Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
экология силабус.docx
Скачиваний:
82
Добавлен:
05.02.2016
Размер:
1.16 Mб
Скачать

20 Сабақ. Халықаралық табиғи ортаны қорғау ұйымдардың жұмысы.

Сабақ жоспары;

1. Бұұ табиғи ортаны қорғау органдары.

2. Қоршаған орта бойынша бұұ (Юнеп ) бағдарламасы және оның халықаралық-құқықтық негізі.

3.Магатэның қызметiндегi қоршаған ортаны сақтау мәселелері.

Сабақ мақсаты: Халықаралық табиғи ортаны қорғау ұйымдардың жұмысы

Қоршаған ортаны қорғау мәселелерін шешуге БҰҰ (Біріккен Ұлттар Ұйымы) үлкен үлес қосып отыр. Табиғатты қорғау қызметіне БҰҰ-ның барлық басты органдары мен мамандандырылған мекемелері: Бас Ассамблея, Экономикалық және әлеуметтік кеңес (ЭКОСОС), Аймақтық экономикалық комиссиялар (мысалы, Еуропалық экономикалық комиссия), Халықаралық еңбек ұйымы (MOT), Білім беру, ғылым және мәдениет мәселелері жөніндегі Біріккен Ұлттар Ұйымы (ЮНЕСКО), Халықаралық реконструкция және даму банкі (МБРР), Атом энергетикасы жөніндегі халықаралық агенттік (МАГАТЭ), Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ВОЗ), Халықаралық теңіз ұйымы (ИМО), Дүниежүзілік метеорологиялық ұйым (ВМО) және т.б. қатысады.Негізгі бақылауды БҰҰ шеңберіндегі қоршаған ортаны қорғау мәселелері жөніндегі жаңа үкіметаралық орган — Қоршаған орта жөніндегі БҰҰ бағдарламасы, (ЮНЕП) жүзеге асырады. ЮНЕП — БҰҰ-ның негізгі көмекші органы болып табылады. 1975 жылы өзінің қызметінің алғашкы кезінде ЮНЕП қоршаған ортаға байланысты мынадай бірінші кезектегі алты міндетті айқындады: елді мекендер және денсаулық сақтау; құрлықтың экологиялық жүйелері; қалалардың қоршаған ортасы; мұхиттар; қуат; дүлей апаттар.

ЮНЕП үш деңгейде жұмыс істейді:

  • Бірінші деңгейде коршаған ортаның бәсекелес мәселелері жөнінде және осы салада атқарылып жатқан шаралар жөнінде ақпарат береді. БҰҰ-ға мүше мемлекеттер жыл сайын қоршаған ортанын ахуалы туралы баяндамалар тапсырады, осы баяндамалардан аталған ақпараттар алынады.

  • Екінші деңгейде жекелеген елдерге, халықаралық үкіметтік және үкіметтік емес ұйымдарға қатысты бүкіләлемдік көлемде бағдарламалық шараларды жүзеге асырудың міндеттері мен стратегиясын белгілейді. Осы денгейде қажетті шаралар мен олардың орындаушылары туралы мәселелер шешіледі, нақты бағдарламалар жасау үшін әдістемелік негіз қамтамасыз етіледі.

  • Одан әрі, екінші деңгейде қолдау тапқан бағдарламалар мен жобаларды Қоршаған ортаны қолдау қоры қаржыландырады. Қолдау мөлшері тиімділікке, яғни қаржылық көмектін бағдарламанын түпкі мақсатын іске асыруға қаншалықты ықпал ете алатындығына байланысты болады. Толық қаржыландыру ерекше жағдайларда ғана, яғни жобанын орындалуы аса ірі жоба бойынша әзірлік жұмыстарын жүргізумен тұтас келетін болса, іске асырылуы мүмкін.

ЮНЕП өзі қызмет істеген жылдары көптеген табиғат қорғау шараларын жүзеге асырды. Қоршаған ортаның аса ауқымды мониторинг жүйесі құрылды және оның құрамдас бөліктері ретінде — қоршаған орта бойынша ақпарат көздерінің Халықаралық анықтама жүйесі (ИНФОТЕРРА) және әуелетті уытты химиялық заттардың халықаралық тіркеушісі құрылды.

