- •А.Сыздықов
- •І тарау. Электр және магнетизм
- •1. Электр өрісі
- •1. 1. Вакуумдегі электр өрісі
- •1. 2. Диэлектрлік ортадағы электр өрісі
- •1. 3. Электрстатикалық өрістегі өткізгіштер
- •1.4. Электр өрісінің энергиясы
- •2. Тұрақты электр тогы
- •2.1. Металдағы электр тогы
- •Өткізгіштерді тізбектей және параллель қосу
- •2.2. Сұйықтардағы электр тогы
- •2.3. Газдардағы электр тогы
- •3. Магнит өрісі
- •3.1. Магнит өрісінің сипаттамалары
- •Вакуумдегі магнит өрісін есептеу мысалдары
- •3.3 Ампер заңы. Лоренц күші
- •3.4. Вакуумдегі магнит өрісінің векторының циркуляциясы
- •3.4. Магниттік ағын. Магнит өрісі үшін гаусс теоремасы
- •3.5. Магнит өрісінде тогы бар өткізгішті және тогы бар контурды орын ауыстырғанда орындалатын жұмыс
- •4. Заттың магниттік қасиеттері
- •4.1. Атомдар мен электрондардың магниттік моменттері
- •4.2. Заттағы магнит өрісі
- •4.3. Екі магнетик шекарасындағы шарттар
- •4.4. Ферромагнетиктердің табиғаты
- •5. Электрмагниттік индукция құбылысы
- •5.2. Контурдың индуктивтігі. Өздік индукция
- •5.3. Магнит өрісінің энергиясы. Энергияның көлемдік тығыздығы
- •5.4. Максвелл теориясының негіздері
- •6. Электрмагниттік тербелістер мен толқындар
- •6.1. Электрмагниттік тербелістер
- •6.2. Айнымалы ток
- •6.3. Электрмагниттік толқындар
- •II тарау. Оптика. Сәулеленудің кванттық табиғаты
- •7. Толқындық оптика
- •7.1. Жарық интерференциясы
- •7. 2. Жарық дифракциясы
- •104 Сурет
- •7.3. Жарықтың затта таралуы
- •7.4. Жарық поляризациясы
- •113А-сурет
- •113Б-сурет
- •113В-сурет
- •8. Сәулеленудің кванттық табиғаты
- •8.1. Жылулық сәулелену
- •8.2. Фотоэлектрлік эффект: түрлері және заңдары
- •8.3. Жарық қысымы
- •9. Атомдардың құрылымы және оптикалық қасиеттері
- •10. Ядролық физика элементтері
- •Аманжол сыздықов
7.4. Жарық поляризациясы
максвелл теориясы бойынша жарық толқындары көлденең: жарық толқынының электр өрісі кернеулігі мен магнит өрісі кернеулігі векторлары өзара перпендикуляр және толқынның таралу бағытына (сәулеге) перпендикуляр тербеледі (). жарық векторы ретінде қабылданған.
табиғи жарық –жарық векторының (демек, векторының да) барлық бағыттағы тербелістері тең ықтималды жарық (112а-сурет). табиғи жарық толқындарының барлық бағыттағы орташа интенсивтігі бірдей болады.
112а-сурет 112б-сурет
жарық поляризациясы – жарық векторының тербеліс бағыттары қандай да бір жолмен реттелу құбылысы.
поляризация жазықтығы – жарық векторының тербеліс бағыты мен жарық толқынының таралу бағыты арқылы өтетін жазықтық.
ішінара поляризацияланған жарық – жарық векторы тербелістерінің басым бағыттары (бірақ үнемі толық емес) болатын жарық (112б-сурет).
ішінара поляризацияланған жарықты бір мезгілде бір бағытта таралатын табиғи және сызықты-поляризацияланған жарықтың жиынтығы ретінде қарастыруға болады.
жазық поляризацияланған (сызықты- поляризацияланған) жарық – жарық векторы (демек, векторы да) сәулеге перпендикуляр бір бағытта ғана тербелетін жарық (112в-сурет).
112в-сурет 112г-сурет.
эллипсті поляризацияланған жарық – уақыт өтуімен жарық векторының ұшы сәулеге перпендикуляр жазықтықта эллипс сызатындай болып тербелетін жарық (112г-сурет). жазық поляризацияланған жарық эллипсті поляризацияланған жарықтың шекті күйі болып есептеледі.
поляризатор – поляризацияланған жарықты алуға, анықтауға және сараптауға арналған құрылғы. оның екі түрі болады: поляризациялық призма және поляроид.
жазық поляризацияланған жарықты алу және сараптау
табиғи жарық түсіп тұрған поляроид (поляризатор р – жарық векторының тербелісіне қатысты анизотропты орта) өзінің бас жазықтығына параллель тербелістерді өткізеді. поляроидтан шыққан жазық поляризацияланған жарықтың интенсивтігі табиғи жарықтың интенсивтігінің жартысына тең болады:
.
өткен жарықтың жолына екінші поляроид (анализатор а) қойғанда, оның бас жазықтығы поляризатордың бас жазықтығына параллель болса (113а-сурет), анализатордан өткен жарықтың интенсивтігі:
113А-сурет
анализатордың бас жазықтығы поляризатордың бас жазықтығына перпендикуляр болғанда (113б-сурет):
113Б-сурет
поляризатордың (немесе анализатордың) бас жазықтығы – поляроидтан өткен поляризацияланған жарық толқынының тербеліс жазықтығы (поляризация жазықтығы).
екі поляроидтың бас жазықтықтары өзара бұрышпен орналасқан болса (113в-сурет), анализатордан өткен жарық векторының параллель құраушысы тең болады. интенсивтік тербеліс амплитуда-сының квадратына пропорционал болғандықтан, анализатордан өткен жарық интенсивтігі: