Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
makal matelder.docx
Скачиваний:
11
Добавлен:
22.02.2015
Размер:
167.02 Кб
Скачать

Пайда, олжа, шығын

Мал өсірсең қой өсір, Өнімі оның көл-көсір.   Құдаңның тайын алғың келсе, Құлынды биесін сұра.   Ат аунаған жерде түк қалар.   Алдамасаң — базар жоқ.   Байдан пайда құтылмас.   Жамау тапқан жарлы болмас.   Аспандағы сұңқардан қолдағы тұрымтай артық.   Қайырсыз пайдадан — қайырлы залал.   Оңай олжа оңалтпас.   Артық олжа — басқа еңбек.   Өлі арыстаннан тірі тышқан артық.   Таңдағы тауықтан сол күнгі жұмыртқа артық.   Жолдағы құйрықтан қолдағы өкпем артық.   Бүлінген ауылдан бүлдіргі алма.   Керек тастың ауырлығы жоқ.   Шығасы шықпай кіресі кірмейді.   Бір жоқ бір жоқты табады.   Саудада достық жоқ.

Өлген сиыр сүтті болады.   Жоғалған пышақтың сабы алтын.

Ескі жұрттың кәдірі көшкенде білінер, Ер жігіттің кәдірі өлгенде білінер.   Оңай олжа тұрмас қолға.   Желмен келген желмен кетеді.   Ханның қасында болғанша, судың басында бол.   Саудагер құнықса, сақалын күзеп сатар.   Алтын базарында бағалы.   Алдың — ұттың, Саттың — жұттың.   Ала қойды бөле қырыққан жүнге жарымас.   Сүйекпен ұрған ит қыңсыламайды.   Қыстағы қар, жаздағы жаңбыр — Жерге жауған нұр.   Шығасыға иесі басшы.   Ит төлеуі бір күшік.   Бір жол бар жақын, Жақын да болса алыс. Бір жол бар алыс, Алыс та болса жақын.   Ортақ өгізден оңаша бұзау артық.   Жаужұмыр жақсы болса, Итке тастар ма еді.

Сақтық, ұқыптылық, бейқамдық   Сақ жүрсең, сау жүресің.  

Құдайдан қорықпа,    Құдайдан қорықпағаннан қорық.

Жаман көзден, Жалған сөзден сақтан.   Тыстағы мың жаудан, Үйдегі бір жау жаман.   Қайғысыз қара суға семіреді.   Қайғысыз ішкен қара судың қаймағы бір елі.   Көрмеген жердің ой-шұңқыры көн.   Көп ойласаң — дана боласың. Көп ойнасаң — бала боласың.   Көсеу ұзын болса, қол күймес.   Итпен жолдас болсаң, таяғынды тастама.   Жауың тышқан болса, арыстан деп қара.   Қамданған қапы қалмайды.   Адам сөзінен жазады, Сиыр мүйізінен жазады.   Аузы күйген үрлеп ішер.   Тістейтін жылқы тісін көрсетпейді.   Кетпеннің басын бассаң, сабы маңдайыңа тиер.   Жер екеш жердің де кұлағы бар.   Казаға тиме — қарасы жұғар, Балаға тиме — бәлесі жұғар.   Сырын білмеген аттың сыртынан жүрме.   Құлайын деп тұрған тамға сүйенбе.   Сақтықты сұңқардан үйрен.   Жаздың қамын қыс ойла, Бір ойлама, үш ойла.   Қыстың қамын жаз ойла, Жаздың қамын қыс ойла.  

Бір күндік жолға шықсаң, Үш күндік жол азық ал.   Ер жаңылып қолға түсер. Құс жаңылып торға түсер.