Сондай-ақ БҰҰ шеңберінде Орнықты дамыту жөніндегі комиссия жұмыс істеді. Ол БҰҰ-ның Экономикалық және әлеуметтік кеңесінің (ЭКОСОС) көмекші органы болып табылады. Қоршаған ортаны сақтаумен айналысатын 200-ден астам халықаралық үкіметтік емес ұйымдар бар. Мысалы, 1948 жылы Францияда құрылған табиғат және табиғат ресурстарын қорғаудың Халықаралық одағы (МСОП); Құстарды қорғау жөніндегі Халықаралық кеңес, Хайуанаттарды қорғау жөніндегі Дүниежүзілік федерация; Альпі аудандарын қорғау жөніндегі Халықаралық федерация. Тәуелсіз мемлекеттер достастығы (ТМД) шеңберінде 1992 жылғы ақпанда "Экология және қоршаған ортаны қорғау саласындағы өзара әрекеттестік туралы" келісімге қол қойылды. Бұл келісімге: Қазақстан, Әзірбайжан, Армения, Белоруссия, Қырғызстан, Молдова, Ресей Федерациясы, Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан, Украина қол қойды. Келісімді іске асыру үшін: Мемлекетаралық экологиялық кеңес, Мемлекетаралық экологияльщ қор құрылды. ТМД шеңберінде табиғат қорғау ынтымақтастығын дамытуда Парламентаралық ассамблея маңызды рөл атқарады. Оның құрамында Қоршаған ортаны қоргау жөніндегі бөлім құрылған.Қазақстанда қоршаған ортаны қорғау жөніндегі әр түрлі мемлекеттік және қоғамдық ұйымдар, сондай-ақ халықаралық үкіметтік емес экологиялық "Гринпис" ұйымы жұмыс істейді. Басты мемлекеттік орган Табиғат ресурстары мен қоршаган ортаны қорғау министрлігі болып табылады. Аралды құтқару жөніндегі комитет, "Табиғат" экологиялық одағы, "Невада-Семей", "Каспий табиғаты" (Атырау), "Көкті сақтау", Ауқымды экологиялық қор, "Жастар экология мен мәдениет үшін" азаматтық қозғалыстары, "Тау" орталығы (Алматы) және басқа да қоғамдық мемлекеттік емес экологиялық ұйымдардың белсенді қызметтерін атап өтуге болады.Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі заңдарды. бұзғаны ушін заң алдындағы жауаптылық Қазақстанда экологиялық заңдардың бұзылуы кең тараған. Қоршаған ортаны қорғауға байланысты мемлекет белгіліген ережелерді бұзу заң бойынша жауапкершілікке соқтырады. Өкінішке орай, елімізде экологиялық заңдарды бұзатын жағдайлар жиі кездеседі. Экологиялық құқық бұзушылық дегеніміз — жеке және заңды тұлғалардың (мекеме, ұйым, ұжым), мемлекеттің экологиялық құқықтары мен заңды мүдделеріне қол сұғатын, сонымен бірге қоршаған табиғи ортаға зиян келтірудің нақты қаупін тудыратын кінәлі, құқыққа қайшы келетін әрекет немесе әрекетсіздік түріндегі іс-қимыл.

Экологиялық құқық бұзушылық белгілерін қарастырайық:

  • Құқық бұзушылық кінәсінің болуы. Кінә — ол құқық бұзушының жасаған құқыққа қарсы әрекетіне психикалық қатынасы, ол қасақана не абайсызда болуы мүмкін. Мысалы, заңсыз аңға шығу, ормандағы ағаштарды заңсыз кесу тек қасақаналы болады, ал судың, жердің, ауаның ластануы абайсызда болуы мүмкін.

  • Құқық бұзушының құқыққа қарсы мінез-құлқы. Бұл экологиялық нормалардың және басқа да заңдардың бұзылуын білдіреді.

  • Экологиялық құқық бұзушылықтың қоғамға қауіптілігі қоршаған табиғи ортаға, жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің экологиялық құқықтары мен заңды мүдделеріне келтіретін нақты зиянның болуы немесе келтіру қаупінің болуын қарастырады.

  • Құқыққа қарсы әрекет пен келтірілген зиян арасындағы себепті байланыстың болуы.

  • Құқық бұзушыға заңды жауаптылық шараларын қолдану, яғни жазалану белгілері қолданылады.

