Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
makal matelder.docx
Скачиваний:
11
Добавлен:
22.02.2015
Размер:
167.02 Кб
Скачать

Отан туралы

Отан — елдің анасы Ел - ердің анасы Туған жердей жер болмас, Туған елдей  ел болмас. Отанды сүю — от басынан басталады.

Отан оттан да ыстық. Ел іші — алтын бесік.   Пәлен жерде алтын бар, Өз  жеріңдей кайда бар. Ел-елдің бәрі жақсы, Өз елің бәрінен де жақсы. Туған жердің жуасы да тәтті.   Әркімнің өз жері — жұмақ. Ер елінде, гүл жерінде. Өз елінде көртышқан да батыр. Өз елінің иті де қадірлі. Ауыл итінің құйрығы қайқы.   Отан ұшін күрес — Ерге тиген үлес. Кұртақандай торғай да, Өз ұясын қорғайды.   Орағын өткір болса, Қарың талмайды. Отаның берік болса, Жауың алмайды.

Отансыз адам — Ормансыз бұлбұл.   Пәлен жерде алтын бар, Іздеп барсам мыс та жоқ. Туған жердің қадірін Шетте жүрсең білерсің.

 

Үйде оңбаған, Түзде де оңбайды. Елінен безген ер болмас, Көлінен безген қаз болмас. Сағынған елін аңсайды, Сарыала қаз көлін аңсайды.

Ат айналып қазығын табар, Ер айналып елін табар. Адасқанның айыбы жоқ, Қайтып үйірін тапқан соң. Жат жердің қаршығасынан Өз еліңнің қарғасы артық. Кісі елінде сұлтан болғанша, Өз елінде ұлтан бол. Бақа көлінде патша, Балық суында патша. Жігіт елінде патша. Туған жердің ауасы да шипа. Ит тойған жеріне, Ер туған жеріне. Егілмеген жер жетім, Елінен айырылған ер жетім.   Отанға опасыздық еткенің, Өз түбіңе өзің жеткенің. Ерінен айырылған көмгенше жылайды,  Елінен айырылған өлгенше жылайды.

Хaлық туралы

Өзін өзі білген ер бақытты, Өзін өзі билеген ел бақытты.   Су жүрген жер береке, Ел жүрген жер мереке.   Айна айна емес, халық айна.   Халық қартаймайды, Қара жер қартаймайды.   Халыққа қарсы жүру — Ағысқа қарсы жүзу.   Көппен көрген ұлы той.   Халық қатесіз сыншы.   Халық — дана.   Берекені көктен тілеме Бірлігі мол көптен тіле.   Көптің қолы көкке жетеді. Көптен қулық артылмас.   Ел артындағы шаң жұтады, Ел алдындағы май жұтады.   Елге дұшпан жерге сыймас, Жерге дұшпан елге сыймас.   Жер шежіресі — ел шежіресі.   Халық қаһары қамал бұзар.   Көп тепкен жерден көл шығады.   Жол жолға жалғасады, Ел елге жалғасады.   Тай тулап үйірінен шықпас.   Елін сатып асаған, Екі күн-ақ  жасаған.   Елден безген көмусіз қалар.   Жалғыз жүріп жол тапқанша, Көппен бірге адас.   Халық сүймес, Халық сүйген — Суға батпас, отқа күймес.   Атыңнан айрылсаң да, Ер-тоқымыңнан айрылма. Қатыныңнан айрылсаң да, Қазан-ошағыңнан айрылма. Қазан-ошағыңнан айырылсаң да,  Халқыңнан айрылма.   Қасықпен көлді құрта алмайсың, Қастықпен елді құрта алмайсың.   Атаңның баласы болма, Адамның баласы бол.

Қара жерді жамандама, Қайтып сонда барарсың. Қауым елді жамамдама, Қарғысына қаларсың.   Көптен бақыт құтылмас.   Елде түлкі аштан өлмес.   Көп күлкісі күннен де жылы.   Елді сыйлағаның — өзінді сыйлағаның.   Елдің көзі елу.   Ел құлағы — елу.   Қатардан ассаң да, Халықтан аспақ жоқ.   Кеңесті елде кек болмас.   Көпті сөккен көгермес.   Көп іздеген көмбе үстінен шығады.   Коптің қолы ұзын.   Көл толқыса — жар құлайды, Көп толқыса хан құлайды.   Халық айтпайды, Халық айтса, қалт айтпайды.   Өзге елге ұл болғанша, өз еліңе құл бол.   Аздың азаншысы болғанша, Коптің қазаншысы бол.   Халық аузына қақпақ қойып болмас.   Құдайға жазсаң жаз, көпке жазба.   Бестің басы болғанша, алтының аяғы бол.   Құдай қарғысынан халық қарғысы қаһарлы.   Көпке тентек — құдайға шет.   Көптен қоян құтылмас.   Көп түкірсе көл болады.   Ел аузына елек қойып болмас.   Көптік қайда болса, Тоқтық сонда болады.   Көптің көзі көреген, қолы береген   Көп алғысы көгертер.   Көзсіз күнелтсең де, Көпсіз күнелте алмайсың.

 

 

Ағайын-туыс

Сыйласуға жат жаксы. Жыласуға өз жақсы.   Ағайын бір өліде, Бір тіріде керек.   Күйеу жүз жылдық, Құда мың жылдык.   Жаман ағайын бар болсаң көре алмайды, Жоқ болсаң, бере алмайды.   Жауда да бір үйің болсын.   Ағайын тату болса ат көп Абысын тату болса ас көп.   Жаман да болса ағамыз, Жақсыны қайдан табамыз.   Мал қонысын іздейді, Ер туысын іздейді.   Жақынынды жат етсең, Жатка күлкі боларсын.   Әпкенің үйі — кең жайлау.   Қасқыр да жолдасына қас қылмайды.

Бір көрген біліс Екі көрген таныс.   Жаман туыстан жат артық.   Үйдің жылы-суығын Қыс түскенде білерсің, Кімнің алыс-жақынын Іс түскенде білерсің.   Әулие де қасындағысын қолдайды.   Ағайын бірде араз, бірде тату.   Ағайының бай болса, асағаның май болар.   Туғаныңмен сыйыспасаң, кең дүниеге сыймассың.   Бір ауылда мың туысың болғанша, Әр ауылда бір туысың болсын.

 

Бірлік, сыйластық, ынтымақтастық

Ел бірлігі — ел теңдігі.   Бірлік болмай тірлік болмас.   Ынтымақ жүрген жерде Ырыс бірге жүреді.   Бірлігі жоқ ел тозады, Бірлігі күшті ел озады.   Бірлікті ел бұзылмас.   Жұмыла көтерген жүк жеңіл.   Бірлік, ынтымақ — байлық бақ.   Бірлік жоқ болса, ұйым жоқ. Ұйым жоқ болса, күйің жоқ.   Сырттан келген жаудан да Іштен шыққан дау жаман.   Екі құзғын таласса, Бір қарғаға жем түсер.   Ауылдың иті ала болса да, Бөрі келгенде бірігеді.   Саусақ бірікпей Ине ілікпейді.   Тобынан айрылған қазды Топталған қарға алады.  

Кең киім тозбайды, Кеңесші ел азбайды.   Біріккен жүз Бытыраңқы мынды алады.   Ырыс алды — ынтымақ.   Кеңесіп пішкен тон келте болмас.   Алтау ала болса, Ауыздағы кетеді.   Төртеу түгел болса, Төбедегі келеді.

Кемедегінің жаны бір.   Теңге тиыннан. Ынтымақ ұйымнан.   Байлық — байлық емес, бірлік — байлық.   Қол жұмылмай — жылынбайды.   Кеңеспен шешкен шешімнің кемісі болмас.   Ынтымақ болмай іс оңбас.   Топтанып ұшқан торғайға Тұрымтай да бата алмас.   Үйдің басын қатын қосар, Елдің басын батыр қосар.

Әкімгершілік, күшгілік

Тасты тас қозғалтады.   Нар жолында жүк қалмас.   Ит жүйрігіп түлкі сүймес.   Бір мылтықтың аузына мың кісі сияды.   Екі қошқардың басы бір қазанға симас.   Тоқпағы мықты болса, киіз қазық жерге   кірер.   Түйепі жел шайқаса, ешкіні көктен ізде.   Жыланды үш кессе де кесірткелік әлі бар.   Екі нар сүйкенсе, арасында шыбын өлер.   Тышқанның тәңірі — мысық.   Кішкентай тастан, қауақтай   бас жарылады.   Жүйрік ат — бірде ат, бірде қанат.   Аты семіздің — жолы тегіс.   Ергежейліге есектен биік колік жоқ.   Алмасты алмас кеседі.   Қолы ұзын сүйгенін алады, Қолы қысқа тигенін алады.

Ит жеңгенін талайды.   Әлсіз әр уақытта айыпты.   Атты ақысын жаяуға жібермейді.   Түсіңе сенбе, күшіңе сен.   Теңіз кешкенге өзен сирағынан да келмейді.   Жұмсам — жұдырығымда, Ашсам — алақанымда.   Күштінің қолы ұзын.   Қашса құтылатын, қуса жетеді.   Қасқыр қартайса да бір қойға күші келеді   Киіз кімдікі болса, білек соныкі.   Екі тұйғын жабылса, қаздың соры.   Түйе өлген жерде жүк қалар.   Әр нәрсе сынарда өзінен мықтыға жолығады.   Күш атасын танымайды.   Күшенген жеңбейді, күші көп жеңеді.   Екі қылыш бір қынапқа сыймайды.

 

Адам туралы

Адам деген ардақты ат. Адамдықтан үлкен ат жоқ, Наннан үлкен ас жоқ.   Адамгершілікке арналған үш сауал бар: Шөлге құдық қазған бір сауап, Өзенге көпір салған бір сауап, Жолға ағаш еккен бір сауап.   Еңбек — адамның көркі, Адам заманның көркі.   Біреу, біреуге сүйеу.   Адамды алдау — Арыңның алдында қылмыс, Ағаны алдау — Анаңның алдында қылмыс.   Талабы жоқ жас — Қанаты жоқ құс.  

