- •1.Омыртқа жотасын түзіп тұрған омыртқаларға салыстырмалы түрде түсіндіріңіз.
- •2.Төменгі жақ сүйегінің құрылысын жоғары жақ сүйекпен салыстырыңыз
- •3. Мойын омыртқаларының құрылысын бел омыртқаларымен салыстыру
- •4.Синхондрозды байланысқан сүйектерге мысал келтір
- •5)Омыртқа жотасының қандай иілімдерін білесіз, және бұл иілімдер қандай жаста пайда болады
- •6 Тыныс алуға қатысатын бұлшық еттер
- •8. .Жұлынның ішкі құрылысының сызбасын сызып,түсіндіріңіз.
- •10.Бауыр мен қарын асты бездерінің құрылысына байланысты өтетін ас қорыту және зат алмасу процестеріне тигізетін әсерлерге мысал келтіріп,түсіндіріңіз.
- •12.Барлық қол және аяқ сүйектері өзінің даму барысында шеміршек кезеңінен өтеді ме?Түсіндіріңіз.
- •13.Үлкен қан айналым шеңберінің артериялық тамырларын талдаңыз.
- •14.Эндокринді бездердің гипо- және гиперфункциялық жағдайына байланысты пайда болатын ауытқушылықтарға мысал келтіріңіз.
- •15.I,II және VII мойын омыртқалары берілген.Осы мойын омыртқалары қандай жеке ерекшеліктері арқылы ажырататындығын түсіндіріңіз.
- •16.Жастың ұлғаюына байланысты буындардың қимыл қозғалысының төмендеу себептеріне синтез жасаңыз
- •17.Рефлекс доғасының сызбасын сызып,бағалаңыз.
- •18.Үлкен қан айналу шеңберінің веналарына толық түсінік беріңіз және синтез жасаңыз.
- •19.Қол басы және аяқ басы құрылысына салыстырмалы түрде синтез жасаңыз.
- •20.Ішкі секрециялық бездердің қанға бөлетін активті заттарының(гормондардың) организм қажетіне және орта жағдайларының өзгеруіне қарай тигізетін әсерлеріне синтез жасаңыз
- •21.Есту мүшелерінің құрылысын бағалап,синтез жасаңыз.
- •22.Бүйректің құрылысын бағалаңыз және синтез жасаңыз.
- •23.Нерв жүйесінің дамуы және маңызын бағалаңыз және синтез жасаңыз.
- •24.Ауыз қуысы мүшелерінің құрылысын бағалаңыз және синтез жасаңыз.
- •25.Вена қан тамырларының құрылысына,ерекшеліктеріне синтез жасаңыз.
- •25.Вена қан тамырларының құрылысына,ерекшеліктеріне синтез жасаңыз.
- •26.Нефронның құрылысын бағалаңыз және синтез жасаңыз.
- •27.Эндокринді бездерді бағалаңыз және синтез жасаңыз.
- •28.Иіс анализаторлары туралы синтез жасаңыз.
- •29.Арқа бұлшықеттеріне жалпы синтез жасаңыз
- •34)Ымдау және шайнау бұлшықеттері
- •45.Гипофиздің құрылысын,қызметін талдаңыз.-
- •46.Вегетативті жүйке жүйесінің парасимпатикалық бөлімін талдаңыз.
- •47.Ортаңғы ми бөлімін талдап,сараптама жазаңыз.
- •48.Жүйке жүйесінің шеткі бөлімін талдап,сараптама жазыңыз.
- •49.Қан жасаушы мүшелерге жалпы сипаттама беріңіз
- •50.Қақпа венасының маңызы және осы жүйені түзетін веналарға сараптама беріңіз.
- •51.Артқы ми бөлімі туралы түсінік беріп,сараптама жасаңыз.
- •52.Вегетативті жүйке жүйесі,қызметі туралы жалпы сараптама жасаңыз.
- •53.Тепе-теңдікті реттейтін мүшеге толық сараптама жазыңыз.
- •54.Орталық жүйке жүйесіне жалпы сараптама жазыңыз.