Экологиялық құқық бұзушылық жасалған уақытта, әдетте, қоршаған ортаға, адамдардың өмірі мен денсаулығы на, экономика мүдделеріне көп аспектілі зиян келтіріледі. Экологиялық зиянның болуы экологиялық құқық бұзушылықтың болуына парапар келеді. Бұл зиян бірден байқалмай, ұзақ уақытқа созылуымен ерекшеленеді. Сонымен қатар қоршаған ортаға келтірілген зиянның орнын толтыру мүмкін емес. Экологиялық зиян табиғаттың жай-күйінің өзіне әсер етеді. Экологиялық құқық бұзушылық жасағаны үшін жауаптылық 16 жастан басталады. Кейбір кезде, мысалы, мемлекет қорғауындағы табиғи кешендер немесе объектілерді қасақана жойғаны немесе бұлдіргені үшін 14 жастан басталады. Экологиялық құқық бұзушылық әр түрлі болады. Олар келтірілген зиянның сипатына қарай мынадай түрлерге бөлінеді:

  • қоршаған табиғи ортаны және жекелеген табиғи объектілерді (орман, су, жер қойнауы және т.б.) ластау;

  • табиғи объектілерді бұлдіру, бұзу, жою (жерді бұлдіру, Қызыл Кітапқа енгізілген жануарларды жою, орманды ағын сулармен құрту және т.б.);

  • табиғи қорлардың азып-тозуы;

  • табиғи ресурстарды тиімсіз (мақсатсыз) пайдалану (мысалы, суды ысырапсыз пайдалану және т.б.).

Экологиялық құқық бұзушылық жасағаны үшін оның артынан әкімшілік, қылмыстық, азаматтық-құқықтық, тәртіптік және материалдық жауаптылық басталуы шарт. Әкімшілік жауаптылықтың басталуына әкелетін экологиялық құқық бұзушылықтың тізімі Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексте белгіленген. Оған мыналар жатады: табиғи ресурстардың, коршаған ортаның ластануы, азаюы; табиғи ресурстардың бұлінуі, жойылуы; кәсіпорын, құрылыс ғимараттарын және басқа да объектілерді жоспарлау, орналастыру, салу, қайта өңдеу және пайдалануға дайындау, пайдалану кезінде экологиялық талаптарды бұзу. Мұндай істерді соттар, ішкі істер органдарында, Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары, Қазакстан Республикасының Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлігі органдары және т.б. қарастырады. Осыған байланысты жазалар (санкциялар) қолданылады: айыппұл төлейді, ескерту жасайды және мулкін тәркілейді Қоршаған табиғи ортаға келтірілген зиян үшін жауаптылықтың ең қатаң түрі қылмыстық жауаптылыққа тарту болып табылады. Экологиялық қылмыс жасағаны үшін қолданылады. Экологиялық қылмыстардың барлық түрі Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде көрсетілген. Олар мыналар: атмосфераны ластау, теңіз айлағын ластау, жерді бұлдіру, заңсыз аң аулау, атом энергетика объектілерінде қауіпсіздік ережелерін бұзу, экоцид және т.б. қылмыстар.

1. Қазақстан Республикасы Елбасының қаулысымен 1996 ж.30 тамызда келесі шешім қабылданды:

A) ҚР «Қоршаған ортаны қорғау» туралы заңы.

B) ҚР «Білім туралы» заңы.

C) ҚР экологиялық қауіпсіздік концепциясы.

D) Экологиялық білім беру концепциясы.

E) Орта-кәсіби және жалпы білім беру мектептеріндегі «Экология» пәні бойынша бағдарлама.

2. Қазақстан Республикасы 1997 ж.15 шілдеде келесі шешім қабылдады:

A) ҚР «Қоршаған ортаны қорғау» туралы заңы.

B) ҚР «Білім туралы» заңы.

C) ҚР экологиялық қауіпсіздік концепциясы.

D) Экологиялық білім беру концепциясы.

E) Орта-кәсіби және жалпы білім беру мектептеріндегі «Экология» пәні бойынша бағдарлама

2. БҰҰ табиғатты қорғау әрекетінің координаторын көрсетіндер:

A) ЮНЕП.

B) ЮНЕСКО.

C) ФАО.

D) ВОЗ.

E) МАГАТЭ.

3. «Рим клубын» жаратудың инициаторын атаңыз:

A) Дж. Форрестер.

B) Д. Медоуз.

C) А. Печчеи.

D) М. Месарович.

E) Э. Пестель.

4. «Рим клубының» бірінші «Өсу шектері» баяндамасының авторын атаңыз:

A) Б. Миллер.

