Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
UMKMD_dlya_PD_K_-1_2_kurs_3_kr.doc
Скачиваний:
39
Добавлен:
05.02.2016
Размер:
1.67 Mб
Скачать

Кейс-есептің тақырыбы: «Философия тарихындағы софистикалық танымның маңызы».

Сағат саны – 1 сағ. Құрастырушы: ф.ғ.к., аға оқытушы Иманқұл А.Н.

Горгий

Тарихи анықтама:

Софистерб.з.д. V-IV ғ. бірінші жартысында өмір сүрді. Софистика мектебінің өкілдері теориялық мәселелермен ғана емес, сонымен бірге педагогика, шешендік өнер, яғни практикалық қызмет те атқарды.

«Софистер»- грекшеден аударғанда «даналық ұстаздары» дегенді білдіреді.

«Софис»- данышпан; Өз сөздерінде, тұжырымдарында ақиқатты ашу жолында жалғанды шындыққа, шындықты жалғанға, пікірді дәлелділік ақиқатқа, қауесетті білімге, ақты қараға,қараны аққа таңатындарды софистер деп атайды. Кез келген білімнің салыстырмалылығын, ойлауды шегіне жеткізу. Әмбебап қисынды ұғымдарды субъективті түрде «қарама қарсылықтардың барабарлығына» дейін жеткізу. «Даналық ұстаздары» - ойлау мәдениетінің жоқтығы, оны елемеу.

Софистерге тән сипаттар:

- дүниедегі шындыққа сыни көзқараспен қарау;

- бәрін практика жүзінде қадағалау, кез кеген ойдың дұрыс не бұрыстығын логикалық дәлелдеу;

- ескі, дәстүрлі өркениет құндылықтарын қабылдамау;

- дәлелденбеген ескі ереже, қағидалар, дәстүрлерді терістеу;

- мемлект пен құқықтың шарттылығын, кемшіліктерін дәлелдеуге ұмтылды;

- ақиқаттың, білімнің салыстырмалылығы туралы ойды шегіне жеткізу;

- мәселені әдейі шатастырып, жалған қағиданы шын деп, шындықты жалған деп айтыста қарсыласын жеңу;

- пікір айтуда шегіне жеткен субъективизм, әрі релятивизм.

Кейстің мақсаты:

  1. Студенттерге «софистика» ұғымының мәнін ашу;

  2. Аға софистердің ілімінің негізі;

  3. Студенттерге «софизмнің» түрлерін айшықтап көрсету;

  4. Протагор ілімі мен идеяларын қарастыру;

  5. Софист Горгийдің софизімін зерттеу.

Қарастырылу объектісі:Софистика философиясын қарастыру

Қарастырылу пәні:Софистиканың антикалық философиядағы орнын көрсету.

Өткізу нысаны: дискуссия

Кейспен жұмыс 3 кезеңнен тұрады: 1. Студенттердің кейс материалымен жеке жұмысы 2. Шағын топтарда жұмыс 3. Жалпы дискуссияда шағын топтардың қорытындыларын жариялау және экспертиза жасау.

Кейсті талдау үшін қажетті нұсқаулар:

  1. Жағдаймен танысып шығу

  2. Негізгі факторларды анықтаңыз

  3. Өзіңіздің негізгі факторларын талдыңыз

  4. Ортақ мәселені анықтаңыз

  5. Сіздің көзқарасыңыз бойынша ең тиімді әрекет бағдарын ұсына отырып, әрбір баламаны бағалаңыз.

  6. Өзіңіздің таңдауыңыз үшін негізді анықтыңыз.

Жағдайдың сипаттамасы:

Протагор(б.з.д. 481-411)-атақты аға софист. Оның әйгілі кредосы: «Адам-барлық тіршіліктің, нәрсенің өлшемі, өмір сүрушілер үшін өмір сүру,өмір сүрмейтіндер үшін өмір сүрмеу». «Өмір сүріп тұрып, өмір сүретін болса да ,өмір сүрмей тұрып, өмір сүрмесе де адам барлық заттардың өлшемі болып қалады».

Протагор риторика-шешендік өнер мен эристика-сөз өнері мен айтыс өнерінің кәсіби оқытушысы болған. Протагор туралы мәліметтер Платонның «Протагор» және «Теэтет» диалогтары және СекстЭмпириктің «Ғалымдарға қарсы» және «Пиррон қағидаларының үш кітабында» бар.

Софист Горгий (б.з.д. 480-380):

- ештеңе жоқ;

- егер бір нәрсе бар болса да, оны білуге болмайды;

- егер оны білген күнде де, оны тануға болмайды.

Егер Протагор «бәрі ақиқат» деп үйрете, Горгий «бәрі жалған» деп айтты. Горгий сөзді ойлаудан, ал ойлауды болмыстан алып тастады.

