Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
калыбеков лекция.doc
Скачиваний:
72
Добавлен:
13.03.2015
Размер:
794.62 Кб
Скачать

Бақылау сұрақтары:

1.Мұнай және газ кенорындарын өндіргенде жер бетінің шөгуін бақылау не үшін жүргізіледі?

2.Геодинамикалық полигон қалай құрастырылады?

3.Шөгуді бақылаудың мақсаты қандай?

4.Геодинамикалық полигонды құрғанда қандай материалдар қолданылады?

14 дәріс. Жер бетінің жылжуын бақылаудың әдістемесі және мұнай-газ кенорындарын геометризациялау

Биіктік және пландық өлшемдердің әдістері мына талаптарға сай болуы керек «Инструкции по нивелированию I, II, III и IV классов (М.: Недра, 1974) және «Инструкции о построении Государственной геодезической сети СССР» (М.: Недра, 1966). Бақылау нәтижелерінің дәлдігін арттыру үшін, кейбір толықтыру ережелері мыналарда көрсетілген «Рекомендации по геодезическим работам на геодинамических полигонах» (М.: ОНТИ ЦНИИГАиК, 1975), «Практическое руководство по нивелированию I, II классов» (М.: Недра, 1982).

Биіктікті бақылаудың бірінші циклы реперлері орнатылғаннан кейін 12 ай өткен соң жүргізіледі. Екінші цикл, әдетте бірінші бақылауды орындағаннан 1 – 2 жыл өткеннен кейін жобаланады.

Пландық бақылаулар І - IV классты триангуляция және полигонометрия әдісімен жүргізіледі, мүмкіндік болған жағдайда геодезиялық тораптардың, пункттерінің арасындағы бақылау нүктелері жармалық бақылаулармен анықталады.

Бақылаудың бірінші циклы планда биіктік бақылаудың бірінші циклымен сәйкес болады, екінші – жер бетінің белсенді шөгуі кезінде және де кенорнын өндіруді бастағаннан 5-7 жылдан кейін.

Келесі бақылаулар жер бетінің жылжуына байланысты әрдайым, вертикаль және горизонталь жылжулардың жылдамдығына байланысты жүргізіледі.

Кенорнында игеру жұмыстары тоқтатылғаннан кейін соңғы 2 – 3 өлшеулерден кейін, егер горизонталь және вертикаль жылжулардың мәндері өлшеулердің қателіктеріне жақын болса, онда бақылау тоқтатылады.

Фотограмметриялық бақылау әдісі таулы жерлерде қолданылады. Оның геодезиялық әдістен артықшылығы, алынатын нәтижелердің көп ақпараттылығында. Бұл әдіс көптеген нүктелерді бір мезгілде бақылауға мүмкіндік береді.

Жер бетінің жылжуын зерттеудің әдістерінің жиынтығында мынадай геофизикалық әдістерді қолдану ұсынылады, магниттік және гравиметриялық түсірулер, жер бетінің микро иілулерін кренометр көмегімен өлшеу және т.б.

Гидростатикалық нивелирлеу әдісі көрсеткіштерді тіркеумен, сонымен бірге дистанционды зондтау аспаптары лазерлерді және фотоэлектрлік датчиктерді қолданумен, жер бетінің шөгуі туралы ақпаратты кез-келген уақытта алуға мүмкіндік береді, бұл процестің динамикасын зерттеу үшін өте маңызды.

Геодезиялық полигонды жобалауда міндетті түрде барлық полигон аумағын біркелкі қамтитын бірнеше гидрогеологиялық ұңғымалардың орналасу тәртібін қарастыру керек.

Әрдайым бақылау ұңғымалардың орналасуы біркелкі құрылымды зерттелетін учаскелердің инженерлік – геологиялық қатынастарына байланыстыболады. Әрбір нақты жағдайда ұңғымалардың жиілігі геодинамикалық полигонның жобасына байланысты болады.

Жерасты суының деңгейін өлшеуден басқа олардың температурасын және газдың құрамын да анықтау қажет, өйткені соңғысы аумақтың тектоникалық белсенділігін сипаттайды.

Бақылау жиілігі мынадай болуы керек, нақты берілген бақылаулар су деңгейінің әртүрлі ауытқуларын тіркеуі керек. Жұмыстағы станцияларда бақылауды 1 айда 10 рет жасау қабылданған: әр айдың 3, 6, 9, 12, 15, 18, 21, 24, 27 және 29 күндерінде; айлық нәтиже ретінде бақылаудың орташа мәні қабылданады.

