Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
UMKMD_dlya_PD_K_-1_2_kurs_3_kr.doc
Скачиваний:
39
Добавлен:
05.02.2016
Размер:
1.67 Mб
Скачать

Тақырып бойынша тест тапсырмалары:

1. Космоцентристік дүниетаным тән кезең:

А. Жаңа заманға

В. Ортағасырға

С. Қайта өрлеу

D. Антика кезеңіне

Е. Ағартушылық

2.Әйгілі «апорийлердің» авторы, Ежелгі грек ойшылы:

А. Фалес

В. Парменид

С. Пифагор

D. Демокрит

Е. Зенон

3. «Біз бір өзенге кіреміз де, кірмейміз де, біз солмыз және сол емеспіз» деген пікірдің авторы, ежелгі грек философы:

А.Гераклит

В.Зенон

С. Парменид

D.Анаксиманд

Е.Анаксимен

4. Грек тілінен «атом» сөзінің аудармасы:

А. Білім, таным

В. Бөлінбейтін, мәңгі

С. Пайда болу

D. Еркін қозғалыс

Е. Басқарылатын

5. Фалес бойынша әлемнің бастамасы:

А. От

В. Ауа

С. Су

D. Жер

Е. Апейрон

6. Ауаны алғашқы бастама ретінде қарастырған философ:

А. Анаксогор

В. Фалес

С. Гераклит

D. Анаксимен

Е. Анаксимандр

7. «Платон маған дос. Бірақ ақиқат қымбат» пікірінің авторы:

А. Сократ

В. Гераклит

С. Эпикур

D. Пифагор

Е. Аристотель

8. Демокрит бойынша болмыс негізі:

А.Атом

В.Су

С.Апейрон

D.Жер

Е.От

9. Отты барлық әлемнің бастамасы ретінде қарастырған философ:

А. Аристотель

В. Гераклит

С. Фалес

D. Парменид

Е. Демокрит

10. Барлық тіршілік негізі-апейрон деп қарсатырған философ:

А. Фалес

В. Анаксимен

С. Анаксимандр

D. Гераклит

Е. Эмпидокл

Дәріс №4.

Ортағасырлық (батысеуропалық және араб-мұсылмандық) мәдениетіндегі философияның мәртебесі және функциялары

Дәрістің қысқаша мазмұны:

  • Абсолюттік тұлға қағидасы; Монотеизм;

  • Теоцентризм (бүкіл дүние, адамзатты Құдай жаратты, Құдай философиялық ойлаудың негізгі тақырыбына айналды);

  • Креационизм-Құдай дүниені жоқтан бар етті және мәңгі жаратуда;

  • Провиденциализм-Құдай адам мен адамзатты құтқаруын, жарылқауын алдын ала біледі;

  • ғарышты, табиғатты, қоршаған дүние құбылыстарын зерттеуге көп көңіл бөлінбеді, өйткені олар Құдайдың жаратқаны;

  • философияда екі дәстүрдің синтезі-антикалық философия мен христиандық аян ілімінің қабысуы;

  • мән мен тіршілік, ерік пен парасат, сенім мен білім арақатынасы;

  • жаратылу догматы мен аян догматы (Інжілде) үстем болды;

  • Құдай тағылымы шеңберінде адамның ерік еркіндігі принципі сақталды;

  • Құдайға құлшылық еткен жағдайда келешекте қайта тірілу (жан мен тән) идеясы дәріптелді;

  • адам мен адамзатты Иса пайғамбар құтқарады, әрі ол бүкіл адамзаттың күнәсін мойына алып кешірімділік жасайды (арылу идеясы);

  • дүниені тану Құдайды тану, Құдайға сену арқылы жүзеге асады.

Жаратылудогматы:

  • Құдай дүниені жоқтан жаратты;

  • дүниенің жаратылуы Құдайдың қалауының, ерігінің нәтижесі;

  • дүние Құдайдың құдіретімен тұр;

  • табиғат өздігінен өзін жарата алмайды;

  • Әлемдегі жалғыз жасампаздық бастама-Құдай;

  • Құдай мәңгі, тұрақты және бәрін білуші;

  • нағыз болмыс тек Құдай болып табылады;

  • Құдай жаратқан дүние нағыз болмыс емес, ол Құдайдан пайда болған, туынды;

  • дүниені Құдай жаратқандықтан, дүние өзіне-өзі ие емес, тұрақсыз, өзгермелі және уақытша;

  • Құдай мен Оның жаратқанының арасында шек жоқ, шекара жоқ.

