Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
anatomia_sessia_udachi_vsem.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
3.61 Mб
Скачать

34)Ымдау және шайнау бұлшықеттері

Беттің мускулатурасы морфологиясы мен нервтелуімен ғана ерекшеленбейді,және шығу тегі жағынан да ерекше.Жиырылған кезде мимиканы қалыптастырып адамның көңіл күйін білдіреді.Сезінуден басқа ымдау бұлшықеттері түрлі функцияларға қатысады.Мысалы сөйлеуге,тамақты шайнауға,т.б.Мойын мен шүйденің бұлшық еттері ымдау бұлшық еттер қызметіне қосымша рөл атқарады.Ымдау бұлшық еттерде шандыр болмайды.Ымдау бұлшықеттер тіл асты доғаның мезодермасынан дамиды және бет нервісінің бұтақтарымен нервтеледі.Ымдау бұлшық еттерді ажыратады;көздің дөңгелек бұлшық еті,ауыздың дөңгелек бұлшық еттері,мұрын бұлшық еті,езуді төмен тусіруші бұлшық ет,төменгі ерінді түсіруші бұлшық ет ,күлкі бұлшық еті ,үлкен бет бұлшық еті,қас түю бұлшық еті.Қас түю бұлшықетіне маңдай сүйектің мұрын бөлімінен басталып қас доғасының аймағында маңдайдың терісіне бекейді.Жиырылған кезде маңдайда вертикалдық қыртыстар пайда болады.Әрбір жақтағы төрт шайнау бұлшықеті өзара генетикалық морфологиялық ж/е қызметтік жағынан байл.Шайнау бұлшықеті бетсүйегінің төменгі жиегі мен бетсүйек доғасынан басталып,төменгі жақсүйектің тармағының сыртқы бетіне бекиді.Самай бұлшық еті жалпақ бастамасымен бассүйектің бүкіл самай шұңқыры кеңестігін алып жатады.Бұлшық ет будалары желпеуіш тәрізді түйісіп,берік сіңір түзіп ол бетсүйегі доғасы астында келіп,төменгі жақ сүйекке бекиді.Латералды қанаттәрізді бұлшықет сынатәрізді сүйектің үлкен қанатының төменгі беті мен қанаттәрізді өсіндіден баст.төменгі жақсүйектің айдаршықты өсіндісінің мойнына,сондай ақ шықшыт буынының қапшығына бекиді.Медиалды қанаттәрізді бұлшықет қанаттәрізді өсіндіден басталып, төменгі жақсүйек бұрышының медиалды бетіндегі аттас бұдырмаққа бекиді. Шайнау бұлшық еттерінің ең ірілері және маңыздылары самай бұлшық еті мен мешікті шайнау бұлшық еті.Самай бұлшықеті бас сүйектің самай шұңқырында жайғасқан,талшықтары қиғаш орналасқан.Талшықтар шоғырлары төмен қара жинала келіп бет доғасының астынан өтіп жалпақ сіңір құрап төменгі жақтың тәжік өсіндісіне бекиді.Жирылған кезде төменгі жақты көтереді және оны сәл артқа тартады.Шайнау бұлшық еті сіңірлі шоғырлары бет доғасы аймағынан басталып,төменгі жақтың бұрышына бекиді.Жиырылғанда төменгі жақ жоғары көтеріледі және алға қарап қозғалады,осының нәтижесинде тамақ езіліп ұсақталады.Шайнау кезінде төмені жақтың жанына қарап қозғалуы да жүреді,бұған қанат тәрізді бұлшық еттері де қатысады