Ормансыз жер — жалаңаш,   Армансыз ер — жалаңаш.  Ат аяғынан семірер, Адам құлағынан семірер.   Адам тастай берік, Гүлдей нәзік.   Адам жүрген жермен адам жүреді, Біреу білмегенді біреу біледі.   Адамның күні адаммен.   Адам бір-біріне қонақ.   Ат жақсысын мақта, Адам жақсысын жақта.   Адам қайғысы — заман қайғысы.   Күйесіз қазан жоқ, Қайғысыз адам жоқ.   Жасық адам жасына жетпей қартаяр,   Асыл адам жасына жетпей марқаяр.   Он адам жүрген жерде із қалады,  Жүз адам жүрген жерде — соқпақ, Мың адам жүрген жерде жол қалады  

Кісіні кейде таршылық сынайды, Кейде баршылық сынайды.   Әркімнің өзі шығар биігі бар.   Адамына қарай сәлемі.   Адамның сырты алдамшы.   Адамға адам жат емес.   Жұмсақ ағаш құртқа жем, Жұмсақ адам жұртқа жем.   Адам болып туған соң, Адам болып өлу лазым.   Жаңылмас жақ болмас, Сүрінбес тұяқ болмас.   Адам ұйымшыл, Мал үйіршіл.

Бейтаныс кісі — Бітеу жаңғақ.   Қағазға тіл бітірген — қалам, Жансызға жан бітірген — адам.   Адам қатесіз болмас, Көл бақасыз болмас.   Адам аласы ішінде, Мал аласы сыртында.   Адам көркі шүберек, Ағаш көркі жапырақ.   Адам ойға тоймас, Борі қойға тоймас.   Дүниеде тас қатты, Тастан да бас қатты.   Адамның ұяты бетінде, Адамгершілігі ниетінде.   Темір сырын отта танытады, Адам сырын жоқта танытады.   Атаңның баласы болма, Адамның баласы бол.

Ата-ана мен бала

Қарға баласын аппағым дер, Кірпі баласын жұмсағым дер.   Балалы үйдің ұрлығы жатпас.   Барды — балама, жоқты — санама.   Бесіксіз үйде береке жоқ.   Боранды күні бала құтырар, Желді күні ит құтырар.   Ананың көңілі балада, Баланың көңілі далада.   Әкеге баланың алалығы жоқ.   Ерке бала екі жылар.   Ағайын — алтау, ана — біреу.   Құс балапаны үшін тұзаққа түседі, Адам баласы үшін азапқа түседі.   Бір жақсы қыз екі жаман ұлға татиды.   Қыз жоқ жерде қызық жоқ.   Астың дәмін тұз келтірер, Ауылдың сәнін қыз келтірер.   Ағайынның алтын сарайынан Ананың жыртық лашығы артық.   Балалы үй—базар, Баласыз үй — мазар.   Қыз — қонақ.   Бала көңілдің гүлі, көздің нұры.   Өгізге туған күн, бұзауға да туады.   Атадан жақсы ұл туса, Елінің қамын жейді. Атадан жаман ұл туса, Елінің малын жейді.   Он бала бір әкеге жүк болмайды, Бір әке он балаға жүк болады.   Үйің үй-ақ екен, ішінде ойнайтын баласы болса.   Екі қатынның баласы — екі рулы елдей.   Жақсы әке жаман балаға қырық жылдық ризық.   Әке өліп бала қалса— «мұратына жеткені», Бала өліп әке қалса — арманы іште кеткені.   Енесі тепкен құлынның еті ауырмас.   Есер баладан ерке бала жаман.   Әкең өлсе де, әкеңді көрген өлмесін.   Қай қолыңды кессең де, жанға батуы бірдей.   Әкесін сыйламаған кісіні, баласы сыйламайды.   Ұл туғанға — күн туар.   Ананың сүті — бал, баланың тілі бал.   Алты ұл туған ананы — Ханым десе болады, Кезек сыйласқан ағайынды — Жаным десе болады.   Тайдың мінгені білінбес. Баланың істегені білінбес.   Тауықты тойындыра алмайсың, Қызды киіндіре алмайсың.   Жеті атасын білмеген — жетімдіктің белгісі.   Балаға пышақ бермесең бір жылар, Пышақ берсең екі жылар.   Ата — байтерек, бала—жапырақ.   Ата — асқар тау, Ана — баурындағы бұлақ, Бала — жағасындағы құрақ.

Ата — балаға сыншы.   Сенің табаныңа кірген тікен менің маңдайыма кірсін.   Ұлдың ұяты әкеге, Қыздың ұяты шешеге.   Өспейтін бала, өнбейтін дауды даулайды.   Жеткіншектен айрылған, жер таянбай тұрмайды.

Жылауық болса да, Баланың бары жақсы, Бақырауық болса да, Түйенің бары жақсы.   Бес саусақ бірдей емес.   Әкесіз жетім — жарты жетім, Шешесіз жетім — анық жетім.   Дүниеде бал тәтті, Бала балдан да тәтті.   Өз ұлың өзекке тепсең де кетпес, Кісі баласы кісендесең де тұрмас.   Әкенің қадірін балалы болғанда білерсің.   Еркенің көзі кеппес, Жорғаның тері кеппес.   Балаң жақсы болса, жердің үсті жақсы, Балаң жаман болса, жердің асты жақсы.   Итпен ойнасаң үрерсің, Баламен ойнасаң күлерсің.   Балаңды жұрт мақтаса, бәрінен де сол сүйініш.   Екі баланың ортасындағы бір шал бала болады, Екі шалдың ортасындағы бір бала дана болады.   Балам — балым, баланың баласы — жаным.   Асығу баланың ісі, Аттандыру — ананың ісі.   Қызға берген білінбес.   Ананды Мекеге үш арқалап барсаң да, Қарызынан кұтыла алмайсың.   Талапты бала— талпынған құстай.   Жорғадан туған жортақ бар, Батырдан туған қоркақ бар.   Ана сүтін ақтамағанды ешкім мақтамайды.   Жылайын деген баланың үш күн бұрын көзі қышиды.   Атасыз ұлдың аузы үлкен.   Баланың жақсысы сүйініш, Жаманы — күйініш.   Күнсіз гүл өспес, Күтусіз ұл өспес.   Баланың балалығына әкенің даналығы бар.   Атаңа не қылсаң, алдыңа сол келер.   Ат болар тай саяққа үйір, Адам болар бала қонаққа үйір.   Адам болатын бала алысқа карайды .   Баланы жұмсасаң, артынан өзің барарсың.   Атадан ұл калса, өзі қалғаны, Қыз қалса, ізі калғаны.   Айдың ізін ай басар, Аттың ізін тай басар.   Анасын сүйгеннің баласын сүй.   Кіші баланың ұятын үлкен бала көтереді.   Қарғайын десем — жалғызым, Қарғамайын десем — жалмауызым.   Ердің анасы — елдің анасы.

Жастық, кәрілік

Ақыл жас ұланнан, Жүйрік тай-құнаннан.   Жас кезімде бейнет бер, Қартайғанда зейнет бер.   Адам қартайса да, көңіл қартаймайды.   Сексен — жермен-жексен.   Көп жасаған құрдасынан айрылады.   Жүре берсең, көре берерсің, Көре берсең, көне берерсің.   Кәрі келсе асқа, Жігіт келсе іске.   Шөп те басынан қурайды.   Ат қартайса ұрыншақ болады, Ер қартайса, жаңылшақ болады.   Ат тұяғын тай басар.   Ат қартайса есекпен достасады, Адам қартайса, төсекпен достасады.   Жігітінде жігіт болмаған Өмір есесінен құр қалған.   Жастық көкке, кәрілік жерге қаратады.   Жастық — жалын, кәрілік — күл.    Көңіл қартаймас, көз қартаяды.   Жаман жігіт жасында шал.   Бүркіт қартайса, тышқаншы болады.

Кәрілік — дауасыз дерт.   Сақалға ақ түсті, Көңілге дақ түсті.  

 

Қарсы келсе кәрілік, Қара нарды шөктірер.

Жаман киім жасты кәрідей етеді, Кәріні перідей етеді.   Кейінгілерді көріп қартайғаныңды байқайсың.   Қатарынан қалған кәрі — жетім.   Алтыға дейін бала ерке, Алпыстан кейін шал ерке.   Қара арғымақ арыса — қарға адым жер мұң болар   Қасқырдан қайрат кетсе, Ешкіні апа, Текені жезде дейді.   Жас арқалағаннан тас арқалаған жеңіл.   Жас ағашқа сүйеніп, қу ағаш күн көрер.   Кәріге құрмет — балаға міндет.   Шалдың сөзі — бал.   Кәрі — кәрінің сөзі дәрі.   Жас келген сайын жан жақын келеді.   Ақылды кәрия — ағып жатқан дария.   Кәрі білгенді пері білмейді.   Бір аяғым жерде, Бір аяғым көрде.   Еңбегіне қарай — құрмет, Жасына қарай — ізет.   Табақ асымен жарасты, Кәрі жасымен жарасты.   Дәме бар да, дәрмен жоқ.

Үйлену, үй болу

Әйел — үйдің көркі, Еркек — тнздің көркі.   Қатыны жоқ үй — жетім.   Үйірі басқаны ноқта қосады, Атасы басқаны неке қосады.   Семья сәні — сыйластық, Достық сәні — қимастық.   Жақсы қатын жарының жақсысын асырар, Жаманын жасырар.   Екі жарты — бір бүтін.   Қыз күнінде бәрі жақсы, Жаман қатын қайдан шығады.   Азапсыз махаббат — арзан махаббат.   Қатын алсаң отын ал, Бір құшағын артық ал.   Жақсы әйел — ырыс, Жаман әйел — ұрыс.   Әйел сырын әйелден сұра.   Қатыны өлген мен байы өлген қосылса — Күндіз екеу, түнде төртеу.   Екі қатын алыпсың, Бір пәлеге қалыпсың.   Сиырды жақсы көрсеткен Артындағы танасы, Әйелді жақсы көрсеткен Қасындағы баласы.   Ауылдасың жақсы болса, Ағайының не керек. Алған жарың жақсы болса, Айтың, тойың не керек.   Алғаның жаман болса — қонағың кетеді, Ұлың жаман болса — бақытың кетеді.   Әйел жерден шыққан жоқ, О да еркектің баласы. Ерлер көктен түскен жоқ, Әйел оның анасы.   Ата-анадан жар жақын.   Жан қимақ бар, жар қимақ жоқ.   Ерге жаққан әйел, елге де жағады.   Аяғын көріп асын іш, Анасын көріп қызын ал.   Ердің атын не аты шығарар, не жары шығарар.   Сұлу сұлу емес, сүйген сұлу.   Қымызды кім ішпес, Қызды кім айттырмас.   Келіннің бетін кім бұрын ашса, сол ыстық.   Әркім сүйгенінің құлы.   Атың жебір болса, құдайдың бергені, Қатының жебір болса, құдайдың ұрғаны.   Әркімдікі өзіне, Ай көрінер көзіне.   Үйің жаман болса, күйің жаман.

Сүйгеніңді іздесең, жел оңынан тұрады.   Төркіні жақын келіннің төсегі жиналмас.

Туған ел туралы

Сары-ала қаз көлін аңсайды, Ер жігіт елін аңсайды. Туған жерге туың тік.

Ер – еліңде, гүл – жеріңде.

Ит тойған жеріне, ер туған жеріне.

Елін сүйгеннің еңсесі биік.

Жер – алған ер, жер сатқан – қара жер.

Жекен жерінде көгерер, ер елінде көгерер.

Есің барда елің тап.

Ат айналып қазығын табар, ел айналып елін табар.

Пәлен жерден пайда бар, өз еліңдей қайда бар?! Жақсы жігіт жер шолып, ақыр түбі айналар.

Пәлен жерде алтын бар, барсаң, бақыр да жоқ.

Бақа көлін сүйеді, бұлдырық шөлін сүйеді, ер жігіт елін сүйеді.

Опасызда Отан жоқ.

Өз елім - өлең төсегім.

Отансыз адам – ормансыз бұлбұл.

Құлан қағын қорғайды, киік лағын қорғайды.

Кісі елінде күркірегенше, өз жеріңде дүркіре.

Туған жердей жер болмас, туған елдей ел болмас.

Мал қонысын іздейді, ер жігіт туысын іздейді.

Сағынған елін аңсайды, сарыала қаз көлін аңсайды.

Туған жердің күні де ыстық, түні де ыстық.

Ат үйірін сағынса, артқы аяғын қағынар. Ер үйірін сағынса, айыл-тұман тағынар.

Әркімнің өз жері – Мысыр шаһары.

Тұғырына саңғыған сұңқар оңбас, үйірінен қаңғыған тұлпар оңбас.

Ел іші – алтын бесік.

Өз елімнің басы болмасам да, сайының тасы болайын.

Елінен безген ер оңбас, көлінен безген қаз оңбас.

Құлан өз қағынан өзі жерімес.

Туған жердің қадірін шетте жүрсең білерсің.

Шетте жүрсең тарығарсың, өз еліңді сағынарсың.

Есі бүтін елден шықпайды, елінің қырын жықпайды.

Аққу көлін аңсайды, адам туған жерін аңсайды.

Ер жігіт – елінің ұлы, намысының құлы.

Ел-елдің бәрі жақсы, өз елің бәрінен жақсы.

Отан үшін – ерге тиген үлес.

Іргесі бернік елді жау ала алмас. Ауызы бір елді дау ала алмас.

Сұңқар қиясын сағынады, торғай ұясын сағынады.

Туған үйдің түтіні жылы, тұған ананың күтімі жылы.

Ұлтарақтай болса да, ата қоныс жер қымбат. Ат төбеліндей болса да, туып-өскен ел қымбат.

Жат елдің жақсысы болғанша, өз еліңнің сақшысы бол.

Отанға опасыздық еткенің - өз түбіңе өзің жеткенің.

Туған жердің торғайы да сүйкімді.

Отансыздың оты жанбайды.

Бақа көлінде патша, балық суында патша, жігіт елінде патша.

Қараған өз жерінде гурілдер.

Отанын сүйген отқа жанбайды, суға батпайды.

Туған жердің торғайы тұрымтайдай көрінер. Құлыны тайдай көрінер, қыздары айдай көрінер.

Туған жердің түтіні де тәтті.

Отанды сүю – отбасынан басталады.

Тұған елің болмаса, тумай-ақ қойсын Күн мен Ай.

Есі бар жігіт елін табар, есі жоқ жігіт жаттың отын жағар.

ОТАН, ТУҒАН ЖЕР, ЕЛ-ХАЛЫҚ ТУРАЛЫ

 

Ел мен жер егіз.

Ел іші алтын бесік.

***

Жері байдың елі бай.

***

Отан — қуат, Отбасы — шуақ.

Есің барда елің тап.

***

Көп ел — сарқылмас көл. Көп ісінде береке.

Егемен елдің еңсесі биік.

***

Көп қайда болса — құдай сонда.

***

Көптің күші көлдей,

Көшіп жүрген елдей.

***

Еліңе қарап, ертеңіңе қамдан.

***

Көп түкірсе — көл болар.

***

Көп біріксе — ел болар,

Көп тілегі көл болар.

***

Әркімнің өз жері - Мысыр шаһары.

***

Көп жабылса жоқ табылады.

***

Көп ауызы дуалы.

***

Көп адаспас, көл таусылмас.

***

Көп тілесе алар,

Күн бұлттанса жауар.

***

Көппен көргеннің арманы жоқ.

***

Көп қорқытады, терең батырады.

***

Жалғыздың жоғы жоғалса табылмайды,

Көптің жоғы жоғалса табылады.

***

Көп дауыс қосылса,

Бір дауысты жоқ қылады.

***

Көптен қоян қашып құтылмас.

***

Көп білсең де,

Көптен артық білмейсің.

***

Көппе тентек болсаң да,

Көпке тентек болма.

***

Көптен шыққан көмусіз қалады.

***

Адассаң, көппен адас.

***

Көпке топырақ шашпа.

***

Халық айтса, қалп айтпайды.

***

Халық сөзі қаһарлы.

* * *

Ерден аспақ болса да,

Елден аспақ жоқ.

***

Ел ағасыз болмас,

Тон жағасыз болмас.

***

Орта жүзді қамшы беріп дауға қой,

Ұлы жүзді қауға бері малға қой,

Кіші жүзді найза беріп жауға қой.

***

Данышпай айтса, ел айтқаны,

Елдің қамын жеп айтқаны.

***

Кемеңгер кеңес таппай қоймас.

***

Талайлымен таласпа.

***

Сумен ойнама батарсың,

Отпен ойнама жанарсың.

***

Шықпаған егіннен жер бүлінеді,

Олақ бастықтан ел бүлінеді.

***

Көптен жақсылық құтылмайды,

Аздан азап арылмайды.

***

Көп толқыса ер құлайды,

Көл толқыса жар құлайды.

***

Елің — панаң,

Жерің — анаң.

***

Өз елің өзекке теппес.

***

Ауылым — алтын бесігім.

***

Көш басшысы жоқ ел оңбайды,

Құралай бастаған киік оңбайды.

***

Өзбек өз ағам.

***

Ел жаусыз болмас,

Жер таусыз болмас.

***

Жері байдың - ері бай.

***

Қазақтың осы жер дегені, көш жер.

***

Ақ бөкенді жатыр деме,

Көшпелі елді отыр деме.

***

Елдестірмек - елшіден.

Елде бір тентек жүрмей ме.

***

Елу жылда ел жаңа.

***

Жүз жылда қазан.

***

Қырықтың бірі қыдыр.

***

Ел жасымен көрікті,

Тау тасымен көрікті,

Аяқ асымен көрікті.

***

Ер — жалғыз,

Ел — көп.

***

Өз елің — алтын бесік.

***

Елдің күші елу батпан.

***

Кісі елінде сұлтан болғанша,

Өз еліңде ұлтан бол.

***

Елде болса ерінге тиер,

Ауылда болса ауызға тиер.

***

Ел дегенде езіліп,

Жұрт дегенде жұмылып істе.

***

Ит тойған жеріне,

Ер туған еліне.

***

Өз еліңнің иті де қадірлі.

***

Туған жердің түтіні де тәтті.

***

Танымайтын жердің ой-шұқыры көп.

***

Адалдық үшін арыдым деме.

***

Кеңеспен кескен бармақ ауырмайды.

***

Кеңеспен кескен тон келте болмас.

***

Кімнің жерін жерлесең,

Соның жырын жырларсың.

***

Туған жерің түсіңе кіреді.

***

Өз елім — өлең төсегім.

***

Сарала қаз көлін сағынар.

***

Жеріне қарай жемісі.

***

Өз елімнің басы болмасам да,

Сайының тасы болайын.

***

Ел қариясы - ел қазынасы.

***

Елінен безген оңбайды,

Көлінен безген қонбайды.

***

Құлан кісінесе үйір жиналар.

***

Отан — оттан да ыстық.

***

Өмір мен өлім, денсаулық пен ауру туралы

Денсаулық — зор байлық.   Жарлының байлығы — денінің саулығы.   Ауру атанды да шөктірер.   Ауру кірді — әлек кірді.   Ауру батпандап кіріп, мысқалдап шығады.   Ауру кісі күлкі сүймес, Ауыр жүкті жылқы сүймес.   Қотыр қолдан жұғады, Таз тақиядан жұғады.   Ауруын жасырған өледі.   Батыр бір оқтық.   Бай бір жұттық.   Ағын судың арамдығы жоқ.   Бас ауырса жан қорқады.   Қай жерің ауырса, Жаның сол жерінде.   Жұғын бар жерде — шыбын бар, Шыбын бар жерде — шығын бар.   Екі ауру бір келсе, ажалыңның жеткені.   Жан ауырса — тән азады, Қайғы басса — жан азады.   Өліспеген көріседі.   Батырдың басы екеу болмайды.   Сәтін салған ауруға, Не болса, сол ем болады.   Тәні саудың жаны сау.   Өлімнен басқаның бәріне асық.   Қасқырдың ойлағаны арамдық, Қойдың ойлағаны — амандық.   Мысықтың өлімі — тышқанға той.   Тәуіптің жақсысы — ауруға ауру қоспағаны.   Мың ұжмақтан — бір күн тірлік.   Ластың досы — шыбын.   Қасапшыға мал қайғы, Қара ешкіге жан қайғы.   Көңіл жақсы болғаны — Өмір жақсы болғаны.   Өтпейтін өмір жоқ, Сынбайтын темір жоқ.   Өлім байдың малын шашады, Жоқтың артын ашады.   Өткен қайтып оралмас, Өлген қайтып келмес.   Жылағаңмен өлген кісі тірілмейді.   Бас аманда мал тәтті, Бас ауырса жан тәтті.

