Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

Философия экзам, вопросы

.docx
Скачиваний:
55
Добавлен:
05.02.2016
Размер:
41.19 Кб
Скачать

«Философия» пәні бойынша емтихан сұрақтарына жауаптар:

  1. Философия грек тілінен аудармасы- (филио-махаббат, құштарлық; София-даналық)

  2. Философия-қоғамдық сананың ерекше формасы, дүниеге көзқарастың ғылыми-теориялық түрі, болмыс пен сананың жалпы принциптері, адамның адамға, дүниеге қатынасы туралы әмбебап ілім, ойлау туралы ойлау.

  3. Дүниеге көзқарас- объективтік дүниеге, болмысқа, адамға және тіршілікке деген неғұрлым жинақталған, қорытылған біртұтас көзқарастар мен қағидалар.

  4. Дүнитанымның тарихи типтері-. Мифология, дін, философия

  5. Философияның эволюциялық даму кезеңдері. Космоцентризм-қоршаған ортаны, табиғат құбылыстарын, тіршілікті жасаушы дүлей, шексіз сыртқы күш. Теоцентризм-барлық тіршіліктің мәні дүниеден тысқары тұрған тылсым күш-Құдай. Антропоцентризм-адам мәселесін негізгі мәселе деп қарастырады.

  6. Объективтік идеализм- тек идея шынайы өмір сүреді; барлық қоршаған дүние «идея әлемі» және «заттар әлемі» болып бөлінеді.Өкілі-Платон.

  7. Субъективтік идеализм- бәрі тек танымдағы субъекттің санасында өмір сүреді; идеялар адам парасатында ақылында өмір сүреді.

  8. Философиялық көзқарас ерекшеліктері. Монизм-дүниенің бір бастамасын ғана бастамасын мойындайтын бағыт.Дуализм- екі тәуелсіз субстанция-материалдық және рухани түпнегіз болады, осы екі субстанциядан дүниедегінің бәрі туындайды, олардың модусы болып табылады.

  9. Философияның негізгі екі мәселесінің екі жағын көрсету- гносеологиялық және онтологиялық

  10. Алғашқы қауымдық қоғамға тән қияли ғажайып қоғамдық сана формасы-мифология

  11. Мифологияның формалары - фетишизм-қоршаған ортада жансыз, бейорганикалық заттарға,құбылыстарға табынатын архаептикалық қоғами сана формасы. - тотемизм-жан-жануарларға, өсімдіктерге, хайуанаттарға табынатын,сиынатын қрғами сана формасы - анимизм-рухқа,жанға сиыну табыну.

  12. Сенімге негізделген көзқарас-Дін

  13. Білімге негізделген көзқарас-Философия

  14. Материализм-алғашқыда материя,болмыс, табиғат, объект, тән болады дейді. Идеализм-алғашқыды идея, сана, рух, субъект, жан болады дейді.

  15. Құндылық туралы ілім-Аксиология

  16. Болмыс мәселесін қарастырады-онтология

  17. Таным мәселесін қарастырады-гносеология

  18. Философияның методологиялық функциясы-философия қоршаған дүниені, шындықты, ақиқатты танудың негізгі әдісте

  19. рін жасайды.

  20. Аксиологиялық функция- философиядан заттар мен құбылыстарды бағалағанда оларды моральдік-әдептілік, этикалық, әлеуметтік және т.б. құндылықттар жағынан қарастырады.

  21. Эвристикалық функция- философияны оқып-үйрену процесінде адам дүниеге, бүкіл болмысқа жаңаша көзқараспен қарайды, оны бейне бір құлшыныс, шабыт сезімі билейді.

  22. Әлеуметтік функция- философия қоғамды зерттегенде, оның пайда болу себептерін, дамуын, құрылымын, қозғаушы күштерін, қоғамда болатын қайшылықтарды айқындап, оны шешу жолдарын, қоғамды жетілдіру мәселелерін қарастырады.

  23. Тәрбиелік-гуманитарлық функция- философия гуманистік құндылықтар мен мұраттарды адам, адамзат пен қоғам игілігіне жаратуды көздейді.

