Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
экология силабус.docx
Скачиваний:
82
Добавлен:
05.02.2016
Размер:
1.16 Mб
Скачать

19 Сабақ. Қазақстан Республикасының халықаралық ынтымақтастықтарға қатысуы.

Жоспар;

1. Қазiргi заманның глобалдi экологиялық мәселелер шешiмiндегi Қазақстанның рөлi.

2. Қазақстан Республикасындағы Орхусс конвенциясы.

3. Қазақстан Республикасының халықаралық ұйымдардың жұмысына қатысуы.

Сабақтың мақсаты; Қазақстанның Республикасының халықаралық ынтымақтастықтарға қатысу мәселерін қарастыру.

Экология  мәселесі  -  бүгінгі  таңдағы  адамзат  өркениетінің  аса  ауқымды  проблемаларының   бірі  болып  отыр.  Аталмыш  проблеманың  пайда  болуының  басты  алғышарты  -  қоршаған  ортаға  адамзат  перзентінің  антропогендік  һәм  техногендік  ықпалдарының  ұзақ  жылдар  бойы  тигізіп  келген  әсері  деп  тұжырым  жасауымызға  болады.  ХХ  ғасырдың  аяғы  мен  ХХІ  ғасырдың  басында  адамзаттың  шаруашылық  әрекеттері  мен  өндірістік  қатынастарының  ғылыми-техникалық  жаңару  биігіне  көтерілуі  -  экономикалық  реформалардың  ерекше  сипат  алуына  (модернизациялануы  мен   интеграциялануына)  түрткі  болды.Экономикалық  дамудың  кешенді  стратегиялық  бағытын  таңдауға  мәжбүр  болған  көптеген  мемлекеттердің  жоспарлы  әрекеттері -   әсіресе  табиғат  ресурстарының  байлықтарын   ысырапсыз  игеру  үрдістерін  қалыптастырды. Соңғы  жылдары  шаруашылық-өндірістік  нысандарында  экологиялық  қауіпсіздік  шараларын  қамтамасыз  етуге  бағытталған  әрекеттерге  қарамастан,  антропогендік-техногендік  ықпалдар — глобальді  масштабты  қамтып,  Жер  планетасының  табиғи  балансының  ауытқуына  қауіп  төндіруде.Біріккен  Ұлттар  Ұйымының  бастамасымен өткен Ү  Халықаралық экологиялық  конгресс (Жапония, 1990),  Қоршаған  ортаны  қоғау  жөніндегі конференция (Бразилия, 1992),  ХХҮІІ  Халықаралық  географиялық  конгресс (АҚШ, 1992)  және  Йоханнесбург  (ОАР,  2003)  қаласында  өткен  бүкілдүниежүзілік  экологиялық  форум  -  аталмыш  мәселенің  өзектілігін  көрсетіп  отыр.Экология  ғылымы  жөнінде  батыс  ғалымдары:  Ю. Одум,  Р. Дажо,  Н.Ф. Реймерс,  П. Троян, Р.Риклефс, К. Армс,  П. Кемп,  У. Линден,  Ж.Леме,  ресейлік  ғалымдар:  В.А.Вронский,  Ю.Н. Куражковский,  Д.Ж. Маркович,  К.С. Лосев,  Н.М. Чернова,  А.М. Былова  және  қазақстандық  ғалымдар  Ә.С. Бейсенова,  С. Әубәкіров,  А. Әбдірахманов,  Ұ.М.Ысқақов,  Н. Сейітов,  В.С. Слащев  және  басқа  эколог  ғалымдардың  еңбектері  құнды. Экология  сондай-ақ:  география,  химия,  биология, табиғаттану,  жаратылыстану  және  басқа  пәндермен  тығыз  байланысты.  Экология  ілімінің  түпнамасын  жұмыр  Жер  жаратылысының  тарихынан  бастап  таратқан  дұрыс.  Оның  себебі:  әуел  бастағы  Жердің  протобиологиялық  эволюция  дәуірлерін  геохронология  тұрғысынан  сараптайтын  болсақ,  даму  мен  қалыптасу  эраларындағы:  эндогендік,  экзогендік  және  тектоникалық  табиғи  апаттар  күштерінен  пайда  болған  экологиялық  құбылыстарды  байқауымызға  болады.  Антропогендік  ықпалға  дейінгі  қалыптасқан  орасан  сыртқы  және  ішкі  күштер  жиынтықтары (космостық,  вулкандық,  магмалық,  сейсмикалық,  геосинклинальдік,  гидрокатастрофалық  т.б.)   жер  ландшафтысы  мен  биосферасын,  рельефін  қатты  өзгерістерге  ұшыратумен  бірге,  айтарлықтай  экологиялық  проблемаларды  туындатқаны  анық.

