Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
UMKMD_dlya_PD_K_-1_2_kurs_3_kr.doc
Скачиваний:
39
Добавлен:
05.02.2016
Размер:
1.67 Mб
Скачать

Өнегеліліктің алтын ережесі: «Өзіңе қалағаныңды өзгеге жаса, өзіңе қаламағанынды өзгеге жасама».

  • бірінші максима. Былай істе: Сенің ерігіңе негізделген іс-әрекеттеріңнің максимасы бүкіл адамзат әдеп заңдылықтары ережесіне сәйкес болсын;

  • екінші максима. Былай істе: Сен өз тарапыңнан және өзгелер тарапынан әрқашан да бүкіл адамзаттың мүддесін мақсат ет және оны ешқашан да амал ретінде пайдалануға ұмтылма.

И. КАНТ

Қарастырылу объектісі:«Фирмадағы келіспеушілік»

Қарастырылу пәні:Канттың категориялық императиві

Өткізу нысаны: ойын

Кейспен жұмыс 3 кезеңнен тұрады: 1. Студенттердің кейс материалымен жеке жұмысы 2. Шағын топтарда жұмыс 3. Жалпы дискуссияда шағын топтардың қорытындыларын жариялау және экспертиза жасау.

Кейсті талдау үшін қажетті нұсқаулар:

  1. Жағдаймен танысып шығу

  2. Негізгі факторларды анықтаңыз

  3. Өзіңіздің негізгі факторларын талдыңыз

  4. Ортақ мәселені анықтаңыз

  5. Сіздің көзқарасыңыз бойынша ең тиімді әрекет бағдарын ұсына отырып, әрбір баламаны бағалаңыз.

  6. Өзіңіздің таңдауыңыз үшін негізді анықтыңыз.

1 кейс.

Жағдайдың сипаттамасы:

Жеке фирманың жоғары мамандырылған қызметкері биоқоспалар негізінде медициналық дәрілерді таратуымен айналысушы, бұқаралық ақпарат құралдарында мақала жариялады. Онда фирма өнімі туралы жағымсыз ақпарат берілген. Бұл мақалада кейбір биоқоспалардың пайдасыз және жүрек ауруына шалдыққандар үшін бұл биоқоспалардың кейбір категориясы зияны туралы айтылған. Ол: "Бұл дәрі дәрмектер өте қымбат және олар еш пайда әкелмейді. Сонымен қатар, "Plus" биоқоспасын қабылдаған адам, жай аурудан асқынып кеткен ауруға айналады» деп жазды. Қызметкер өзінің жеке тәжірибесі негізінде (биоқоспаларды оның туған апасы қабылдады) және дәрігердің биоқоспаның пайдасыз екені туралы тұжырымдамасы негізінде мақалада атап өтті. Бұрын қызметкер басшысына бұл дәріні басқа дәрілер тізімінен алып тастауды ұсыныс берді, бірақ басшы бұған назар аудармай, бұл компания тек лицензиясы бар тауарларды жеткізетіндігін және тауар сапасына жауапты еместігін айтты. Басшы қызметкерді жұмысқа алар алдында, фирманың жұмысы қоғамға мәлім болмауы керек туралы айтқан болатын. Бірақ оған қарамастан қызметкер бұл мақаланы жариялады. Ол мақаланы мына сөздермен аяқтады:"Басқа адамдар менің апам сияқты бұл қатені қайталанбасын. Өзімнің жеке пікірім негізінде бұл дәріні пайдалануы пайдасыз екенін адамдарға айтуым парыз деп есептеймін. Бұл ақпаратты өзінің және жақын адамдарының тағдыры немқұрайлы емес адамдар оқиды деп сенемін. Бұл газеттің оқырмандары арасында бұндай жағдайға түскен адамдар бар деп ойлаймын. Үндесіңіздер».

Мәселенің қойылымы:

1. Фирманың жарғысын бұза отырып, қызметкер нені көздеді? Ол дұрыс істеді ме?

2. Қызметкердің әрекеті қай жағдайда И.Канттың этикасы бойынша еркін деп есептуге болады?

2 кейс

Жағдайдың сипаттамасы.Мақаланың авторы жұмыстан шығу үшін өзінің жеке заттарын жинастырғанда, басшы оны жұмыстан шығармады, оны бұдан да жоғары лауазымға тағайындады. Енді оның міндетінде дәрі-дәрмектерді тек тарату ғана емес, сонымен оларды жарнамалаумен қамтамасыз ету, соның ішінде мақалада сынға алған дәріні де жарнамалау керек болды. Осы қызметтерді жақсы атқара отырып фирмаға және жеке өзіне үлкен кіріс әкеледі. Басшы осындай шешімге не үшін келгенін түсіндіріп өтті, фирмаға бұндай адал, ұстанымды және де жоғары кәсіби адам пайдалы болатынын атап өтті. Басшы мақаланың авторына егер сатылымнан бұл дәріні алып тастаса, онда басқа бір фирма сол дәріні таратуымен айналысады, себебі газеттік антижарнама назарынан тыс қалды, бұл тауар мақаладан да бұрын сұраныста болды. Қызметкер шешім қабылдар алдында, өзінің биоқоспа қабылдаған апасымен кеңесті. Ол ағасына күмән тұғызатындай сұрақ қойды: «Егер сен келісім беріп және сол фирмада қалсан, онда сен менің және басқа адамдардың алдында кінәлі сезінбейсін бе, ал егер бас тартсан, онда жоғары жалақысы бар жұмысты жоғалтуын мүмкін». Қызметкер ұл шешімді қабылдады, себебі адамдар алдында өз парызын өтеді, енді өзінің жағдайын жақсарту үшін жұмыс істеу керек.