Геодинамикалық полигонда бақылаулар жүргізген ұйым тапсырыс берушілерге келесі негізгі материалдарды геодинамикалық бақылаулар нәтижелері бойынша береді:

  • тораптың бақылау пункттерінің координат және биіктік каталогы;

  • геодинамикалық полигонның мемлекеттік геодезиялық тораптар пункттеріне бекіту абрисі;

  • нивелирлеудің далалық журналы және де бұрыш өлшеу, сызық ұзындығы және бойлық бақылау журналдары;

  • нивелирлеудің бұрыштар және сызық ұзындықтарын өлшеудің атқару схемалары;

  • есептеу журналы;

  • әрбір профиль сызықтары бойынша биіктіктік, өлшенген арақашықтық, бойлық айырмашылықтар және горизонталь бұрыштар мәндері жазылған масштабталған сұлбалар;

  • техникалық есеп беру.

Мұнай өндірісіндегі құрылыс деформациясын бақылау. Өндірістегі маркшейдерлік қызмет әрдайымдылық кезеңді бақылаумен қамтамасыз етеді, бекітілген жобадағы геометриялық қатынастардың элементтерінің техникалық құрылымдарын эксплуатациялық сақтаумен және шөгуді бақылау және мекемелердің, құрылыстардың деформациясымен, комплекске кіретін өндірістің жабдықталуы.

Құрылыстардың деформациясы әртүрлі табиғи және антропогендік (тектоникалық) факторлардың құрылыс табанына және де құрылыстардың өзіне әсері негізінде пайда болады. Құрылыстың негізгі деформациясы тау жыныстарының жылжуының себебіне байланысты негізделген. Бұл жылжулар вертикаль және горизонталь жазықтықта болуы мүмкін.

Құрылыс табанының вертикаль деформациясы мыналарға бөлінеді:

  • шөгу деформациялар, жер қыртысының сыртқы салмақтың әсерінен және кейбір жағдайда өзінің салмағына байланысты болатын жердің тығыздалуы, құрылымының түбегейлі өзгеруіне алып келеді;

  • сіңу деформациялар, жер қыртысының сыртқы салмақтың әсерінен және кейбір жағдайда өзінің салмағына байланысты болатын жердің тығыздалуынан, құрылымының түбегейлі өзгеруіне алып келеді, және де қосымша факторлардың әсерінен, мысалы грунттың ылғалдылығынан, қатып қалған грунттың мұз қабаттарының еруінен және т. б.;

  • ісіну және отыру сазды грунттардың кейбір түрлерінің көлемінің, ылғалдықтың, температураның (суықтан ісіну) немесе химиялық заттардың әсерінен өзгеруіне байланысты деформациялар;

  • шөгу жер бетіндегі пайдалы қазбаларды өндіруден, гидрогеологиялық жағдайлардың өзгеруінен пайда болатын жер бетінің деформациялары.

Мұнай өндіретін мекемелердің нысандарының деформацияларын бақылауда және ұзақ уақыттылығын, сонымен қатар қоршаған ортаны мұнаймен ластауды, жарылыс және өрт шығу қаупін болдырмау үшін жүргізіледі.

Бақылаудың негізгі мақсаты, деформацияларды болдырмау және алдын ала ескерту өз уақытында қабылдау үшін мәліметтерді алу болып табылады.

Біркелкі шөгулер құрылыс салмағының әсерінен және тау жыныстарының қысылуы фундамент астындағы табанының барлық бөліктерінде бірдей болуынан, бірақ мұндай іс жүзінде топырақтың қысылуынан әдетте болмайды.

Біркелкі емес шөгулер құрылыстың бөліктеріне әртүрлі қысымның әсерінен және фундамент астындағы грунттың біркелкі емес қысылуынан туындайды, яғни фундамент үстіндегі ғимарат пен құрылыс құрылмаларының және т. б. деформациялар түрлеріне алып келеді. Осындай деформациялардың көп болуынан фундамент пен ғимарат қабырғаларында жарықшақтар пайда болуы мүмкін.

Ғимараттың өз салмағы әсерінен болатын шөгуі табанындағы грунттарды тығыздауға байланысты біраз уақыт өткеннен кейін тоқтайды. Соған орай құмды грунттарда шөгу бастапқы кезеңдерде үлкен жылдамдықпен жүріп, бірақ тез тоқтаумен сипатталады. Керісінше, сазды грунттардағы шөгу бастапқыда ақырын жылдамдықпен жүріп, көп жылдардан кейін жәйлап тоқтайды.