Экономикалық  қажеттіліктерден  туындаған  адамзат  перзентінің  ғылыми  техникалық  жетістіктерге  сүйене  отырып,  жер  қойнауындағы  байлықтарды  молынша  игеруге  күш  салуы  -  экологиялық  сауатсыздықтың  белгісі  екені  анық.  Аталмыш  үрдістер,  қазба  байлықтарды  ысырапсыз   пайдаланумен  шектелмей,  ғарыш  кеңістігін  игеруде,  атомдық  станциялар  мен  электр  желісі  жүйелері  өнеркәсібін  дамытуда,  шикізат қорларын  өңдейтін  химиялық  өндірістік  орындардың  ашылып,  қарқынды  түрде  жүргізілуін  жеделдетті.  Адамзаттың  ғарыш  айлағын  зерттеп,  атомдық  кешенді  қондырғыларды    іске  қосуы — ғылыми-техникалық  прогрестің  бұрынғыдан  гөрі  қарыштап  дамуын  жеделдеткенімен  -  ол  жетістіктер  экологиялық  проблемаларды  шешудің  басты  алғышарттары  бола  алмады.Әлем  кеңістігінде  белең  ала  бастаған  экологиялық  апаттар  ареалдары  жыл  өткен  сайын  кеңейе  түсуде.  Әсіресе,  жер  шарындағы  атмосфералық  жауын-шашын  мөлшерін  реттеп  отыратын  әлемдік  мұхит  экожүйесінің  ластануы  -  биогеоценоз  айналымының    тежелуіне  ұйытқы  болуда.  Сондай-ақ,  ірі  өнеркәсіп  орындарының   зиянды  қалдықтарының  ауа  қабатына  араласуы,  жасыл  желек  алқаптарының  жойылуы,  флора  мен  фауна  дүниелерінің  деградациялануы  сияқты  көріністер  жыл  өткен  сайын  жиі  қайталануда. Қоғамның экологиялық мәдениетiн және мамандардың кәсiби даярлығын арттыру мақсатында мектепке дейiнгi, жалпы орта, кәсiптiк-техникалық, арнаулы және жоғары бiлiм берудiң бүкiл процесiн, мамандарды қайта даярлау мен олардың бiлiктiлiгiн арттыруды қамтитын экологиялық тәрбие мен бiлiм берудiң жалпыға бiрдей және үздiксiз жүйесi белгiленедi.Халық арасына экологиялық бiлiм туралы таратуды мемлекеттiк органдар және қоғамдық бiрлестiктер бұқаралық ақпарат құралдары арқылы және заңдарға қайшы келмейтiн өзге де тәртiппен жүзеге асырады.Оқу орындарының бiлiм беру бағдарына және меншiк нысанына қарамастан, оларда экологиялық пәндердi оқыту көзделуi тиiс.Қоршаған ортаға зиянды әсер ететiн қызметке байланысты лауазымды адамдар мен мамандардың қажеттi экологиялық даярлығы болуға және олар қоршаған ортаны қорғау туралы заңдар негiздерiн бiлуге мiндеттi. Басшылар мен мамандардың кәсiби экологиялық даярлығы оларды қызметке тағайындау, аттестациялау және қайта аттестациялау кезiнде ескерiледi.Қоршаған ортаны қорғаудың ғылыми негiздерiн әзiрлеу және жасау мақсатында заңдарда белгiленген тәртiппен ғылыми зерттеулер жүргiзiледi.Қоршаған ортаны қорғау саласындағы ғылыми-зерттеу, тәжiрибе-конструкторлық және енгiзу жұмыстары, олар ұлттық (мемлекеттiк) бағдарламаларға енгiзiлген жағдайда, бюджет қаражаты есебiнен қаржыландырылады.Елiмiздiң табиғаты мен оның байлықтары Қазақстан Республикасы халықтарының өмiрi мен қызметiнiң, олардың тұрақты әлеуметтiк-экономикалық дамуы мен әл-ауқатын арттырудың табиғи негiзi болып табылады десек, бүгiнге дейiн адамзат баласы табиғат байлықтарына таусылмайтын пайда көзi деп қарап келгенi де рас.Алайда, экологиялық проблемалар мойындалған тұста табиғат пен қоғам үйлесiмдiлiгiн сақтау мақсатында табиғи ресурстарды пайдалану құқығын мақсатына қарай төмендегiше екiге бөлiп қарау маңызы айқындала түсуде:

-табиғи ресурстарды экономикалық, экологиялық сауықтыру, өнегелi-эстетикалық қажеттiлiктер үшiн шектеулi пайдалану құқығы.

-табиғи ресурстарды адамның өмiрi мен тiршiлiгi үшiн шектi пайдалану құқығы.

Бұдан шығар негiзгi түйiн, ғылымда “экология” ұғымының негiзiн алғаш қалыптастырған немiс ғалымы Эрнест Геккель айтқанындай: “қоғам мен табиғаттың қатар өмiр сүруi бiр-бiрiне тығыз байланысты заңдылық. Қоршаған табиғи орта — адам тiршiлiгiне, шаруашылығына қатысты әлеуметтiк және экономикалық қажеттiлiктердi өтейдi, оның байлығын дұрыс пайдалана бiлсе, ол сарқылмайтын игiлiк көзi” болмақ.Бiрақ мыңдаған жылдар бойы өсiп тұрған орман-тоғай, таза сулы бұлақ пен өзендер, құнарлы топырақты аймақтар қазақ жерiнде адамдар жиi қоныстанған аумақтарда бей-берекет пайдалану салдарынан бүлiнiп, кейбiреулерi пайдалануға жарамай қалды. Табиғат байлықтарын жоспарсыз және кең көлемде кешендi пайдалану табиғи қорлардың тез азаюына әкеп соқты.Осылайша, табиғи шикiзатты пайдаланатын өнеркәсiп өндiрiсiнiң дамуы табиғи байлық қорларының азаюына ғана емес, ол сондай-ақ табиғи ортаның ластануына әкеп соқтырды. Өнеркәсiп орындарынан шығатын керексiз қалдық заттар қоршаған табиғи ортаның топырағын, суын және ауа кеңiстiгiн ластады. Экология проблемасы апатқа апарып соқтырары хақ.Осы орайда, экологиялық бiлiм берудiң мақсаты — жеке адамның бойында табиғатқа деген iзгiлiк қатынастарды қалыптастыра отырып, “адам-қоғам-табиғат” арасындағы толық үйлесiмдiлiк рухында тәрбиелеу турасында айқындалып, бiлiм жүйесiнде экологиялық бiлiм мен тәрбие беру тұжырымдамасының жобасы да жасалып қойылған.Соның нәтижесiнде жеке адам мен қоғамның табиғатқа деген оң көзқарасын, экологиялық мәдениетiн қалыптастыру үшiн кейбiр әлеуметтiк және экономикалық мәселелердi шешу қажеттiгi экологиялық бiлiм берудiң басты мiндеттерi болып табылатындығы нақты танылған.

Оларға:

1) экологиялық және табиғат қорғау заңдарын жетiлдiру және оларды бұлжытпай орындау;

2) табиғи ресурстарды тиiмдi пайдалануда жауапкершiлiктi күшейту;

3) қоршаған ортаның тазалығы мен адам денсаулығының үйлестiгiн сәйкестендiрудi;

4) үздiксiз экологиялық бiлiм берудi ұйымдастыруды тездетудi;

5) елдегi экологиялық жағдайлар мәлiметтерiнiң көпшiлiкке жетуiн қамтамасыз етудi жатқызуға болады [5, 33 б.].

