Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
UMKMD_dlya_PD_K_-1_2_kurs_3_kr.doc
Скачиваний:
39
Добавлен:
05.02.2016
Размер:
1.67 Mб
Скачать

Тақырып бойынша тест тапсырмалары:

1. Сананың қоғамдық - тарихи мәні:

А) Сана қоғамдық өмірден тыс қалыптаспайды

В) Санаға ешнәрсе себепші болмайды

С) Қоғамдық өмір адамның санасына әсерін тигізбейді

Д) Мауглидің де санасы болған

Е) Адамның санасы қоғамдық өмірге себепші болып тұрады

2. Сана дегеніміз не?

А) дүниені жинақтап және мақсатқа сәйкес бейнелеумен, тілмен байланысты, жоғарғы, тек адамдарға тән мидың қызметі

В) инстинкт

С) ерік

Д) мидың сұйықтығы

Е) психика

3. «Сана абсолюттi идеяның дамуы мен эволюцияның жемiсi»,- деген ойда қай ойшылдың позициясы байқалады.

А) Фейербах

В) Гегель

С) Шеллинг

Д) Лейбниц

Е) Кантт

4. Адамның iс-әрекетiнде сананың алатын орны қандай? Дұрыс пiкiрдi көрсет

А) сана адамның идеалдылық жоспары

В) сана - адамның қасиет идеясы

С) ойлау қоғамдық тарихтың көрінісі

Д) сана ойлаумен қоса сөйлеу қызметi де атқарылады

Е) адамда рационалдық саналы бастамасы бар

5. Көрсетiлген пiкiрдiң дұрысын белгіле

А)адамның еңбегiнiң қоғамдық сипатын талдау - сананың мәнi түсініледі

В)миды зерттеу арқылы сананы түсiнуге болады

С)кибернетикалық сана ойлайды

Д) адамның психикасы миға тәуелсіз

Е) сана қоғамдық жағдайларға тәуелсiз

6. Сананың қоғамдық тарихи мәнiн көрсет

А)қоғамдық өмiр әсерiн тигiзбейдi

В)сана қоғамдық өмiрден тыс қалыптаспайды

С)қоғамдық сана тәуелсіз

Д) қоғамдық сана алғашқы

Е) қоғамдық өмiрге себепшi

  1. Сананың пайда болуы қандай құбылысқа байланысты

А)сана биологиялық эволюцияның табиғи жалғасы

В)сана бас миының қызметi

С)сана еңбектің нәтижесі

Д) сана болмыстан келген құбылыс

Е) сана шындықтың идеалдылық бейнесi

8. Сананың қоғамдық – тарихи мәнін көрсет

А)сана субьективтік құбылыс

В)сана табиғи құбылыс

С)адамның санасы қоғамдық өмірге себепші

Д) сана қоғамдық өмірден тыс қалыптаспайды

Е) қоғамдық өмір адамның санасына әсерін тигізбейді

9. Дұрыс пікірді көрсет

А)сана психологияға қарағанда кең көлемде болады

В)психология мен сана тең

С)сана және психология – бұл қоғамның әртүрлі құрылымдық элементтері

Д) психология өзіне сананы қосып алады

Е) сана – бұл дүниені қабылдаудың деңгейі

  1. Қоғамдық сана – бұл

А)қоғамдық болмыстың рухани және психикалық бейнеленуі

В)қоғамдық болмыстың саяси бейнеленуі

С)парасаттылықтың бейнеленуі

Д) болмыстың эстетикалық бейнеленуі

Е) дұрыс жауабы жоқ

Дәріс№ 14.

Қоғам: анализдің философиялық негізі

Қоғам (лат., социалис) – адам қызметінің тарихи қалыптасқан формаларының (территориясы, дәуірі, дәстүр мен мәдениеті) барлық жиынтығы, яғни жүйелік құрылым.

К.Маркс қоғам дамуын материалистік тұрғыда ұғынып, оның дамуы – табиғи – тарихи процесс деп, қоғамның қозғаушы күштері, жалпылық заңдылықтары туралы біртұтастық ілім жасады.

Адамзат тарихында үш ірі қоғамдық еңбек бөлісі болды:

  • егін шаруашылығының мал шаруашылығынан бөлінуі;

  • қолөнер кәсібінің егін шаруашылығынан бөлінуі;

  • сауданың бөлініп, саудагерлердің пайда болуы.

  • қоғамдық болмыс – қоғами қатынас жүйесінде адам қызметі арқылы өңделетін қоғамның материалдық бөлігі. Ол қорланып, жинақталып, жетіліп ұрпақтан ұрпаққа жалғасып отырады.

