Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
калыбеков лекция.doc
Скачиваний:
72
Добавлен:
13.03.2015
Размер:
794.62 Кб
Скачать

Бақылау сұрақтары:

1.Ұңғыма құрылысының негізгі кезеңдерін айтыңыз.

2.Ұңғыма құрылысында маркшейдерлік қызмет қандай жұмыстарды орындайды?

3.Бұрғылау қондырғысының алаңын тегістеу қалай орындалады?

4.Ұңғыманаң жобадағы орнын жер бетіне көшіру тәсілдерін атаңыз.

5.Бұрғылау ұңғымаларын құрғанда қандай бөлу жұмыстары орындалады?

10 дәріс. Ұңғыма оқпаны өсінің кеңістіктегі орнын анықтау

Ұңғыманың кеңістіктегі орны туралы бастапқы ақпаратты (оның траекториясы профилі) алу зениттік бұрыштар мен азимуттарды өлшеудің нәтижесі болып табылады. Оларды ұңғымада арнайы аспаптар-инклинометрлермен белгілі интервалдан кейін орындайды. Осы мәліметтерді алу процесі инклинометрия деп аталады. Жалпы жағдайда ұңғыманың кеңістіктегі орнын анықтаудың мақсаты, ұңғыма траекториясының қисықтығын сипаттайтын параметрлер туралы белгілі сұлба бойынша ақпаратты алуға және өңдеуге алып келеді.

Инклинометрлер 3 мән алуға көмектеседі: L нүктесіндегі ұңғыма тереңдігін өлшеу; вертикальдан ұңғыма өсінің ауытқу бұрышы θ; Аm нүктесінде ұңғыманың қисаю жазықтығында магниттік азимутты өлшеу.

Қазіргі кезде қолданыста жүрген инклинометлер КИТ және КИТА өзінің техникалық сипаттамасына байланысты өлшену нәтижелерін келесі қателіктермен алуды қамтамасыз етеді; өлшенетін зенит бұрыштарының диапазоны θ- 0-500; зениттік бұрыштарды өлшеудің рұқсат етілген қателігі М -0,5о; магниттік азимутты өлшеудің диапазоны Аm – 0 – 3600; азимуттарды өлшеудің рұқсат етілген қателігі (θ≥30) болғанда МАm±40.

Геологиялық және техникалық сипаттамасына байланысты ұңғымалар белгіленген жоба бағытынан ауытқиды; вертикаль ұңғыма вертикальдан ауытқиды, ал еңкіш бағытталған - жоба бағытынан. Берілген бағыттан ұңғыманың ауытқуын – ұңғыманың қисаюы деп атайды.

Кеңістікте қандай да бір L тереңдікте ұңғыма өсінің орны екі элементпен анықталады: -АА// вертикальдан АВ ұңғымасының θ ауытқу бұрышы мен өстің горизонталь проекциясының α дирекциондық бұрышы (15-сурет).

Ұңғыманың планын және профилін құру үшін, оқпан бойынща ұңғыма тереңдігін және оның вертикаль тереңдігін қосымша білу қажет. Бұл тереңдіктердің айырмашылығы ұңғыма оқпанының ұзару шамасы болады, онымен қазбаның жобалық тереңдіктен ауытқуын анықтауға болады. А нүктесін ұңғыманың сағасы деп қабылдаймыз. Онда ұңғыма өсінің В нүктесінің кеңістіктегі орны ℓ интервалында А бетінен мына формула бойынша анықталады:

ХВА+∆Х,

УВА+∆У,

ZВ=ZА+∆Z,

мұндағы ХА, УА - ұңғыма бетінің тік бұрышты координаталары; ZА – ұңғыма бетінің абсолюттік биіктігі.

Координаталардың өсімшелерін былай анықтаймыз

15-сурет. Ұңғыманың ауытқу сұлбасы

мұндағы S – ұңғыма өсінің l итервалының горизонталь проекциясы, α оның дирекциондық бұрышы;

АІАВ үшбұрышынан мынаны аламыз

S=,

Онда бұл теңдеу мына түрге айналады

Ұңғыма оқпанының l интервалында ұңғыманың қисықтыққа түзетуі аталатын ∆l ұзаруы былай анықталады

Әрбір l интервалында θі және αі элементтеріне өлшеу жүргізілгендіктен, анықталатын кез келген К нүктесінің координата өсімшелері ұңғыманың бетіне байланысты соңғы нүктелерінің координаталар өсімшелерінің жиынтығына тең болады

Олай болса, қисаю элементтерінің өлшеулері жүргізілген ұңғыма өсінің К нүктесінің кеңістіктегі координаталарын мына формулалар бойынша есептеуге болады

Жоғарыдағы формулаларды ескере отырып осы формула мына түрді қабылдайды:

Ұңғыма өлшенетін магниттік азимуттан дирекциондық бұрышқа ауысуы өлшенген шамаларға түзетулер енгізу арқылы мына формулаға байланысты анықталады

 = Ам +  -,

мұндағы δ – магнит нұсқарының бұрылу бұрышы, γ – меридиандардың жақындасу бұрышы; δ және γ бұрыштары формулаға өзінің таңбаларымен қойылады. Олардың шамалары топографиялық карталарда көрсетіледі.