Әлемдiк тәжiрибе көрсеткенiндей, экологиялық проблемаларды табысты шешу мен экологиялық апаттардың алдын-алудың негiзi кез-келген мемлекеттiң әлеуметтiк-экономикалық жүйесiн экологияландыру болып табылатынын аңғартса да, жаңа ғасырдың экологиялық дағдарыс пен табиғи дүлей апаттармен басталуы бүгiнгi қоғам үшiн экологиялық құқықтық сананың жетiлу толғағында ойланарлық жағдайды қалыптастырып отыр.Бұл бағытта елiмiз келешекте экологиялық қауiпсiздiк мүддесiне үмiт артып, “Қазақстан-2030” даму стратегиясының басымдықтарын ескере отырып, Қазақстан Республикасы дамуының 2010 жылға дейiнгi стратегиялық жоспарына сәйкес және ХХI — ғасырдағы күн тәртiбiнiң негiзгi ережелерi мен Қоршаған орта және даму жөнiндегi 1992 жылғы Рио-де-Жанейро декларациясының қағидаларын, сондай-ақ Иоханнесбургте өткен (2002 жылы) тұрақты даму жөнiндегi дүниежүзiлiк саммиттiң шешiмдерiн ескере отырып, Қазақстан Республикасының 2004-2015 жылдарға арналған Экологиялық қауiпсiздiгi Тұжырымдамасын бекiтуi.Қорыта айтқанда, қоршаған табиғи ортаға қамқорлық жасау, оның бар байлығын адам игiлiгi үшiн мейлiнше ұтымды пайдалану, қорғау және көркейту iсi бүгiнгi күн талабына сай туындап отырған келелi мәселе. Дархан табиғат қаншама бай болғанымен, оның сан алуан ресурстарының қай-қайсысы болмасын шексiз емес екендiгiн күнделiктi өмiрдiң өзi дәлелдеп отырған тұста экологиялық үздiксiз бiлiм берудi заңдастыру ұстанымы мен қоршаған табиғи ортаны қорғау саласында экология кодексiн қабылдау ұсынысы еңжарлыққа бой алдырмай, көзi қарақты, ойы ұшқыр азаматтардың қолдауын күтетiн қоғамдық тұжырым деп бiлемiз.Ал, бұл iс-шара халықтың жаппай экологиялық мәдениетiн көрсететiн белсендiлiк қабiлетiнсiз мүмкiн емес. Сондықтан да экологиялық бiлiм мен тәрбие қоғамның әрбiр мүшесiне табиғатты қорғауға немқұрайдылықпен қарамауды үйретiп, қоғам мүшесiн әрқашанда қоршаған ортаны қорғауға дағдыландыруды көздейдi.2000 жылы 23 қазанда Қазақстан Республикасы қоршаған ортаны қорғауға қатысты ақпаратқа қол жеткізу жұртшылықтықтың шешімдер қабылдау үдерісіне қатысуы мен әділ сотқа жүгінуі туралы конвенцияны ратификациялады (Орхусс конвенциясы). Конвенция 2001 жылы 30 қазанда күшіне енді. Осы күннен бастап, конвенцияның барлық ережелері, оның тараптары үшін заң жүзінде міндетті болып табылады.Тек бір бірінің алдында ғана қатысушы елдер міндеттемелерін орындайтын басқа халықаралық келісімдерден айырмашылығы, осы конвенция мемлекеттік органдарға жұртшылық алдындағы айқын міндеттемелерін жүктейді.2004 жылы «Зеленое спасение» экологиялық қоғамы, өзі сотта мүдделерін қорғаған азаматтармен бірге Орхусс конвенциясын сақтау мәселелері жөніндегі Комитетке арыз - өтінішін жолдады. Осы арыз өтініштер (АССС/С/2004/01, АССС/С/2004/02) комитет бірінші болып қараған құжаттардың бірі болды.Комитет Қазақстанның конвенцияда қойылатын бірқатар талаптарын сақтамағанын және шешімдер қабылдау үдерісіне қатысу мен қоршаған ортаға қатысты мәселелер бойынша әділ сотқа жүгінуде азаматтардың қүқықтарының бұзылғанын таныды. Комитеттің шешімдерін Конвенция тараптарының Екінші кеңесі растады (мамыр 2005, Алматы).