  • қоғамдық сана – тарихтың рухани жағы, қоғамдық болмыстың бейнесі. Ол қоғам мүшелерінің жеке саналарының жиынтығы емес, біртұтастық рухани құбылыс.

Қоғам өмірінің негізгі сфералары:

  • экономикалық;

  • әлеуметтік;

  • саяси;

  • рухани.

Экономикалық сфера – қоғам өмірін анықтайтын база. Оның құрылымы:

  • өндіріс;

  • үлестіру;

  • алмасу;

  • материалдық байлықты тұтыну.

Экономикалық сфера мына формаларда өмір сүреді:

  • экономикалық кеңістік – шаруашылық болмысы;

  • экономиканы басқару институттарының қызметі;

  • материалдық игілікті өндіру әдісі.

Өндіріс дегеніміз жалпылықты көрсететін абстракция. Өндіріс дегеніміз тұтыну, сонымен бірге өндіріс. Өндіріс дегеніміз өндіріс пен тұтынудың бірлігі, тұтыну өндірістің бір моменті, сәті. Адамзаттың өндірісті толық тоқтатуы, бірнеше күннен кейін оның сөзсіз құруына әкелер еді.

Жалпы еңбектің қарапайым моменттері:

  • еңбек – мақсатталған адам іс-әрекеті, қызметі;

  • еңбек заттары – табиғат (бөлігі), жер, су, ағаш, балық, шикізат, т.т.;

  • еңбек құралдары – адам мен еңбек заттарының арасындағы байланыстырушы элемент.

Өндіріс әдісі дегеніміз өндіргіш күштер мен өндірістік қатынастардың диалектикалық бірлігі.

К.Маркс: «... экономикалық дәуірлер не өндіретінімен емес, қалай өндіретінімен, қандай еңбек құралдарын пайдаланатынымен ерекшеленеді» (К.Маркс. «Капитал», т.23, 191-б.).

Өндіргіш күштер – қоғамдық өндіріс процесінде қоғам мен табиғат арасындағы «заттар алмасуын» жүзеге асыратын субъективтік және заттық элементтер жүйесі. Өндіріс құралдары (заттық элементтер):

  • еңбек құралдары;

  • шикізат пен материалдар;

  • ғимараттар мен құрылыстар;

  • транспорт және т.б.

Өндірістік қатынастар - өндіріс, үлестіру, алмасу және тұтыну жөніндегі пайда болатын адамдар арасындағы байланыстар.

Өндірістік қатынастар негізінде қоғамдық және жекелік болып келетін өндіріс әдісінің меншіктік формасы жатады.

Материалдық өндірістің (қоғам өмірінің экономикалық сферасы) маңызы:

  • қоғам тіршілігінің материалдық базасын жасайды;

  • қоғамның күрделі мәселелерін шешуге ықпал жасайды;

  • әлеуметтік құрылымға тікелей әсер етеді;

  • саяси процестерге ықпалы күшті;

  • рухани дүниеге де тікелей және жанама түрде әсер етеді.

Әлеуметтік сфера – еңбек бөлінісіне, өндіріс жабдықтарының меншігіне және ұлттық факторға негізделген қоғамның ішкі құрылысының жүйесі. Қоғамның әлеуметтік құрылымның негізгі элементтері:

  • таптар;

  • страттар;

  • қауымдастықтар;

  • қала мен ауыл тұрғындары;

  • дене және ой еңбегі өкілдері;

  • әлеуметтік-демографиялық топтар (ерлер, әйелдер, қарттар, жастар);

  • ұлттар.

Әлеуметтік институт – ұжымдардың, әлеуметтік нормалардың, мәдени жәдігерліктердің белгілі жиынтығы және оларға сәйкес тәртіп жүйесі.

Экономикалық-әлеуметтік институттар – еңбек бөлісі, меншік, еңбек ақысы, т.т.

Әлеуметтік стратификация (жіктеу), белгілері бойынша – білім, біліктілік, жұмысбастылық, кіріс, тұрмыстық шарты, өмір сүру стилі мен әдісі.

Питирим Сорокиннің страттары:

  • биоәлеуметтік – а) нәсілдік, ә) жыныстық, б) жас шамасына қарай;

  • мәдениәлеуметтік – а) шығу тегі, ә) территориясы, б) тіл, этникалық және ұлттық топтар, в) кәсіби, г) экономикалық, д) діни, е) саяси;

  • әлеуметтік мобильдік (жинақылық) – адамдардың бір әлеуметтік топтан өзге әлеуметтік топқа өту мүмкіндігі (шаруаның – жұмысшы, жұмысшының – интеллигенцияға, интеллигенцияның – кәсіпкерге және т.б.).