Мәселенің қойылымы: Басшының орнында болғанда сіз не істер едіңіз? Ал қызметкедің орнында боғанда?

1. Қызметкердің апасы қандай әдептілік мәселені қозғады?

2. Канттың көзқарасы бойынша, қызметкердің әрекетін әдепті деп есептеуге бола ма? Қызметкердің (немесе сіздің) әрекеті жалпы ережеге сай болғанын қалайсы ба?

Әдебиет тізімі:

  1. Кант И. Лекции по этике. М., 2005.

  2. Кант И. О мнимом праве лгать из человеколюбия // Трактаты и письма / Ред. А.В.Гулыга. М.: Наука, 1980. С. 292–297.

  3. Кант И. Метафизика нравов // Кант И. Соч в 6 т. Т. 4 (2).

  4. См. Мясников А.Г. Современные социально-этические трактовки кантовского запрета лжи // Этическая мысль. Вып. 7. М.: ИФРАН. 2006; Он же. Проблема права на ложь (прав ли был Кант) // Вопросы философии, 2007, № 6.

  5. Соловьев Э.Ю. Категорический императив нравственности и права. М.: Прогресс-Традиция, 2005. С. 79.

Студенттердің өзіндік жұмыс орындау үшін таратпа материалдары

1 тапсырма

    1. Философиялық білімнің ерекшеліктерін анықтап беріңіз (ауызша)

    2. Дүниеге көзқарас ұғымы, түрлері.

3. .Мифология. Мифологияның формаларына анықтама беріңіз:

- фетишизм-……….

- тотемизм-………

- анимизм………...

4. Философияның негізгі функцияларын атап шығыңыз.

2 тапсырма

1. Философия тарихы және оны кезеңдерге бөлу.

2. Ежелгі Қытай мен ежелгі Үнді философияларын салыстырмалы талдау жасау, кестені толтыру:

Шығыс философия

Жалпы сипаттама

Ерекше белгілері

Ұқсас белгілері

Айырмашылықтары

1. Үнді философиясы

2. Қытай философиясы

3. Келесі терминдерге анықтама беру:

  • ин-янь

  • моизм

  • легизм

  • буддизм

  • упанишада

  • астика, настика

  • йога

  • жайнизм

3 тапсырма

  1. Антикалық (Грек) философиясына сипаттма беру.

  2. Сократтың Майевтика ілімін талдау. Сократтың атақты афоризмдерін талдау

3. Келесі тест сұрақтарына жауап беру:

1. Космоцентризм дүниетаным қай кезеңге тән?

А. Жаңа заман

В. Ортағасырға

С. Қайтак өрлеу

D. Антика кезеңіне

Е. Ағартушылық

2..Әйгілі «апорийлердің» авторы, Ежелгі грек ойшылы:

А. Фалес

В. Парменид

С. Пифагор

D. Демокрит

Е. Зенон

3.. «Біз бір өзенге кіреміз де, кірмейміз де, біз солмыз және сол емеспіз» деген пікірдің авторы, ежелгі грек философы:

А.Зенон

В. Гераклит

С. Парменид

D.Анаксиманд

Е.Анаксимен

4.. Грек тілінен «атом» сөзінің аудармасы қандай?

А. Пайда болу

В. Білім, таным

С. Бөлінбейтін, мәңгі

D. Еркін қозғалыс

Е. Басқарылатын

5. Фалес бойынша әлемнің бастамасы:

А. от

В. Ауа

С. су

D. Жер

Е. Апейрон

6. Ауаны алғашқы бастама ретінде қарастырған философ:

А. анаксагор

В. Фалес

С. Гераклит

D. Анаксимен

Е. Анаксимандр

7. «Платон маған дос, бірақ ақиқат қымбат» пікірінің авторы кім?

А. Пифагор

В. Гераклит

С. Эпикур

D. Аристотель

Е. Сократ

8. Дүниенің негізі сан, - деп есептейтін Антик мектебін атаңыз:

А. Милет мектебі

В. Киниктер мектебі

С. Элей мектебі

D. Киренаиктер мектебі

Е. Пифагоршылар мектебі

9. Антик философиясындағы атомистік теорияның авторы кім?

А. Сенека

В. Эмпидокл

С. Демокрит

D. Фалес

Е. Аристотель

10. «Екі дүние бар: жеке заттар дүниесі және жалпы ұғымдар дүниесі, идеялар дүниесі». Осы пікірді кім айтты?

А. Аристотель

В. Сократ

С. Сенека

D. Анаксимен

Е. Платон

4 тапсырма