Кеңесте Қазақстан жөнінде арнайы шешім қабылданды, шешім бойынша 2005 жылға қарай Республикамыз Комитетке оның стратегиясы мен орындау іс-шараларының жоспарын ұсынуға тиіс еді.

Содан кейін бір жарым жыл уақыт өтті, бірақ:

- жұртшылықтың арыз-өтініштері бойынша қабылданған Комитет шешімдері орындалған жоқ;

- Екінші Кеңесте қабылданған шешімдерді іске асыру жөніндегі стратегия мен іс-шаралар жоспары бекітілген жоқ;

- Соттар өз қызметінде бүрынғысынша Конвенцияның ережелерін басшылыққа алады және олар Комитет шешімдері ұсынбалы сипат алады деп есептейді;

- ¥лттық табиғат қорғау заңнамасы осы уақытқа дейін халықаралық қүқықтың ережелеріне бейімделмеген.

2006 жылы Алматы қаласының түрғындары Л. Гатинаның , А. Гатинның және Л.Г. Конышкованың (АССС/С2004/06) арыз-өтініштері бойынша азаматтардың әділ сотқа жүгінудегі құқықтарының бүзылғанын Комитет тағы да растады.

Орхусс Конвенциясының бес жылдық мерейтойын еліміз өзінше атап өтті. «Зеленое спасение» экологиялық қоғамының қүқық қорғау практикасы, қазақстандықтардың Комитетке қүқықтарды сақтау мәселелері жөніндегі жүгінулері алаң туғызатын үрдістерді анықтап берді. Әділ сотқа жүгіну сотқа жүгінумен шектеледі. Шешімдер қабылдау үдерісіне қатысу пікірді еркін айту мүмкіндігіне саяды. Ақиқат ақпарат бүркемеледі, ал ұсынылатын жалпы мәліметтер құзырлы шешімдер қабылдау үшін жеткіліксіз. Жағымды да лайықты қоршаған ортаға қатысты азаматтардың қүқықтарын жаппай бұзу әлеуметтік шиеленістің, кедейліктің, аурулардың өсу себептеріне айналды.  