Аяндогматы:

  • дүниені тек Құдайды тану арқылы тануға болады;

  • таным үшін Құдай тылсым (Құдайға біліммен жете алмайсың);

  • Құдайды тануға болмаса да, Ол Өзін аян арқылы - Інжілде (өзі туралы ізгі хабар) Өзін тануға мұрсат берді;

  • Құдайды және барлық мәнділікті танудың жалғыз жолы -Інжілді ұғу;

  • Құдайды тек сенім арқылы тануға болады.

Ортағасырлық философияда қайырымдылық пен зұлымдылық (жамандық пен жақсылық) мәселесі де қарастырылды;

Қайырымдылық пен зұлымдық мәселесінің шешімі жаратылу идеясынан туындайды:

  • дүниедегі барлық шарапат Құдайдан;

  • Құдай қайырымдылық пен әділетілікті беруші, демек қоршаған дүние басталуынан қайырымды;

  • дүниеге залымдықты күнәқар періште-ібіліс әкелді, ол Құдайға қарсы шықты;

  • бастапқы дүниеде зұлымдылық болмағандықтан, ол жиі қайырымдылықты бүркініп өзінің қара мақсатарына жетеді;

  • дүниеде қайырымдылық пен зұлымдықтың күресі толастамайды, бірақ дүниені Құдай жаратқан, Құдай мейірімді, сондықтан түбінде қайырымдылық зұлымдықты жеңеді.

Патристика (лат.patres -әке)-II-VIIIғ.ғ. алғашқы христиан философиясының негізін салушы шіркеу әкелерінің мектебі, ілімі.

Патристика шеңберінде мына кезеңдерді атап өтуге болады:

  • Апологетика(грек. апологемай-қорғаймын, ақтаймын)-II-IIIғ.ғ. пұттық политеизммен күресте христиандық догматика негіздерін қорғаған, уағыздан ілім;

  • Классикалық патристика-(IV-Vғ.ғ.)-тринитарлықмәселе, яғни әке, ұл және қасиетті рух мәртебесі арақатынасы туралы ілім;христологиялық мәселе, яғни Исадағы (Христос) екіұдайлық, яғни құдаи және адами екі бастама туралы;антропологиялықмәселе, яғни құтқару мен арылу барысындағы Құдайдың мейірімі мен адамның күнәқарлық табиғаты жөніндегі ілім;

  • соңғы кезең (VI-VIIIғ.ғ.) - христиандық догматиканың орнығуы, теология мен ғылымның энциклопедиялық кодификациялануы.

Схоластика(лат.схолиа-мектеп)-ортағасырлық теологиялық ілім, философияның теологияға қызмет ететін тұсы. Схоластиканың үш кезеңі болды:

  • ерте схоластика (IX-XIIғ.ғ.);

  • кемелденген схоластика (XIIIғ.);

  • соңғы схоластика (XIV-XVғ.ғ.).

Схоластикалық философияның негізгі мәселесі:

  • құдайдың бар екенін рационалды (ақылмен) дәлелдеу;

  • білім мен сенім, парасат пен ерік қатынасы;

  • креационизм, провиденциализм;

  • пантеизм мен аввероизммен күрес;

  • сенімнің парасаттан үстемдігі;

  • жалпылықтың жекелікке қатынасы немесе "универсалий", яғни жалпылық ұғым мәселесі.

Осы сұрақтарға жауап бере келе схоластикада екі бағыт пайда болды:

  • Реализм-нағыз болмысқа заттар емес, керісінше олардың жалпы ұғымы-универсалийлер ие дейтін ағым. Бұл Платонның "таза идеяларын" еске түсіреді. Реалистерге Эриугена (Иоан Скот), Ансельм Кентерберийскийді, Шамполық Гильомды және т.б. жатқызуға болады.

  • Номинализм(лат. nomo-атау, есім)-шындықта тек жеке, нақты заттар ғана өмір сүреді, ал жалпы ұғымдар (универсалий) олардың атауы, аталуы болады дейтін схоластикалық философияның ағымы. "Адам-тек жалпы атау, ал әрбір жеке адам осы осы атаумен аталады".

Номинализм өкілдері- Пьер Абельяр (1079-1142), Росцелин, Дунс Скот, Роджер Бэкон, Жан Буридан;

Альберт Больштедский реалистер мен номиналистерді ымыраға келтіруге тырысты. Оның уәжі:

  • универсалийлер заттарға дейін Құдайда өмір сүреді;

  • олар көптіктегі бірлік түрінде заттарда өмір сүреді;

  • адам ойында заттар туралы ұғым ретінде заттардан кейін өмір сүреді.

Тақырып бойынша негізгі ұғымдар:Монотеизм, креционизм, провинденциализм, догматизм, патристика, апологетика, схолостика, реализм, номинализм, концептуализм, универсалий, томизм, суннизм, шиизм, суфизм, шығыстық перипатетизм т.б.