- •55.Бас ми жүйкелері,олардың табиғаты,тармақтары,иннервация аймағы туралы жалпы сараптама жасаңыз.
- •56.Дәм сезу анализаторларына түсінік беріп,сараптама жасаңыз
- •57.Өкпенің құрылысына сараптама жасаңыз
- •58.Қан айналым шеңберлеріне сараптама жасаңыз
- •59.Мишық.Құрылысы мен қызметіне сараптама жасаңыз
- •60.Сопақша мидың құрылысы мен қызметін талдап,сараптама жасаңыз
10.Бауыр мен қарын асты бездерінің құрылысына байланысты өтетін ас қорыту және зат алмасу процестеріне тигізетін әсерлерге мысал келтіріп,түсіндіріңіз.
Бауыр мен қарынасты бездердің құрылысына қарай өтетін асқорыту және заталмасу процестеріне тигізетін әсерлерге мысал келтіріңіз. Бауырдың асқорыту процесіне қатысудағы ролі екінші орында, заттар алмасу процесіндегі оның маңызы ерекше: белоктардың, көмірсулардың, майлардың, холестериннің, витаминдердің алмасуына қатысады. Бауыр гликогеннің түзілетін және жиналатын орны. Сонымен бірге заттар алмасуының нәтижесінде пайда болатын түрлі зиянды өнімдерді усыздандырады, көптеген дәрі дәрмектердің белсенділігін шектейді. Қан плазмасының белоктары фибриноген, альбуминдер, протромбин синтезделеді. Бауыр клеткалары немесе гепатоциттер екі екіден бірігіп бауыр пластинкаларын түзеді. Гепатоциттерді синусоидтық капиллярлар торы қоршап тұрады. Синусоидтық капиллярлардың құрылыс ерекшелігінің маңызы бауырдың қызметі үшін ерекше. Бауыр синусоидтарының астары екі түрлі клеткалардан тұрады. Бірінші түрі эндателийлық клеткаларға ұқсас, екінші түрі фагоцитоздық қасиеті бар Купер клеткалары. Бауырдың экзокринді секреті өт. Өт өт тұздары қоспасынан – натрийдің гликохлораттары мен таурохлораттарынан тұрады. Сонымен бірге пигменттер, тироксиннің алмасу өнімдері, экстрагендік және андрогендік заттар, А, В, С витаминдері мен кейбір ферменттер, амин қышқылдары, гликопротеидтер мен минералдық бөліктерден натрий мен калийдің хлоридтерін, фосфаттарды, кальцийді, темірді, магнийді атауға болады. Ұйқы безі ацинус деп аталатын клеткалар тобынан тұрады. Ацинустар ұйқы безінің жалпы өзегі арқылы он екі елі ішекке құйылатын көптеген ферменттерді бөледі. Бездік клеткалар арасында қанға инсулин, глюкагон, соматостатин гормондарын қанға бөлетін Лангерганс аралшықтары деп аталатын ерекше бездік элеметтер болады. Лангерганс аралшықтарының клеткалары панкреатиндік эндокриноциттер. Бұлардың бірнеше түрлері болады. Альфа эндокриноциттер қанда глюкоза мөлшерін көбейтетін глюкагон гормонын бөледі. Бета эндокриноциттер қандағы глюкозаның деңгейін кемітетін инсулин гормонын бөледі. Дельта эндокриноциттер белоктік секреттердің синтезін бөгейтін соматостатин гормонын бөледі. Лангергеанс аралшықтарының жұмысы бұзылса қнт диабеті деген ауру пайда болады. Сонымен қатар ұйқы безі панкреатин гормонын бөледі
11.Жуан ішек,оның бөлімдеріне,ерекшелігіне жіңішке ішекпен салыстыра отырып мысал
