Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
калыбеков лекция.doc
Скачиваний:
72
Добавлен:
13.03.2015
Размер:
794.62 Кб
Скачать

Бақылау сұрақтары:

1. Геологиялық барлау жұмыстарында қолданылатын геодезиялық негіздердің түрлерін атаңыз.

2. Геологиялық бақылау нысандарының жазықтықтағы орнын анықтаудағы геодезиялық жұмыстардың қажетті дәлдіктерін сипатта.

3. Геологиялық барлау жұмыстарының топографиялық негізі деп не аталады?

4. Инженерлік-геодезиялық ізденіс жұмыстарын не үшін жүргізеді?

5. Геологиялық барлау нысандарының орнын анықтауды айтыңыз.

5 дәріс. Мұнай және газ кенорындарын жайғастырудың және игерудің технологиясы

Мұнай-газ кенорындарын игеру мұнайды жер қойнауынан шығарумен байланысты келесі жұмыстарды енгізеді:

1) кенорында ұңғымаларды бұрғылау;

2) мұнай мен газдың үңғымаларға қарай қозғалысын, олардың орын ауыстыруына байланысты басқару, жұмыс істеу режимін бекіту және қабаттағы энергия балансын реттеу;

3) мұнайды беткі қабатқа шығару.

Мұнай мен газ қозғалысы процесін басқару үшін жүргізілетін негізгі жұмыс кешені кенорынды өңдеу жүйесін анықтайды. Әрбір пайдалану нысанын өңдеу жүйесі туралы түсінікке ең бастысы пайдалану ұңғымаларын алаңдарға орналастыру схемасы туралы түсінік кіреді. Негізінен бұл сұлба қыртыс энергиясы көздерімен, сонымен қатар мүмкін қозғалыспен немесе мұнайлы контурларының қозғалысымен анықталады.

Бір уақытта көректендіру аймағының барлық жағынан тіректер енген екі-үш үңғыма қатарын қажетті пайдалану су-мұнай немесе газ-мұнай жанасуларының орын ауыстыруын реттеуге мүмкіндік береді. Мұнай қабаттарының үлкен өлшемдері кезінде, егер үңғыманың үшеуінен көбінің орнын ауыстыру мүмкін болса, келесі әрбір қатарды айтарлықтай сыртқы қатар үңғымасынан суланудан немесе газдалудан кейін енгізуге болады. Сыртқы қатардың суланған немесе газдалған үңғымалары энергияның қалғандалуын болдырмас үшін мұнайлы аймақтарда шекті таңдау режиміне әкеледі немесе тіптен тоқтатады.

Ең бастысы өңдеуді қабаттың орталық бөлігі ұзақ уақыт бойы үңғыманың сыртқы қатарын өшіруді күтіп, ескіріп кетпегенге дейін жүргізу қажет. Мұнан шығатыны жұмыстық агентті ішкі контурлы айдаумен игеру болады.

Бір және басқа кенорындарын игеру үшін үңғыма санымен, оларды пайдалануға енгізу кезектілігі және жұмыс істеу режимдерімен ерекшеленетін бірнеше түрлері ұсынылады. Игеру жүйесін таңдау кезінде қысымды бір қалыпты ұстап тұрудың әртүрлі тәсілдерін қолдану немесе тек табиғи энергияны қолданумен шектелуге қарастырылу мүмкіндігі анықталады. Әрбір түрі үшін мұнай алудың өз темпі, өңдеу мерзімі және мұнай алудың мүмкін коэффициенті сипаты тән болады.

Ең көп мұнай алуға қабатты барлық жағынан толық қысу кезінде қол жеткізуге болады, демек, жер қабатының барлық жұқа қабатты арқылы су-мұнайлы немесе газ-мұнайлы жанасудың өтуі кезінде болады. Аз өтпелі қабаттардағы мұнай қозғалысын шақыру үшін қысым градиенті мен сұйықтықтың қозғалыс жылдамдығы айтарлықтай жоғары болуы тиіс. Демек, мұнай алудың ең жоғарғы коэффициенті арын (напорный) режиміне сипатты болады. Егерде табиғи қабаттағы энергия жоғары болмаса, онда жасанды су арынды немесе газарынды режимді суды немесе газды қабатқа толтыру жолымен жасау қажет.

