Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
калыбеков лекция.doc
Скачиваний:
72
Добавлен:
13.03.2015
Размер:
794.62 Кб
Скачать

Бақылау сұрақтары:

1.Жерасты коммуникацияларын түсіруді не үшін орындайды?

2.Жерасты коммуникацияларын түсірудің ерекшеліктерін айтыңыз.

3.Жерасты коммуникацияларын түсіру қандай кезеңдерден тұрады?

4.Түсіру материалдарынан қандай материалдар құрастырылады?

12 дәріс. Желілік құрылыстарды салу кезіндегі маркшейдерлік жұмыстар

Мұнай газ құбырларының ізденіс жұмыстары. Мұнай және газ кенорындарын игергенде, мұнай және газ құбырлары оларды өндіретін орыннан жинақтау пунктіне және басты құрылыстарға тасымалдауға арналған. Мұнай тасымалдағанда, мұнай құбырларының құрамына кіреді: скважинадан топталған өлшеу қондырғысына дейінгі шығару сызықтары; топталған өлшеу қондырғысынан, сығу сорғы станциясына дейінгі жинақталған мұнай құбырлары; сығу сорғы станциясынан мұнайды дайындау қондырғысына дейінгі мұнай құбырлары; мұнайды дайындау қондырғысынан магистральдік мұнай құбырларына дейін; құбырларда қажетті қысым жасайтын, бас сорғы станциясынан тұратын, бас ғимараттар және мұнайды жинайтын және сақтайтын орындар паркі.

Құбырлар желісі газды, суды, мұнайды тасымалдау және жинақтау жүйесінің негізгі бастапқы элементі болып табылады. Оларды төсеу және пайдалану үшін көп шығын қажет. Құбырларды жобалау үшін алдымен трасса таңдалады. Шығынды азайту үшін жолды түзу сызықты, табиғи және жасанды кедергілермен аз қиылысатын етіп белгілейді. Егер бұл талаптарды орындау қиын болса, онда трассаның бірнеше вариантын белгілейді және техникалық-экономикалық көрсеткіштерін салыстыру арқылы тиімдісін таңдайды. Өзі ағатын құбырларды сұйықтың қозғалатын жағына қарай еңістікпен төсейді, ол үшін жер бетінің рельефін қолданады. Ең көп тараған түріне құбырларды жер асты төсеу жатады. Оны орындағанда өндіріс аумағы үйіліп тасталынбайды ұңғыма өнімі және құбырлар атмосфераның әсерінен қорғалады, ал құбырдың қабырғалары - механикалық бұзылудан сақталады.

Құбырларды жерасты төсегенде оны жердің мұздау тереңдігінен төмен немесе мұздау зонасында механикалық бұзылудан сақтау үшін құбырдың бетіне дейінгі 0,7-1,0 м тереңдікте жатқызылады.

Құбырлардың еңістігін негізінде жер бетінің бедеріне параллель жобалайды. Сондықтан құбыр ұзындығын дұрыс анықтау үшін пикетажды жер бетінің еңістігімен бөледі. Еңіс арақашықтықтарымен бойлық профиль салынады.

Горизонталь қисықтың радиусын мына шарт бойынша жобалайды:

R  0,9 Дн ,

мұндағы R-радиус, м; Дн- құбырдың сыртқы диаметрі,мм.

Бастапқы және соңғы пункттрді таңдағаннан кейін, техникалық шарттарды қанағаттандыратын және құрылысына аз шығын қажет құбырлардың қысқа трассасына ізденіс жұмыстарын орындауға кіріседі.

Таңдалып алынған пункттер арасындағы ең қысқа бағыттағы трасса варианттарын алғашында топокартада белгілейді.

Мұнда мүмкіндігінше трассаны бар темір және автомобиль жолдарына, яғни оларды құбырларды құрғанда және пайдаланғанда қолдану үшін жақындатуға тырысады.