Кебін киген келмейді, Кебенек киген келеді.   Өлім жайлы көп айтса, Тірінің берекесі кетеді.   Тумақ барда өлмек бар.   Өзен ағысын бөгеуге болады, Өмір ағысын бөгеуге болмайды.   Балық жаны суда.   Ажал ажарға қарамайды.   Емнің алды — еңбек.   Арық атқа қамшы ауыр.   Өлімнен басқаның ертесі жақсы.   Ауырып ем іздегенше, Ауырмайтын жол ізде.   Тазалық — саулық негізі, Саулық — байлық негізі.   Ауру желмен келіп, термен шығады.   Сырқат — төн жарасы, Қайғы — жан жарасы.   Аман,болса бұл басым, Тағы шығар бұл шашым.   Азған денеге ауру үйір.   Денің сау болса, Жарлымын деме. Жолдасың көп болса, Жалғызбын деме.   Қайғы қартайтады, Қуаныш марқайтады.   Ұйқы — тынықтырады, Жұмыс — шынықтырады.   Өмір озады, ажар тозады.   Көп жасап, күміс болғанша, Аз жасап, алтын бол.   Тыста ұзақ жүргенің — Ұзақ өмір сүргенің.   Басы аманның малы түгел.   Бірге тумақ болса да, Бірге өлмек жоқ.   Тер шықпаған кісіден, дерт шықпайды.   Көзің ауырса қолынды тый, Ішің ауырса тамағынды тый.   Жорғаның қадірін желгенде біледі, Жақсының қадірін өлгенде біледі.   Тісі ауырғанның көңілін сұрамайды.   Аурудың жақсысы жоқ, Дерінің тәттісі жоқ.   Өлім деген — ұзақ жолдың алысы.   Арымақ, семірмек көңілдеп

Жалғыздық, сүйеніш, көмек

  Жалғызға ұжмақ та жараспайды.   Жалғыз ағашты жағу қиын, Жалғыз баланы бағу қиын.   Жалғыз тері тон болмас, Жалғыздың сөзі оң болмас.   Жалғыз батыр жауға жоқ, Жалғыз жігіт дауға жоқ.   Екі бас, екі басқа малта да ас.   Жақсы ат жанға серік, Жақсы ит малға серік.   Жалғыз үйдің тамағы жетсе де, табағы жетпес.   Қанша жуан болса да Жалғыз ағаш үй болмас, Қанша жақсы болса да, Жалғыз жігіт би болмас.   Ер қанаты — ат.   Жақсы ит — иесінің көз-құлағы.   Жалғыз қаздың үні шықпас, Жалғыз қыздың мұңы шықпас.   Жалғыз иттің үргені білінбес, Жалғыз кісінің жүргені білінбес.   Жалғыз ағаш орман болмас, Жалғыз кірпіш корған болмас.   Жалғыз кісі жауынгер емес.   Жаяудың шаңы шықпас.   Жалғыз ағаш пана болмас, Жалғыз бие саба болмас.

Жалғыз түйе бақырауық, Жалғыз бала жылауық.   Бір қарлығаш келгенмен жаз болмайды, Бір сауысқан келгенмен қыс болмайды.   Үйірінен айрылған малды қасқыр жейді.   Ит — адамның құлағы.   Ағасы бардың жағасы бар, Інісі бардың тынысы бар.   Желген атқа жел жаңғырық.   Құдай жалғыз, мен жалғыз.   Сүйеушісі бар болса, сүйек жұтса да қақалмайды.   Өз қотырымды өзіме қасытты.   «Әйт-шуу» деген атанға демеу, «Әуп» деген ерге демеу.   Жалғыз шапқан ат жүйрік.   Жарлы болар жігіт байталын атқа айырбастайды, Жалғыз болар жігіт ағайынын жатқа айырбастайды.   Саяқ жүрсең таяқ жерсің.   Жаяудың жүрісі өнбейді, Жалғыздың бір ісі өнбейді.   Жанашыры жоқ адам Жал-құйрықсыз атпен тең.   Сыйынғаныңнан сүйенгенің күшті болсын.

Өзімдікі, біреудікі

  Әркім өз бойына қарап тон пішер.   Торғай жаңбыр жауса баласын қорғайды, Бұршақ жауса басын қорғайды.   Әркім қолындағысын теке атайды.   Өзімдікі дегенде, Өгіз қара күшім бар. Кісінікі дегенде, Анау-мынау ісім бар.   Кісідегінің кілті аспанда. Шөмелені шөбім бар деме, Несиені малым бар деме.   Әркім өз мұңын айтады.   Қолда ескен түйенің тайлақ аты қалмайды.   Білек бір болса да бармақ басқа.   Кілем сатсаң аулыңа сат, Бір шетінде өзің де отырарсың.   Пішені өртенбегеннің бәрі ақылды.   Бұралқы сөз — күлуге жақсы, Бұралқы ат мінуге жақсы. Әркім өз қозысын қошқар қояды.   Өзін ғана ойлаған — Жамандықтың белгісі. Өзгені де ойлаған — Адамдықтың белгіс

Өзі қылған өкінбейді.   Бақсының емі өзіне қонбайды.   Өзіңді олжалатпай өзгені олжалай алмайсың.   Тас түскен жеріне ауыр.   Әр елдің заңы басқа, Иттері қара қасқа.   Өз етігің тар болса, дүниенің кеңдігінен не пайда.   Біреудікі біреуге қыздай көрінеді.   Атың болмаса, аяғыңа жалын. Аяғың болмаса, таяғыңа жалын.   Шайнаған бұйырған емес, жұтқан бұйырған.   Біреудің қолымен от көсеме.   Соқырдың қожасы — құлағы, Ақсақтың аяғы — таяғы.   Аурудың зардабын аурудың тақсыретін тартқан біледі.   Кісі аты тершең, Кісі киімі кіршең.   Оң қолым, сол қолым — бәрі өз қолым.   Басқа үйдің жығуын білсем де тігуін білмеймін.

Тағдыр, жазу

  Түйе жүктен қашып құтылмас, Ат арбадан қашып құтылмас.   Ажалды киік ашыққа қашады.   Түйе тулап, жүктен құтылмайды.   Ажалды қарға бүркітпен ойнар.   Көресіңді көрмей, көрге кірмейсің.   Біреудің ажалы — оттан, Біреудің ажалы — судан.   Түйенің үлкені көпірде таяқ жейді.   Соңғы түйенің жүгі ауыр.   Кедей болар жігітке ажалды мал тап болар.   Жүгірген жетпес, бұйырған кетпес.   Ажалды киіктің аяғы тыныш жатпайды.   Ажалды тышқанға аш мысық тап болар.   Айдалаға атқан оқ, ажалдыға тиеді.

Еңбек, еңбекқорлық

Ер дәулеті — еңбек.   Құс қонбаған көл жетім, Ел қонбаған жер жетім.   Еңбексіз өмір жок. Ауырсыз жеңіл жоқ.   Қойшыны таяғы асырайды, Қасқырды аяғы асырайды.   Атан түйе жүк астында қартаяр.   Түйір нан — тамшы тер.   Жері байдың — елі бай.   Сен істі сүйсең, іс саған бас иеді.   Бейнетің қатты болса, Татқаның тәтті болар.   Малды тапқанға бақтыр, Отынды алғанға жақтыр.   Еңбексіз тапқан мал, Есепсіз кеткен мал.   Берген алар, еккен орар.   Еңбек қылмай ер оңбас, Бірлік қылмай ел оңбас.   Күн шыққан соң суарған суды Күн жұтады. Күн батқан соң суарған суды Жер жұтады.   Бір тал кессең, он тал ек.   Мал семіз болса, төл егіз. Жер семіз болса, дән егіз.   Еңбексіз өмір — сөнген көмір.   Жер құтты болса, Мал сүтті болады.   Азығымен жер мүсінді, Еңбегімен ер мүсінді.   Қыста малынды бақ, Жазда шөбінді шап.   Жаңбырмен жер көгерер, Еңбекпен ер көгерер.   Ақ қар көп болса — ақ нан көп.   Қолы қимылдаған адамға Кедейлік жоқ. Аяғы қимылдаған адамға Алыстық жоқ.   Диқан жерін анасындай сүйеді, Жер диқанын баласындай сүйеді.   Жылай-жылай арық қазсаң, Күле-күле су ішерсің.   Әлің барда еңбек ет, еңкейгенде емерсің.   Еңбегіне қарай өнбегі.   Жер тоймай, ел тоймайды.   Келген дәулет, Кеткен бейнет.   Қой шелді болмай, Төлді болмайды.   Мандайы терлемегеннің, Казаны қайнамайды.   Ерте түрған әйелдің Бір ісі артық, Ерте тұрған еркектің Ырысы артық.   Қолы қимылдағанның аузы қимылдар Ерте шықсаң, алдыңнан күн шығады, Кеш шықсаң, алдыңнан түн шығады.   Еге білсең, егін тасқа да бітеді.   Етікшіні балға мен біз асырайды, Егіншіні кетпеннің жүзі асырайды.   Бәйгеден ат келмейді, бап келеді.   Тұлпар шаба жетіледі, Сұңқар ұша жетіледі.   Мал баққанға бітеді.   Еңбектің көзін тапқан, Байлыктың өзін табады.   Жерге еткен жақсылық жерде қалмайды.   Жер — ана, Ел — бала   Ердің атын еңбек шығарады.   Еңбек ерлікке жеткізер, Ерлік елдікке жеткізер.   Бакыт кілті еңбекте.   Жер көңді жақсы көреді, Ат жемді жақсы көреді.   Кім еңбек етсе — сол тоқ.   Көп еңбегі көңілді.   Бір кісі қазған құдықтан мың кісі су ішеді.   Отырған жерден отын кескен.

Сүйіп істеген іс шаршатпайды.   Жұмысы жемістінің — өмірі келісті.   Су патшасы — мұрап, Түн патшасы — шырақ.   Егін піспей, қам сайла.   Жігіттің жұмсаған күшін сұрама, Бітірген ісін сұра.   Байлықтың атасы — еңбек, апасы — жер.   Жақсы жұмыс — жанға тыныс.   Қыстағы қар — жерге ырыс, Жердегі ылғал — елге ырыс.   Еңбек — ширатады, Өмір үйретеді.   Еңкейгеннің еңсесін еңбек көтереді.   Есесі қайткан еңбек — игі.   Еңбек патшалықты асырайды.   Еңбек шаһар түзетеді, Еңбексіздік оны жүдетеді.   Еңбек өмірді ажарлайды.   Еңбек адамның екінші анасы.   Жалқаулық аздырады, Еңбек оздырады.   Еңбек мұратқа жеткізер, Жалқаулық абыройды кетірер.   Терең құдықтың суы тәтті.   Қой семізі қойшыдан.   Кедейлік кетсін десең, еңбек ет, Молшылық жетсін десең, еңбек ет.   Жақсы бастама — істің жартысы.   Мал баққандікі, Жер жыртқандікі.   Казанға не салсаң, Шөмішіңе сол ілінер.   Адал еңбек елге жеткізер, Арам қулық елден кеткізер.   Тек жүргенше тегін істе.   Көз қорқақ, қол батыр.   Бай мейірінен күн мейірі.   Мақтаның анасы — жер, атасы — су.   Еңбегі жанғанның тоқтысы егіз туады.   Қызметте туыстық болмайды.   Көктемде жерге түскен бір дән, Күзді күні мың дән болады.   Жер байлықтың көзі, Еңбеккер иесінің өзі.   Еңбек пен бақыт — егіз.   Су — ырыстың көзі, Еңбек - кірістің көзі.   Жайлауы жақсының әр бутасының түбі бір кесек ет.   Қара жер карыз арқаламайды.   Ешкі егіз туып, койдан көп болмас.   Малды баға білмеген пайданы таба білмейді.   Қолыма жұмыс бергенің — жаныма тыныс бергенің . Күндіз қойын күтерсің, кешке жүнін түтерсің.   Тігіншіні инесі асырайды.   Ерінбей еңбек етсең — ерінің асқа тиеді, Ерініп ілбіп кетсең — иегің тасқа тиеді.   Қора оңды болса, қойың қоңды болар.   Ащы еңбектен төтті нан.   Тары болса, тауық табылады.   Сөз қуған болеге жолығар, Шаруа қуған қазынаға жолығар.   Жаман іс жоқ, жаман ісші бар.   Екпіндінің үйі көрікті келеді.   Еңбек етсең емерсің, ерінбесең жеңерсің.   Жеріне қарай астығы.   Жерің отты болса, малың сүтті болады.   Малды іріктемесең, тұқымы азады, Қонысты жаңартпасаң, өрісі азады.   Малдың тамағына қара, Малшының табағына қара.   Жер тойынбай, ел тойынбайды.   Диқан бабаның кетпенінен, Шопан атаның таяғынан.

↑жоғарыға

Шеберлік, ұсталық

  Ер қадірін ер білер, Зер қадірін зергер білер.   Жігіт адамға жетпіс өнер де аз.   Жігіт көркі — өнер.   Қыз еркем кестесімен көркем. Ұл еркем өнерімен көркем.   Ата өнері — балаға мұра.   Ұстаны соққан пышағынан таниды.   Шеберлікке шек жоқ.   Қазаншының өз еркі Қайдан құлақ шығарса.   Күшіңе сенбе, ісіңе сен.   Қолы білген құм үстінен кеме жүргізер.   Киім пішсең кең піш, Тарылтуың оңай. Темір кессең қысқа кес, Ұзартуың оңай.   Өнерліге есік ашық.   Көлеңкеге қарап көйлек пішпес болар.   Шебердің қолы көпке ортақ.   Қалауын тапса, қар жанар.   Болат біз қап түбінде қалмас.   Алтынды ала білген бөле де біледі.

 

Еңбек ептілікті сүйеді.   Өтпес пышақ қол кесер. Өнерлінің өзегі талмас.   Өнерпаздың он қолы бар.   Қол өнері — кілемде, Сөз енері — өлеңде.   Оймақ пішсең де ойлап піш.   Әр нәрсеге асық болғанша, Бір нәрсеге машық бол.   Күш жақсы, күштен іс жақсы.   Жігітке жеті өнер аз, жетпіс өнер көп емес.   Шеберді шеге қағысынан таны.   Жантақтан ине, жаңқадан түйме жасаған.   Темірге тіл, жацқаға жан бітіретін...   Шешеннің сөзі мерген, шебердің көзі мерген.   Ерінбеген етікші болады.   Өнерліге өлім жоқ.   Қайратыңа әдісіңді жолдас ет.   Қолың ұста болсын, сөзің қысқа болсын.   Тамызығын таисаң, тас та жанады.

↑жоғарыға

Білім, білім алу   Білімнің басы — бейнет, соңы — зейнет.   Оқығанынды айтпа, тоқығанынды айт.   Білімдіге дүние жарық, Білімсіздің күні көріп.   Көзі жоқ, құлағы саудың Ақылы толады. Құлағы жоқ, көзі саудың Ақылы солады.   Өмір — үлкен мектеп.   Өмірдің өзі — ұлы ұстаз.   Жердің сәні — егін, Ердің сәні — білім.   Жер — ырыстың кіндігі, Білім — ырыстың тізгіні.   Білімді бесіктен тесікке дейін ізден.   Өнер — ағып жатқан бұлақ, Ілім — жанып тұрған шырақ.   Білімді өлсе, Қағазда аты қалар, Ұста өлсе, Істеген заты қалар.   Кітап — алтып қазына.   Естімеген елде көп.   Оқусыз білім жоқ, Білімсіз күнің жоқ.   Көп жасаған білмейді, көп көрген біледі.   Өзі білмегеннің аузына қарама.   Тіліңмен жүгірме, біліммен жүгір.   Ат сүрінбей жер танымас, Ер сүріибей ел танымас.   Көргенсіз дегенге кек тұтпа, Көргеніңнен көрмегенің көп.   Ғылым — теңіз, білім — қайық.   Алтын алма, білім ал.   Көп оқыған білмейді, Көп тоқыған біледі.   Өз білмегенінді кісіден сұра, Үлкен жоқ болса, кішіден сұра. Аттан тай озады, Атадан бала озады.

Ұстаздан шәкірт озар.   Оқымаған бір бала, Оқыса екі бала.   Жеті жұрттың тілін біл, Жеті түрлі білім біл.   Күш — білімде, білім — кітапта.   Білек бірді, білім мыңды жығады.   Әліппенің аржағы — білім бағы.   Ғылыммен жақын болсаң, қолың жетер,  Залыммен жақын болсаң, басың кетер.   Шәкіртсіз ұстаз — тұл.   Оқу — білім бұлағы, Білім — өнер шырағы.   Ұстазыңды ұлы әкеңдей сыйла.   Оқу — білім азығы, Білім — ырыс қазығы.     Кітап-ғылым – тілсіз мұғалім.   Білімі жоқ ұл – жұпары жоқ гүл.   Мың малың болғанша, Бір балаң ғалым болсын.    Кісінің коркі киім емес — білім.   Наданмен дос болғанша, Кітаппен дос бол.   Құлақ естігенді көз көрер.   Асу бермес асқар жоқ.   Ақыл тозбайтын тон, Білім таусылмайтын көл.   Білегіңе сенбе, біліміңе сен.   Көз көруге тоймайды, Құлақ естуге тоймайды.   Көп сөйлеген білімді емес, Дөп сөйлеген білімді.   Білім арзан, білу қымбат.   Екпей егін шықпас, Үйренбей білім жұқпас.   Жаста оқыған оқуың — Тасқа жазғанмен бірдей, Егде тартқанда оқыған оқуың — Мұзға жазған- мен бірдей.

↑жоғарыға

Сөз, сөйлеу

  Алмас қылыш майданда серік,Асыл сөз майданда да, сайранда да серік.

  Жіптің ұзыны, сөздің қысқасы жақсы.   Сөз қадірін білмеген өз қадірін білмейді.   Тіл — көңілдің кілті.   Көлді жел қозғайды, Ойды сөз қозғайды.   Жанған от тәнді жылытады, Жақсы сөз жанды жылытады.   Жауынмен жер көгереді, Батамен ер көгереді.   Бастың көркі — жүз, Жүздің көркі — көз.   Ауыз көркі — тіл, Тілдің көркі — сөз.   Батырды шешен аттан түсіріпіті.   Айтылған сөз — атылған оқ.   Тіс — тілдің қамалы.   Піл күшті, Піл күшті емес, тіл күшті.   Басқа пәле тілден.   Қотыр қолдан жұғады, Пәле тілден жұғады.   Қиыстырып қаласаң отың жанар, Қиыстырып айтсац халық нанар.   Ми ойлағанды тіл тындырады.   Сөз —сабан, іс — дән.   Сауатсыздың сөзіне сүрініп құларсың.   Жыланның уы — тісінде, Адамның уы — тілінде.   Артық сөйле, кем сөйле, Таразылап тең сөйле.   Ұзын шапан аяғыңа оралады, Ұзын тіл мойыныңа оралады.   Таудай сөздің тарыдай түйіні бар.   Өнер алды — қызыл тіл.   Жаман сөз жылатады, Жақсы сөз жұбатады.   Тау мен тасты су бұзар, Адамзатты сөз бұзар.   Жақсы сөз — жарым ырыс.   Көңіл көзін сөз ашар, Сойлемесе кір басар.   Құлаққа кірген суық сөз — Көңліңе барып мұз болар.   Жаман сөз — жанға кірген тікен.   Жақсы сөйлесе, аузынан гүл төгіледі, Жаман сөйлесе, аузынан жын төгіледі.   Көз жетпеген жерге сөз жетеді.   Адамның өзі жетпеген жерге сөзі жетеді.   Тіземнен сүріидірсең сүріндір, тілімнен сүріндірме.   Жылы-жылы сөйлесең, жылан інінен шығады.   Шешілмеген шиені Тырнақ шешпес, тіл шешер.   Пышақтың өткірі жақсы, Сөздің қысқасы жақсы.

Орынсыз сөз — өзіңе тиер.   Сөзің қысқа болсын, Қолың ұста болсын.   Ердің өзіне қарама, сөзіне қара.   Оттың шаласы жаман, Сөздің аласы жаман.