Гүрілдеп келген жаудан Күлімдеп келген қас жаман.   Жатқан жыланның құйрығын баспа.   Сумен ойнама — батарсың, Отпен ойнама — күйерсің.   Досыңмен көп сөйлеспе — жолынан қалар, Дұшпаныңмен көп сөйлеспе — сырыңды алар.   Оң көзіңе сол көзің қарауыл болсын.   Сапарға шықпас бұрын серігіңді дайында Үй салмас бұрын көршіңді ойла.   Соқырдың қолына түспе, Саңыраудың астына түспе.   Дос деп сынамай сырыңды айтпа: Достың да досы бар.   Қаңтарда қалпақ киім болмайды.   Жау жоқ деме -— жар астында, Бөрі жоқ деме — берік астында.   Екеу болсаң, бір біріңмен кеңес, Біреу болсаң, қабырғаңмен кеңес.   Үй менікі демеңіз, Үй артында кісі бар.   От пен су — тілсіз жау.   Кетемін деп отыныңды тауыспа.   Сақау алыстан сайрамаса үйіне жеткенде даусы шықпайды.   Күле кіріп, күңірене шыққаннан сақтасын.   Өзі саққа құдай жақ.

Қайырымдылық, қайырымсыздық   Жақсыға қылған жақсылық Өміріңде тозбайды, Жаманға қылған жақсылык Бір күнгідей болмайды.   Құдықтап су ішкен, Қазғанға рахмет айтады, Ағашты көлеңкелеген, Еккенге рахмет айтады.   Бір күн тұзын татқапға, қырық күи сәлем.   Жауызға айткан жылы сөз — Суға жазған сертпен тең.   Сиыр сипағанды білмейді, Жаман сыйлағанды білмейді.   Өзім асыраған күшігім өзімді қапты.   Қадірінді білмеске Қадамынды көтерме.   Су ішкен құдығыңа түкірме.   Ит атасын танымас.   Бөрі баласын асырағанмен ит болмас.   Итті күшігім десең, аузыпды жалайды.   Таршылықты көрмесең кемшілікті білмессің.   Өзі болған қыз төркінін танымайды.   Ашаршылықта жеген құйқаның дәмі кетпіейді.   Басы ауырмағанның құдаймен ісі жоқ.   Саңырауға сәлем берсең, «атаңның басы» дер.   Ит иесіне үрмес.   Есекті отқа айдасаң, боққа қашар.

 

 

Тәрбие, үлгі, өнеге  

Бала тәрбиесі — бесіктен.   Жақсы келін — кызыңдай, Жақсы күйеу — ұлыңдай.   Әдепті бала — арлы бала, Әдеисіз бала — сорлы бала.   Алдынғы арба қайда жүрсе, Соңғы арба сонда жүрер.   Жаны сұлудың тәні сұлу.   Қызым, сағап айтам, Келінім сен тыңда.   Сынықтан өзгенің бәрі жұғады.   Ананың ізін қыз басар, Атаның ізін ұл басар.   Айтушы ақылды болса, Тыңдаушы дана болады.   Өзінді-өзің сыйламасаң, Өзгеден сый дәметпе.   Сиыр су ішсе, бұзау мұз жалайды.   Сұңқар қанаты ұшқанда қатаяды.   Ұлың өссе, ұлы жақсымен ауылдас бол, Қызың өссе, қызы жақсымен ауылдас бол.   Әкесі қой баға білмегеннің, Баласы қозы баға білмейді.   Кеме келсе, қайық судан шығады.

Сақтықты соқырдан үйрен, Кішілікті түйеден үйрен.   Ағасына қарай інісі, Апасына қарай сіңілісі.   Сын түзелмей, мін түзелмейді.  

  Бабасы еккенді, баласы орады.   Апасының киген тонын сіңілісі де киеді.

Елгезек екі айтқызбайды.   Төрбиелі адам — тағалы атпен тең.   Жақсылық еккен алғыс орады.   Жақсының үлгісі — Жанып тұрған шамдай. Шешеннің сөзі — Ағып тұрған балдай.   Әкені көріп ұл өсер, Ананы көріп қыз өсер.   «Кет» десе ит те кетеді.   Итті күшігінде үйрет.   Үлкен бастар, кіші қостар.   Ата көрген оқ жонар, Ана көрген тон пішер.   Шыбық тимес, шыңқ етер.   Жүзден жүйрік, Мыңнан түлпар.   Ұлы жол үйіңнің табалдырығынан басталады.   Тісі шыққан балаға Шайнап берген ас болмас.   Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі.   Әдепсіз өскен адамнан, тәртіппен өскен тал жақсы.   Үлкенді сен сыйласаң, кіші сені сыйлайды. Кіші сені сыйласа, кісі сені сыйлайды   Ине өткен жерден жіп өтер.