Горгийдің «ештеңе өмір сүрмейді», «ештеңе жоқ» дегені- бейболмыс өмір сүретінін дәлелдеуге болмайды және дәл сияқты болмыстың да өмір сүретінін дәлелдеуге болмайды және болмыс пен бейболмыстың екеуі де бірге өмір сүретінін дәлелдеуге болмайды.

Горгий ойлау нәрсесі мен ойлау нәрсесінің өмір сүруін ажырата білді. Өмір сүрмейтіндіні де ойлауға болады. «Егер ойлау нәрсесі мәнділік болмаса, онда мәнділікті ойлауға болмайды». «Егер мәнділікті білген күнде де, оны өзгеге түсіндіруге болмайды».

Софистердің атақты софизмдері, яғни логикалық әдіс, тәсіл, амалдары болды: бір қарағанда дұрыс пікір айтылған сияқты болып көрінеді, ал қорытындыда қарсыласты әдейі шатастырып, жалған тұжырымға келу әдісі. Софизмдердің тарихи түрлері көп: «Үйінді», «Әке», «Электра», «Күшік», «Тақырбас», «Мүйіз» т.б.

Мысалы, «мүйіз» софизмін қарастырайық:

  1. «сенің жоғалтпаған нәрсең өзіңде бар;

  2. сен мүйіз жоғалтпадың;

  3. демек, сенде мүйіз бар».

Бұл софизмде бірінші алғы шарт жалған, бірақ ол дұрыс формада алынып тұр, сондықтан осындай жалған нәтиже шығып тұр.

Сөйтіп, философияда софистердің алатын орны ерекше болды.:

- ойлау процесін дамытты;

- ежелгі грек ағартушылары болды;

- барлығына сыни көзқараспен қарап, ақиқаттың салыстырмалылығын көрсетті.

Мәселенің қойылымы:

  1. Софистер барлық құбылыстардың салыстырмалылығын қалай көрсетті?

  2. Софистер қандай әдіс-тәсілді қолданды?

  3. Софисттерді «даналық ұстаздары» деп атауға бола ма?

  4. Философия тарихындағы софистиканың алатын орнын анықтаңыз.

Шешімі:

Софистер өздерінің айтысу, дауласу мәселесінен тыс және оған тәуелсіз ақиқатты мойындамай, мынадай үш тезисті келтіреді:

- феноменализм- шындық өзіне танылмайды, тек өзінің көрініс құбылыстарында(феномендерінде) танылады;

- субъективизм немесе релятивизм-кез келген таным субъектке тәуелді болады;

- скептицизм- берілген тұжырымның ақиқаттығы, не жалғандығы туралы ештеңе айтуға болмайды.

Жалпы гректер логосқа бағынбайтын дискурстың мына түрлеріне қызығушылық білдірді:

- жұмбақ-ақылдың шешу қабілетіне күмәнданып, түсініксіз және көпмағынада қойылатын сұраққа сенімді бір, жалғыз жауап табу;

- антиномия-дұрыс ойлау, бірақ шешілмейтін, логосты шатастыру амалы. Тезис және антитезистен құралып, екеуі де дұрыс, бірақ шешілмейтін қарама-қайшылық. Оның көрінісі «жалған айтушы, өтірікші антиномиясы».(Криттік Эпименид барлық криттіктер өтірікшілер деп айтады).

- паралогизмдер-қателігі бар ойлау, бірақ ол сөздер байланысында жасырын жатады, оны біз қазір софизмдер деп атаймыз. Мысалы: «Мүйіз», «Тақырбас», «Электра» және т.б.

- дилемма-екі қарама-қайшылықты пікірге екі мүмкін шешімі болатын дәлелдеу түрі.

Әдебиеттер тізімі:

  1. Антикалық философия. Әлемдік философиялық мұра. Алматы. 2005ж. Т. 29-33 б.

  2. Диоген Лаэртский. О жизни, учениях и изречениях знаменитых философов. М., 1979. 334 б

  3. В.Ф.Асмус. Античная философия. М., 1976.- 543 б.

  4. А.Н. Чанышев. Курс лекций по древней философии. М., 1981. - 374 б.

  5. Убальдо Никола.Иллюстрированный философский словарь, М., 2006.-584 б.

  6. История античной диалектики. М., 1972.- 335 б.

КЕЙС

Кейстің тақырыбы: «И. Канттың категориялық императиві. Прыз бен ар-ұждан».

Сағат саны – 2 сағ. Құрастырушылар: ф.ғ.к., доцент Өмірзақова Л.А.

ф.ғ.к., аға оқытушы Иманқұл А.Н.

Тарихи анықтама:

Иммануил Кант (22 сәуір 1724, Кёнигсберг, Пруссия - 12 ақпан 1804) — классикалық неміс философиясын негізін салушы.

Негізгі философиялық шығармалары: «Таза парасатқа сын», «Практикалық парасатқа сын», «Пікір қабілеттілігіне сын»