Қазақстан және Біріккен Ұлттар Ұйымы

Тәуелсіз Қазақстан тарихында 1992 жылдың 2 наурызы Қазақстанның Біріккен Ұлттар Ұйымына мүшелікке қабылдануымен ерекшеленеді. Еліміз БҰҰ Бас Ассамблеясы­ның 46-сессиясында Ұйымның жаңа мүшесі ретінде ғана емес, қазіргі заманның ең өзекті халықаралық проблемалары бойынша бел­сенді позиция ұстанатын мемлекет ретінде мүше болды.БҰҰ Бас Ассам­блеясының 47-сессиясында Мемлекет басшысы Н.Назарбаев Қазақстанның халықаралық саясаты туралы айта келіп, екі маңызды ұсынысты алға тартты. Оның біріншісі – барлық үкіметтердің ізгі ниет білдіру тәртібімен “бір+бір” формуласы бойынша БҰҰ-ның бітімгершілік күш-жігерінің қорын құруды бастау. Бұл формула әрбір мемлекет оған өзінің қорғаныс бюджетінен бір пайыз бөліп, жыл сайын оны бір пайызға ұлғайтып отыруды көздейді. Осылай еткенде он жылдан соң бітімгершілік сомасы он есеге өседі. Екінші ұсынысы – Азиядағы Өзара Ықпалдастық және Сенім Шаралары жөніндегі Кеңес (АӨСШК) шақыру. Мемлекет басшысының бұл бастамасы көпшілік елдер тарапынан, сондай-ақ БҰҰ-дан қолдау тауып, Қазақстанның сыртқы саясатын айқындауда айтарлықтай рөл атқарды.1992 жылдан бері Қазақстан тек қана халықаралық қауымдастықтың мүшесі ретінде қабылданып қоймай, сонымен бірге онда өзінің лайықты орнын таба білді.Қазақстанның БҰҰ жүйесі жұмысына қатысуы еліміздің көпжақты дипломатиясының басты бағыттарының бірі, ол елдің егемендігі мен тәуелсіздігін нығайтуға септігін тигізіп, әлеуметтік-саяси, экономикалық және қоғамның т.б. салаларында қолайлы халықаралық жағдайларды туғызады. Осы бағыттың негізгі мақсаты халықаралық сахнада ҚР-ның ғаламдық және аймақтық қауіпсіздік саласындағы стратегиялық мүдделерін, саясат пен экономикада әділетті әлемдік тәртіп пен орнықты даму ортасын құруды, әлемдік қауымдастық мүшелері арасындағы қарым-қатынастарды үйлестіруді көздейді.Мемлекетіміздің басшылығы халықаралық ынтымақтастықтың маңызды салаларындағы БҰҰ-ның рөлін күшейтуге бағытталған БҰҰ Бас Хатшысы К.Аннанның қызметін қолдай отырып, ҚР-ның осы беделді ұйым, оның мамандандырылған мекемелері, қорлары және бағдарламаларымен ынтымақтастығын кеңейтуге бағытталған бағдар ұстануда.Қазақстанның БҰҰ-мен ынтымақтастығы тарихындағы басты шаралардың бірі БҰҰ Бас Хатшысы К.Аннанның Қазақстанға 2002 жылғы 17-18 қазандағы ресми сапары болды, ол Қазақстанның БҰҰ-мен онжылдық ынтымақтастығының нәтижелерін бекітіп, ықпалдастықтың болашағын айқындады. Мемлекеттікті құру сатысында Қазақстанға сарапшылар, техникалық және қаржы көмегін тарту ісінде БҰҰ Даму Бағдарламасы, Балалар Қоры, Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау Ұйымы, БҰҰ-ның Қоршаған орта жөніндегі бағдарламасымен ынтымақтастықтың үлкен әлеуеті бар.БҰҰ-ның Жарғысын мүлтіксіз орындау негізінде, Қазақстан Ұйымды нығайту мен БҰҰ басшылығымен әлемдік қауіпсіздік жүйесін құруға күш-жігер жұмсауды толық жақтайды.БҰҰ-ның қазіргі таңдағы маңызды мәселелерді шешудегі басым рөлін тани отырып, Қазақстан осы ұйымда орын алып отырған үрдістерден тыс қала алмайды. Қазақстан тәуелсіздік алған күннен бері бүкіл әлемдік бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтау ісіне үлкен үлес қосып келеді. Ядролық қарудан бас тарту, Азияда сенім шараларын орнату, Еуразия кеңістігінде интеграциялық үрдістерді нығайту, өркениеттер мен діндер диалогын шақыру – осының бәрі біздің мемлекетіміздің БҰҰ Жарғысының ұстанымдары мен мақсаттарына сәйкес атқарған істерінің әлі де толық емес тізімі.Қазақстан БҰҰ-ның бітімгершілік қызметін және оның бітімгершілік әлеуетін нығайту жөніндегі күш-жігеріне қолдау көрсете отырып, БҰҰ-ның резервті келісім-шарттар жүйесі мандатын кеңейту шараларын оң бағалайды. Қазақстанның осы бағытта белсенді қызмет атқаруының дәлелі Қазақстандық бітімгершілік батальонының (Қазбат) құрылуы, әрі осы батальон сарбаздарының Иракта тұрақтандыру күштері қатарында қызмет көрсетуі болып табылады.Қазақстан 2003 жылы БҰҰ-ның дайындық іс-шаралары жүйесіне үлес қосу жөніндегі Өзара түсіністік меморандумына қол қойып, қазіргі таңда бітімгершілік операцияларға Қазбат батальонының адам, бронетехника және көлік ресурстарын бөлуге дайындығын, әрі БҰҰ-ның бітімгершілік операциялары үшін сатып алулар жүйесінде неғұрлым белсенді қатысуға ынтасын білдіреді.Біз БҰҰ мен аймақтық ұйымдар арасындағы ықпалдастықты кеңейтуді, әрі аймақтық ұйымдардың өздері арасындағы ұйымдасқан қылмыс, есірткі қаупі, заңсыз миграция, діни экстремизм, жоқшылық пен АҚТҚ/ЖҚТБ таралуымен күресте серіктестік байланыстарын кеңейтуді қуаттаймыз.Қазақстан БҰҰ-ның және оның мамандандырылған мекемелерінің мүмкіндіктерін Арал теңізінің тартылуы, Семей сынақ алаңының радиоактивті ластануы, ауыз-су көздерінің ластануы секілді техногендік және экологиялық апаттардың экономикалық және гуманитарлық салдарларын азайтуға мақсатты түрде пайдалануды көздейді. Осы тұрғыда жеке назарды Мыңжылдық даму мақсаттары мен орнықты даму ұстанымдарын жүзеге асырудағы Қазақстанның белсенді қатысуына аудару керек.1992 жылғы ақпаннан бастап Қазақстанда БҰҰ-ның мамандандырылған мекемелерінің, қорларының және бағдарламаларының өкілдіктері жұмыс істеуде. Олардың қызметі техникалық, кеңес және қаржылық көмек көрсетуге бағытталған.Қазіргі уақытта БҰҰ-ның Қазақстанда келесі 15 ұйымы жұмыс істейді: Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасы (БҰҰДБ), БҰҰ Балалар қоры (ЮНИСЕФ), БҰҰ Халық қоныстану қоры (ЮНФПА), БҰҰ есірткі және қылмыс мәселері жөніндегі басқармасы (БҰҰ ЕҚБ), БҰҰ Жоғарғы комиссарының босқындар ісі жөніндегі басқармасы (БҰҰ ЖКББ), БҰҰ Еріктілері (БҰҰЕ), Әйелдер қоры (ЮНИФЕМ), Халықаралық еңбек ұйымы (ХЕҰ), БҰҰ білім, ғылым және мәдениет мәселелері жөніндегі ұйымы (ЮНЕСКО), Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ), БҰҰ өнеркәсіптік даму жөніндегі ұйымы (ЮНИДО), Дүниежізілік Банк (ДБ), Халықаралық валюта қоры (ХВҚ), АТҚБ/ЖТҚБ жөніндегі БҰҰ бағдарламасы (ЮНЭЙДС) және Қоғамдық ақпарат жөніндегі департамент (ҚАД).

Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ) - жалпы құзыры бар, ашық түрдегі халықаралық, мемлекетаралық әмбебап ұйым. Біріккен Ұлттар Ұйымы 1945 жылы КСРО, АҚШ, Ұлыбритания және Қытай арасындағы келісім негізінде құрылды. Біріккен Ұлттар Ұйымының Жарғысы 1945 жылдың 26 маусымында қабылданып, 1945 жылдың 24 қазанында күшіне енді.Біріккен Ұлттар Ұйымының мақсаттары мен принциптері Жарғының 1-2 баптарында бекітілген. Осыған сәйкес Біріккен Ұлттар Ұйымы мына мақсаттарды көздейді: • халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету; • ұлттардың теңдігі және өзін-өзі басқару принципін құрметтеу негізінде халықтар арасында достық қарым-қатынасты дамыту; • экономикалық, әлеуметтік, мәдени және гуманитарлық сипаттағы халықаралық мәселелерді шешуде және адам құқықтары мен негізгі бостандықтарын дамыту мен қолдауда әріптестікті жүзеге асыру; • ұлттардың осы мақсаттарға жету жолында үйлестіруші орталық болу. Біріккен Ұлттар Ұйымы келесі принциптерге сүйеніп әрекет етеді: • оның барлық мүшелерінің егеменді теңдігі; • олардың мойнына алған барлық халықаралық міндеттемелерді адал орындауы; • олардың арасында туындайтын халықаралық дау-жанжалдарды бейбіт жолмен шешу; • басқа мемлекеттерге қарсы күш қолданбау немесе күш қолданамын деп қоқан-лоқы көрсетпеу; • олар Біріккен Ұлттар Ұйымының Жарғысына сәйкес жүргізілетін барлық шараларға жанжақты кәмек көрсетуі керек; • Біріккен Ұлттар Ұйымы оған мүше емес барлық мемлекеттердің осы принциптерді ұстануын талап етеді, өйткені бұл халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін қажет; • Біріккен Ұлттар Ұйымына Жарғы ешқандай жағдайда мемлекеттердің ішкі ісіне жататын әрекеттерге араласуына құқық бермейді. Кез келген бейбітшілік сүйгіш, Біріккен Ұлттар Ұйымының Жарғысын мойындап, ондағы міндеттемелерді орындауға келіскен мемлекет Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше бола алады. Біріккен Ұлттар Ұйымының ресми тілдері: қытай, ағылшын, француз, орыс, испан тілдері. Бұлардан басқа Бас Ассамблеяда, Қауіпсіздік Кеңесте және Экономикалық және әлеуметтік кеңесте ресми тіл ретінде араб тілі қосылды. Біріккен Ұлттар Ұйымының құрылымы алты басты органнан тұрады. Ол: Бас Ассамблея (БА), Қауіпсіздік Кеңесі (ҚК), Экономикалық және әлеуметтік кеңес, Халықаралық сот, Қамқорлық жөніндегі Кеңес және Секретариат.

