Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
makal matelder.docx
Скачиваний:
11
Добавлен:
22.02.2015
Размер:
167.02 Кб
Скачать

Үнемшілдік, үнемсіздік

Теңге тиыннан өсер, Жылқы құлыннан өсер.   Есепсіз дүние жоқ.   Саумал ішсең қымыз жоқ, Байтал мінсең құлын жоқ.   Жыраққа қойсаң жақыннан аларсың.   Түстік өмірің болса, кештік мал жина.   Алтын тапсаң, санап ал.   Ақша кетуге тырысады. Есеп ұстауға тырысады.   Ескі киімді баптағаның, Жаңа киімді сақтағаның.   Қолда барда алтынның қадірі жоқ.   Тамшыдан тама берсе дария болар.   Судың да сұрауы бар.   Есептемегенге бәрі түгел.   Сауып ішсең мың күндік, Сойып жесең бір күндік.   Атыңнан айрылсаң да, Ер-тоқымыңнан айрылма.

Үзіп жеген үнемге жатпайды.

Ескі киім жаңа киімнің қорғаушысы.   Касықтап жинағанды шөміштеп төкпе.   Базары жақын байымас.   Үй болғанда көсеу де керек.   Қолдағының құны жоқ.   Алыстан арбалағанша жақыннан дорбала.   Қазанға түскен қайтып қапқа түспейді.   Жаман қойшы жайлауын бір күн жейді, Жақсы қойшы жайлауын мың күн жейді.   Жұмыртқаны жегенің — Тауықты құрттым дегенің.   Дария басы — бұлақ.   Шашу оңай, жинау қиын.   Атын алдырған ерін жоқтамайды, Басын алдырған сақалын жоқтамайды.

Сараңдық, мырзалық 

Қолында жоқ — жомарт.   Жарлының байда тоқтылы қой ақысы кетіпті.   Ер қолына мал тұрмайды, Елек ішінде су тұрмайды.   Бай аузында семіз соз.   Құзғын ас таңдамайды.   Қарғаның бір көзі оқта, бір көзі боқта.   Көз бір уыс топыраққа тояды.   Алтын тыққан адам аштан өлер.   Аласыға алтау аз, Бересіге бесеу көп.   Көтере алмаған, қосып арқалайды.   Түйе сойған, ешкі сойғаннан дәметіпті.   Сыйлап берген су да тәтті.   Қас екеніңді қабағыңнан танимын, Сараң екеніңді табағыңнан танимын.   Өзі сұрағаннан сарқыт дәметпе. Піскен астың күйігі жаман.   Біреуге мал қайғы, Біреуге жан қайғы.   Сараң да бір, сасық су да бір.   Етпен қарын тоқ, Ниетпен жаның тоқ.   Өзі тоймастың көзі тоймас.   Екі сараңның қолы бір-біріне әзер жетеді.   Алаған қолым береген.   Сараңның қолы қалтырауық.   Қас сараң өз тамағын өзінен тығады.   Сараңның асы піскенше, таудың тасы піседі.   Соқырдың өз бидайын өзіне қуырып беріп.   Берместің асы піспес, Қазаны оттан түспес.

Сараңдық ауылдастан жұғады, Я бауырластан жұғады.   Қолы ашықтың — жолы ашық

Берместің сылтауы көп.   Иттен сүйек қарыздар.   Өзі тойса да көзі тоймайды.   Жетімнің қарны жетеу.   Табақты үйдің тауығы — Қос жұмыртқа туады.   Сараң асын бермейді, Көзінің жасын береді.   Төренің тілі тәтті, діні қатты.   Сараңнан сарқыт жегенше, Иттен тартып же.   Бермегенді беріп ұялт.   Тілеушінің бір беті қара, Бермеушінің екі беті қара.   Берген жомарт емес, алған жомарт.   Алтын көрсе періште жолдан таяды.   Жыланға түк біткен сайын қалтырауық болады.   Екі тышқан бір байдың жұртына таласыпты.   Ақылды арын қорғайды, Сараң малын қорғайды.   Сараңдықтың соңы — арамдық.   Сараңға саңыраулық қонады, Естісе де естімеген болады.   Жақсыны арман аздырар, Жаманды құлқын тоздырар.   Біреу бетінен жазады, Біреу ниетінен жазады.   Жақсы — арына құл, Жаман — малына құл.   Жебір түйе жабуын жер.   Өз нәпсісін жеңген — батыр.   Түлкі түсінде тауық көреді.   Алмақтың да салмағы бар