- •1.Омыртқа жотасын түзіп тұрған омыртқаларға салыстырмалы түрде түсіндіріңіз.
- •2.Төменгі жақ сүйегінің құрылысын жоғары жақ сүйекпен салыстырыңыз
- •3. Мойын омыртқаларының құрылысын бел омыртқаларымен салыстыру
- •4.Синхондрозды байланысқан сүйектерге мысал келтір
- •5)Омыртқа жотасының қандай иілімдерін білесіз, және бұл иілімдер қандай жаста пайда болады
- •6 Тыныс алуға қатысатын бұлшық еттер
- •8. .Жұлынның ішкі құрылысының сызбасын сызып,түсіндіріңіз.
- •10.Бауыр мен қарын асты бездерінің құрылысына байланысты өтетін ас қорыту және зат алмасу процестеріне тигізетін әсерлерге мысал келтіріп,түсіндіріңіз.
- •13.Үлкен қан айналым шеңберінің артериялық тамырларын талдаңыз.
- •12.Барлық қол және аяқ сүйектері өзінің даму барысында шеміршек кезеңінен өтеді ме?Түсіндіріңіз.
- •14.Эндокринді бездердің гипо- және гиперфункциялық жағдайына байланысты пайда болатын ауытқушылықтарға мысал келтіріңіз.
- •15.I,II және VII мойын омыртқалары берілген.Осы мойын омыртқалары қандай жеке ерекшеліктері арқылы ажырататындығын түсіндіріңіз.
- •16.Жастың ұлғаюына байланысты буындардың қимыл қозғалысының төмендеу себептеріне синтез жасаңыз
- •17.Рефлекс доғасының сызбасын сызып,бағалаңыз.
- •18.Үлкен қан айналу шеңберінің веналарына толық түсінік беріңіз және синтез жасаңыз.
- •19.Қол басы және аяқ басы құрылысына салыстырмалы түрде синтез жасаңыз.
- •20.Ішкі секрециялық бездердің қанға бөлетін активті заттарының(гормондардың) организм қажетіне және орта жағдайларының өзгеруіне қарай тигізетін әсерлеріне синтез жасаңыз
- •21.Есту мүшелерінің құрылысын бағалап,синтез жасаңыз.
- •22.Бүйректің құрылысын бағалаңыз және синтез жасаңыз.
- •23.Нерв жүйесінің дамуы және маңызын бағалаңыз және синтез жасаңыз.
- •24.Ауыз қуысы мүшелерінің құрылысын бағалаңыз және синтез жасаңыз.
- •25.Вена қан тамырларының құрылысына,ерекшеліктеріне синтез жасаңыз.
- •25.Вена қан тамырларының құрылысына,ерекшеліктеріне синтез жасаңыз.
- •26.Нефронның құрылысын бағалаңыз және синтез жасаңыз.
- •27.Эндокринді бездерді бағалаңыз және синтез жасаңыз.
- •28.Иіс анализаторлары туралы синтез жасаңыз.
- •29.Арқа бұлшықеттеріне жалпы синтез жасаңыз
- •34)Ымдау және шайнау бұлшықеттері
- •45.Гипофиздің құрылысын,қызметін талдаңыз.-
- •46.Вегетативті жүйке жүйесінің парасимпатикалық бөлімін талдаңыз.
- •47.Ортаңғы ми бөлімін талдап,сараптама жазаңыз.
- •48.Жүйке жүйесінің шеткі бөлімін талдап,сараптама жазыңыз.
- •49.Қан жасаушы мүшелерге жалпы сипаттама беріңіз
- •50.Қақпа венасының маңызы және осы жүйені түзетін веналарға сараптама беріңіз.
- •51.Артқы ми бөлімі туралы түсінік беріп,сараптама жасаңыз.
- •52.Вегетативті жүйке жүйесі,қызметі туралы жалпы сараптама жасаңыз.
- •53.Тепе-теңдікті реттейтін мүшеге толық сараптама жазыңыз.
- •54.Орталық жүйке жүйесіне жалпы сараптама жазыңыз.
- •55.Бас ми жүйкелері,олардың табиғаты,тармақтары,иннервация аймағы туралы жалпы сараптама жасаңыз.
- •56.Дәм сезу анализаторларына түсінік беріп,сараптама жасаңыз
- •57.Өкпенің құрылысына сараптама жасаңыз
- •58.Қан айналым шеңберлеріне сараптама жасаңыз
- •59.Мишық.Құрылысы мен қызметіне сараптама жасаңыз
- •60.Сопақша мидың құрылысы мен қызметін талдап,сараптама жасаңыз
3. Мойын омыртқаларының құрылысын бел омыртқаларымен салыстыру
Мойын омыртқалары –vertebrae cervicalis. Жалпы саны жеті(C1-C7). Мойын омыртқаларының жалпы көлемі бірінші, екінші омыртқалардан басқалары, кеуде омыртқаларына қарай төмен бағыт алған сайын, мойын омыртқаларына түсетін салмақтың өсуіне байланысты көлемі ұлғая бастайды.
