Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
калыбеков лекция.doc
Скачиваний:
72
Добавлен:
13.03.2015
Размер:
794.62 Кб
Скачать

7 Кесте

Ұңғымалардың жобалық орнын көшірудің талабы және дәлдігі

Ұңғыманың түрі (категориясы)

Шекті қателер, м

Жобаны жер бетіне көшірудегі

Ұңғыма бетінің биіктігін алдын ала анықтаудағы

Ұңғыма бетінің пландық орнын анықтаудағы

Ұңғыма бетінің биіктік орнын анықтаудағы

1. Жеке тірек және параметрлік ұңғымалар

150

15

100

5,0

2. Алаңдар мен профильдер бойынша орналастырылатын құрылымдық және іздестіру ұңғымалары

50

10

30

1,0

3. Барлау ұңғымалары

25

5

12

0,5

4. Қолданылатын алаңдардағы ұңғымалар

10

5

4

0,3

5. Акваторияларда орналастырылған ұңғымалар

20

-

10

0,5

Теориялық және экспериментальдық зерттеулерден белгілі болғандай, картада жер бетіндегі нысандар мен айқын көрінетін контурлардың орнын геодезиялық торлар пункттеріне байланысты рұқсат етілген қателіктермен анықтайды. Орташа квадраттық қателігі картада ±0,5мм, мысалы 1:25 000 масштабта ±12,5 м тең қателікті береді, ал шекті қателік ±25 м, сондықтан бұл картаны 1 және 2 топтағы жоба ұңғымаларын жер бетіне көшіруге қолдануға болады (7-кесте). Басқа жоба ұңғымаларын жер бетіне көшіру үшін 1:10000 және одан ірі масштабты карталар керек. 1 топтың жоба ұңғымасын жер бетіне масштабы 1:100000-нан ұсақ емес карта бойынша көшіруге болады, 2 топ ұңғымаларын - масштабы 1:50000 нен ұсақ емес карта бойынша.

Картада жер бетіндегі нүктелердің абсолюттік биіктігін анықтау дәлдігіне келсек, картадағы контурлық нүктелерді биіктігі бойынша горизонтальдар жақын орналасқан геодезиялық биіктік тораптары пункттеріне байланысты қателіктермен анықталғанын ескеру керек. Бұл қателіктердің шамалары (8-кесте) жер бедерінің сипатына және оның қию биіктігіне, осының негізгі картаның масштабына байланысты.

7 және 8 кестелердің берілгендерін салыстыра отырып, ұңғыманың бұрғылау орнының алдын ала биіктігін, талап етілетін дәлдікпен анықтауға болатын картаны таңдайды. Ұңғыманың орналасу жобасын жер бетіне көшіру үшін бөлу сызбалары құрастырылады, оларда қажет мәліметтер көрсетіледі: горизонталь бұрыштар және сызықтар. Бұл берілгендерді графикалық және аналитикалық тәсілдермен анықтайды.

8 кесте

Жердің нүктелерінің абсолюттік биіктіктерін анықтаудың дәлдіктері

Жердің сипаты

Биіктіктері (алым) және горизонтальдары (бөлім) бар нүктелер биіктіктерін анықтаудың орташа квадраттық қателіктері

1:2000

1:5000

1:10000

1:25000

1:50000

1:100000

1

2

3

4

5

6

7

Жазық далалы (көлбеу бұрышы 20 дейін)

0,15-0,3

0,15-0,3

0,2-0,3

0,15-0,3

0,8

1,0

1,1

1,2

3,0

3,3

5,7

6,5

1

2

3

4

5

6

7

Жазық далалы, жаппай орманды азиялық бөліктерде параллелдің солтүстік жағына қарай 560 (көлбеу бұрышы 60 дейін)

0,3-0,7

0,5-1,0

0,3-0,7

0,3-1,0

1,0

2,0

2,0

4,0

3,0

6,5

6,5

13,0

Адырлы (ашық), (көлбеу бұрышы 60 дейін)

0,45-0,8

0,45-0,8

0,8-1,6

0,8-1,6

1,2

1,5

2,5

3,0

5,0

6,0

11,0

12,0

Адырлы (жабық), (көлбеу бұрышы 60 дейін)

0,4-0,8

0,6-1,0

0,9-1,6

1,2-2,0

1,5

2,5

3,5

5,0

7,0

10,0

14,0

20,0

Таулы және тау етегіндегі (көлбеу бұрышы 60 дейін)

1,0

1,8-2,2

4,0

8,5

17,0

33,0

Жер бедері қимасынан 1,5 тен кем емес қателік

Графикалық тәсілде-геодезиялық мәліметтерді алу үшін, жоба нүктелеріндегі белгілі сызықтар мен бағыттар арасындағы горизонталь бұрыштарды картада (планда) транспортирмен өлшейді, ал сызық ұзындықтарын масштабты сызғыш бойынша циркуль-өлшегішпен өлшейді.