Табанының және құрылыстың бірлескен деформациясы келесі параметрлермен сипатталады:

  • бөлек фундаменттің табаны немесе құрылыс блоктарының толық шөгуімен;

  • фундамент нүктесінің біркелкі емес шөгуімен;

  • ғимараттың немесе құрылыстың толық орташа шөгуімен;

  • шөгудің салыстырмалы біркелкі еместігінен, яғни екі фундаменттің екі нүктесінің шөгу айырмашылығының олардың арасындағы арақашықтығына қатынасынан;

  • фундаменттің көлбеулігінен, яғни фундаменттің шеткі нүктелерінің шөгу айырмашылығының оның еніне немесе ұзындығына қатынасынан;

  • салыстырмалы иілумен фундаменттің майысу сызығының құрылыс учаскесінің қисаю ұзындығына қатынасымен;

  • құрылыс бұрылымының бұрышымен;

  • құрылыстың горизонталь жылжуымен.

Деформациялардың шектік рұқсат етілген мәндері құрылыстар мен ғимараттарды жобалаудың сәйкес нормаларымен, жабдықтарды техникалық пайдалану ережелерімен немесе жобалаудың тапсырмаларымен орнатылады.

Толтырылмаған көлемі 2000 нан 20000 м3 резервуарлардың түбінің сыртқы контурының горизонтальдан ауытқуы контур бойынша көрші орналасқан екі нүктелердің түбінен  20 мм аспауы керек, ал диаметрі бойынша қарама-қарсы нүктелер үшін -50 мм. Толтырылған резервуарларда ауытқу екі көрші нүктелер үшін 40 мм аспауы керек және 80мм-диаметрі бойынша қарама-қарсы нүктелер үшін.

Көп уақыт бойы пайдалануда болған көлемі 2000-20000 м3 резервуарларда ауытқу, екі көрші нүктелер үшін 60 мм аспауы керек, диаметр бойынша қарама-қарсы нүктелер үшін- 100мм.

700-1000 м3 көлемді резервуарлар үшін ауытқу 75% аспауы қажет, ал көлемі 100-400 м3 резервуарлар үшін-50% жоғарыда келтірілген мәннен. Көрсетілген шекаралардан жоғары ауытқуларда, шөккен учаскелердің табандарын түзетуге тура келеді. Мұнай өндіретін өндіріс объектілерінде деформациялау мен шөгулерді бақылау жұмыстары, ғимарат пен құрылыс бекітілген бөлімдері бойынша орындалады, оларды бақылап отыру керек; бастапқы геодезиялық пункттердің және бақылау (деформациялық) маркаларының орналасу сұлбасы; бақылау жиілігі; қажет дәлдік; есеп құжаттарының тізімі.

Құрылыстың және табанының деформацияларын бақылау нәтижесі, құрылыс пен табанының конструкциясының жобалық шешімдері, құрылыстың сенімділігі мен пайдалануға жарамдылығын қамтамасыз ететінін көрсетеді, сонымен қатар туындаған деформациямен күресу шараларын өз уақытында қолдану немесе ондай қолайсыз жағдайдайлардың туындауын болдырмауға мүмкіндік береді.

Жоғарыда аталғандай, табанның деформациялары табиғи және техногенді факторлардың әсерінен пайда болады.

Негізгі табиғи факторларға жататындар:

  • таужыныстарының сіңуге, суффозиялық және басқа да инженерлік-геологиялық, гидрогеологиялық жағдайларға қабілеті;

  • сулылығынан, таужыныстарының қатаюынан және қатқан мұздыларының еруінен ісіну;

  • температураның көпжылдық және мерзіміне қарай ауытқуына және жыныстардың ылғалдылығы мен грунттық сулардың деңгейіне байланысты гидротермиялық жағдайлардың өзгеруі.

Негізгі техногенді факторларға жататындар:

  • құрылыс салмағының әсері;

  • құрылыс немесе игеру жұмыстарын жүргізгенде грунт суының деңгейін жасанды түсіру немесе көтерумен байланысты таужыныстарының көтеру қасиетінің өзгеруі;

  • жерасты жұмыстарының нәтижесінде табанының әлсіреуі;

  • қасында жаңа құрылыс салғанда немесе ғимаратты қайта құру кезінде табан қысымының өзгеруі;

  • әртүрлі агрегаттардың, механизмдердің жұмыс істеуімен, көлік қозғалысымен және басқа да динамикалық әсерлермен фундаменттің тербелуі.

Ғимараттың деформациясына оның пішіні, мөлшері және фундаменттің қаттылығы, ғимарат және құрылыс ішінде статикалық және динамикалық күштердің таралуы әсер етеді.