  24. Философияның эклектикалық әдісі- жан-жақтан жиналған, алуан түрлі, қырық-қырау қағидаларды біріктіріп, қоршаған дүниеге өзіндік көзқарасты дәріптеуге тырысатын фил. Әдіс.

  25. Философияның диалектикалық әдісі- болмыс пен танымның заттар мен құбылыстардың, ойлаудың, жалпы даму заңдылықтарының өзара байланысын, ішкі қайшылықтарын зерттейді.

  26. Метафизикалық әдіс-диалектикаға қарама-қарсы таным әдісі, мұнда заттар мен құбылыстар бір-біріне байланыссыз, ішкі қайшылықсыз, тұрақты түрде өзгеріп отырады.

  27. Догматизм әдісі-қоршаған ортаны, дүниені әрбір догмаларға, «жоғарыдан алдын ала берілген абсолюттік ақиқатқа» сүйеніп қабылдау.

  28. Гностицизм- дүниені тануға болады, танымның мүмкіндігі шексіз.

  29. Агностицизм- дүниені тануға болмайды, танымның мүмкіндігі адам санасының танымдық мүмкіндігімен шектелген.

  30. Ежелгі шығыс философиясы. Ежелгі Қытайдың ұлттық ілімдері: даосизм-қоршаған дүниенің құрылымы мен тіршілігінің негізін түсіндіру және адам, табиғат пен ғарыштың игілікке апаратын жолын табу. Конфуцийшілдік-адамды әлеуметтік өмірдің өзекті мәселесі деді. Легизм-қоғамды басқарудың жолы заңға сүйенген мемлекеттік мәжбүрлеу, пәрменділікті жүзеге асыру деп білді.

  31. Еж. Қытай философиясындағы У-вей дегеніміз-тыныштық және бейқамдық.

  32. Лун Юй кімнің шығармасы-Конфуций.

  33. Еж. Қытайда адамның ғарыштық энергиясы: 3еу. Цзин-туындау энергиясы, ци-материялдық және рухани тіршілік энергиясы, шэнь-өлімнен соң қалатын тұрақты рухани энергия

  34. Даосизмдегі «табиғилық» принцип деген-

  35. Даосизм ілімін негізін салған- Лао Цзы.

  36. Конфуцийшілдік ілімінің негізгі идеясы-адамдарды қалай басқару, жолға салу және қоғамда өзін қалай ұстау.

  37. Конфуцийдің алтын ережесі: өзің қаламағаныңды өзгеге істеме.

  38. Легизм- қоғамды қалай басқару керек. Легизмнің негізгі қағидасы-адам өз бітімінде зұлым, жамандыққа бейім; адам іс-әрекетінің қозғаушы күші-жеке эгоистік мүдде;.....

  39. Легеизм ілімін негізін салушылар-Шан Ян мен Хань Фей.

  40. Еж. Үнді философиясының мектептері- астика және настика

  41. Упанишада- ұстаздың алдында отырып, одан тәлім алу.

  42. Ведалар-(санскрит тілінді «білім»)- б.з.д. 15ғ. Орта Азия, Волга жағалауы, Ираннан Үндістанға келген арийлер тайпасының жасаған діни-фил. Трактат.

  43. Үнді фил. Еж. Эпос жырлары-«Махабхарата», «Рамаяна».

  44. Жайнизм-адамның екіұдайлығы, қосмағыналылығы туралы, карма, сансарадан құтылу, этика мәселесі туралы.

  45. йога- адам психологиясы, түрлену дөңгелегінен азат болу ілімі.

  1. Үнді фил. Сананың 3 түрі: Материалдық түпнегіз, сана-пракрити; Таза сана, барлық тіршілікті жандандыратын күш-пруша; Ақиқатсызқияли сана, елес-Майя;

  2. Үнді фил. Адам өмірінің, тағдырының алдын ала мәлім болуы-Карма;

  3. Үнді фил. Буддизмінің негізін салушы- Гаутама Будда; негізгі идеясы-«Орта жолды ұстау»

  4. Философиядағы идеалистік бағытының негізін салушы кім?-Платон

  5. Майевтика диалектикалық әдісі-сұрақ беріп, оған жауап алу арқылы адамның ақиқатқа өз бетінше жетуі. Негізін салушы еж. Грек фил.-Сократ.