Тоқ (жуан ) ішек (лат. intestinum crassum) ащы ішектің оған келіп жалғасатын жерінен ( илиоцекалды бұрыш) басталады да, тік ішекпенаяқталады. Тоқ ішектің бірнеше бөліктерін ажыратады: соқыр ішек(соесum), жоғары бағытталған бөлік (colon ascendens), көлденең жатқан бөлік (colon transversum) пен төмен бағытталған бөлік (colon descendens), сигма тәрізді бөлік ( colon sigmoideum). Сигма тәрізді ішектің жалғасы тік ішек ( rectum) артқы тесікпен (anus) бітеді. Тоқ ішек ( ободочная кишка, colon)- жалпы ұзындығы 1-2 м, диаметрі 4-7 см.Тоқ ішекке тән ерекшеліктер
1. Ерекше бойлық бұлшық ет таспалар (teniae coli ) болуы;
2. Өзіне тән қампайманың (haustra coli) болуы;
3. Mайы бар сірлі қабық өсіндінің (appendices epiploicae)болуы;Жоғарылаған ішек (colon ascendens) мезапертонеальді орналасқан, алайда сирек жағдайда жеке қысқа шажырқайымен интраперитонеальді орналасуы мүмкін. Ол оғ жақ қабырға астында бауырлық иірім жасап, көлденеңдеген болікке өтеді. Көлденең ішектің ұзындығы 50-60 см, интраперитонеальді орналасқан. Ол сол қабырға астында көкбауырлық иірім жасап, төмендеген ішекке ауысады. Тоқ ішектің жалпы ұзындығы 180-200 см, ал диаметрі 5-6 см. Оның бірнеше иілімдері бар. Бірінші бауыр иілімі ( flexura coli dextra), ал екіншісі көкбауыр иілімі (flexura coli sinistra) және солармен қатар сигма тәрізді бөлігі мен тік ішек шекарасындағы иілімдер. Алғашқы аталған екі иілімдер тұсында және көлденең бөлігінде тоқ ішекті бекітіп тұратын арнайы байламдар бар ( lig. Hepatocolicum et lig nefrocolicum, lig. Gastrocolicum)
Тоқ ішектің бұлшықет қабаты
Тоқ ішектің бұлшықет қабаты екі түрлі бұлшықеттерден құралады. Біріншісі ішкі немесе циркулярлы және сыртқы бұлшықет қабаттары. Сыртқы бұлшықет қабаты ішектің ұзындығын бойлай орналасады. Бұл қабат ішектің сыртқы жағында үш жолақ тәрізді болып көрініп тұрады және үшеуі соқыр ішектің күмбезінде, яғни оған құрт тәрізді өсіндінің жалғасатын жерінде түйіседі. Ішкі жақта орналасатын бұлшықеттер (циркулярлы бұлшықет) ішектің белгілі бір аймақтарында қалыңдап физиологиялық қысқыштар (сфинктерлер) құрайды. Тоқ ішектің оң жақ бөлігінің қанмен қамтамасыз етілуі жоғарғы шажырқай артериясынан келетін мықын-тоқ ішек артериясы (a. iliocolica ), оң жақ тоқ ішек артериясы (a. colica dextra) және ортаңғы тоқ ішек артериясы (a. colica media). Тоқ ішектің сол жақ бөлігінің қанмен қамтамасыз етілуі төменгі шажырқай артериясымен жүзеге асады. Тоқ ішектің сол жақ артериясы (a. colica sinistra) тоқ ішектің ортаңғы артерия тармағымен аностомоз құрып Риолан доғасын құрайды. Сигма тәрізді ішекті aa. sigmoideae қанмен қамтамасыз етеді. Веналық қан аталған артериялардың жандарында орналасқан көктамырлар арқылы жүреді. Лимфа сұйығының жүрісі, негізінен, төрт лимфатүйіндеріне қарай (эпиколикалық, параколикалық, аралық және орталық түйіндер) бағытталады. Тоқ ішектің иннервациясы симпатикалық және парасимпатикалық жүйке жүйелері арқылы жүзеге асырылады. Тоқ ішекте су сіңу процесі және ащы ішекте ыдырағанмен, толық сіңбеген қоректі заттардың одан әрі сіңуі жалғасады.