Ғимарат және құрылыс деформациялары нақты техникалық талаптарға байланысты, мынандай әдістермен немесе олардың жиынтықтарымен анықталады:

  • вертикаль деформациялар - геометриялық нивелирлеумен; лазерлік дәлдегіштерді қолдана отырып геометриялық нивелирлеумен; тригонометриялық нивелирлеумен, гидростатикалық нивелирлеумен; фотограмметриялық әдіспен;

  • горизонталь деформациялар - жармалық өлшеу әдісімен; бөлек бағытпен; қиылыстырумен; триангуляция, трилатерация, полигонометрия; фотограмметрия;

  • қисаю-оптикалық тәсілдермен дәлдеу, жобалау, координаттау, бұрыштарды немесе бағыттарды өлшеу; тіктеуішті қолдану арқылы механикалық тәсілдермен, кренометрмен және т.б.; нивелирлеу; фотограмметрия.

Мұнай өндіру өнеркәсібі нысандарының деформациясын бакылау жылына 2-4 рет, деформацияның абсолюттік мәніне байланысты, бақылаудың жиілігіне түзету енгізумен жүргізіледі.

Геодезиялық өлшеулердің әр циклынан кейін бақылау объектілерін, олардағы көрінетін деформацияның бар-жоқтығын көзбен тексеру керек. Ғимараттардың фундаменттері мен құрылыс қабырғаларында жырықтар пайда болса, онда оларға қосымша маркалар, маяктар, тесік өлшегіштер орнатылады.

Мұнай және газ кенорындарынн геометризациялау нәтижесінде геометриялық пішінін, пайдалы қазбаның қасиеттерінің орналасу заңдылықтарын және онда жүретін процестердің көрсететін қажетті дәлдікті сипаттайтын, оның графоаналитикалық моделі жасалады. Бұл кенді іздеу, барлау және өндіру мәселелерін шешу үшін керек.

Кенорны шоғырларын барлаудың белгілі әдістеріне байланысты, кен шоғыры жеке нүктелерде немесе жеке сызықтардың қиылысуынан, кеннің пішіні және құрамы туралы мәліметтер, осы нүктелер және қиылысулар арқылы кен шоғыры туралы толық көзқарасты алу үшін керек болғанда геометризациялаудың қажеттігі туды. Бұл көзқарас нысанның мәндерін жеке нүктелерде немесе сызықтың қиылысуларда интерполяциялау арқылы алынады.

Жер қойнауын геометризациялаудың теориялық негізін проф. П.К. Соболевский қалаған, оның түсінігінше, жер қойнауы геохимиялық алаңдардың және кеннің пішіндерінің орналасуының күрделі комплексі болғанымен, бірақ олар әртүрлі заттардың ретсіз кездейсоқ жиналуы емес. Ол, жер қойнауының құрылысы мен пайдалы және зиянды компоненттерінің орналасу заңдылықтарын әртүрлі дәлдік дәрежесінде математикалық сипаттауға болады деп есептеді.

Кенорнын геометризациялауда маркшейдерлік жұмыстар, құрамы флюидтерден тұратын кеннің кеңістіктегі орнын анықтаудан, олардың геометриялық параметрлерін дәлдеуден, сонымен бірге физикалық – химиялық қасиеттерінің таралу заңдылықтарын орнатудан тұрады.

Кенорнын геометризациялаудың негізінде кен шоғыры туралы, кеннің пішіні мен размерлерімен анықталатын, кеңістіктің белгілі бөліктерінде орналасқан физикалық алаңдардың кездесу жиынтығы туралы көзқарас жатыр. Бұлар мұнай және газ шоғырлары үшін, коллекторлардың заттық құрамының алаңы, уақ тесіктіліктің мәндерін орнату, өткізгіштік, мұнай қасиеттерінің өзгермелігі, пластың қысымының таралуы және т.б. Шоғырлардың әрбір қасиеті кен шектерінде кездейсоқ немесе заңды, шамалы немесе кәдімгідей өзгереді.