  6. Платон ақиқат болмыс деп нені түсінді-идея

  7. Милет мектебінің негізін салушы-Фалес, Анаксимандр,Анаксимен.

  8. Милет мектебінің қарастырған ең басты мәселесі-

  9. Дүниенің бастамасы су-Фалес; ауа-Анаксимен; сан-Пифагор; қарастырды.

  10. Элей мектебі-болмыс мәселесін қарастырды. Өкілдері- Парменид, Зенон, Мелисс.

  11. Негативтік, терістеу диалектикасының негізін салған-Зенон

  12. Апейрон-мәңгі өлшеусіз, шексіз субстанция; барлығы одан п.б., оған айналады.

  13. Антикалық ойшылдардың қайсысы этиканы «жан дәрісі», яғни қасіреттен құтылу және жанның ләззаты деп ұғынған ойшыл-Эпикур

  14. Зенонның атақты апориялары: «Дихотомия», «Стадий», «Ұшудағы жебе», «Ахилесс пен тасбақа»

  15. Panta rei-барлығы өзгереді, барлығы қозғалыста деп қарастырған ойшыл-Э.Гераклит.

  16. Элейлік Зенонның апориялары деген-ойлаудағықиналу, аң-таң болу, шешілмейтін жұмбақ.

  17. Еж.Грек фил. Атомистер мектебі-дүниенің негізі микраскопиялық бөлінбейтін жай бөлшектер-«атомдар» деп білді. Өкілдері-Левкипп пен Демокрит.

  18. Софистер деген-гр. аударғанда «даналық ұстаздар»

  19. Адам барлық тіршіліктің, нәрсенің өлшемі деген-Протогор

  20. Өзіңді өзің таны. Мен өзімнің ештене білмейтінімді білемін-Сократ

  21. «Өмір сүру үшін тамақ жеу керек,бірақ тамақ жеу үшін өмір сүрмеу керек»-Сократ

  22. «Жамандық-жақсылықтың не екенін білмеуден туындайды»-Сократ

  23. «Өз қамыңды өзің ойла»-Сократ

  24. Антикалық мағынада диалектиканаң негізін салған ойшыл-Сократ

  25. Киниктер мектебі-қоғамнан тыс, бейқоғами еркіндікті аңсаған фил. мектеп. Өкілдері-Антисфен,Кратет, Синоптик Диоген.

  26. Қай фил.мектепте қозғалысты ойлауға болмайтынын мәселе қойылды?Элей мектебі.

  27. Ортағасырлық арабтілдік фил.қай бағыты рационализм принципі негізделген?-шығыстық перипатетизм

  28. «Платон маған дос, бірақ ақиқат қымбат» пікірінің авторы кім?-Аристотель

  29. Материя-ұғым шындығының жүзеге асуы

  30. Форма-мүмкіндіктің шындыққа өткендегі «материяның» қабылдайтын шындығы.

  31. «Екі дүние бар: жеке заттар дүниесі және жалпы ұғымдар дүниесі, идеялар дүниесі». Осы пікірді кім айтты?-Платон

  32. «Кешіру оңай,бірақ ұмыту қиын»-Платон

  33. «Біреуге өкпелегеннен гөрі, өзіңе өкпелегенің дұрысырақ»-Платон

  34. «Адамдар өзінің бақытсыздығына,мүшкіл халіне құдайды, тағдырды,кім көрінгенді кінәлайды, бірақ өз кінәсін мойындағысы келмейді»-Платон

  35. Платонның триада туралы ілімі: бірлік, ақыл, жан.

  36. Ортағасырлық арабтілдік фил.қай бағыты мистикалық бағытты ұстанды?-Суфизм

  37. Исламдағы негізгі ағымдар: Жол, үлгі-суннизм; топ, партия-шиизм; суфизм.

