Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
философия.doc
Скачиваний:
115
Добавлен:
05.02.2016
Размер:
928.26 Кб
Скачать

Философия және ғылым: жаңа еуропалық мәдениетіндегі философияның өз тағдырын өзі шешу мәселесі.

Мақсаты мен міндеттері: Жаңа Заман философиясының негізгі мәселелеріне жалпы сипаттама. Рене Декарт рационалдық философиясы.сана мәселесі. Философиялық материализм және ағартушылық идеяларын қарастыру.

Жоспар:

1. Жаңа заман философиясының ерекшеліктері мен сипаты. Эмпиризм және рационализм бағыттарының қалыптасуы (Ф. Бэкон және Р. Декарт).

2. Дж. Локктың сенсуализмі.

3. Б. Спиноза философиясындағы субстанция мәселесі.

4. Лейбництің Монадологиясы

Әдебиеттер тізімі:

1. Иманқұл Н.Н. Философия әлемінде: болмысы және тарихы. Алматы,2006ж.

2. Иманқұл Н.Н., Бөрібаев Т.Қ. Іліми философия. Астана, 2009ж.

3. Әбішев Қ.Ә. Философия. Алматы, 2000ж.

4. Ғ. Есім. Фалсафа тарихы. Алматы, 2004.

5. Асмус В.Ф. Декарт. М., 1956.

6.Нарский И.С. Западноевопейская философия XVII века. М., 1974.

7. Рассел Б. История западной философии. В 2-х т. М., 1993.

8. Соколов В.В. Европейская философия XV-XVIII в.в.М.., 1996.

Дәрістің қысқаша мазмұны:

Жаңа заман дәуірінің жалпы сипаты.

XVII-XVIIIғ.ғ. батыс Еуропа елдерінде капитализм қалыптасты, мануфактура дамыды. Бұл заманды ерте буржуазиялық революция дәуірі деп те атайды. Материалдық өндіріс практикасы ғылымға сүйенді.

Механика, Ньютон физикасы, жаратылыстану ғылымдары, эксперименталды- математикалық зерттеу дамыды. Ағартушылық, яғни антифеодалдық қозғалыс белең алды. Жаңа Заманды кейде ағылшын және француз материализмі дәуірі деп те атайды.

Жаңа заман философиясының басты ерекшеліктері:

  • метафизикалық немесе механикалық ойлау әдісі үстем болды;

  • философияда екі бағыт- рационализм және эмпиризм пайда болды;

  • индуктивтік - эмпириялық әдіс - жаратылыстану әдісі;

  • дедуктивтік - рационалдық әдіс - идеалистік спекулятивтік әдіс;

  • материализм философиясы мен Ағартушының идеясы.

Декарттың рационалдық философиясы.

Рене Декарт (1596-1650) француздың атақты ғалымы, математик, механик, оптик, физик, физиолог, психолог, философ. Оның ғылымда ашқан жаңалықтары: аналитикалық геометрияның негізін салды, координата жүйесі, функция ұғымын енгізді, кемпірқосақ теориясы, бөлшектердің құйынды қозғалысы, адам, жануарлардың қан айналысы, космологиялық идеялары.

Картезийдің философиялық идеялары:

  • философияда тұңғыш рет сана мәселесін қарастырды;

  • ойлап тұрған субъект "Меннің" болуы, танымдағы ақыл, парасаттың шешуші рөлі, рационализмнің негізін салды;

  • күмәндану принципі, интуиция мен дедукцияны қарастырды;

  • танымда жай абстракциядан күрелі ойлауға өту әдісі;

  • дуалистік метафизика, яғни екіұдайлық, екімағыналық бастама қағидасы;

  • ғылыми таныым әдісі, рационалдық методология және "туа біте пайда болатын идеялар" қағидасы.

Декарт сана мәселесін зерттеп, санада ойлау өзінен бастау керек дейді. Сезімдік танымды ескере отырып, Картезий анық, айқын, ақиқи білімді іздеді. Танымның ақиқаттылығы - тек күманданушы "Мен", күманданушы сананың бар болуы. Мен күмәннің өзінің бар болуынан өзгенің бар болуына күмәндануым мүмкін. Мен күмәнданып тұрғандықтан- ойлап тұрмын. Менің күмәнімнің бар болуы ойлаудың бар екенін айқын дәлелдеп тұр. Менің күмәнімнің бар болуы ойлаудың бар екенін айқын дәлелдеп тұр. Сондықтан "Ego, cogito ergo sum" - "Мен ойлап тұрмын, демек өмір сүріп тұрмын".

Танымның негізгі түрі - ақыл, парасатқа сүйенген рационалдық таным. Ақиқатты іздеп табудың мүмкіндігі - туа біткен идеялардың бар болуынан туындайды. Туа біткен идеялар дегеніміз- дайын ақиқат емес, ол тек ақылдың аксиома мен ережелерді жасауға мүмкіндігі. Интеллектуалды интуиция, дедукция бастамасы- рационалдық таным, ал оның құралы - сана, ақыл, парасат.