Аналитикалық тәсілде - горизонталь бұрыштар және сызықтың ұзындықтарын тірек және жоба нүктелерінің координаталары бойынша кері геодезиялық есепті шешу жолымен есептейді. Бұл жағдайда жоба нүктелерінің координаталарын планнан немесе картадан координаталық торлар бойынша графикалық анықтайды.

Жоба ұңғымаларын жер бетіне көшіру келесі тәсілдермен орындалады:

Ұңғыманың орнын жер бетіндегі контурлық нүктемен біріктіру. Топографиялық картада ұңғыманың жобалық орны анық көрінетін контурлық нүктемен біріктіріледі. Жоба ұңғымасын жер бетіне көшіру жер бетінде осы контурлық нүктені тану болып табылады.

Контурлық нүктелерді танудың дұрыстығын одан жер бетінде жақсы көрініп тұрған нысандарға дәлдеумен немесе одан картада жақсы танылатын жер бетіндегі нысандарға дейінгі ара қашықтықты өлшеумен бақылау керек. Жер бетіндегі және картадағы бұрыштар мен арақашықтықтарды өлшеудің нәтижелерінің ұқсас болуы жоба ұңғымасының жер бетіне көшірудің бақылауы болады.

Картада өлшеулерді орындағанда, онда масштабсыз шартты белгімен көрсетілген, жер бетіндегі нысандардың орнын дұрыс анықтау керек. Шартты белгінің қандай нүктесінің орны осы нысанның картадағы орнына біріктірілгенін анықтауға болатын ереже бар.

Топографиялық картада масштабсыз шартты белгілерді жер бетіндегі нысандардың орнына сәйкес келтіріп былай орналастырады:

а) симметриялық геометриялық фигуралы белгінің геометриялық центрі (мысалы, мемелекеттік геодезиялық торап пункті, тұрғын үй, бұрғылау мұнарасы және т.б.);

б) кең табанды фигуралы белгі табанының ортасы (мысалы, жалғыз жатқан тас, ескерткіш және т.б.);

в) табаны тура бұршты белгінің тура бұрышының басы (мысалы, километрлік бағана, жалғыз тұрған ағаш және т.б.)

г) бірнеше фигуралардан құралған белгінің төменгі фигурасының геометриялық центрі (мысалы, мұнай мұнарасы, фабрика, завод тік құбырлары, метерологиялық станция және т.б.)

Жолдарды, орман жолдарын, тасымалдау құбырларын және басқа түзу нысандарды сызықтық шартты белгілермен бейнелегенде, соңғыларды былай орналастырады, олардың бойлық өсі жер бетіндегі осы нысандардың бойлық өсімен сәйкес болуы керек.

Сызықтық контур бойымен өлшеу. Топографиялық картада ұңғыманың жобалық орны, белгілі контурлық нүктесі болатын сызықтық контурда таңдалып алынды (мысалы, орман жолдарында, ал белгілі нүкте орман жолдарының қилысу нүктесі болады). Жобалық ұңғыманы жер бетіне көшіру, жер бетіндегі сызықтық контур бойымен оның белгілі нүктесінен, картада өлшенген сәйкес нүктесінен жоба ұңғымасына дейін арақашықтықты салу болып табылады.

Ұңғыма құрылысында орындалатын маркшейдерлік жұмыстардың мазмұны. Ұңғыма құрылысының толық циклы келесі негізгі кезеңдерден тұрады: дайындық жұмыстары (жолдардың құрылысы мен фундаменттердің орнатылуы, бұрғылау алаңын тегістеу); бұрғылау мұнарасының, биік ғимараттардың құрылыстары; ұңғыманы бұрғылаудың дайындық жұмыстары; ұңғыманы бұрғылау (қазу және тіреу); ұңғыманы мұнай мен газдың ағымына тексеру; бұрғылау мен күш беру жабдықтарын, мұнара мен мұнаралы құрылыстарды бөлшектеу.

Осы барлық кезеңдерде (ақырғы екі кезеңнен басқа) маркшейдерлік-геодезиялық жұмыстар жүргізіледі. Олардың құрамына мыналар жатады: бұрғылау қондырғысына жергілікті жердің учаскесін таңдау және жер бетін тегістеу; ұңғыма бетінің орналасу жобасын жер бетіне көшіру; бұрғылау қондырғысын және биік құрылыстарды салғандағы геодезиялық бөлу жұмыстары; ұңғыма бетін пландық және биіктік бекіту; ұңғыманы жүргізудің жобалық бағытын сақтауды және бұрғылау кезінде ұңғыма өсінің кеңістіктегі орнын анықтаудың дұрыстығын қадағалау.

Нег. 1 [71-82]

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]