  38. Ортағасырлық батысеуропалық провиденциализм принципі-Құдай адам мен адамзатты құтқаруын, жарылқауын алдын ала біледі.

  39. Ортағасырлық батысеуропалық патристика идеясы-2-7ғ алғашқы христиан фил.негізін салушы шіркеу әкелерінің мектебі,ілімі.

  40. Креационизм – Құдай дүниені жоқтан бар етті және мәңгі жаратуда.

  41. Ортағасырлық батысеуропалық апологетика (гр.қорғаймын,сақтаймын)-2-3ғ. Пұттық политеизмнен күресте христиандық догматика негіздерін қорғаған, уағыздаған ілім.

  42. Ортағасырлық батысеуропалық тринитарлық мәселесі-не классикалық патристика, яғни әке, ұл және қасиетті рух мәртебесі арақатынасы туралы ілім;

  43. Ортағасырлық батысеуропалық схоластика-ортағасырлық теологиялық ілім, философияның теологияға қызмет ететін тұсы.

  44. Схоластиканың екі бағыты: реализм-нағыз болмысқа заттар емес,керісінше олардың жалпы ұғымы-универсалийлер. және номенализм-шындықта тек жеке, нақты заттар ғана өмір сүреді, ал жалпы ұғымдар олардың атауы болады.

  45. «Түсіну үшін сенім керек» деп айтқан: Аврелий Августин

  46. «Барлық нәрсені біліп, бірақ Сені білмеген адам бақытсыз; Ештеңені білмеседе, бірақ Сені білген адам бақытты» деген: Аврелий Августин

  47. Ортағасырлық араб философиясының теориялық қайнар көзі-

  48. Әл-Фараби атақты еңбегі-кайырымды қала тұрғындары

  49. Қожа Ахмет Яссау қай бағытының өкілі-суффизм(сопылық)

  50. Мұтазалиттер деген-(араб. Бөлігендер)- бостандық еркіндігін, адамның әдептілік дамуын көздеген зиялы қауым өкілдері.

  51. Шығыстық перипатетизм өкілдері-Әл-Кинди, Әл-Фараби, Ибн-Сина, Ибн-Рушд.

  52. Апейрон дүниенің бастамасы деген кім?Анаксимандр

  53. Мемлекетті философ басқару керек деп кім айтты?Платон

  54. Суфизм араб.тілінен аудармасы-«суф»-жүн, шаш; гр. «софия»-даналық.

  55. Неге сенемін, соны танимын деген кім?-Ф.Аквинский

  56. Қос ақиқат немесе ақиқаттың екіұдайлылығы теориясының авторы?Ибн Рушд

  57. «Алғашқы түрткі» идеясын қабылдамай, қозғалысты материяның, ажырамас қасиеті деп таныған: Ибн-Сина.

  58. Шариғат-мұсылмандық өмір сүру қағидасы, оның нақты көрінісі фикх-мұсылмандық құқық.

  59. Суннизм-(араб., «сунна»-жол, үлгі, мысал) 10ғ. Пайда болған, Мұхаммед Ғ.С. ең соңғы пайғамбар деп ұғынатындар.

  60. Шығыстық перипатетизм бағытын негізін салушы-Әл-Кинди

  61. Қалам мектебі-мұсылмандақ теологиялық фил., яғни мұсылмандақ схоластика.

  62. Анттропоцентризм дүние танымы қай кезеңге тән?- Қайта өрлеу заманының фил.

  63. Т.Мор утопиялық социализм-негізін салды. Утопия-гр. «орны жоқ орын» , «жер ұйық» деген

  64. Утопистік социализімнің көрнекті өкілі Томмазо Кампанелла. «Күн қаласы», «Галилей апологиясы», «Метафизика» еңбектері бар.

  65. Қайта өрлеу заманы қай ойшылы дүниенің шексіздігі мен әлемнің түрлілігі туралы қағиданы негіздеді? Николай Кузанский

  66. Гелиоцентризм теориясының негізін салған-Николай Коперник.

