Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
философия.doc
Скачиваний:
115
Добавлен:
05.02.2016
Размер:
928.26 Кб
Скачать

§3. Сөйтіп, антикалық (ежелгі грек) философияға мына ерекшеліктер тән:

  • бұл философияның гүлденуінің материалдық негізі полистердің экономикалық (қалалық, сауда-кәсіптік орталықтар) дамуы болды;

  • ежелгі грек философтары материалдық өндіріс процесінен қол үзіп, дербес қауымдыққа айналды; ой еңбегі мен дене еңбегі бөліне бастады;

  • ғарышкінділік (космоцентризм) идеясы өзекті мәселеге айналды;

  • философия дамуының соңғы кезеңінде ғарышкінділік идеясы мен антропокінділік (антропоцентризм) идеясы араласып, біріге бастады;

  • құдайлардың болуы күмән туғызбады;

  • ежелгі грек құдайлары табиғаттың бір бөлігі болып саналып, адамға жақын болды;

  • адам қоршаған дүниеден бөлінбей, табиғат бөлігі болып ұғынылды;

  • философиядағы екі бағыт қалыптасы-"Платон бағыты" және "Демокрит бағыты"

Атомистер - материалистік тұрғыдағы философиялық мектеп, дүниенің негізі микроскопиялық бөлінбейтін жай бөлшектер - "атомдар" деп білді.

Атомистердің негізгі өкілдері - Левкипп пен Демокрит (б.з.д. 460ж.)

Демокрит ілімінің негізгі қағидалары:

  • барлық материалдық дүние атомдардан тұрады;

  • атом бөлінбейді, мәңгілік, өзгермейді, өзіне-өзі тең, барабар;

  • атомдар мәңгі қозғалыста болады, атомдар айналымы да бар;

  • атомдар арасында қуыспен толтырылған кеңістік бар;

  • атомдарда сапалық қасиет болмайды, олардың иісі, түсі, дыбысы жоқ, олар бір-біріне өзгермейді;

  • атомдар ішінде ешқандай да қозғалыс болмайды;

  • атомдар шар тәрізді, бұрышты, қармақ, зәкір және т.б. формада болады.

СОФИСТЕР ФИЛОСОФИЯСЫ ЖӘНЕ СОКРАТ.

Софистер б.з.д. V- IV ғ. бірінші жартысында өмір сүрді. Софистика мектебінің өкілдері теориялық мәселелермен ғана емес, сонымен бірге педагогика, шешендік өнер, яғни практикалық қызмет те атқарды. "Софистер"- грекшеден аударғанда "даналық ұстаздары" дегенді білдіреді.

Софистерді екі топқа бөледі:

  • аға софистер (б.з.д. V ғ.)-Протогор, Горгий, Гиппий, Продик, Антифонт, Критий;

  • кіші софистер - Ликофрон, Алкидамант, Трассимах.

§2. Софистерге тән сипаттар:

  • дүниедегі шындыққа сыни көзқараспен қарау;

  • бәрін практика жүзінде қадағалау, кез келген ойдың дұрыс не бұрыстығын логикалық дәлелдеу;

  • ескі, дәстүрлі өркениет құндылықтарын қабылдамау;

  • дәлелденбеген ескі ереже, қағидалар, дәстүрлерді терістеу;

  • мемлекет пен құқықтың шарттылығын, кемшіліктерін дәлелдеуге ұмтылды;

  • ақиқаттың, білімнің салыстырмалылығы туралы ойды шегіне жеткізу;

  • мәселені әдейі шатастырып, жалған қағиданы шын деп, шындықты жалған деп айтыста қарсыласын жеңу;

  • пікір айтуда шегіне жеткен субъективизм, әрі релятивизм.

Аристотель (б.з.д. 384-322 ж.ж.) -адамзаттың бірінші ұстазы, Платон шәкірті, Ескендір Зұлқарнайынның тәрбиешісі болған. Оның әкесі Никомах-Македония патшасы Аминта III-тің қарамағындағы дәрігер болған. Ғылыми әдебиетте Аристотельдің көптеген лақап аттары кездеседі: Стагирит- туған қаласының кұрметіне, Никомах -әкесінің құрметіне, Перипатетик - мектебінің құрметіне сай аталған. Аристотельдің философиялық баянды қызметін үш кезеңге бөлуге болады:

  • б.з.д. 367-347 ж.ж. (20 жыл)-17 жасынан бастап Платон Академиясында (Платон қайтыс болғанша) қызмет етті;

  • б.з.д. 347-335 ж.ж. (12 жыл)-патша Филипптің шақыруымен Пелле-Македония мемлекеттінің астанасында өмір сүрді; Александр Македонскийді тәрбиеледі;

  • б.з.д. 335-322 ж.ж. (13 жыл) - өзінің философиялық мектебі - Ликейді (перипатетикалық) құрды. Осында өмірінің соңына дейін қызмет етті.

Аристотельдің атақты шығармалары: "Органон" - оның құрамында-"Категориялар"; "Түсіндірмелер"(пікірлер), "Аналитикалар"-тұжырым туралы ілім (силлогизмдер), дәлелдеме туралы ілім; "Топика"- ықтималды дәлелдемелер және диалектика туралы, "Софистикалық дәлелдемелерді жалғандау"; "Метафизика", "Физика", "Аспан туралы", "Жануарлардың түрлері", "Жан туралы", "Никомах этикасы", "Риторика", "Саясат", "Афиндік полития", "Поэтика" және т.б.

Аристотель әмбебап ғұлама-логиканың, философияның, психологияның, биологияның, саяси экономияның, этика, эстетика, өнер теориясының және т.б. көптеген ғылымдардың негізін салды.

Тақырып бойынша негізгі ұғымдар:: антикалық философия, софистика, атомистика, апория, идея ұғымы, категория, Киниктер, Майевтика т

Дәріс №3.