 

Аузың айтқанды қолмен істе.   Өткен күн оралмас, Құнды сөз жоғалмас.   Сөз сүйектен өтеді, Таяқ еттен отеді.   Сойылдың жарасы бітер, Тіл жарасы бітпес.   Оймақтай ауыздан оттан бетер сөз шығады.   Сұрай-сұрай Мекені де табады.   Сөз тас жарады, тас жармаса, бас жарады.   Тіл ерді қабырға салады, Нарды қазанға салады.   Қаһарлы сөз қамал бұзар.   Олақтың сөзі орынсыз жамау тәрізді.   Сөз шынды табар.   Отыз тістен шыққан сөз, Отыз рулы елге тарайды.   Сөз сөзден туады, Сөйлемесе қайдан туады.   Көз көргенше ауыз батыр, сөйлеп қал.   Жылы киім тонді жылытар, Жылы сөз жанды жылытар.   Тәуекел тас жарады, Жаман сөз бас жарады.   «Қарағым» деген жылы сөз Тон болып тәнді жылытнаса да, жанды жылытады.   Тіл буынсыз, ой түпсіз.   Жаманның берген асынан жақсының айтқан сөзі артық.   Жақсының сөзі — жырмен тең.   Сөз бергенге ерме, бөз бергенге ер: Сөз бейнет болар, бөз көйлек болар.   Көзі жаманның — сөзі жаман.   Тауып сөйлесең — күміссің, Таппай сөйлесең — мыссың.   Жүйелі сөз — жүйесін табар, Жүйесіз сөз — иесін табар.   Жақсы сөз — жан азығы.   Ойнап сөйлесең де, ойлап сөйле.   Жақсы адам елдің ырысы, Жақсы сөз жанның тынысы.   Ішімдегінің бәрі тілімде, Тілімдегінің бәрі түрімде.   Бұралқы сөз — күлуге жаксы.   Жер астында жатқанды, Казбай қарап тіл табар.   Піл көтермегенді тіл көтереді.   Тілмен тікен де алады.   Сөзбен сөзді жуады, Сабынмен бөзді жуады.   Киім кірі жуса кетеді, Көңіл кірі айтса кетеді.   Қышыған жерден қол кетпес Қышытқы жерден сөз кетпес.   Жыланның тілі айыр, Жылан мінезді адамның сөзі айыр.   Жаным десе жан семіреді.   Жаман сөз — жанға кірген тікен, Жақсы сөз — таптырмайтын ем.   Ең тәтті де — тіл, Ең ащы да — тіл. Ең жұмсақ та — тіл, Ең қатты да — тіл.   Тіл — тиексіз.   Ауыр істің салмағы білекке түсер, Ащы сөздің салмағы жүрекке түсер.  

 

Жақсы ай мен күндей, әлемге бірдей.   Ақыл — алтын сандық, адамына қарай ашылар.   Адам ақылымен бай, Жер дақылымен бай.   Ақыл арымас, алтын шірімес.   Ақыл бітпес дәулетке, Дәулет бітпес келбетке.   Халықты дана қосады, Әйел мен ерді бала қосады.   Жаман теке сүзіскек, Жаман жігіт ұрысқақ.   Ат жаманы таймен ойнар.   Жаман сиыр жазда бұзаулайды.   Ашу — дұшпан, ақыл — дос, Ақылыңа ақыл қос.   Жыртық тесікке күледі.   Ақымаққа жылтырағанның бәрі алтын көрінеді.   Жаманның аттан құлағаны да жаман.   Жақсы аттың тісін ашпа, Жақсы кісінің жасын сұрама.   Ұлық болсаң, кішік бол.   Ашу тасады, ақыл басады.   Жақсы кісі қырқында толады Жаман кісі қырқында солады.   Жақсының жақсылығын айт-нұры тасысын. Жаманның жамандығын айт-құты қашсын.   Жақсы келін құрдасындай болар, Жақсы ұлың сырласындай болар.   Жақсыны сыйласаң, есінен кетпейді, Жаманды сыйласаң, есігіңнен кетпейді.   Алтыннан қымбат сөз айтсаң, Ақымақ құлақ салмайды.   Ымға түсінбеген, дымға түсінбейді.   Жалқауға дәулет үшін ұйқы берер, Жаманға ақыл үшін күлкі берер.   Жақсыға шаң жуымас, Жаманға жан жуымас.   Ата алмаған аңшы атынан көреді, Я мылтығынан көреді.   Алғыр жігіт ақылына қарай іс қылар, Олақ жігіт оңай жұмысты күш қылар.   Түйедей бойың болғанша, түймедей ойың болсын.   Жаманның қойнына жатқанша, жақсының аяғына жат.   Коп ақымақтың ағасы болғанша, бір ақылдының інісі бол.   Жақсыдан қалма, жаманға баспа.   Сылбырдың аты шылбырына сүрінер.   Досы көпті жау алмайды, Ақылы көпті дау алмайды.   Білмегенді білдірмесең, білгендігің бар болсын.   Жаман өз үйіне өзі қонақ.   Көрмегенге көсеу таң.   Қарау адам — нәпсісінің құлы.   Білмеген у ішеді.   Көрмес, түйені де көрмес.   Жаманның тұзға барғаны — қызға барғаны.   Ақымақ жауынды күні суға түсер.   Ақылды жылдығын, ақылсыз күндігін ойлайды.   Жаман қорыққанын сыйлайды.   Жаманға сырыңды айтсаң — жарға жығады.   Жаманға шөп батады, Жақсыға сөз батады.   Жақсы атқа бір қамшы, Жаман атқа мың қамшы.   Жаман ісінен көрмейді, кісіден көреді.   Ақылсыз бастан мақұл сөз шықпас.   Жаман жігіт оңай істі күш қылар.   Жақсы аттан жыгылса, жаман адам табалар.   Жақсының шараиаты тиер тар жерде, Жаманның кесепаты тиер әр жерде.   Жақсыны халық мақтар, Жаманды халық даттар.   Өзі жақсы кісіге, Бір кісілік орын бар.   Жақсы ат алдынан сүрінбейді.   Алаңғасарды әрі құла десең, бері құлайды.   Жаманды іске шақырма, асқа шақыр.   Жаман етіңе келеді, жақсы ниетіңе келеді.   Екі жақсы қосылса, Бірін бірі қиыспайды, Екі жаман қосылса, Кең дүниеге сыйыспайды.   Баста ми жоқ болса, екі аяққа күш түсер.   Адам туа жаман емес, жүре жаман.   Ақыл — дария, алсаң да таусылмайды.   Жер — қазына, саусаң да таусылмайды.   Жаман өкпелеймін деп, сыбағасынан құр қалады.   Қатты жерге егін шықпас, Қаңсыған басқа білім жұқпас.   Арықтың сорпасында дәм болмайды, Ақылсыздың сөзінде мән болмайды.   Биік төбеге шықсаң, көзің ашылады, Жақсымен сөйлессең, көңілің ашылады.   Қырын алған қырқында шал болар.   Жасы кіші ініні ақылы артса аға тұт.   Жаман ашса көрмес, айтса білмес.   Ақылсыз бас аяққа тыным бермейді, Ақымақ айғыр саяққа тыным бермейді.   Ақымаққа арнап заң жазылмас.

Бір кемпірді бір кемпір әже дейді.   Аңқау бөрі қой үркітеді, Ақылсыз адам ел үркітеді.   Жаман адамды жақынға санама, Жаман жолды жақынға санама.   Шаш ал десе бас алар.   Жаман мерген теке атқан жеріне үш барады.   Жасық пышақ өтпейді, жаныса да, Жаман «арма» демейді, таныса да.   Қас жаман күн жаумай су болар.   Қолмен істегенді мойнымен көтереді.   Ата-ананың ақылы — Сайрап жатқан жолмен тең. Ақылдының ақылы — Сарқылмайтын көлмен тең.   Жақсының сөзі ақыл шақырады, Жаманның сөзі ашу шақырады.   Білімсіз адамның сөзі білектей, Білімді адамның сөзі — жібектей.   Жығылған сүрінгенге күледі.   Қисық ағаштың көлеңкесі де қисық.   Көзі көрместің көңілі сезбес.   Жақсыға айтсаң — білер, Жаманға айтсаң күлер.   Ақылдының сөзі қыска, Айта қалса — нұсқа.    Акымактың ақылы білегінде, Ақылдының ақылы жүрегінде.

 

Ақылдыға — ишарат, ақымаққа — таяқ.   Жаманның ақылы түстен кейін кіреді.   Ақыллы мақтанса — істі тындырар, Ақымақ мақтанса — аяғын сындырар.   Жақсы байқап сөйлер, Жаман шайқап сөйлер.   Ақылсыз жігіт — ауыздықсыз ат.   Ақылды адам батпан-ақ, ақылсыз адам сасқалақ.   Жаманның ойыны да жаман.   Ақымақ ішкен-жегенін айтады, Ақылды көрген-білгенін айтады.   Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен.   Жақсының сөзі кепіл, жаманның өзі кепіл.   Жақсы өз басынан көреді, жаман жолдасынан көреді.   Жақсының сөзі — Шамдай жарық, Айдай ашық.   Ақылдыны алысым деме, Акылсызды жакыным деме.   Ақыл байлық — Азбас байлық.   Адамның тізгіні — ақыл.   Қорқақтың көзі үлкен, Ақымақтың сөзі үлкен.   Жақсының өзі өлгенмен, сөзі өлмейді.   Жақсы сөзіңді сыйлар.   Жақсы керісіп отырып келіседі, Жаман келісіп отырып керіседі.   Дана, дананы да туған ана.   Ашу шабыстырады, Ақыл жарастырады.   Ақылды адам ақымақтан да бірдеңе үйренеді.   Ақылдыға жан қымбат, Ақылсызға мал қымбат.   Ақылды ісіне сенеді, Ақымақ күшіне сенеді, Әңгүдік түсіне сенеді.   Ақылды көндім десе, ақымақ жендім дейді.   Көп ақылды жиналса, Қиын істі бітірер. Көп ақымақ жиналса, Оңай істі бүлдірер.   Ақымақпен астаспа, ақылдымен қастаспа.   Түбі тесік қазанға Қанша құйсаң толмайды. Ақылы жоқ адамға Қанша айтсаң да қонбайды.   Жаманмен егескенше, жақсымен кеңес.   Ақымақ атқа мінсе, атасын басып кете жаздайды.   Жақсы ат артынан сүрінеді.   Жақсы кісі қартайса да, Ақылынан танбас. Жақсы ат қартайса да, Жүрісінен жазбас.   Ай жарығы әлемге, шам жарығы түбіне.   Асқар тау алыстан көрінеді.   Екі жақсы қосылса, Қыл өтпейді арадан. Екі жаман қосылса, Қол кетпейді жағадан.   Жақсы сыйлағанының құлы, Жаман қорыққанының құлы.   Жаман адам кетсе, Дүние кеңігі қалғандай болады. Жақсы адам кетсе, Дүние кеміп қалғандай болады.   Жақсының қасиеті — жарастыру, Жаманның касиеті таластыру.   Алжыған төбет айға қарап үреді.   Арсыз болса — қыз қорлық, Ақылсыз болса — ұл қорлық.   Біреу көріп күледі, Біреу еріп күледі.   Есекке ерген күлге аунар.   Елге сыймаған — жерге сыймайды.   Ақымақтың ала-құласы болмайды.   Адамға ақыл көптік қылмайды.   Ақылды жігіт атқа да отырар, Таққа да отырар.   Ерді асы үшін сыйлама, басы үшін сыйла.   Жақсының жаттығы жоқ.   Аңқау астындағы атын алты ай іздепті.   Ақылы асқанды аға тұт.   Оңбағанның иті ұры кеткен соң үреді.   Аузында өзілі жоқтың, қолында қол шоқпары бар.   Жақсының өзі де жақсы, сөзі де жақсы.   Аузың қайда десе, мұрнын көрсетеді.   Маңырағанның бәрі қой көрінеді.   Жақсыға жанас, жаманнан адас.   Адамды құдай адастырарда ақылынан айырады.   Жақсы болсаң жақын көп.   Ақылсыз достан ақылды дұшпан артық.   Ақымақ бұзуға бар, түзеуге жоқ.   Жаман көлдің суы ащы, Жаман адамның тілі ащы.   Жаман сайға су түссе, Өткел бермес кешуге, Жаман адамға іс түссе, Жанынды сұрар шешуге.   Басыңа іс түссе, Жақсы көмек етеді. Жамап күліп өтеді.   Ондай-ондай ханның қызында да болады.   Ақымақтың айтқаны келмейді, сандырақтағаны келеді.   Жақсы жігіт досының қамын ойлайды, Жаман жігіт басының қамын ойлайды.   Жақсыдан қасиет қалар, Ұлыдан өсиет қалар.   Жақсы — елдің мақтаны, Жұпар гүл — жердің мақтаны.   Тең құрбыңнан кем болсаң, көрінгенге жем боларсың.   Екі жақсы қас болмас, Екі жаман дос болмас.   Екі тентек қосылса жаудай болар. Екі мақұл қосылса таудай болар.   Сөздің ақыры — адамның ақылы.   Ақымақтық — аңқаулықпен дос, Жаңғалақтық — жалқаулықпен дос.   Ақылы аздың — азабы көп.   Жетесізге айтқан сөз желмен бірге кетеді.   Ақылы жоқтың — арманы жоқ.   Арзан менен қымбаттың  Базар берер нарқы бар, Жақсы менен жаманның Адам берер парқы бар.   Жаман айғыр енесіне тап берер.   Ақылсыз жігіт — ауыздықсыз ат.   Жаман өз сыбағасына құлдық етеді.   Жылап айтқан шынға нанбайды, Күліп айтқан өтірікке нанады.