Кенорнын геометризациялаудың нәтижесінде оның тұрақты міндетін қанағаттандыратын моделі құрастырылады, сондықтан геометризациялау барлық уақытта нақты, сол үшін оны өткізудің типтік шарттарын ажыратуға болады. Геометризацияны түрлері бойынша бөледі: аумақтық және бөлшектік немесе нақты-кенді іздеуде, барлауда және өндіруде, ал тағы да құрамы бойынша: форманың геометризациясы, кендердің қасиеттері және оларда жүретін процесстер. Кендерді және геологиялық басқа денелерді геометризациялау, зерттеу кезінде геологиялық материалдарды өндеудің барлық процесін қамтамасыз етеді. Анық болғандай толықтыру моменттерінің негізгілерінің бірі қималарды корреляциялау және өнімді горизонттарды ажырату болып табылады. Қазіргі уақытта бұл мәселелерді қазіргі заманғы есептеу техникасын қолданып шешуге болады.

Мұнайлы және газды кендерді геометризациялауда кеннің формасын және нышанның кеңістікте таралуын сипаттайтын изолиниямен құрастырылған карталарын қолданады, тағы да кендер көрсеткіштерінің орташа мәнін есептейді.

Шоғырларды зерттеуде және геометризациялауда ерекше орынды корреляция теориясы алады. Бұл кеніш туралы физикалық алаңдардың кездесу жиынтығының түсініктерінен туады. Мұндай жиынтықта шоғырлар қасиетін көрсететін, кеңістікте өзгеретін әрбір алаң, басқа қасиет немесе кеңістіктегі қасиеттердің жиынтығы бойынша көрсетілуі мүмкін. Тәжірибеде қос немесе көп корреляциялаудың есептерін шешуге тура келеді, мұнда электронды-есептеу машиналарын қолдану тиімді. Кеніштерді зерттеудің барлық геофизикалық әдістері негізінде корреляцияға тіркеледі.

Сонымен қазіргі заманда кенорнын геометризациялаудың негізгі міндеті болып көмірсутек шикізаты кенорнындарында құрылымдық сапалық көрсеткіштерінің кеңістіктегі орналасу заңдылықтарын көрсететін, геометриялық модельдерін құрастыру әдістерін жасау болып табылады.

Кенорнының құрылымдық картасын құрастыру. Геометризациялау жұмыстары ұңғымаларды пландық-биіктік бекітуден басталады және графоаналитикалық құрулармен және есептеулермен аяқталады. Оның негізгі мақсаты болып сызба жазықтығында зерттелген жер қойнауының бейнелену әдісін олардың пайдалы қазындылармен құрастыру және осы бейнелер бойынша әртүрлі инженерлік есептерді шығару болып табылады.

Жер қойнауын геометризациялауда әдетте дұрыс емес жазықтықтармен жұмыс істеуге тура келеді, оларға жататындар: топографиялық жазықтың немесе жер бедері жазықтығы; шоғырлардың жату жазықтығы; шоғырлардың пайдалы қазбаларының жату жағының табаны; шоғырлардың пайдалы қазбаларының жоғарғы жағының төбесі; таужыныстарының жанасу жазықтығы; кейбір стратиграфиялық гаризонттар; таужыныстардың литологиялық айырмашылықтары; сулы немесе су өткізбейтін таужыныстар; сулы-мұнайлы (СМЖ), газды-мұнайлы (ГМЖ), газды сулы (ГСЖ) және т. б. жанасулар; пайдалы қазбалардың жату шарттарын талдау жазықтықтары, олардың қалыңдығының өзгеруі; мұнай шоғырларының сулылығы; пайдалы қазбалардың жатуының изотереңдігі; кейбір литологиялық комплекстің немесе стратиграфиялық гаризонттың таужыныстарының изоқалыңдығы; мұнай шоғырларының сулылығының изосызықтары және т.б.

Жер бедері және аталған жасырын беткейлерді бейнелеудің кең тараған тәсілі, горизонтальдар тәсілі болып табылады. Бұл тәсіл өте қарапайым, көрнекті және метриялық есептерді шешу үшін өте ыңғайлы, сол үшін ол кен-геометриялық есептерді шешуде кеңінен тараған.

Топографиялық беткейдің кез келген нүктесі сандық биіктік немесе Z координатасы оның пландық х, y координаталарының функциясы болып табылады, осыдан топографиялық беткейдің матеметикалық көрсетілуі:

Z = F (x, у) .

Бұл функция келесі негізгі шарттармен қанағаттандырылады: соңғылық, бірмәнділік, үздіксіз және бірқалыптылық.