Әлеуметтік мобильдік – қоғамның қалыпты өмір сүру бейнесі, оның нақты көрсеткіші. Қоғам неғұрлым дамыған, демократиялық болса, соғұрлым әлеуметтік мобильдік жоғары болады.

Батыстың әлеуметтік мобильдік қоғам түрлері:

  • мобильдіктің жоғары деңгейіндегі елдер – АҚШ, Италия, Жапония;

  • мобильдіктің орташа деңгейіндегі елдер – Канада, Ұлыбритания;

  • мобильдіктің төменгі деңгейіндегі елдер – Голландия, Швейцария, Дания.

Азаматтық қоғам - әлеуметтік топтар бірігуінің ең жоғары деңгейі.

Қоғамның саяси сферасы - әлеуметтік топтардың мүддесін қорғайтын, қоғамды басқаратын ұжымдар мен ұйымдар жиынтығы.

Қоғамның саяси жүйесінің элементтері:

  • мемлекет пен мемлекеттік органдар (армия, сот, прокуратура, т.т.);

  • саяси партиялар;

  • қоғамдық ұйымдар;

  • кәсіподақ;

  • өзге институттар.

Саяси өмірдің негізгі мәселесі – билік;

Мемлекеттің негізгі функциялары:

  • өкілеттілік;

  • реттегіштік;

  • қорғау;

  • сыртқы саясат;

  • интеграциялық.

Қоғамның рухани өмірінің негізгі элементтері:

  • рухани қызмет;

  • рухани құндылықтар;

  • адамдардың рухани сұраныс, қажеттілігі;

  • рухани тұтыну;

  • жеке сана;

  • қоғамдық сана.

Қоғамдық сана элементтері:

  • әдеттегі және теориялық сана;

  • қоғамдық идеология және психология;

  • қоғамдық сана формалары.

Қоғамдық сана формалары:

  • саясат;

  • құқық;

  • мораль;

  • ғылым;

  • дін.

Қоғамның басты құрамдас бөлігі (Ферсман, Плотников):

  • антропосфера – биологиялық организм тұрғысындағы адами сфера;

  • социосфера – күрделі қоғамдық қатынастар сферасы;

  • биотехносфера – адам мен адамзатқа техниканың әсер ету сферасы.

Қоғам мен табиғат ара қатынасындағы негізгі мәселе:

  • антропогендік әсер;

  • техногендік әсер.

Табиғат – адам мен қоғамның табиғи тіршілік ету шарттарының жиынтығы.

Табиғат– кең мағынада алғанда, - адам жасамаған, қолы тимеген материя бөлігі немесе өзінің шексіз, алуан түрлі көріністерімен құбылатын универсум, бүкіл дүние, мәнділік.

Табиғат – тар мағынада алғанда, - таным, зерттеу объекті немесе жаратылыстану объектінің бірлігі;

Табиғи табиғаттық орта - өзінің дамуы мен тіршілік әрекеті процесіндегі қоғамның өзара әрекеттесетін табиғат бөлігі;

Жасанды табиғаттық орта – тарихи даму процесіндегі адам жасаған қоршаған орта бөлігі;

Жағрапиялық орта – адам қажеттіліктерін қанағаттандыратын қоршаған ортаның сыртқы табиғат бөлігі;

«Жағрапиялық детерминизм» (XVIII ғ. француз ағартушылары, Ш.Монтескье, Г.Бокли, Э.Реклю) – қоғам даму заңдылықтары, адам баласының өмір сүру бейнесі жер бетінің сипатына, топыраққа, әсіресе климатқа байланысты; климат билігі – барлық биліктерден күшті деп қарастыратын көзқарас;

Карл Маркс: «Сыртқы табиғат жағдайларыэкономикалықекі үлкен топқа бөлінеді:

- өмір сүру тәсілдерінің табиғи байлығы, демек, топырақ құнарлығы, балыққа бай өзендер мен көлдер, т.т. және

  • еңбек ету тәсілдерінің табиғи байлығы: су құламасы, кеме жүретін сулар, орман, металл, көмір және т.б. (К.Маркс. Шығ., т.23, 521-б.).

Қоғам дамуының алғашқы кезеңдерінде табиғат байлықтарының бірінші тобы үлкен рөл ойнайды, ал XVIII ғ. бастап – екінші топ табиғат байлығы.

Күн – орта шамадағы жұлдыз, оның радиусы 700 мың км. Күнге – бес млрд. жыл. Күн 220 км\сек жылдамдықпен Галактика орталығын айналады, ал оны 250 млн. жылда бір айналып, орап шығады – бұл кезең галактикалық жыл деп аталады. Күннің жарығы миллиардтар жыл бойы өзгерген жоқ.

