмдi нормасы.

Нө.з.  Зағ+Зсақ+Зтран (5.6)

Мұндағы Зағ – материалдардың ағымдағы запасы,

Зсақ - материалдың сақтандыру запасы,

Зтран - материалдың транспорттық запасы.

З ағым Пм. ор.*Иа (5.7)

Мұндағы Пм.ор.-орташа тәулiктiк материалға деген қажеттiлiк,

И а-материалдармен кезектi жабдықтау арасындағы интервал.

Зсақт 50% Зағым

Зтран.  Пм.ор*К, (5.8)

Мұндағы К-кезеңдегi күн саны, 360,90.

5.4 Өндiрiстегi айналым қорын қолдану бағасы

Айналым қорын қолдануды жан-жақты жақсарту - өнеркәсiптiк кәсiпорындардың маңызды мiндеттерiнiң бiрi. Шикiзат, отын, қосымша материалдар, т.б. дұрыс қолданған сайын өнiмдi жасауда аз шығын кетедi, сол арқылы өнеркәсiптiк өнiм өндiрiсiнiң көлемiн арттыру мүмкiндiгi туады.

Материалдық ресурстардың шығыны-оларды өндiрiстiк тұтыну. Ол жалпы және үлестiк шығынмен сипатталады. Материалдық ресурстардың жалпы шығыны – есептi кезеңдегi барлық өндiрiстiк бағдарламаны орындауға кеткен материалдық ресурстардың жеке түрлерiнiң немесе жалпы алғандағы тұтынылуы. Материалдық ресурстардың жалпы шығыны натуралдық мәнде есептеледi, ал әртүрлi ресурстардың шығындарының қосындысы құндық мәнде анықталады.

Нақты ресурс түрiнiң үлес шығыны (m) деп өндiрiлген жарамды өнiм бiрлiгiне кеткен орташа шығынды айтады. Ол есептi кезеңде берiлген өнiм өндiрiсiне жұмсалған материалдық ресурстардың барлық санын (Q) осы өнiмнiң жарамды санына (N) бөлу арқылы анықтайды:

m =Q/N (5.9)

Материалдық ресурстар шығынының жалпы сипаты ретiнде материал сиымдылық көрсеткiшi(М) көрiнедi, материалдық ресурстардың нақты шығынын өнiм бiрлiгiне қатысы ретiнде бағалайды, натуралдық, құндық мәнiнде өлшенедi. Бұл металсиымдылығы, энергиясиымдылығы, отын сиымдылығы сияқты көрсеткiштермен өзара байланысты. Натуралды, натуралды-құндық, құндық мәнiнде өлшенедi.

Материалсиымдылық түрлi көрсеткiштермен өлшенедi.:

  1. үлестiк материалсиымдылық немесе өндiрiлген өнiмге кеткен материал ресурстарының үлес шығынымен:

M = m = Q/N(5.10)

  1. бiрнеше түрдегi материал ресурстарының құндық мәнiндегi шығын шамасын өндiрiлген өнiмнiң физикалық бiрлiгiне бөлу арқылы:

M = QP / N, (5.11)

мұндағы Р-материалдық ресурстардың көтерме сауда бағасы.

Машина жасау өнеркәсiбiнде металды қолдану көрсеткiштерi:

Машинаның салыстырмалы металсиымдылығы

См= Тмс/Кэкс, (5.12)

мұндағы См-салыстырмалы металсиымдылық

Тмс-машинаның металл детальдары мен бөлшектерiнiң қосынды салмақтарына тең таза салмақ, т, кг.

Кэкс-машина қасиетiнiң негiзгi қызмет ету бiрлiгiнiң саны(трактор қуаты-ат күшi, автомобильдiң жүк көтеруi-тонна)

Металды қолдану коэффициентi

(Кмқ) =Мс*Vi /Жш, (5.13)

Мұндағы Мс-өнiмдi жасауға кеткен металдың таза салмағы,т.,кг.

Vi-әрбiр номенклатура бойынша шығарылған өнiм көлемi,

Жш-өнiмдi шығаруға кеткен металл түрiнiң жалпы шығыны.

Металды пайдалы қолданудың келесі бір көрсеткіші - қалдықтар деңгейі. Ол металды пайдалы пайдалану коэффициентімен тығыз байланысты, яғни, қалдықтар деңгейі төмен болған сайын металды пайдалы қолдану коэффициенті жоғары болады.

Металл өңдеу өнеркәсібінде қалдықтар деңгейiн металды салқын күйiнде өңдеу процесiнде қалыптасқан қалдық санын тұтынылған металл санына қатынасы арқылы қарастырады.

Қд=Qқ/Qж*100%; (5.14)

Мұндағы Қд- қалдық деңгейi,

Qқ-қалдық саны

Qж-тұтынылған металл саны.

Алынған нәтиже тұтынылған металдың қандай үлесі қалдыққа кеткендігін көрсетеді (пайыздық үлесі).

4-тақырып (2 сағат)