1:10000 -1:12000 масштабында варианттардың белгіленген жолы бойынша маршруттық аэрофототүсіруді жүргізеді. Жер бетінде геодезиялық негіздерді бөледі, аэрофотосуреттерді пландық-биіктік байлауды және далалық дешифрлеуді орындайды. Бір уақытта маршруттық инженерлік-геологиялық түсіруді орындайды, батпақты, тұзды немесе ағынды сулармен ластанған учаскелерді анықтайды. 1:5000-1:10000 масштабында құрастырылған фотопландар (пландар) және инженерлік-геологиялық түсірудің материялдары ең тиімді трассаларды және құбырларды пайдалануды белгілеуге мүмкіндік береді.

Мұнай-газ құбырының орнын таңдауда төмендегі талаптар сақталуы керек: трасса игерілуі оңай жер бедері мен грунтты бірқалыпты учаске бойында болу керек; мұнай-аз құбырлары тез коррозияға ұшырамау үшін ағынды сулармен ластанған, тұзды және батпақты жерлерден тыс орналасуы керек; грунттың коррозиялылығы, грунттық судың деңгейі және басқа да факторлар ескерілуі керек; трассаны едәуір ұзарту мақсатында бұрылу бұрыштарын 20-30° тан мүмкін болғанша үлкен алмау керек; мүмкіндігінше үлкен орманды массивтерге, тасты грунтты учаскелерге, жарлы жағалы өзендерге, батпақтарға, сонымен қатар жақын өтетін электр тасымалдау жүйелеріне паралель орналасқан бағыттарға, елді мекендерге трассалар 200-300 м-ден жақын орналаспауы тиіс; мұнай құбырының трассасы елді мекендер биіктігінен төмен өтуі, ал газ құбыры жоғары орналасуы тиіс; құбырлар желісімен байланыс желісі жақын орналасуы және жақын маңда грунтты жол өтуі керек; трасса бойындағы тілім алқабының ені 15-20 м болу керек, ал ормандарда ені 12 м жол жасайды; құбырлар желісінің екі қатарының аралары 10 м болу керек; трасса жергілікті атқару органдарының келісімімен жүргізілуі керек.

Камералдық трассалау топографиялық карта мен пландарда орындалады және олардың масштабы жобалау кезеңдеріне байланысты болады.

Фотограмметриялық трассалау кезінде стереожұптаы аэрофото- суреттердің бағдарлауын тірек нүктелерімен, яғни жай түрде орындайды. Жер бедерін және жергілікті жердің ситуацияларын, геологиялық жағдайларын стереоскопиялық анықтағанда трассаның бірнеше вариаттарын белгілейді. Жазық аймақтарда трасссалау бірнеше әдіспен, яғни белгіленген варианттар бойынша қимасын фотограмметриялық жолмен анықтайды және ең тиімдісін таңдайды. Стереомодель бойынша камералды әдіспен трассалау көп еңбекті қажет ететін болып саналады. Стереотопографиялық әдіспен ізденіс пландарын құрауға және оларды камералды трассалау кезінде, алаңдық ізденістерде қолдану өте ыңғайлы.

Трассаның жұмыс сызба ұсқасының жобасын құрғанда құбырлардың далалық трассалануы келесідей тәртіппен орындалады: жобадан жер бетіне көшіру, желіні қадалау; бұрылыс бұрыштарын өлшеу, сызықтық өлшеу және пикеттік журналды жүргізе отырып пикеттерді бөлу, өтпелі және дөңгелек қисықтарды бөлу; трассаны нивелирлеу, трасса бойымен реперлерді орнату; трассаны бекіту; трассаны геодезиялық негіз пункттеріне байланыстыру; 1:500-1:1000 масштабында алаңдарды, өткелдерді, қиылысуларды түсіру; далалық материалдарды өңдеу, 1:5000-1:10000 масштабында трассаның планын және бойлық профилді құру.

Құбырларды салу кезіндегі бөлу жұмыстары. Құбырларды салу алдында бұрылыс бұрыштары, трассаның пикеттері қалпына келтіріледі және орнықтырылады, қисықтарды толық бөледі, реперлердің торларын (1км сайын) жиілетеді, сызықтардың бақылау өлшеулерін және нивелирлеуді қайта орындайды. Жоба бойынша трассаны қалпына келтірумен қатар құдықтар мен өтпелерді бөледі және орнықтырады. Бекіту нүктелері жер жұмыстарынан тыс, яғни өстен екі жаққа қарай 5 км-дей орналастырады.

Нег. 1 [125-138]

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]