Барлық планеталар (Жер де) 4,6 млрд. жыл бұрын бір уақытта пайда болған. Планеталардың қалыптасуы 105– 108жыл аралығын қамтиды. Жалпы Күн жүйесінің құрылуы жөнінде қанағаттанарлық теория жоқ.

Геологиялық дәуірлер:

  • катархей (4,6 -3,5 млрд. жыл бұрын);

  • архей (3,5 млрд – 2,6 млрд жыл бұрын);

  • протерозой (2,6 млрд – 570 млн жыл бұрын);

  • палеозой (570 млн – 230 млн жыл бұрын);

  • мезозой (230 млн – 67 млн жыл бұрын);

  • кайнозой (67 млн – қазірге дейін).

Жердің құрамдас бөліктері:

  • литосфера(грек., «тас қабығы») – Жер шарының жоғарғы қатты қабығы;

  • атмосфера– Жердің газ-булық қабығы; Жерді ашық ғарыштан қорғайды; Жердің қызуы мен сууын бір қалыпты ұстайды; 80% - азот және 20% оттегі;

  • гидросфера– литосфера мен атмосфера аралығындағы жердің су қабаты, ол Жер бетінің 70% алып жатыр.

  • биосфера(грек., биос – «өмір») – «өмірмен толған Жер қабаты», организмдер мен тірі мәнділіктерден тұратын планеталық қабат, қабық. Ол барлық тіршілік иелері қызметінің нәтижесі. Терминді 1875 жылы австриялық ғалымЭ.Зюссқолданды. Биосфера атмосфера, литосфера, гидросфераның жоғарғы бөлігін қамтиды. Биосфераның жоғарғы шекарасы Жер бетінен 30 км, ал төменгі шекарасы – Жер бетінен 10 м төменде. Кейбір организмдер 11 км тереңдікте табылған. Жалпы өмір мына температуралық интервалда - 252°С → + 180 °С – болады.

Қазіргі таңда 500 мың өсімдік түрі, 1,5 млн жануарлар түрі белгілі.

Ноосфера (грек., нус – ақыл, парасат) – табиғат пен қоғамның өзара әрекеттесу сферасы, яғни адамның ақыл-ой қызметінің ортасы, сферасы.

Бұл терминді ғылымға 1927 жылы француз ғалымы Э.Леруаенгізді.

Пьер Тейяр де Шарден– ноосфера – «мақсатталған сана»-адам ақылы мен жігері, бүкіл планетаны қамтитын трансформация – деді.

В.И. Вернадский, А.Л. Чижевский– ноосфера деп тек Жер бетіндегі емес, сонымен бірге ғарыштық құбылысты айтты. Адам – ноосфера бөлшегі ретінде – ғарыштық пенде. Ноосфера – тірінің, парасаттың және ғарыштықтың бірлігі.

§4. Экология (грек., ойкос – тұрақ, мекен, үй, логос – ілім) – адамның қоршаған ортамен байланысы және оның барлық тіршілік иелерінің алдындағы моральдік парызы туралы ілім. Бұл терминді 1886 жылы неміс биологыЭ.Геккельпайдаланды.

К.Маркс:«... егер мәдениет саналы түрде дамымай, стихиялы дамыса, онда ол соңында шөл даланы қалдырады» (Шығ., т.32, 45-б.).

Ф.Энгельс:«... біз табиғаттағы жеңістерімізге қуана бермеуіміз керек. Біздің әрбір жеңісімізден табиғат кегін алып отырады» (Шығ., т.20, 495-б.).

Экологиялық мәселер:

  • ауа бассейіні мен мұхиттарды ластау;

  • орманды кесу нәтижесінде топырақ эрозиясы;

  • хайуанат дүниесін қырып-жою;

  • ауыз су, көптеген шикі зат қорының тапшылығы;

  • адамның физикалық және психикалық денсаулығы мен тұқым қуалауына әсер ету;

  • «адам - табиғат» экожүйесін сақтау;

  • озонды сақтау, ол стратосферада – 10-50 км теңіз деңгейінен жоғары-табиғи фильтр функциясын орындайды.

Экофилософия; экоэтика; экоқұқық; экоаксиология.

  • экогуманизм – табиғатта адам болмысын қарастыру, табиғат адамның рәміздік болмысы – дейді.

  • «экологиялық пессимистер» (Дж. Форрестер, Д.Медоус, Р.Хейлбронер, П.Эрлих) – халық санының өсуін шектемей, адамзат алдындағы келелі мәселелерді шешу қиынға соғады, - дейді.

  • Экологиялық императив – «Зиян етпе!» - табиғатқа қатысы бар әрбір субъект өзінің жүріс-тұрыс, тәртібі нормасы ретінде жалпылық экологиялық заңдылықты ұғынуы керек.

  • Биотика – адамның өмір мен өлімге қатынасы.