Топографиялық беткейдің кез келген нүктесі үшін Z мәні соңғы шама болып есептеледі. Берілген топографиялық беткейдің х, у координаталарының кез келген мәні үшін Z координатасы тек бір мәнге ие болуы мүмкін. Осыдан, нәтиже, топографиялық беткейі изогипсінің қиылыспаушылық қасиеті. Берлген топографиялық жазықтық үшін х, у координаталарының шексіз аз өзгеруіне, Z координатасының шексіз аз өсімшесі сәйкес келеді. Пландарда изосызықтармен әрбір горизонтальдардың біркелкі сызылуы және топографиялық жазықтықтың көлбеу бұрышының өзгеруі көрсетіледі. Жер бетінің бедері топографиялық жазықтығының қарастырылған қасиеттері жасырын жазықтықтарға да қатысты, олармен маркшейдерлік жұмыстар байланысты.

Жер қойнауының газды және мұнайлы шоғырларының кез келген нүктесінде пласты ұңғымамен ашқанда сынақ таңдалып алынуы мүмкін және уақ тесіктігі m анықталады. m мәнінің қасиеті уақыт және кеңістіктегі х,у,z,t ауыспалы координаталарының кейбір функциясы болады

m= f(x, у,z,t) ,

мұндағы x,y,z - кеңістіктегі кез келген нүктенің координаталары; t - уақыт.

Бұл функция кеңістікте және уақытта элемент орнынан жер қойнауың қасиеттерінің байланысын көрсетіп, жер қойнауының барлық қасиеттері үшін мына шарттарды қанағаттандырады: соңғылығы, бір мәнділігі, үздіксіздігі, ерігіштігі.

Бірақ кенорнын барлау және пайдалану кезеңінде шоғырларының уақ тесіктілігінің m мәні өзгермейтінін есепке алып, формула мына түрде болады

т = f (x,у,z)

Газ және мұнай кенорындарын өндіру кезінде құрылымдық картасынан басқа өндіру картасын құрады: сулылығы, тиімді қалыңдығы, әртүрлі компоненттердің құрамы. Бұл карталардың құру заңдылығы аналогиялық топографиялық жазықтықта горизонтальдармен құрумен бірдей.

Құрылымдық карталар геологиялық қималармен бірге кенорынның немесе шоғырларының құрылымы, қабаттың жағдайы мен орны, тектоникалық ерекшеліктері мен күрделілігі туралы толық түсінік береді. Оларды кен орнын барлауды толық аяқтау үшін, қорларды есептеуде кеннін шекараларын анықтауда, техонологиялық сұлбаларды құрастыруда, қазы жүйесін жобалауда және басқа да өндірістік мәселелерді шешуде, мұнай және газ кен орындарын игеруде қолданады. Сондақтан құрылымдық карталардың дәлдігі мен сенімділігіне, геологиялық қималардың дәлдігіне сияқты жоғары талаптар қойылады.

Құрылымдық картаны әрбір өнірілген кен үшін құрады. Бұл құрылуды дәл геологиялық қималарды құрудың масштабында орындайды. Құрылулар үшін негізгі ақпарат ретінде кен орнын барлауда және игеруде алынатын геологиялық барлаудың мәліметтерінің жиынтығы саналды. Іс жүзінде құруды мыналардан бастайды, планға ұңғыманың беті, барлау ұңғымасы беті өсінің горизонталь проекциясы, ұңғыма өсінің горизонталь проекциясы және оларда берілген кенді кесіп өтетін нүктелер белгіленеді. Нүктенің жанына ұңғыманы инклинометриялау негізінде есептелген биіктігі жазылады. Сонымен бірге планға ұңғымада кездескен жарылып-бұрылу нүктелері түсіріледі және оларды байланыстырады.

Шоғырлардың құрылымдық картасын сол учаскелерде геологиялық қималарды салумен параллель жүргізеді. Құрылымдық картасын құрудың дұрыстығын, геологиялық қималар мен геологиялық карталардың нәтижелерін салыстырумен тексереді, қажет болғанда түзетулер енгізеді.

Карталарда изогипсты, ұңғымалар, берілген кенді қиып өтетін нүктелер биіктігі бойынша сызықтық интерполяциялау әдісімен құрады.

Атап өту керек, кен изогипсын құрғанда интерполяциялауды тек қана бір геологиялық блоктағы орналасқан нүктелер арасында орындау керек, әрбір жылжытқыштан бір жаққа қарай. Егер нүктелер жылжытқыш жазықтығынан әртүрлі жаққа орналасса, онда оларды интерполяциялауға болмайды.

Құрылымдық карталарда жарылып-бұрылуды құру үшін барлық жылжытқыш жазықтықтарын изогипспен калькада тұрғызады және кеннің құрылымдық картасымен біріктіреді. Бірдей кеннің изогипсі және жылжытқыштың қиылысу нүктелері бойынша, кеннің жылжытқышпен қиылысу сызығын құрады. Жылжытқыштардың құрылымдық картасын құрастыру үшін ұңғыманың бұзылулармен кездескен жерінің нүктелерінің берілген нәтижелері қажет.

Изогипстің қиюын таңдау құрылымдық картаға қойылатын талаптарға, сонымен қатар кеннің жазықтығының толық зерттелуіне байланысты. Изогипстің қиюын таңдаудың негізгі шарты – бұл құрастырылған структуралық карта бойынша қажетті дәлдікпен кен орнын игеруде туындайтын техникалық есептерді шешудің мүмкіндігі.

Құрылымдық карталардың дәлдігін бағалау. Құрылымдық картаның қателігі деп топографиялық беткейдің мәнінің оның кез-келген нүктесінде ауытқуы мүмкін шамасын түсінеді. Картаның дәлдігінің өлшемі болып оның кез-келген нүктесінде көрсеткішті анықтау стандарты к табылады, оны орташа квадраттық қателік тк көмегімен бағалауға болады. Картаның жалпы қателігі пластың төбе нүктелерінің пландық – биіктік анықталуының қателіктерінен то және графикалық құрудың қателіктерінен тг жиналады.

Пландық-биіктік анықтаудың дәлдігі х, у және Z өстері бойынша сәйкес нүктені анықтаудың қателігін сипаттайтын тх, ту және тz, қателіктерінен жиналады және мына формуламен анықталады

Графикалық құрудың дәлдігі мына формуламен есептеледі

,

мұндағы mn, mи, m, mн - сәйкес орташа квадраттық қателіктері; планшетке нүктені салудың, интерполяциялаудың, изогипсті жүргізудің және пласт төбесінің анық сипатының сызықтықтан ауытқуының қателігі.

Онда формула жоғарыдағы формулаларды есепке ала отырып мынадай болады

Құрылымдық картаны құрастырудағы рұқсат етілген ауытқудың орташа шамасын мына формуламен анықтуға болады

.

Ескере отырып, тк к ауытқудың берілген шамасында  кейбір қателіктердің теңдей әсер ету принципі негізінде табамыз

тху = тzп = тппгн

,

Осыдан картаның берілген ауданы үшін құрастырулардың орташа квадраттық қателігі мына шартты қанағаттандыруы керек

,

мұндағы t– ықтималдық коэффициентті.

Құрылымдық картаны көшіру қосымша қателікті ткоп туғызады. Одан басқа уақыттың өтуіне байланысты планның немесе көшірмесінің деформациясын ескеру қажет. Мұндай қателіктер картада орындалған өлшемдер нәтижесіне сәйкес түзетулерді енгізумен жойылуы керек. Бірақ оның құрамында кейбір кездейсоқ қателіктер болуы мүмкін. Олардың орташа квадраттық қателігі тд.

Онда құрылымдық картаның көшірмесінің дәлдігі мына формуламен анықталады

Қателіктердің әсер ету принципіне сүйене отырып, формула жоғарыдағы формулаларды ескере отырып мынадай түрде болады

Егер масштабтың дәлдігі 0.1мм болса, онда жеке қателіктердің мәнін тең деп алуға болады, мұндағы М құрылымдық картаның масштабы.

Онда 0.9973 ықтималдықпен табамыз

Онда масштабқа байланысты құрылымдық картаның дәлдігі тең болады

Картаның масштабы Дәлдік, м

1:10000 9,0

1:25000 22,5

1:50000 45,0

Структуралық картаның дәлдігінің келтірілген есебі жуық шамамен болғандықтан, бағалау есебі ретінде ғана қолданылуы мүмкін.

Қабат жабынының анық сипатының сызықтан ауытқуынан туындаған интерполяциялаудың қателіктерін анықтау үшін, картаның өзгергіштік коэффициенті мен ұңғымалардың арасындағы орташа арақашықтықты білу керек.

Мұнайлы горизонттардың жабыны және табанының биіктігін анықтаудың дәлдігі келесі негізгі көздерден жиналады:

тн - биіктігі бойынша геодезиялық тірек пункттерін анықтаудың орташа квадраттық қателігін анықтау.

ту - биіктігі бойынша тірек пункттеріне байланысты ұңғыма бетін анықтаудың орташа квадраттық қателігі.

тh - ұңғыма тереңдігін анықтаудың орташа квадраттық қателігі.

Онда қабат жабынының биіктігін анықтаудың орташа квадраттық қателігі

Бастапқы берілгендердің қателіктерін есепке алмағанда формула былай болады

Сонымен, құрылымдық картаның дәлдігі кен шоғырының бетінің кез келген нүктелерінің орнын анықтаудың орташа квадраттық қателігімен сипатталады.