Мойын омыртқалары сыртқы пішіні мен түр өзгешеліктеріне және атқаратын қызметіне қарай: негізгі (типтік) омыртқаларға (C3-C7) және жалған (атипатикалық) омыртқаларға (C1-C2) бөлінеді Негізгі мойын омыртқалардың (C3-C7) денесінің жоғарғы беті, оңнан солға қарай, төменгі беті керісінше, алдынан артына қарай ойыстау келумен қатар, 3-4 мойын омыртқалардың жоғарғы бетінің бүйір жиектері ілмектәрізді өсінділерді arcus corporis құрайды.
-Омыртқалық тесік, foramen vertebralig, үш бұрыш тәрізді болып келген.
-Буын өсінділері, processus articulares, қысқалау және қиғаштау болып, фронтальді жазықтықтың бойында орналасқан. Буын беттері жалпақтау, аздап дөңестеу болып келген.
-Мойын омыртқалардың қылқанды өсінділері, processus spinossus-мойын омыртқаның доғасынан бастап, 7-(C7)-мойын омыртқаға дейін біртіндеп ұзарып, артқа және төмен қарай бағытталған. Қылқанды өсінділердің ұштары 6-(C6)-мойын омыртқаға дейін айырылып орналасқан. 7-(C7)- мойын омыртқаның арқа өсіндісі басқа мойын омыртқаның арқа өсінділеріне қарағанда ұзындау және басты төмен иген жағдайда қылқанды өсіндісі айқын байқалатындықтан, бұл омыртқаны айқындаушы омыртқа, vertebrae promines, деп атайды. Мойын омыртқаларының ішінде I,II мойын омыртқалары мойынның басқа омыртқаларына қарағанда өзгеше болып келгендіктен, атипиялық немесе жалған омыртқалар деп аталады.
Бел омыртқалар, vertebrae lumbalis, жалпы саны бесеу
Ерекшеліктері:
-Омыртқа бағанасын құраушы омыртқалардың ішіндегі ең ірі омыртқалар қатарына жатады. Денесінің белі қымшалау жиектері шығыңқылау, жоғарғы және төменгі бетінің сыртқы пішіні лобия бұршағына немесе бүйрекке ұқсас болып келген.
-Арқа өсіндісі, processus spinosus, қысқалау және жалпақтауболып, сагитал жазықтықтың бойында орналасқан.
- Қабырғалық өсінді негізінің артқы бетінде әлсіз айқындалған қосымша өсінді processus accesorius , орналасқан, яғни көлденең өсіндінің қалдығы болып саналады.
-Қабырғалық өсінді, processus costalis, ол құрсақтық даму кезінде пайда болған қабырғалық сүйектік нүктеден дамыған. Бұл өсіндіден кеуде омыртқаларында, 12 жұп қабырғалар дамыса, бел омыртқалардың тұсында, сүйектік қабырғалық нүктеден бел омыртқалардың қабырғалық өсінділерін құрайды.
-Буын өсінділері, processus articularis, сагиталды жазықтықтың бойында орналасқан. Жоғарғы буын өсіндінің буын беттері ішке қарай иіліп орналасса, төменгі буын өсіндісінің буын беттері сырқа қарай бағытталған. Сонымен қатар, жоғарғы буын өсінділерінің ұшында еміздік тәрізді қосымша өсінділер, processus mamilaris, айқын байқалады. Бұл өсінділер бұлшықеттердің беку нәтижесінде пайда болған.
4.Синхондрозды байланысқан сүйектерге мысал келтір
Синхондрозы, басқаша айтқанда шеміршекті байланыстар
Сүйектердің шеміршектік ткандар арқылы байланыстары, articulationes cartilagineae seu synchondroses, ол өсіресе балалар мен жас өспірімдердің қаңқаларында кең көлемде кездеседі. Мысалы: түтіктәрізді сүйектің денесі мен эпифиз аралығында, омыртқа денелері мен сегізкөз омыртқаларының аралығында, сүйектердің буын беттерінде т.б. жерлерде орналасқан. Сүйек аралық мұндай байланыстар өзінің беріктілігімен, аз қозғалғыштығымен және терең қабатында орналасқан эластикалық ткандардың әсерінен серпімділігімен сипатталынады. Сонымен қатар, буында байқалатын қозғалыстың көлемі, буын аралығында орналасқан шемір-шектік тканның тығыздығына және қүрылымы-на байланысты. Сүйек аралық шеміршектің жас ерекшеліктеріне байланысты, тұрақты және тұрақсыз болып екі топқа бөлінеді. Егер сүйек аралық шеміршек өмір бойы сақталып келсе, мұндай шеміршекті байланыстарды тұрақты шеміршекті байланыс деп атайды. Мысалға: шеміршекті буын беттері кейбір мойын, кеуде, беломыртқа-ларының денелері мен төс сүйегі және төс бөліктері аралығындағы шеміршектік байланыстары және т.б+ Егер сүйек аралық шеміршектік байланыстар, белгілі уақытқа дейін сақталып келсе, мұндай шеміршектік байланыстар тұрақсыз шеміршекті байланыстар деп аталады. Мысалға: сегізкөз омыртқаларының аралық дискілерінің сүйектік тканға айналып, дара сегізкөз сүйегін құрауы және жамбас сүйектерінің аралық ше-міршектерін мысалға келтіруге болады.