Кеңістіктегі ұңғыма оқпаны өсінің орнын бақылау. Ұңғыма оқпаны өсінің траекториясы әрдайым жобадағыға ұқсамайды. Рұқсат етілген кенорнын өндіру, ұңғымаларды бұрғылау және оларды пайдалану талаптарын ескере отырып анықтайды. Кенорнын игеру жобасында әрбір ұңғыма үшін тиімді горизонтты ашудың белгілі нүктесі қарастырылады. Сонымен бірге ашу нүктесінің жобалық-технологиялық құжаттарда қарастырылғаннан, бұрғылау алаңының геологиялық құрылымын, қабаттың физикасын, бұрғылаудың технологиялық факторларын, ұңғыманы жүргізу және оның кеңістіктегі орнын анықтаудың қателіктерін есепке алатын кейбір ауытқулары рұқсат етіледі.

Ұңғыманы бұрғылау және пайдаланудың тиіді шарты үшін ұңғыма оқпаны өсінің жалпы қисаю бұрышын, оқпанның қисаю қарқындылығы (жалпы қисаюдың градуспен ұңғыма интервалының ұзындығына қатынасы, ондық метрлермен көрсетіледі).

Жалпы қисаю бұрышы φ мынадан анықталады:

Ұңғыма оқпаны өсінің жалпы қисаю бұрышының қателігі мынаған тең

мұндағы θі, θі-1 – интервал басындағы және аяғындағы ұңғыма оқпаны өсінің вертикальдан ауытқу бұрышы; αі, αі-1 - өлшеу интервалының басындағы және соңындағы азимут; mө - ұңғыма оқпаны өсінің вертикальдан ауытқу бұрышын анықтаудың орташа квадраттық қателігі; mα – азимутты анықтаудың орташа квадраттық қателігі.

Ұңғыма оқпаны өсінің өзгеше нүктесінің дәлдігін бағалаудың критериі ретінде орташа квадраттық қателігі алынады.

Ұңғыма оқпаны өсінің өзгеше нүктесінің орнын жазықтықта және кеңістікте сәйкес эллипс немесе эллипсоид қателіктері арқылы бағалауға болады.

Ұңғыма оқпаны өсінің өзгеше нүктесінің нақты орнын, оның жобадағы орнымен салыстыру үшін 1:500 – 1:2000 масштабтағы ұңғыманы жүргізудің, ұңғыма оқпаны өсінің жобалық және нақты трассасы бейнеленген кезекші планы болу керек.

Құрылыс-монтаж жұмыстарының дәлдігін маркшейдерлік бақылау. Оған кіретіндер: ғимараттар мен құрылыстардың, оларды монтаждау процесінде конструкциясының нақты орнын (планда және биіктігі бойынша) тексеру; тұрақты орнатылған конструкциялардың нақты орнын атқарушы түсіру.

Маркшейдерлік тексеруге ғимарат және құрылыстың барлық тіреуші және қорғаушы конструкциялары, сонымен бірге инженерлік коммуникациялар жатады.

Атқарушы түсіруге ғимараттар мен құжаттар, тек қана келесі монтаждаудың дәлдік талаптарын орындайтын конструкциялары жатады. Атқарушы түсіруге жататын конструкциялар тізімі, жұмысты орындау жобасына байланысты.

Конструкциялардың нақты орыны (тіктігі, тегістігі, т.б.) құрылыстың барлық кезеңдерінде, құрылыс-монтаждау мекемесімен анықталуы керек. Оның орындарының дұрыстығын жұмыс сызбаларында көрсетілген размерлері және биіктіктерін салыстыру арқылы және СНиП-та белгіленген шегінің шамалары арқылы тексереді.

Конструкцияның пландық орнын бақылауды, өстері немесе конструкция қырлары арасындағы арақашықтықты өлшеумен, биіктік орнын бақылауды-геометриялық нивелирлеумен, тіктігін бақылауды-механикалық тәсілмен (5м дейін биіктікте) көлбеу жобалау әдісімен, ал 50 метрден жоғары биіктікте зенит аспаптарымен орындайды.

Геодезиялық өлшеудің қателігі СНиП-та немесе техникалық жобамен қаралған шек шамасынан 0,2-ден көп болмауы керек.

Атқарулық түсіру нәтижесімен атқарулық сұлбалар құрастырылады, олармен жұмыс сызбаларында көрсетілген конструкциялардың нақты орнының размерлерге және биіктіктерге сәйкестігі дәлелденеді.

Нег. 1 [95-102]

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]