Бейбітшілік, тыныштық

  Ер шекіспей, бекіспейді.   Сөздің басы қатты болса, аяғы тәтті болады.   Суды құм бөгейді  Дауды қыз бөгейді.   Жел дауылдың шақырушысы.   Шөптің басы жел турмаса қимылдамайды.   Тек жүрсең тоқ жүрерсің.   Мұрын болмаса, екі көз бірін бірі шұқыр етеді.   Ұрыс бар жерде ырыс тұрмайды.   Сүзеген бұқа мүйізін жасырмайды.   Оқтаулы мылтық мың күн тұрса, өзі атылады.   Қияңқы байтал екі айғырды қырқыстырады.   Қылыш түбі — ұрыс.   Қылыштың міндеті —кесу, Қолдың міндеті — шешу.   Күшті қауіпті емес, кекшіл қауіпті.   Итпен ит ырылдасса — тамағының тоқтығы, Жігітпен жігіт қырындасса — ынтымағының жоқтығы.   Күндес — күнде өш.   Ел болам десең достас, Қор болам десең қастас.   Оң қолыңа сол қолың арашашы болсын.

Алысты жақындататын ат, Жақынды алыстататын жат.   Ұрыспай айрылған ұялмай қосылады.   Тіріде сыйласпаған өлгенде жыласпайды.   Досың мың болса аз, Дұшпаның біреу болса көп.   Бәле қуған бәлеге жолығады, Жала қуған жалаға жолығады.   Аш құлақтан тиыш құлақ.   Шабыспақ оңай, табыспақ қиын.   Жабулы қазан жабулы қалсын.   Жауды аяған жаралы қалады.   Дауды ақыл жеңеді, жауды батыл жеңеді.   Үйреніскен жау атыспаққа жақсы.   Дау даудан қорқады.   Дұшпаннан түк тартсаң да пайда.   Қас боп жүріп, дос болғанға мақтан. Дос боп жүріп, қас болғаннан сақтан.   Оңқа ойын бұзар.   Таспен ұрғанды, аспен ұр.   Ер татулығы — ел татулығы.   Тоқтығында жараспаған, Аштығында қараспайды.

Той, думан, қуаныш

Тойдың болғанынан, боладысы қызық. Тойға барсаң бұрын бар, Бұрын барсаң орын бар.   Қой жүрген жер береке, Қыз жүрген жер мереке.   Мысық та жолбарысша қуанады.   Жылағанды сұрама, күлгенді сұра.   Өлең өмірді ұзартады.   Өлең - сөздің патшасы.   Өлең — көңілдің ажары.   Жігігке өлең де өнер, өнер де өнер.   Ақын мен әнші адамзаттың бұлбұлы.   Батыл жігіт жол бастар, Ақын жігіт той бастар.   Жүзігің алтын болғанша, жүзің жарқын болсын.   Әзілің жарасса, атаңмен ойна.   Берекесіздің аулы мерекесіз.   Өлең — алтын, сөз — күміс.   Шақырусыз тойға барғанша, Таяқ ал да қойға бар.   Гүлсіз болса жер мұңды, Күлкісіз болса — ел мұнды.   Күлкі ашылған гүл, Көңіл — шашылған нұр.   Қызды ауылдың иті жатпас.

 

Әзіл-қалжың

Жылайын деген бала окесініц сақалымен ойнайды.   Екі тентек елге сыймас.   Бір теңге беріп жырлатып, Мың теңге беріп қойдыра алмай.   Шоқысқыш қоразға шыр бітпес.   Тентекті тентек десең, бөркі қазандай болады.   Мысыққа ойын керек, Тышқанға өлім керек.   Жасында қылжың болсаң, Өскенде мылжың боларсың.   Ойыннан от шығар.   Арыстанның ойынынан түлкінің мойыны үзіледі.   Атпен ойнаған тайдың жілігі сынады.   Тентекке тіл жаңғырық.   Ойнаған бота от басар.   Көрі түйе ойнақтаса жұт болар.   Тентек - жұртқа тентек, өзіне мақұл.   Бір аяқ қымыздың екі аяқ желігі бар.   Өлейін деген тышқан мысықтың құйрығымен ойнайды   Елде бір тентек жүрмей ме.   Әзілдің алысқа бармағаны жақсы.   Тентектің есі-дерті — бұзу,  Текенің есі-дерті — сүзу.

 

Ас, тағам

Сыйлап берсе, суын іш.   Тату үйдің тамағы төтті.   Ас адамның арқауы.   Ас тұрған жерде ауру тұрмайды.   Жарлының бір тойғаны шала байығаны.   Сыйласқанның суын іш.   Жейтін ауызды жемес ауыз байлайды.   Аштың ақылы астан әрі аспайды.   Шай ішіп үйренген, қымыз деп қыстамайды.   Тоқ адамды ұйқы басады, Аш адамнан ұйқы қашады.   Дастарқанда наны жоқтың, Тамағының сәні жоқ.   Қарны ашқан қазанға қарар.   Ішіп тоймаған, жалап тоймайды.   Асы жоқ алтын аяқтың, Алтынын ал да отқа жақ.   Есек мінген ат сұрамайды, Балық жеген ет сұрамайды.   Шыбын да балға қонады.   Қайнаған қара суда қасиет бар.   Қазак қайнап тұрса, ақыл сайрап тұрады.   Атты қамшымен айдама, жеммен айда.   Ат адамның қанаты, Ас адамның қуаты.   Асы бар аяқ әдемі.   Өле жегенше, бөле же.

Жат асыңа қарайды. Дос басыңа қарайды.

Ашқа қазан астырма, Тоңғанға отын жақтырма.

Асы бар аяқтан аттама.   Жаманнан жарты қасық ас қалар.   Дүниеде тас қатты, Тасты еріткен ас тәтті.   Ет дегенде бет бар ма.   Күріштің мәнін май келтіреді.   Арпа, бидай ас екен, Алтын, күміс тас екен.   Ауру — астан, дау — қарындастан.   Құр аяққа бата жүрмес.   Қыздың тамағы қылдай.   Жақсы ас қалғанша, Жаман қарын жарылсын.   Досыңның асын қасыңдай іш.   Ет — етке, сорпа — бетке.   Қойдың басы — құданың асы.   Ет дәмділігін қойса, мен ұрлығымды қояр едім.   Мешкей деген жақсы атақ емес.   Жылқының еті жесең тісіңе кіреді. Жемесең түсіңе кіреді.   Ас қадірін тоқ білмейді.   Той тамағы — тәтті.   Аспаздың қарыны асқанына тояды.   Атыңды сат, тоныңды сат, Жатарыңда бір тойып жат.   Қуыс үйден ңұр шықпа.   Кісі кірмеген үй көрмен тең, Ішілмеген ас умен тең.

Әдет, салт

Сәуір болса, күн күркірер, Күн күркіресе көк дүркірер.   Ауру қалса да әдет қалмайды.   Қарға қарқылдаса қысты шақырады. Қаз қаңқылдаса жазды шақырады.   Алты жасар бала атқа мінсе, Алпыстағы шал алдынан шығар.   Иттіы табаны қышыса, керуенге ереді.   Ат дорба түбін піскемей, ат тоймайды.   Сұрап алған аурудың емі жоқ.   Бір ит көріп үреді, Бір ит еріп үреді.   Атының сыры иесіне белгілі.   Иттің ырылдасқаны - амандасқаны.   Ит иттігін қылмап қоймас.   Ит итаяғын жаламай көңілі көншімес.   Ел жатпай — ит тынбас.   Ит баласын ырылдап сүйеді.   Ит қорыған жерге өш.   Жетектеген ит аңға жарамас.   Тау текенің тауға шықиаса тұяғы қышиды.   Алты жыл аш болсаң да, атаңның салтын ұмытпа.   Түйе алтын артып жүрсе де, жантақ жеуін қоймайды.   Түйенің сүйген асы — жантақ, Тиіннің сүйген асы — жаңғақ.   Түйенің жантақ жемесе, тілі қышиды.   Ит үрген жерде ауыл бар.   Бөрі кәрісін ұрады.   Ит иттігін істемесе, іші ауырады.   Ант бұзған оңбайды, салт бұзған сорлайды.

Дәуір, уақыт

Уақыт тас екеш тасты да тоздырады.   Әр адам ез заманының баласы.   Кешегі күннен алыс жоқ, Ертеңгі күннен жақын жоқ.   Жасы бір құрдас емес, Заманы бір құрдас.   Мезгіл жетсе, мұз да ерір.   Адамды заманы билейді.   Заманына қарай заңы, Тоғайына карай аңы.   Әр айдың аты басқа.   Заманың қалай болса, бөркіңді солай ки.   Әр заманда бір көреген.   Ескіні еске алмай, жаңа жадына түспейді.