  67. Гуманистік бағытының негізгі идеясы-адам тағлымы, оның ұлылығы мен құдіреті;

  68. Құдіретті комедия еңбегінің авторы?- Данте Алигьери.

  69. Реформациялық бағытының сипаттамасы-шіркеулік идеологияны, дінге сенушілер мен Шіркеу арасындағы қатынасты қайта қарастыру. Негізін салған-М. Лютер.

  70. Реформациялық бағытының өкілдері: Ж. Кальвин,Т. Мюнцер.

  71. Құдай мен сенушілердің қауымын тікелей өту керек деген реформациялық бағытының өкілі: М. Лютер.

  72. Күн қаласы еңбегінің авторы: Томмазо Кампанелла

  73. Дуалистік метафизиканың негізін салушы: Картезий

  74. Рационализм бағытына сипаттама-білімді тек тікелей санадан,ақылдан алуға болады, ал ол білім сезімдік тәжірибеге тәуелсіз.

  75. Рационализм бағытының негізін салушы-Рене Декарт.

  76. Индуктивті әдісті пайдаланған жаңа заман ойшылы:Френсис Бэкон.

  77. Декарттың негізгі таным әдісі қандай? Рационализм

  78. Мен ойлаймын, демек мен өмір сүремін-Р. Декарт

  79. Күмәндану принципі интуиция +мен дедукцияны қарастырған кім? Р. Декарт.

  80. Жаңа заман философы, табиғи құқық теориясын негізін салған-Гуго Гроций.

  81. Спиноза фил-ң негізгі арқауы-біртұтас субстанция ілімі.

  82. Күлме, жылама, қарғама,тек түсін-Спиноза

  83. Білім-күш деген кім? Френсис Бэкон.

  84. Индуктивтік арқылы болынатын танымдық әрекет жолдарын көрсеткен кім?Френсис Бэкон.

  85. Өрмекші жолы- білімді «таза ақылдан алу» яғни рационалдық жол.

  86. Жаңа заман фил-ң негізгі белгілері- метафизикалық немесе механикалық ойлау әдісі үстемболды; фил.екі бағыт-рационализм және эмпиризм п.б.

  87. Қоғам мен мемлекет теориясының негізін салған: Томас Гоббс.

  88. Барлық білімдердің шығу тегі сезімдік қабылдаудан болады деп- Дж.Локк айтқан

  89. Д.Локктың сенсуализмі- Барлық білімдердің шығу тегі сезімдік қабылдаудан болады

  90. Лейбниц. Монодология-«бір», «тұтастық» деген. Монада арқылы материя өзіндік қозғалыс қабілетіне ие.

  91. Дж.Локк-адам санасы, жаны- «Tabula rasa», яғни Таза тақта.

  92. Географиялық детерминизм негізін салған- Ш.Монтескье

  93. Адам-машина кім айтты? Жьюлен Офре де Ламетри

  94. «Табиғат жүйесі-материализім інжілі» деген: Поль Анри Гольбах

  95. Француз ағартушылық фил-ң көрнекті өкілдері-В .Франсуа,Ш.Л.Монтескье, Ж.Ж.Руссо, Ж.Мелье, Д.Дидро..

  96. Энциклопедияның бас редакторы- Дени Дидро

  97. « Біз түйсігі мен зердесі бар аспаппыз....» айтқан:Дени Дидро

  98. «Адам адамға-ағайын» деген: Клод Сен-Симон

  99. Экономикалық детерминизм негізін салған-Клод Сен-Симон

  100. Классикалық неміс филос.терминін кім енгізді? Ф.Энгельс.

  101. КНФ негізін салған кім? Иммануил Кант.

  102. Гегельдің философиялық жүйесіндегі негізгі қайшылық? Ойлаудан басталад

  103. КНФ идеалистік бағытының өкілдері? И.Фихте, Ф.Шеллинг,Кант, Гегель.