Мұнан басқа бір текті емес қабаттардағы мұнайды алу үңғыманың орналасу тығыздылығына тәуелді болады. Үңғыманың орналасу тығыздылығының өсуімен мұнайдың алынатын қоры да өсетінін қарастыру қажет. Бірақ үңғыма торының қоюлану кезінде және қабатты қысымды ұстап тұру кезінде үңғыманы бұрғылауға және өнеркәсіпті орнықтыруға шығынның мөлшері жоғарылайды.

Өңдеу жүйесінің әрбір түрі үшін күрделі және пайдалану шығындарын есептеу және мұнайдың бағасын анықтау қажет. Ең үнемді және тиімді түрге ең аз бағаны қамтамасыз ететін түрі жатады.

Мұнай кенорындарын өңдеу мәселелері жалпы алғанда берілген сапасымен мұнайдың қажеттілігімен шешілуі тиіс. Елдегі мұнай алудың болашақта дамуы оның әртүрлі аудандарында тасымалдау, қайта өңдеу және қолдану мүмкіндіктеріне байланысты жүргізіледі. Сондықтан, мұнай кенорнын өңдеу жүйесінің рационалдық критерийі туралы мәселе кешенді шешілуі тиіс.

Кенорнының игерілуі мұнай өнеркәсібі – кенорнындағы мұнайды алу және жинауға арналған технологиялық кешенімен, сондай-ақ үңғыма өнімін өңдеу (мұнай, мұнай газы, қабат суы) оны одан ары қарай тұтынушыларға жеткізумен (мұнай және газды қайта өңдеу зауыты және т.б.) жүргізіледі. Мұнай өндіріс орнының ғимараты мен коммуникациясы мына негізгілерге бөлінеді: пайдалану, сіңіру және бақылау үңғымалары, құбыр жолдары, сорғылы және газ компрессорлы станция, мұнай және суды дайындау қондырғылары, артық парктер мен қосымша: энергия және сумен жабықтау, канализация және байланыс, механикалық ұсталық орындар, тасымалдау желілері (3-сурет). Мұнай үңғымаларының саны негізінен кенорындардың өлшеміне тәуелді, оны өңдеу сұлбасы бірнеше оннан бірнеше жүзге және мыңға дейін өзгереді. Кенорны алаңында пайдалану үңғымасы 3-14 (кейбірде 50-80) үңғымалар торлары, суландыру сұлбасы орналасады. Кенорындарындағы үңғымалар қоры тұрақты емес, оны қабатты игеру шаралары бойынша өсіреді.

3-сурет. Мұнай кәсіпшілігіндегі үңғымалар өнімін жинау және дайындау сұлбасы:

1-мұнайлы ұңғыма; 2-топтық өлшеу қондырғысы; 3-айдау сорғы станциясы; 4-қабат суын тазалау қондырғысы; 5-мұнайды дайындау қондырғысы; 6-газды компрессорлық станция; 7-мұнай, газ және су жинақтаудың орталық пункті; 8- ыдыстар паркі

Пайдалану ұңғымаларының бастапқы дебиті тәулігіне шамамен 1-ден 200 т дейін өзгереді. Мұнай өнеркәсібінің тиімділігі кенорнын орналастыру кезінде таңдалған ұңғы өнімін ішкі өндірістік жинаудың технологиялық сұлбасымен анықталады. Әрбір ұңғымадан мұнай мен газды жинақтаудың орталық пункті деп аталатын басқа да ұңғымалардан өнім жинаудың өндірістік пунктіне дейінгі мұнай жинау процесінің толық қамтылуын сипаттайтын бірнеше сұлба қолданылады, бұл өнім шығынының және қоршаған ортаның ластануының аз болуына әкеледі.

Нег. 1[20-28]

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]