Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
UMKMD_dlya_PD_K_-1_2_kurs_3_kr.doc
Скачиваний:
39
Добавлен:
05.02.2016
Размер:
1.67 Mб
Скачать

Тақырып бойынша тест тапсырмалары:

1. Қазақ ағартушылығының негізін қалаушысы:

А) М. Қашқари.

В) Ш. Уәлиханов.

С) Ы. Алтынсарин.

D) Қ. Сәтбаев.

Е) Ж. Баласағұн.

2. Шәкәрім Құдайбердиевтің философиясының орталық мәселесі:

А) Ұлт туралы ілім.

В) Адам туралы ілім.

С) Махаббат туралы ілім.

D) Табиғат туралы ілім.

Е) Ар-ұждан туралы ілім.

3. Ш.Уалиханов философиясындағы орталық идея:

А) Ағартушылық.

В) Шаманизм.

С) Ақыл.

D) Ғылым.

Е) Дін.

4. А.Құнанбаевтің моральдық философиясындағы орталық идея:

А) Ғылым.

В) Сана.

С) Сенім.

D) Ағартушылық.

Е) Жүрек туралы ұғым.

5. Шәкәрімнің 1898-1928 жылдарда жазған негізгі философиялық шығармаларының бірі – “Үш ...”:

А) Дос.

В) Жолдас.

С) Адасу.

D) Анық.

Е) Адамгершілік заңдар.

6. “Адам бол” - бұл принципті алғаш жариялаған кім?

А) Абай.

В) А.Байтұрсынұлы.

С) Ш.Уәлиханов.

D) Ә.Бөкейханов.

Е) Шәкәрім.

7. Түркі әлеміндегі құдіретті күш:

А) Аспан.

В) Көк аспан.

С) Топырақ.

D) Тәңір.

Е) Жер.

8. Абай философиясында адам бойындағы негізгі үш асыл қасиет:

А) Ақыл, қайрат, жүрек.

В) Арман, күш, мінез.

С) Сезім, күш, жігер.

D) Мақсат, еркіндік, сана.

Е) Ой, қабілет, қайрат.

9. “Ұмай ана” түркі ұғымында қандай қасиетке ие?

А) Ана мен бала қорғаушысы.

В) Жер мен аспан қорғаушысы.

С) Күн мен түн қорғаушысы.

D) Өлім мен өмір қорғаушысы.

Е) Аң мен құс қорғаушысы.

10. Қорқыт Ата дүниетанымындағы құдіретті аспап:

А) Сырнай.

В) Қобыз.

С) Домбыра.

D) Дабыл.

Е) Керней.

Дәріс№10

Философияның теориялық негіздері. Болмыс философиясы. Философиялық білім жүйесіндегі гносеология. Эпистемология

Дәрістің қысқаша мазмұны:

Болмыс мәселесін қарастыратын философия бөлімін онтологиядеп атайды. Философияның қалыптасуының өзі болмыс мәселесін зерттеуден басталады. Ежелгі Шығыс, антикалық дәуірден бастап, Парменид, орта ғасырлық философия, Гегель, Хайдеггер және т.б. болмыс мәнін ұғынуға тырысты. Болмысты Гегель өзінің «Ғылыми логикасында» былай анықтайды: «Бастама өзінде болмыс пен ештемені сақтайды; ол болмыс пен ештеменің бірлігі, немесе, басқаша айтсақ, ол – бейболмыс, сонымен бірге ол - болмыс; дәл сол сияқты, ол болмыс бола тұрып – бейболмыс». (Гегель «Ғылыми логика», т.5, 58 бет).

«Бұл таза болмыс дегеніміз таза абстракция, демек, абсолюттік терістеулік, яғни тікелей алынғандағы, ештеме» (Гегель т.1, 220 бет). Философиялық «болмыс» категориясының мазмұнын мына жағдайлар ашуы мүмкін:

  • қоршаған дүние, заттар, құбылыстар, шындықта өмір сүреді, ол дүние бар;

  • қоршаған дүние дамуда, ішкі себептері бар, қозғалыс көзін өзінде сақтайды;

  • материя мен рух – бір, бірақ сонымен бірге қарама-қарсы мәнділіктер шындықта өмір сүреді; материя да бар, рух та бар.

Осы жоғарыда айтылғандар субстанцияұғымымен анықталады.