  104. Канттың пікірлер теориясы. Аналитикалық, Синтетикалық.Синтетикалық: 1.Апостериорлық-Предикат+Субъектпен байланысады. М: Кейбір аққулар қара түсті болады.2.Априорлық. Р+С- байланысу мүмкін емес. М: Болатын оқиғаның бәрінің себебі бар.

  105. Априорлық синтетиккалық пікірлердің болу мүмкіндігін -трансценденталдық

  106. Канттың антиномиялары: 1.-Кеңістік пен уақыттың шектілігі туралы.2.- Жай және күрделі туралы. 3.- Еркіндік пен себептілік туралы. 4- Құдайдың барлығы туралы.

  107. Канттың тәжірибеге дейінгі білімі қалай аталады? Априорлық.

  108. Канттың тәжірибеден кейінгі білімі? Апостериорлық.

  109. Кант білімдер жүйесін бөлді.Синтетикалық; Аналитикалық

  110. Категориялық императив- Моральдық заң

  111. Таза парасатқа сын еңбегң-үш бөліктен тұрды:1. Трансценденталдық эстетика, логика, метод туралы ілім.

  112. Гегельдің абсолюттік идеясы негізі неден басталады?Рух феноменологиясынан

  113. КНФ жоғарғы жетістігі бұл:Гегель

  114. Панлогизм-ойлаудың өзінде-және-өзі-үшін болмыста болуы. Рух феноменологиясы- рухтың онтогенездің филогенезді қайталануы.

  115. Гегель бойынша дамудағы ішкі қайнар көзді, қозғаушы күшті ашатын заң? Қарама-қарсылықтардың бірлігі мен күресі

  116. Гегельдің триадасы. Тезис. Синтез. Антитезис.

  117. Гегель бойынша дамудың жалпы нәтижесі мен тенденциясын көрсететін заң-Терістеуді терістеу

  118. Гегельдің философиялық жүйесі-«абсолютті ақиқат»

  119. Шопенгауэр философиясындағы иррационализм бір формасы- волюнтаризм

  120. Гегель философиясын материалистік тұрғыда сыңға алған неміс фил.-Л. Фейербах.

  121. Антропологиялық материализм-алға тартқан Фейербах, Гегельдің объективтік объективтік идеализміне тайталас

  122. Мен және Мен емес принципі: И.Фихте.

  123. Капитал еңбегі- К. Маркс.

  124. Қосымша құн теориясының авторы- К.Маркс.

  125. Материалдық экономикалық фактор маңызының басымдылығын айқындаған кім?К.Маркс

  126. Тарихи материализм-тарих, қоғам дамуын материалистік тұрғыда ұғынды,,,

  127. Диалектикалық материализм-Гегельдің идеализімін материалистік тұрғыда ұғыну.

  128. Орыс космизмі көрнекті өкілдері- В.И.Вернадский, К.Э. Циолковский, Н.В.Бугаев. А.Л. Чижевский.

  129. Орыс философиясындағы Соборлық деген не?Рух пен ерік бірлігі-адам тіршілігінің негізі.

  130. Орыс философиясындағы батысшылдар бағыты- Ресейді «еуропашылындыру». Өкілдері- А.И.Герцен, В.Г. Белинский, Н.П.Огарев, К.Д. Кавелин, П.В.Аненков, В.П.Боткин, Т.Н. Грановский.

  131. Орыс философиясындағы славянофильшілдер бағыты- Ресей мен өзге славян елдерінің дүниедегі ерекше орнын дәріптейтін, православие мен қауымдастық өмірді аңсайтын философиялық бағыт. Өкілдері- А.С.Хомяков, И.В.Киреевский, Ю.Ф. Самарин, А.Н. Островский, ағайынды К.С. мен И.С. Аксаковтар.

  132. Бүкілбірлік теориясының авторы-В.С.Соловьев.

  133. Еркіндік және бостандық туралы идеяны қарастырған орыс экзистенциалист-Н.А.Бердяев.

