Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
калыбеков лекция.doc
Скачиваний:
72
Добавлен:
13.03.2015
Размер:
794.62 Кб
Скачать

Бақылау сұрақтары:

1.Ұңғыма оқпаны өсінің кеңістіктегі орны қалай анықталады?

2.Кеңістікте ұңғыма оқпаны өсінің орны қалай бақыланады?

3.Құрылыс-монтаж жұмыстарын орындаудың дәлдігін бақылау қалай орындалады?

11 дәріс. Мұнай және газ кенорындарын игеру кезіндегі маркшейдерлік түсірулік жұмыстар

Маркшейдерлік пландардың мазмұны және дәлдігі. Кенорындарының маркшейдерлік пландары теодолиттік, мензулалық, тахеометриялық, фотограмметриялық немесе аэрофотограмметриялық түсіру нәтижелері бойынша құрастырылады. Кенорнының маркшейдерлік планында мыналар көрсетілуі керек: топографиялық жүктеме (жер бедері, гидрография, тұрғылықты пункттер және т.б); мемлекеттік, геодезиялық торлардың және геодезиялық жиілету тораптарының пункттері; барлау, өндіру ұңғымалары; магистральді тасымалдау құбырлары; инженерлік коммуникациялар; компрессорлық станциялар; өндірістік нысандар.

Жер бетінің жақсы көрінетін нысандары мен контурларының пландағы орнының түсіру негіздерінің жақын орналасқан пункттеріне байланысты орташа қателігі 0,5 мм-ден аспауы керек, жабық, жүруге қолайсыз және таулы аймақтарда – 0,7 мм. Көп қабатты және нақты құрылысты аумақтарда нүктелердің өзара орнының шекті қателігі 0,4 мм-ден аспауы керек.

Жер бедерін түсірудің, түсіру негіздеріне жақын жатқан нүктесіне байланысты орташа қателігі, жер бетінің көлбеу бұрышы 2°-қа дейін болғанда қабылданған биіктік жер бедері қимасының ¼ биіктігінен аспауы керек; масштабы 1:5000, 1:2000 пландар үшін көлбеу бұрыш 2-6° және масштабы 1:1 000 және 1:500 пландар үшін 10°-қа дейін болғанда қабылданған рельеф қимасының 1/3 биіктігі қабылданады. Масштабы 1:5000 және 1:2000 пландарында жер бедерінің қимасы 0,5 м болғанда 1/3 биіктігінен аспауы керек. Орманды жерлерде көрсетілген шектер 1,5 есе ұлғаяды. Көлбеу бұрышы 6°-тан жоғары учаскелерде масштабы 1:5000 және 1:2000 пландар үшін және 10° жоғары масштабы 1:1000 және 1:500 пландар үшін горизонтальдардың саны, ылдидағы анықталған биіктік айырымына сәйкес келуі керек; ал жер бедерінің нүктелерінде анықталған биіктіктің орташа қателігі биіктігі, жер бедері қимасының биіктігімен алынғаннан 1/3 аспауы керек.

Өндірістік бірлестіктер, мұнай–газ өндіретін және бұрғылау басқармаларында маркшейдерлік графикалық құжаттардың 9 кестеде көрсетілген комплексі болу керек.

9 Кесте

Графикалық құжаттардың аты

1. Өндірістік бірлестіктер

- жұмыстың жүргізілуіне байланысты бірлестіктердің көлемді зерттелген аумақтың топографиялық- геодезиялық картограммалары

- бірлестіктер мен басқармалардың аумақтың топографиялық картасы

- аудан бойынша ұңғымалардың беті мен ішінің орналасу сұлбасы

1:2 000 000-

1:100 000

1:100 000-

1:10 000

1:10 000-

1:1 000

2. Мұнай-газ өндіруші басқармалар

- жұмыстың жүргізілуіне байланысты кәсіпорындардың көлемді зерттелген аумағының топографиялық- геодезиялық картограммалары

- кәсіпорындар аумағының топографиялық картасы

- өндірілетін кенорнының маркшейдерлік пландары

1:500 000-

1:50000

1:100 000-

1:10 000

1:10 000-

1:2 000

- коммуникациялардың планы, сұлбасы (қажет болса)

- өндірістік зоналардың өндірістік нысандарының планы және т,б

- жердің және кеннің жер бөліктерінің карталары мен пландары

1:100 000-

1:2 000

1:2 000-

1:500

1:25 000-

1:5 000

3. Бұрғылау кәсіпорындары

- жұмыстың жүргізілуіне байланысты кәсіборындардың көлемді зерттелген аумағының топографиялық- геодезиялық картограммалары

- кәсіпорындардың аумағының топографиялық картасы

- коммуникациялардың планы (қажет болса)

- ұңғымалардың беті мен ішінің орналасу планы

- фотопландар және аэрофототүсірілімдер (қажет болса)

1:500 000-

1:25 000

1:100 000-

1:10 000

1:25 000-

1:5 000

1:100 000-

1:10 000

Топографиялық-геодезиялық зерттеулердің картограммасында көрсетілуі керек:

түсіру шекаралары (түсіру масштабы мен уақытының көрсетілуімен); мекеме аймағындағы геодезиялық торлар пункттері дәлдік класына байланысты диферренциялаумен.