Субстанция (лат., «мән», «нәрсе», «мәнділік») - түпнегіз, ешнәрседен тәуелсіз, өзге нәрселерді тудыратын бастама; Субстанция – мәнділіктің алғы себептілігі. Жалпы, субстанция гректің «гипостасис» - негіз, фундамент, тұлға деген сөздерін білдіреді. Шіркеулік «ипостасьта» осы мағынада. Субстанция категориясын Аристотель, Декарт, Спиноза, Гассенди, Локк және т.б. арнайы қарастырған.

Болмыс– адам санасынан тысқары, тәуелсіз тұратын объективтік шындықты және адамның өзін де бейнелейтін философиялық категория. Болмысты философиялық ұғынуды өзге түсініктерден ажырата білу керек.

Болмыстың негізгі формалары:

  • материалдық, заттар мен процестер болмысы:

а) біртұтастық түріндегі табиғат заттары, процестер болмысы;

ә) адам жасаған заттар, процестер болмысы;

  • идеалдық, рухани болмыс:

а) тұлғаланған, жекелік рухани болмыс;

ә) объективтенген рухани болмыс;

  • адами болмыс, адам болмысы:

а) заттар дүниесіндегі адам болмысы;

ә) адамның өзіндік болмысы;

  • әлеуметтік болмыс:

а) қоғамдағы адам болмысы;

ә) қоғамның өзіндік болмысы;

Болмыстың өзге де түрлері кездеседі:

  • ноуменалды («ноумен» - өзіндік зат) болмыс – санадан тысқары, оған тәуелсіз болмыс;

  • феноменалды («феномен» - құбылыс, тәжірибеде берілген) болмыс – танымдағы субъекттің елестету, көрініс болмысы, дүдамал болмыс;

Көбінесе ноуменалды болмыс пен феномалды болмыс бір-біріне сәйкес келеді.

Бейболмыс – абсолюттік ештеме, болмыспен қарама-қарсылықтағы және бірліктегі болмыс.

Қоршаған дүниедегі заттар, құбылыстар болмыста болады және бейболмыста да болуы мүмкін. Мысалы: әлі туылмаған адамдар, жасалмаған заттар; өлген адамдар, қираған мемлекет, қалалар, өшкен өркениеттер және т.б.

Қозғалыс – материяның өмір сүру тәсілі, оның жалпылық қасиеті, атрибуты. Қозғалыс жалпы алғанда, материяның өзара әрекеттесуі, жалпы өзгеру. Материя тек қозғалыста болады, сол арқылы өзін-өзі айқындайды, білдіреді. Материясыз қозғалыс жоқ, қозғалыссыз материя жоқ – дейді материалистер. Материя қозғалысының қарапайым түрлерінен күрделі формаларына көшуін, төменгі сатыдан жоғары сатыға өрлеуіндаму деп атайды. Сондықтан өзгеріс дамуға қарағанда кең, жалпы ұғым.

Материя кеңістік пен уақытта орналасқан.

Кеңістік пен уақытты қарастыруда философияда негізінен екі көзқарас кең тараған:

  • субстанциялық (Демокрит, Эпикур) әдісте уақыт пен кеңістік бір - біріне тәуелсіз, өзіндік шындық, әрі материяда өзіндік субстанция. Ал материяның кеңістік және уақытпен арақатынасы субстанция аралық қатынас болып табылады.

  • Реляциялық (лат,-relatio- қатынас) (Аристотель, Лейбниц, Гегель) әдісте кеңістік пен уақытты материалдық объектілердің өзара әрекетін ұйымдастыратын, құрайтын қатынасы ретінде қарастырылады. Қазіргі таңда реляциялық әдісті қолдаушылар басым.

  • Кеңістік-материя болмысының формасы, материалдық жүйе элементтерінің созылымдылығын, құрамдастығын, бірге өмір сүруін, өзара әрекетін білдіреді.

Кеңістік қасиеттері:

  • денелер созылымдылығы;

  • үш өлшемді;

  • қайта оралу мүмкіндігі.

Уақыт- материя болмысының формасы, барлық материалдық жүйелердің ұзақтылығын, күй-жағдайларының біртіндеп өзгеруі мен дамуын білдіреді.

Уақыт қасиеттері:

  • ұзақтылық пен бірқалыпты өзгеру;

  • бір өлшемді;

  • қайта оралмау;

  • бір бағыттылық.

Таным – қоршаған дүниені адам санасында белсенді бейнелеу процесі. Таным – субъекттің объектке тарихи диалектикалық қатынасы. Таным – шындықты бейнелеудің жоғары формасы, салыстырмалы ақиқаттан нақты ақиқатқа өту, субъекттің объектке шексіз жақындай түсуін бейнелеу. Таным теориясын философиялық тілдегносеология немесеэпистемология деп те атайды.

Адам қоршаған дүниені екі жолмен тануы мүмкін:

  • тікелей тану, яғни дүниемен тікелей қатынаста болу;

  • жанамалай тану, яғни материалдық және рухани мәдениет құндылықтары арқылы тану.

Философия тарихында таным процесінің ұғыну барысында үш түрлі көзқарас қалыптасты:

  • идеализм. Субъект (S) пен объект (О) – барабар;

Субъект – белсенді, объект – пассивті;

- материализм. Субъект (S) пен объект (О) – барабар;

Субъект – пассивті, енжар, метафизикалық немесе механикалық бейнелеу, меңзеушілік; Субъект объектке тәуелді.

  • - метафилософия. Субъект (S) пен объект (О) – барабар емес, олар бір-біріне шексіз жақындайды. Субъект пен объект ұдайы диалетикалық өзара қатынаста болады.

Танымның (ойлаудың) екі формасы:

  • сезімдік, түйсіктік таным, немесе эмпирикалық деңгей;

  • рационалдық, логикалық таным, немесе теориялық деңгей.

а) Танымның сезімдік формасы.

Эмпиризм (грек., тәжірибе) – сезімдік тәжірибені білімнің қайнар көзі деп біледі және бақылау мен эксперименттің нәтижелеріне сүйенеді.

Идеалистік сенсуализм – түйсіктер мен сезімді шындықтың көзі, ал олардың шығу тегі, қайнар көзі мәселесін терістейді. (Беркли, Юм, Мах).

Қарапайым реализм – адамнан тыс тұрған заттарды, құбылыстарды біз қалай қабылдасақ, ол шындықта дәл солай болады, ал олар түйсіктер формасына ешқандай әсер етпейді. Джон Локктың «Tabula rasa» - «таза тақтасы»; «Әуел баста сезім, түйсіктерде болмаған нәрсе, ақыл-парасатта да болмайды».

Сезімдік таным формалары:

  • түйсік – заттар мен құбылыстардың жеке қасиеттерін бейнелеу;

  • қабылдау – сезім мүшелеріне тікелей әсер ететін сыртқы заттар мен құбылыстардың тұтас бейнесі;

  • елестету – бұрын қабылданған заттар мен құбылыстардың бейнесін қайта жаңғырту.

ә) Танымның рационалдық формасы.

Рационализм (лат., ақыл, парасат) – логика, ойлауды абсолюттендіру, танымның негізі ақыл, парасат деп ұғыну. (Декарт, Спиноза, Гегель).

Рационалдық таным формалары:

  • ұғым – заттар мен құбылыстардың елеулі белгілері мен қасиеттерін бейнелейтін абстрактілі ойлау формасы.

  • Пікір дегеніміз бір нәрсені растайтын немесе терістейтін ойлау формасы. Пікір объективтік шындықтағы құбылыстардың, заттардың болмысының ақиқаттығын, не жалғандығын бейнелейтін ойлау формасы. Пікір зат және оның белгісін байланыстарын екі ұғымнан немесе екі терминнен тұрады – субъект (S) және предикат (Р);

  • Тұжырым деп бір немесе бірнеше пікірден жаңа пікір шығаратын ойлау формасын айтады.

M – P Барлық адам - өледі

S – M Гегель - адам

________ ___________________________ ;

S – P Гегель - өледі

Таным процесінде дүниені тануға бола ма, не болмай ма деген мәселеге екі түрлі көзқарас бар:

  • гностицизм – дүниені тануға болады, адамның танымдық мүмкіндігін шексіз деп түсінетіндер;

  • агностицизм – дүниені тануға болмайды, адамның танымдық мүмкіндігі шектелген деп түсінетіндер; (Иммануил Кант)

Қазіргі заманғы гносеология көбінесе гностицизм бағытын ұстанады, мына қағидаларға сүйенеді:

  • диалектика заңдарына, категорияларына, принциптеріне жүгінеді;

  • тарихилық принципіне, яғни пайда болып қалыптасу;

  • танымның өз мүмкіндігіне сенімдік;

  • объективтікке негізделу;

  • шындықты жасампаздық бейнелеудегі белсенділікке иек арту;

  • ақиқаттың нақтылығын тірек ету;

  • практика, яғни адам іс-әрекеті, қызметімен бітімдестік.

Тақырып бойынша глоссарий: эпистемология, таным, таным формалары, ұғым, пікір, ақиқат, тұжырым, түйсік, қабылдау, болмыс, онтология, материя, кеңістік, уақыт, бейнелеу, синергетика және т.б.