  134. Шәкәрім бойынша адамның мәні: ар-ождан, намыс

  135. Формальдық логиканың негізін салушы антика философы-Аристотель

  136. Экзистенциализм үшін басты мәселе не болып табылады?- адамның ішкі болмысы

  137. Агностицизм өкілі-Иммануил Кант

  138. Волюнтаризм негізін салған-А. Шопенгауэр.

  139. Өмір философиясының өкілдері-В.Дильтей, Ф.Ницше,О.Шопенгауер,А. Бергсон.

  140. Неокантшылдық мектептерінің өкілдері? Марбург мектебі. Бадан,

  141. Философиядағы инструменталистік әдісті қолданған кім, прагматист- Д.Дьюи.

  142. Экзистенциализмнің негізін салушы, дат.-Сьерен Кьеркегор

  143. Прагматизм- гр, іс-әрекет. Абстракті ақиқаты, ұғымдардың танымдық рөлін терістеді, ұғымның орнына белгілерді қарастыруды ұсынды. Өкілдері- Ч.Пирс, У.Джемс негізін салды.

  144. Фенеменология-гр. Құбылыс туралы ілім. Таза сананы талдау және адам тіршілігінің иманенттік, априорлық құрылымын зерттеу әдісі.

  145. Фенеменологияның өкілі- Эдмунд Гуссерль

  146. Герменевтика- ұғыну, түсіндіру философиясы, тұспалдап сөйлеу тәсілін зерттейді.

  147. Герменевтикалық шеңбердің авторы-Ф. Шлейермахер

  148. Материяның өмір сүру тәсілі-кеңістік пен уақыт

  149. Субстанция ілімі-(лат. Мән, нәрсе,мәнділік)-түпнегіз, ешнәрседен тәуелсіз, өзге нәрселерді тудыратын бастама.

  150. Диалектиканың мәні неде?- Сұхбаттасу, диалог және т.б.

  151. Психоанализ теориясының негізін салушы- З. Фрейд.

  152. Фрейд бойынша жыныстық үнемі немен қақтығыста болады: Либидо

  153. Ұжымдық санасыздық теориясының авторы-Карл Густав Юнг.

  154. Архетиптер-әмбебап бейнелер, жалпы адамзаттылық ығыстырылған өмірлік энергияның коды.

  155. Иррационализм өкілдері-А. Шопенгауэр

  156. Ғылыми танымның құрылымы-

  157. Бейсаналық-ерекше психикалық шындық, адам санасынан тыс жататын психикалық құбылыстар.

  158. Қозғалыс-материяның өмір сүру тәсілі, оның жалпылық қасиеті, атрибуты. Өзгеру мен тұрақтылықтың қайшылықтың бірлігі.

  159. Материалдық жүйелердің өмір сүру тәсілі- Қозғалыс

  160. Диалектикаға қарама-қарсы бағыт-Метафизика

  161. Гедонизм түсінігі өмірдің мәні не?-өмірдің мәні, өмірден ләззат алу

  162. Өмір мәнінің утилитаристік концепциясы—өмірден пайдалы жақ алу

  163. О. Шпенглердің атақты шығармасы-1. «Еуропаның құлдырауы» 2. «Шешуші жылдар»

  164. Позитивизм бағытын негізін салушы- О. Конт.

  165. Позитивистер бөліп қарастырған ғылыми таным-білім мен тәжірибе

  166. Ойлау қабілеттерін, заңдары мен формаларын туралы ілім-Логика

  167. Гегель философиядағы әдісі-диалектика

  168. Санасыздықтың психикалық себептерін ашқан философ- З. Фрейд.

  169. Даму сабақтастығы,дамудың бірлігі диалектика заңы қалай аталады-терістеуді терістеу

  170. Даму себебін қарастыратын диалектика заңы-қарама-қарсылықтардың бірлігі мен күресі.