1. РИО 92 негізгі қорытындылары:

А) ХХΙ Ғ арналған күн тәртібі

Б) ХХ Ғ арналған күн тәртібі

В) ХΙХ Ғ арналған күн тәртібі

Г) Қарусыздандыру бағдарламасын қабылдау

Д) ХVIII Ғ арналған күн тәртібі

2. РИО 92 негізгі қорытындылары

А) тұрақты дамудың концепциясын қабылдау

Б) бастапқы көтерілуі

В) экотоптың концепциясын қабылдау

Г) қарусыздандыру бағдарламасын қабылдау

Д) бәрі дұрыс

3. РИО 92 негізгі қорытындылары

А) климаттың өзгеруіне байланысты рамалық конвенциясын қабылдау

Б) бастапқы көтерілуі

В) экотоптың концепциясын қабылдау

Г) қарусыздандыру бағдарламасын қабылдау және протоколын өзгерту

Д) бәрі дұрыс

4.Тұрақты Дамуға кіреді:

А) кедейшілік пен жоқшылықты жою

Б) экономиканың өспеуі

В) қаруларды сақтау ж/е күшейтпеу

Г) экологиялық экономикалық мәселелерге саяси деңгейге көтерілмеуі

Д) әлеуметтік және мәдени өспеу

5. Тұрақты Дамуға кіреді:

А) экологиялық экономикалық мәселелерге саяси деңгейге көтерілу

Б) экономиканың өспеуі

В) қаруларды сақтау ж/е күшейтпеу

Г) экологиялық экономикалық мәселелерге саяси деңгейге көтерілмеуі

Д) әлеуметтік және мәдени өспеу

6. Казакстаннын территориясынын канша пайызы шөлейт экожүйес1нен тұрады

А)23%

В)24%

С)25%

Д)26%

Е)27%

7. Қоғамның ж/е биосфераның ара-қатынасын сақтап тұратын орталықтандырылған басқару?

А) Нарықтық қатынас тауар айналымы

В)Қоғамдық қатынас тауарлық кәсіпкерлік

С)Жалпылама деңгей,тауар айналымы

Д)Ұлттық ж/е бүкіл адамзаттық деңгей

Е)Экологиялық кәсіпкерлік.

8. Қоршаған орта туралы 1-ші дүниежүзілік конференция қай жылы, қай жерде болды?

А)Стокгольм,1972ж

В)АҚШ,1989ж

С)Жапония,1980

Д)Алматы,1990

Е)Санкт-Петербург,1979ж

9. Тұрақты даму концепциясы қандай ойды білдіреді?

А) Экодаму туралы

В) Биология туралы

С) Табиғатты қорғау туралы

Д) Қоғам туралы

Е) Саясат туралы

10. Тұрақты даму туралы түсінік қашан баяндалды?

А) 1980ж

В) 1979ж

С) 1990ж

Д) 1993ж

Е) 1999ж