B) Д. Медоуз.

C) А. Печчеи.

D) М. Месарович.

E) Э. Пестель.

5. Қоршаған орта мен даму бойынша БҰҰ Халыкаралық Комиссияның төрағасын атаңыз:

A) Дж. Форрестер.

B) Х. Брунтланд

C) А. Печчеи.

D) М. Месарович.

E) Э. Пестель.

6. Қоршаған орта мен даму бойынша БҰҰ Конвенциясының өту уақыты мен орнын көрсетіңіз:

A) Йоханнесбург, 2002 ж.

B) Рио-де-Жанейро, 1992 ж.

C) Вашингтон, 1973 ж.

D) Стокгольм, 1972 ж.

E) Севилья, 1995 ж.

7.Қоршаған ортаны қорғау облысында халыкаралық ынтымақтастықтың негізгі қағидалары жасалған:

A) Рио-де-Жанейрода, 1992 ж.

B) Минскте, 1983 ж.

C) Йоханнесбургте, 2002 ж.

D) Стокгольмде, 1972 ж.

E) Севильяда, 1995 ж.

8. Қоршаған орта бойынша декларация қабылданған Декларация по окружающей среде была принята:

A) Рио-де-Жанейрода, 1992 ж.

B) Минскте, 1983 ж.

C) Йоханнесбургте, 2002 ж.

D) Стокгольмде, 1972 ж.

E) Севильяда, 1995 ж.

9. Атом энергетикасы бойынша халықаралық агенттікті көрсетіңіз:

A) ЮНЕП.

B) ЮНЕСКО.

C) ФАО.

D) БДСҰ.

E) МАГАТЭ.

10. Озон қабаты бойынша Веналық келісімге қол қойылды:

A) 1995 ж.

B) 2000 ж.

C) 1985 ж.

D) 1970 ж.

E) 1990 ж.

«Экология және тұрақты даму» екінші аралық бақылау сұрақтары

1. Биосфераның дамуы, биосфераның қасиеттері, биосфераны қорғау.

2. Биосфера құрамы және шегі.

3. Биосферада тірі организмдердің таралу схемасын сызу.

4.Табиғаттағы зат айналымы. Кіші айналым мен үлкен айналым.

5. Көміртек, азот, оттегі биогеохимиялық циклы.

6. Фосфор мен күкірт биогеохимиялық циклы.

7. Зат пен энергияның таралу схемасын сызу.

8. Экожүйе концепциясы (тұжырымдамасы).

9. Көлдегі қоректену тізбегін сызу.

10. Табиғатта өнім шығуы және ыдырау процестері.

11. Экожүйе гомеостазы. Экожүйе энергиясы.

12. Экожүйедегі организмдердің қоректену байланысын сызып көрсету.

13. Экожүйенің биологиялық өнімділігі.

14. Экологиялық пирамидалар. Экожүйенің циклдығы.

15. Экологиялық сукцессия. Сукцессиялық процестер және климакс

16. Атмосфераның ластану себебін талқылау. Негізгі ластану көздері.

17. Гидросфера туралы түсінік алу, гидросфераны тазарту жолдарын қарастыру. Гидросфераның ластануы.

18. Литосфера туралы түсінік алу, литосфераны тазарту жолдарын қарастыру.

19. Топыраққа әсер. Топырақ эрозиясы және ластануы.

20. Топырақтың қосымша тұздануы және батпақтануы.

21. Шөлейттену (құрғақтану) процестері. Жер қойнауына әсер

22. Қоршаған ортаның ластануы ж/е оның адам денсаулығына әсері.

23. Урбанизацияның адам денсаулығына әсері.

24. Экологиялық қауіпсіздік.

25. Халықаралық табиғи ортаны қорғау ұйымдардың жұмысы.

26. БҰҰ табиғи ортаны қорғау органдары.

27. Қоршаған орта бойынша БҰҰ (Юнеп ) бағдарламасы және оның халықаралық-құқықтық негізі.

28.Магатэның қызметiндегi қоршаған ортаны сақтау мәселелері.

29. Дүниежүзілік мұхиттың ластанудан шекарааралық қорғауы.

30. Каспий теңізінің мұнаймен ластануы. 18.2. Дүниежұзілік мұхит халықаралық-құқықтың объекті ретінде.

31. 1972 ж. Теңіздерді радияциялық қалдықтардан қорғайтын конвенция