Батырлық, қайсарлық, тәуекелшілдік, қажырлылық, жігерлілік

              

Ел ұлсыз болмас, Жер гүлсіз болмас.   Батыр туса — ел ырысы, Жанбыр жауса — жер ырысы.   Елінді сүйсең, ерлік істейсің.   Қылышты қорқақты Сойылды батыр соғып алады.   Батырға ок дарымайды, батылға жау жоламайды.   Жауынгерге жара да жарасады.   Қаһарлы қамал бұзады.   Малы жоқ деп, ерден түңілме, Шөбі жоқ деп, жерден түңілме.   Ел  үмітін ер ақтар, Ер атағын ел сақтар.   Ер жігіт елі үшін туады, Елі үшін өледі.   Тізерлеп жүріп күнелткеннен, Тік жүріп өлген артық.   Қорқақтың қатыны болғанша, Батырдың жесірі бол.   Ерліктің шарты — өзіне сенгекдік.   Шапшаң жүргенде шаң жұқпас.   Шын орақшы орақ таңтамайды, Шын батыр құрал таңдамайды.   Қара бет болып қашқаннан, Кайрат көрсетіп өлген артық.   Айлалы батыр алдырмас.   Ер жігітке өлім бар да, қорлық жоқ.   Ер жігіт үйде туып түзде өлер.   Ерлік өлім — ерді көбейтеді.   Ер сасқанда белгілі, Ат шапқанда белгілі.   Алыс жол атты сынайды, Ауыр жол ерді сынайды.   Ер жігіттің екі сөйлегені — өлгені.   Батырға таяқ та — жарақ.   Үйде шешен — дауға жоқ, Үйде батыр — жауға жоқ.   Отызымда орда бұзбасаң, Қырқыңа қырып келдім дегеніңе ешкім сенбейді.   Жауға жаныңды берсең де, Сырыңды берме.   Алыссаң атаң да болса жық.   Жалғыз атты жарыстан қалмас.   Жығылсаң нардан жығыл.   Атың арық болса, бір шап, Отының аз болса, бір жақ.   Ат басына күн туса, Ауыздығымен су ішер. Ер басына күн туса, Етігімен су кешер.   Жау жоқта батыр көп, Дау жоқта ақыл көп.   Отқа салып ерітсең де, Алтын сірә жез болмас. Аяққа шұлғау қылсаң да, Асыл жібек бөз болмас.   Батырдың атын жау шығарады, Шешеннің атын дау шығарады.   Жауға жалынба, Досқа тарылма.   Тәуекел ет те тас жұт, Ажал жетпей өлмек жоқ.   Бас жарылса, бөрік ішінде, Қол сынса, жең ішінде.   Табақ тамағымен жарасты, Батыр жарағымен жарасты.   Батырлық айқаста танылар.   Шешінген судан тайынбас.   Қашпақ болсаң зымыра.   Тәуекелсіз іс бітпейді, Төуекел етпеген арықтан өтпейді.   Ер жолдасы — тәуекел.   Ерлік көрсеткенге оқ та дарымас.   Өжет өлімнен қаймықпас.   Күш батылдыққа ереді.   Батыл болсаң батыр да боласың.

Тәуекел тау жығады.   Тәуекелдің кемесі суға батпайды.   Өзің қорықпасаң, жау қорқады.   Алып анадан туады, Ат биеден туады.   Болат қайнауда шынығады, Батыр майданда шынығады.   Жалықпаған жауды жеңеді.   Өжет адам өлімді жеңеді.   Болат бүгілмес, шорт сынар.   Уайым түбі тұңғиық, Батасың да кетесің. Тәуекел түбі жел қайық, Мінесің де өтесің.   Аты аталмаған жігіттен, Аты аталған төбе артық. Қорлық өмірден, Ерлік өлім артық.   Қашпақ, қумақ ерге сын, Көшпек, қонбақ жерге сын.   Ерлік білекте емес, жүректе.   Ердің сыншысы — елі.   Жомарт бергенін айтпас Ер айтқанынан қайтпас.   Ездің тілі батыр, Ердің қолы батыр.   Оқсыз мылтық — таяқ,   Дұшпанға тастай қатты бол, Досыңа балдай тәтті бол.   Жүрек — ер, бас — кемеңгер.   Сөзде тұру — ерлік, Сөзді жұту — қорлық.   Ақылдан асар амал жоқ, Батылдар алмас қамал жоқ.   Шамасыз батырлық — шарасыз өлім.   Тура ағаш үйге тіреу, Тура жігіт елге тіреу.   Жүйрік атқа жел қамшы.   Ер айтса — ел айтқаны, Елдің қамын жеп айтқаны.   Ер айтпас, айтса қайтпас.   Атқыштан ажал қашады.   Ерді кебенек ішінде таны.   Ерлік пен бірлік — егіз.   Ер — елдің айнасы.   Ер есімі ел есінде.   Батырға да жан керек, Пақырға да жан ксрек.   Ерлікте қорлық жоқ.   Жүк ауырын нар көтереді, Ел ауырын ер көтереді.   Ат өнері білінбес, Бәйгеге түсіп жарыспай. Ер өнері білінбес, Қоян-қолтық алыспай.   Арыстанды арыстандай жігіт алар.   Қимылдаған қыр асар.   Ерінбеген елекпен су ішеді.   Жоқ іздеген жоғалғанды табады.   Шапқан озар, Жатқан қалар.   Ұра берсең құдай да өледі.   Іздеген табады, Сұраған алады.   Талапты ерге нұр жауар.   Қақылдаған тауық тумай қоймайды.   Жоқ табылмайды емес, Қарауы жетпейді. Адам бермейді емес, Сұрауы жетпейді.   Қырық кісі бір жақ, Қыңыр кісі бір жақ.   Жығылған күреске тоймайды.  

Достық пен жолдастық

Тату үйдің бақыты тасыр, Ұрыс-керіс үйдің ырысы кашар.   Жолдасы көптің — олжасы көп.   Қимас досың сүраса, Қимасыңды бересің.   Сыйласу екі кісіге бірдей.   Туысы жақын жақын емес, Қонысы жақын жақын.   Татулық — табылмас бақыт.   Досыңды мақтағаның — өзіңді жақтағаның.   Ағаш тамырымен, Адам досымен мықты.   Ұрыстың мерейі - ерлік, Ырыстың мерейі — бірлік.   Жаман жолдастан мықты таяқ.   Жолдасты жол айырады.   Дос сыртыңнан мақтар, Дұшпан көзіңе мақтар.   Дұшпан күлдіріп айтады, Дос жылатып айтады.   Досың дос болғанға шаттан, Дұшпанмен дос болудан сақтан.   Дұшпаныңнан бір сақтан, Жаман достан мың сақтан.   Жаман жолдастан жақсы дұшпан артық.   Қасың менен досынды Қас-қабағы танытар.   Ауыл итінің достығы Суйек тастағанша...   Күлме досыңа, келер басыңа.   Адамның көңілі бір атым насыбайдан қалады.   Ерегескен ел болмайды, Есептескен дос болмайды.   Досы көппен сыйлас, Досы азбен сырлас.   Екі жақсы қосылса, Өлгенінше дос болады, Екі жаман қосылса. Өлгенінше қас болады.   Дос таппай көңіл тыным таппас.   Көршің қолайлы болса, қораң кең.   Жолдасың жақсы болса, Жолым ұзын деме, Жолдасың жаман болса, Қолым ұзың деме.   Қадірінді білгің келсе, Көршіңнен қарыз сұра.   Елсізде ит те жолдас.   Әңгіме жол қысқартады.   Тар жерде табысқан — Кең жерде келіседі.   Жолдасыц соқыр болса, Сен де бір көзіңді қысып қой.   Досыңа ат берме, Ат берсең, ақырын жур деме.   Досы жоқ адам — Тұзы жоқ тағам.   Жылқы кісінескенше, Адам сөйлескенше.   Жаман дос жауыңмен бірге шабады.   Мыңның түсін танығанша, Бірдің атын біл.

Достың орны — төр, Дұшланның орны — көр.   Аз қайғыны ас басады, Көп кайғыны дос басады.   Базарда мың кісі бар, Әркім танығанына сәлем береді.   Көрген жерде ауыл бар.   Досыңның пышағымен мүйіз кес, Дұшпаныңның пышағымен киіз кес.   Жаңа дос келгенде, Ескі достық көзінен жас шығады.   Жартыны жарып жеген — Татулыктың белгісі.   Заттың жаңасы жақсы, Достың ескісі жаксы.   Жігіт жолдасынан белгілі.   Мың жолдас жақсы, Мың жолдастан бір дос жақсы.   Біреу жаныңа жолдас, Біреу малыңа жолдас.   Жолдасын тастаған жолда калар.   Жолаушыға жолдан жолдас косылар.   Пайданың зоры — дос үшін шеккен зиян.   Дос бергеннің түсіне қарама.                                                           Жолдан қосылған жолдас болмайды.   Шошқаға ерген балшыққа аунар.   Жақсымен жүрсең, Жақсы боларсың. Жаманмен жүрсең, Жын урып, бақсы боларсың.   Досы көптің жаны семіреді, Асы көптің тәні семіреді.   Жақсымен жолдас болсаң, Жетерсің мұратқа. Жаманмен жолдас болсаң, Қаларсың ұятқа.   Әкесі құрдастың, баласы құрдас.   Жақсының кұнде бір үйі кеңиді, Жаманның күнде бір үйі кемиді.   Дос тұтқанды қадірле.   Есептескен ел болмас.   Өз басыңды дауға берсең де, Жолдасынды жауға берме.   Жақсы дос үшін жан пида.   Жалған достан жау артық.   Аталастан ауылдас жақын.   Жақсы көрші тапқаның — Мол олжаға батқаның.   Тістем нанның қадірін тарыққанда білерсің, Анық достың қадірін зарыққанда бідерсің.   Айырылмастай досыңа қайырылмастай сөз айтпа.   Жалған жолдас көзіне мақтар, Сырт айналып, сойылын баптар.   Дос та дос, дұшпан да дос мал барында.   Төбелеске бергісіз араша бар, Ағайынға бергісіз жанаса бар.   Ай көрмесең туысың жат, Жыл көрмесең жолдасың жат.   Құс қанатымен, Ер жолдасымен.