Коммуникация планына енгізіледі: координаталық тор, түсіру негіздерінің пункттері, ұңғыма беті, жармалық сызықтар, түрлі мақсаттағы тасымалдау құбырлары, құрама пункттер, топты өлшеуіш қондырғылар, мұнай, газ және су дайындау қондырғылары, тауарлы резервуарлар, басты ғимараттар, жер бетінің бедері, электр тасымалдау, байланыс, телебасқару сызықтары.

Ұңғымалардың беті мен кенжарын орналастыру планында көрсетілуі керек: координаталық тор, кен телімдерінің шекарасы (игеріліп жатқан кен орындары үшін), саға мен кенжар, оқпан бойынша басқа ерекше нүктелер, ұңғыма оқпандарының горизонталь орналасуы; ұңғыманың нөмірі, топографиялық жүктеменің қажетті элементтері. Өндіріс нысандары пландарында көрсетілуі керек: координаталық тор, технологиялық комплекстің барлық ғимараттары және қондырғылары, жер бетінде орнатылған геодезиялық тораптардың пункттері, жер бетінің бедері.

Жер телімдерінің планында көрсетілуі керек: гидрография элементтері және байланыстың негізгі жолдары, пайдаланатын жердің шекаралары, ұзақ уақыт қолдануға берілген жердің шекарасы, ауылшаруашылық және басқалар пайдаланатын жер шекарасы, өндірістің балансындағы жерлердің ағымдағы өзгерісі, сондай-ақ қайтаруға немесе пайдалануға дайындалған жерлер.

Жерасты коммуникацияларын түсіру. Жерасты коммуникацияларын түсіру келесі жұмыстардан тұрады: жер учаскесін рекогноцировкалау және коммуникацияларды оржолдарда, құдықтар мен шурфтарда тексеру; сыртқы ерекшеліктеріне байланысты коммуникациялардың орналасу сұлбасын құрастыру құбыр, кабель іздегіштермен, шурфтарды жүрумен және оларды жер бетінде белгілеу; пландық – биіктік геодезиялық түсіру тораптарын құрастыру; коммуникация тораптарының элементтерін олардың ішіндегі құрылыстармен өлшеумен қоса пландық – биіктік түсіру.

Түсірілуге құдықтардың люктарының және камералардың центрі, құбырлар мен кабельдердің жер бетіне шығатын жерлері, су колонкалары, трансформаторлық будкалар және подстанциялар, жылулық пункттер және басқа да жерасты коммуникацияларымен техникалық байланысты құрылыстар тиіс. Жерасты желілерінің бұрылу бұрыштарын, түзу сызықты учаскелердегі нүктелерді 50 метрден жиі емес, қисықтың бас нүктелері, еңістің өзгеру жерлерін, құбырлыр габариттерін, тармақтану орындарын, қосылыстар түсіріледі.

Жұмыстардың аймағын рекогносцировкалауда жерасты коммуникацияларының түрлері мен орындарын бекітеді, құбыр, кабель іздегіштердің көмегімен ізделінуге (табылуға) тиіс тасымалдау құбырлары мен кабельдердің учаскелерін анықтайды.

Коммуникациялардың жалпы сұлбасын алдағы түсіру масштабынан үлкенірек (ірірек) масштабта құрады. Сұлбада шартты белгілермен коммуникация трассалары, олардың міндеті, трассалардың бұрылу бұрыштары, коммуникациялардың қиылысатын жерлері, нөмірленген құдықтар, конденсат жинайтын орын, компенсаторлар, міндеті бойынша коммуникациялардың сипаттамасы көрсетіледі.

Камералдық рекогносцировкалауда барлық графикалық материалдарды қолданады: топографиялық және маркшейдерлік пландар, жұмыстық және атқару сызбалары, құрылыстың технологиялық сұлбасы, бекітулердің сұлбасы, абристер және т.б.