Мұнай мен газ жоғалымын есепке алу, жер қойнауынан мұнай мен газдың толық алынуын анықтауға мүмкіндік береді.

Жер қойнауындағы жоғалымдарды жобалық және нақты деп бөлуге болады. Жобалық жоғалымдар жобада көрсетіледі және техникалық- экономикалық есептеулермен негізделеді; ығыстырудың толық орындалмауынан, қамтудың толық болмауынан және өндіру ұңғымаларының қатпарларынан және линзалардың өткізуі нәтижесіндегі жоғалулардан қосылады. Нақты жоғалымдардың жобалалық жоғалымдардан айырмашылығы олардың дұрыс жобаланбауынан және жобалау уақытында жеткілікті мәліметтердің болмауынан болады.

Соңғы жоғалымдар мен олардың құрылымын анықтау үшін, қорлар есептелген пластар және кеннің басқа да элементтері арқылы, қорларды дәл есептеу және мұнайды өндіруді есепке алу қажет. Кен шоғырларының өндірілген бөліктерінде жоғалымды есепке алу үшін сол өлшемдерді білу қажет. Алайда мәселе кен шоғырының бөліктері бойынша келтірілген өлшемдердің барлығын есепке алу қажеттілігімен қиындайды.

Пайдалы қазбалар қорының жылжуын жер қойнауын дұрыс және толық тұтынуды бақылау мақсатымен және жұмыстағы ақауларды болдырмау үшін дайындалған қорларды мұнай өндіретін кәсіпорынның жабдықтарымен қамтамасыз етілуін жүйелік бақылау үшін анықтайды.

Пайдалы қазбалар қорының қозғалуын есепке алуды, жерасты байлықтарын дұрыс және толық пайдалануды бақылау үшін және мұнай газ мекемелерінің жұмысы тоқтамау үшін дайындалған қорлармен қамтамасыз етуді бақылау.

Қорлардың қозғалуын есепке алуда қордың сол уақыттағы жағдайы ғана емес, есептеу кезеңінде болған қорлардағы өзгерістердің барлығы көрсетілуі керек.

Кен қорларының қозғалуын есепке алуда белгілейді:

  • мұнай газ өндіретін кәсіпорынның негізгі баланстық қорлары, олардың есептеу кезеңінде қозғалу және есептеу кезеңінің соңындағы қалдықтары;

  • есептеу кезеңіндегі өндіруді;

  • өндіруде негізгі қорлардың жоғалуы;

  • баланстық қорлардағы кен орнын игергенде өндіруге жарамсыз болуынан, коллектордың сүзбеу қасиетінің, не болмаса сол қорлардың құрамында артығымен зиянды компоненттердің болуынан өндіруге жарамсыз болып қалған қорлар.

Қорлардың қозғалуын есептеуді, сол кен орындарын өндіруді басқарушы ұйым белгілеген кезеңдерде орындайды.

Қорлардың қозғалуын есепке алу, есептеулердің дұрыстығына бақылауды қамтамасыз ету керек және кәсіпорынның жұмыс істеуінің барлық уақытында қорлардың өзгеруін көрсетуі керек. Пайдалы қазбалардың қорларының қозғалуын осылай есепке алуын баланстық деп атайды.

Жер қойнауындағы пайдалы қазбалардың қозғалуын есепке алуды белгілі формалар бойынша орындайды. Бұл формалардың үлгілері арнайы қорларды есепке алудың нұсқауларда көрсетілген.

Қордың азаюының себептері:

  • пайдалы қазбаларды өндіруде;

  • жұмыс алаңының, кен орнын игеру процесінде белгілі болған, коллектордың тиімді қалыңдығының азаюы;

  • зиянды компоненттердің болуынан немесе коллектордың кен-игерулік және геологиялық жағдайынан кен орындарының игеру алаңдарын есептен шығарудан;

  • кенорынның өте сулылығынан;

  • мұнайдың өндіру коэффициентінің аздығынан;

  • өндіру жобасы жасалғанда кен шоғырының дұрыс анықталмағанынан.

Қордың ұлғаюының себебі:

  • барлау процесінде белгілі болған пайдалы қазбалардың жаңа шоғырларының немесе олардың бөліктерінің игеруге қосылуынан.

  • мұнай өндіру коэффициентінің орташа қуатының ұлғаюы;

  • өндірудің жетілдірілген басқа әдістерін қолдану.

Нег. 1151-152,163-170

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]