Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
философия.doc
Скачиваний:
115
Добавлен:
05.02.2016
Размер:
928.26 Кб
Скачать

§3.Дүние мен қоршаған ортаны бейнелеудегі қытайлық көзқарасқа тән қасиеттер:

  • өз елі Қытайды-шындықтағы дүниенің орталығы деп қабылдау;

  • жеке оқиғаларды, тарихты жалпы циклдік процестер ретінде ұғыну;

  • жердегі ғарыштық циклдердің дұрыс жүруіне, Аспан мен Жер алдында адамның өзіндік жауапкершілігін сезінуі;

  • адам, табиғат және ғарышты бірыңғай тұтастық деп қабылдау;

  • сананың консерватизмі, өткенге оралу, өзгерісті қаламау;

  • жеке адам, тұлғаның ұжымнан бөлінбеуі, дараланбауы;

  • табиғат апаттарымен күресте жеке адамның дәрменсіздігін сезіну;

  • еңбектің жаппай (ұжымдық) формаларына басымдылық беру (Ұлы Қытай дуалын салу, каналдар қазу, бөгеттер тұрғызу, су тасқынымен күресу және т.б.);

  • жеке адам, ұжым, мемлекет пен қоғамды бөлінбес тұтастық деп қабылдау;

  • қоғамда вертикалдық байланыстарды (билік пен бағыну), субординацияны, бастықты сыйлауды, мемлекет басшысын ( императорды) ең жоғарғы мәртебе, мемлекетті біріктіруші күш ретінде ұғынуды қалыптастыру;

  • қарым-қатынаста конформизмді, келісімпаздықты, мәмлегерлікті, тыныштық пен жайбарақаттылықты қалау;

  • өмірді ең алдымен тән қабығындағы рух өмірі деп ұғыну; фәни өмірді бақи дүниеден жоғары қою; ұзақ өмір сүруге әрекет жасау (дене шынықтыру, шөп дәрілерін ішу және т.б.)

  • о дүниелік күштердің болуын мойындау, өлгендердің жандануы;

  • ата-аналарды, үлкендерді сыйлау, ата-баба, аруақтарды("шэн") қастерлеу.

БУДДИЗМ ЖӘНЕ ОНЫҢ НЕГІЗГІ ИДЕЯЛАРЫ.

§1. Буддизм - Үндістанда (б.З.Д.V ғ. Кейін), Қытайда, Оңтүстік - Шығыс Азияда (ііі ғ. Кейін) және басқа өңірлерде кең тараған діни - философиялық ілім.

Буддизм негізін Гаутама Будда (Сидхардха Шакьямуни) (б.з.д. 563-483 ж.ж.) салды. Ол қиыншылыққа толы, күрделі өмір соқпақтарынан (ханзада, тақуа-аскет, данышпан, әулие) өтіп б.з.д. 527 ж. "нұрланып", өзінің уағыздарын тарата бастады.

Буддизмнің басты идеясы- "Орта жолды" ұстау, яғни шегіне жеткен екі жол: "ләззат жолы" (құмарлық, шаттану, енжарлық, тән мен жан рахаты) мен "аскетизм жолының" (азаптану,күйіну, өлімді аңсау, тән мен жан қасіреті) ортасын қалау, таңдау.

"Орта жол" - білім, даналық, ақылмен шектеу, зерделеу, нұрлану, өзіндік кемелдену жолы, оның түпкі мақсаты - ең жоғарғы игілік - Нирванаға жету.

§2. Будда төрт ізгілікті (арийлік) ақиқатты айқындайды:

  • бұл дүние қасіретке толы;

  • қасіреттің өз себептері бар- байлық, құмарлық, атақ, даңқ, өмір ләззаты, т.б;

  • қасіреттен арылуға, құтылуға болады;

  • қасіреттен құтылудың жолы бар- ол пендешіліктен арылу, нұрлану, Нирвана.

§3. Будда философиясы адамның өзіндік кемелденуі, Ұлы Азаттану- Нирванаға жетудің жолдарын көрсетеді. Бұл сегіз сатылы, сегіз буынды ұстаным, сегіздік жол:

  • дұрыс көзқарас- буддизм негіздерін және өмірдегі өз жолыңды түсіну;

  • дұрыс ойлау- адам өмірі оның ойлауына тәуелді, ойың өзгерсе өміріңде өзгереді;

  • дұрыс сөйлеу- айтқан сөзің жаныңа, мінезіңе әсер етеді;

  • дұрыс іс-әрекет- келісімді өмір сүр, зұлымдық, жамандыққа барма;

  • дұрыс өмір сүру- буддалық өсиеттерді әрқашан бұлжытпай сақтау;

  • дұрыс ыждақат- ынталы болу, еңбек етуді сүю;

  • дұрыс зерделеу- дұрыс ойлаудан туындайтын әдептілік;

  • дұрыс зейін қою- медитацияға бой ұру, ғарышпен байланысу.

§4. Буддизмнің бес өсиет-бағдары:

  • өлтірме;

  • ұрлама;

  • пәк болу;

  • өтірік айтпа, жалған сөйлеме;

  • зиянды заттарды пайдаланба.

Тақырып бойынша негізгі ұғымдар:: Доасизм,легизм, конфуцийшілдік, моизм, у-вей, цзин, веда, упанишада, астика, настика, буддизм, жайнизм, веданта т.б.