Жерасты коммуникацияларының пландық орнын мемлекеттік геодезиялық тораптар мен түсіру негіздерінің нүктелерінің пункттерінен, арнайы жүргізілген теодолиттік жүрістер немесе күрделі ғимараттар мен құрылыстардың нақты нүктелерінен, үйлердің фундаменттерінен, тас және темір бетонды қоршаулардан анықтайды. Түсірудің полярлық, перпендикулярлық, қиылыстыру, мензулалық әдістері қолданылады.

Жерасты коммуникацияларының желілік элементтерінің пландық орнының шекті қателіктері 0,2 м-ден артық болмауы қажет.

Ұңғыма бетінің пландағы орнын анықтау. Ұңғыма бетінің пландағы орнын анықтау үшін іздеу, барлау және игеру алаңдарында түсіру негіздері қолданылады. Бұрғылау ұңғымаларының бетінің пландық орыны негізінен бұрыштық және сызықтық қиылыстырулармен анықталады. Төменде ұнғыманың пландағы орнын тура қиылыстырумен анықтау қарастырылған.

Егер түсіру негізінің екі А және В пунктінде маркшейдерлік пункт пен анықталатын ұңғыманың Р бағыттарының арасында екі бұрыш в1 мен в2 өлшенсе, онда оның координаталарын Юнг формуласы бойынша есептеуге болды.

АР қабырғасы бойынша тура геодезиялық есепті шешкенде Р ұңғымасының координаталары мыналардан анықталады

Ары қарай АВР үшбұрышынан синустар теоремасы негізінде алатынымыз

мұндағы в1- АВ қабырғасының ұзындығы.

дирекциондық бұрыш АР тең болады:

АР = АВ -  1

Ары қарай мыналарды табамыз

ХАР = X P – XA= S1CosAP

УАР = УР – УА = S1SinAP

Теңдіктерді ескере отырып, осы теңдікті мына түрде қайта көшіріп жазамыз

Синустар және косинустар үшін тригонометрияның формулаларын қолдана отырып екі бұрыштың айырмашылығын және бөлшектің алымы мен бөлімін Sin1, 2 ға бөліп табамыз

Мынадай болғандықтан

в1  CosАВ = Xв – ХА

в1  SinAB = УВ – УА

формулалар мынадай түрде болады

Сонда координаталардың өздерін есептеу формуласы

Жалпы алымына келтіргеннен кейін алатынымыз

және аналогия бойынша

Р ұңғымасының координаталарын тексеру, олар түсіру негіздерінің В және С пункттеріне байланысты, осы пункттерде өлшенген β'1 және β'2 бұрыштары бойынша анықталады.

Пландар мен қималарды маркшейдерлік құрастыруды майыспайтын негізде орындау керек.

Планда масштабсыз көрсетілген өндіріс обьектілері шартты белгілермен көрсетіледі және түсініктемелер жазумен беріледі.

Мұндай жағдайда, егер планда масштаб шарты бойынша жақын орналасқан коммуникацияларды көрсетуге болмаса, онда соның біреуі негізгі ретінде алынып, оның орнына байланысты түсіріледі.

Егер де коммуникациялар бір-бірінің үстінде орналасқан болса планда сәйкес келетін болса, онда үлкенірек масштабта тік қимасы құрылады.

Әрбір планшет көршілес планшетпен рамкасы бойынша түйісуі керек. Планшеттердің түйісу сызығының негізгі контур мен горизонталь ауытқулары 1мм аспауы керек, ал негізгі емес – 1,5 мм. Биіктік бойынша айырмашылық, түсіру негіздеріне байланысты жер бедері түсірудің рұқсат етілген орташа қателігінің 2 есе шамасынан аспауы керек. Жаңа планшеттерді ескі планшеттермен түйістіргенде түзетулер жаңа түсірудің планшеттерінде орындалады. Айырмашылықтар әрбір планшетке теңдей бөлінеді.

Құрастырылған план жер бетінде негіздермен салыстыру және бақылау түсірулерін жүргізумен тексеріледі.

Планнан және бақылау өлшеулерінен алынған арақашықтықтар арасындағы айырмашылық план масштабында 0,44 мм аспауы керек.

Пландарды жаңарту үшін, өзгерістерді қазіргі заманғы түсірулермен қамтамасыз етіп, жаңадан салынған құрылыстар мен коммуникацияларды әр уақытта есепке алып отыру керек. Айтылған сызбалар болмаған жағдайда бөлу жұмыстарының, ағымдағы түсірудің, жер бетіндегі зерттеулердің және аэрофототүсірулердің материалдарын қолданады.

Пландарды жаңарту технологиясы учаскедегі өзгерістердің санын, жер бетінің сипатын және қолданылатын материалдар мен аспаптарды есепке ала отырып таңдайды.

Нег. 1 [104-123]

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]