  171. Диалектика-сұхбаттасып тұрмын, ойлап тұрмын дегенді білдіреді, даму туралы ілім

  172. Позитивизм бойынша позитивті ғылымдар мынаған тәуелді-бақылау мен тәжірибе

  173. Қоғамдық экономикалық формация ұғымын енгізген-Карл Маркс

  174. Фальсификация, фаллибализм принциптері-К.Поппер

  175. Камю бойынша адам үшін абсурдтан шығатын жол-бүлік

  176. «Тіл-болмыс үйі, тұрағы» деген: М. Хайдеггер

  177. Сартрдың экзистенциалды философияның пәні-еркіндік

  178. Ақыр заман туралы ілім қалай аталады?-эсхотология

  179. Болашақты, келешекті зеттеу ілімі-футурология

  180. Структурализм-құрылымды анықтайтын фил.бағыт. Өкілдері:Клод-Леви Строс, Ролан Барт, Ж.Лакан, М.Фуко....

  181. Эрос-(өмір инстинкті), өз қажеттіліктерін қамтамасыз етеді; Танатос-(өлім инстинкті), өзіне қауіп төнетін жағдайларды құртуға, болдырмауға итермелейді.

  182. Әлеуметтік фил-ң сипаты-адам және адам туралы қоғами болмыс

  183. Антропогенез-адам қалыптасуының эволюциялық процесі; адам мен қоғамның шығу тегі;

  184. Дедукция мен индукция: дедукция( лат.,шығару)- ой қозғалысы процесінің жалпылықтан ерекше арқылы жекелікке өтуі; индукция(лат., нысанаға алу)- ой қозғалысы процесінің жекеден ерекше арқылы жалпылыққа өтуі;

  185. Сезімдік таным формалары- елестету: Елестету;түйсік;қабылдау.

  186. Рационалдық таным формалары-ұғым, пікір, тұжырым.

  187. Фил.тарихында диалектикалық логика категорияларының, принциптерінің және заңдарының жүйесін алғаш болып негіздеген кім?-Гегель

  188. Объективтік шындықты білдіретін концепция-сана

  189. Адам болмысы-заттар дүниесі адам болмысы, адамның өзіндік болмысы.

  190. Қарапайым сана-

  191. Ортағасырлық батысеуропалық фил-ң концептуализм өкілі кім?Пьер Абеляр

  192. Вертификация принципінің авторы: Витгенштейн

  193. Әлеуметтік философия-қоғам мен адам туралы фил-ң принциптер мен заңдылықтар мәселелері.

  194. Синергетика-материяның өзіндік ұйымдасуы

  195. Даму- прогресс, төменгі сатыдан жоғары сатыға көтерілу.

  196. Мәдениет фил-ң сипаты-тар мағынада-ХХ ғ. бірінші жарт. Еуропалық фил. бағыт; кең мағынада-мәдениетті ерекше феномен деп қарастыратын кез келген фил. рефлексия

  197. Орыс космоизм негізін салушы кім?Циолковский

  198. Сана әдістері: физикализм-өзіндік субстанция ретінде сана жоқ, сана тек материядан туындайды. Солипсизм-ең айқын, дәлелденген шындық, ал материалдық дүние-тек жеке сана туындысы.

  199. Қоғамдық болмыс анықтамасы-қоғами қатынас жүйесінде адам қызметі арқылы өңделетін қоғамдық материалдың бөлігі.

  200. Әлеуметтік сфера деген не- еңбек бөлінісіне, өндіріс жабдықтарының меншігіне және ұлттық факторға негізделген қоғамның ішкі құрылысының жүйесі.

  201. Ноосфера – сана сферасы теориясын әрі қарай дамытқан. Негізін салушы кім – В.И.Вернадский.

  202. Этика. Эстетика- Этика( әдеп, ғұрып, салт)-мораль мен әдептілік туралы философиялық ілімдер жүйесі.Эстетика-(гр. Сезіну,сезімдік)- адамның дұниені сұлулық тұрғысынан бейнелеу.

  203. Табиғат туралы ілім-Натурофилософия

  204. Қоғам деген не- адам қызметінің тарихи қалыптасқан формаларының барлық жиынтығы, яғни жүйелік құрылымы.

  205. Философиялық білім ерекшелігі-жан-жақты жинақталған білім