35) Бүйрекүсті безінің құрылысы мен қызметі

Бүйрекүсті безі (glandula sup-rarenalis, лат. glandula — без, supra — үсті және ren — бүйрек) — бүйректің ішкі және жоғарғы (адамда — артқы) жағында орналасқан, пішіні бүйрекке ұқсас, бірақ мөлшері тіптен майда, жұп ішкі секреция(эндокринді) безі. Бүйрекүсті безі — шығу тегі екі түрлі жеке құрылымнан (мезодерма спланхнотомынан және жүйке түтігі қыршаларынан) дамып қалыптасады. Ол сыртынан тығыз дәнекер ұлпалы қапшықпен (капсуламен) қапталған. Бүйрекүсті безінің сыртқы жағында орналасқан қыртысты заты — қуыстық мезодермадан қалыптасқан интерренальды денеден, ал ішкі бозғылт заты — симпатикалық түйіндермен бірге жүйке қыршаларынан жетілетін супраренальды мүшеден қүралған. Бүйрекүсті безінің бозғыл заты нейроэндокринді бездерге жатады. Бездің қыртысты затын құрайтын пішіні мен мөлшері әртүрлі безді жасушалар (эндокриноциттер), өз кезегінде пішіні әртүрлі эндокриноциттер бағандарынан құрылған үш: шумақты (доғалы), будалы және торлы аймақтар түзеді. Шумақты аймақ эндокриноциттері — минералокортикоид гормондарын, будалы аймақ жасушалар — глюкокортикоид гормондарын, ал торлы аймақ эндокриноциттері — андроген гормондарын бөледі. Минералокортикоид гормондары — альдостерондар организмдегі су және түз алмасуын, ал глюкокортикоид гормондары — кортикостерон, кортизон, гидрокортизон көмірсу, протеин және липид алмасуын реттеуге қатысады. Андроген гормоны — аталық жыныс гормоны тестостеронға ұқсас. Бүйрекүсті безінің ішкі жагындағы бозғылт затты — медуллалы эндокриноциттер (нейроэндокринді хромаффиноциттер) құрайды. Ақшыл түсті эпинефроциттер (нейроэндокриноциттер) - адреналин, ал күңгірт түсті норэпинефроциттер - норадреналин гормондарын бөледі.[1]

Қүрылысы

Құрылысы: Бұл - бүйректің жоғарғы ұшында орналасқан жұп бездер. Біреуінің салмағы 6-7 грамм, екеуін қосқанда салмағы шашамен 12-14 грамм. Оң жақтағы бүйрекүсті безінің пішіні - үшбұрыш, сол жақтағы пішіні - жарты ай тәрізді. Бездердің сыртын бүйрекпен қоса тығыз майлы қабық қаптайды. Бүйрекүсті бездері сыртқы қыртысты және ішкі боз (милы) қабаттан тұрады. Ішкі қабаты бездің дәл ортасында, шамамен без ұлпасын 10%-ын құрайды. Сыртқы қыртыс қабаты 90%-ын алып жатыр. бБүйрекүсті безднерінен көптеген гармон түзіледі.

Қызметі

Қызметі: 1)Бездердің қыртысты қабатынан түзілген гармондар (кортизон) көмірсудың алмасуын және оның нәруыздың түзілуін реттейді.; 2)Тұз және су алмасуды қаматамассыз етеді. 3)Қан мен басқа ұлпаларға натрий, калий және хлордың қалыпты мөлшерін реттейді; 4)Жыныс мүшелерінің дамуына да әсер етеді. Бездің ішкі милы қабатын адреналин гармоны бөлінеді. Адреналин қан қысымын жоғарылатады; бауырдағы гликоген мөлшерін азайтады; қан ұюын тездетеді; жүректің жиырылу ырғағын тездетеді.

36)Жүрек қабырғасыныңқұрылысына сипаттама бер-

Жүрек — іші қуыс бұлшықетті мүше. Ересек адам жүрегінің салмағы 250-300 грамм. Жүрек кеуде қуысының сол жағына таман орналасқан. Оның дәнекер тканінен түзілген жүрек қабы қаптап тұрады. Жүрек қабының ішкі беті жүректі ылғалдайтын және жиырылу кезінде үйкелісті кемітетін сұйықтық бөліп шығарады. Жүрек бұлшықеті (гр. myocardiummys — бұлшықет, kardia — жүрек) - жүректің жүрекшелері мен қарыншаларыныңбұлшықет қабығы (миокард). Жүрекшенің бұлшықет қабығы беткей және терең ет қабаттарынан тұрады. Беткей ет қабатының кардиомиоциттері көлденеңінен орналасады. Ол оң және сол жүрекшелерді сыртынан қаптап, оларға ортақ қабат болып келеді. Терең ет қабаты әрбір жүрекшеде жекелей орналасады. Бұл қабаттың кардиомиоциттері ұзынынан орналасады. Жүрек қарыншаларының бұлшықет қабығында айқын байқалатын бесет қабаты болады. Олардың сыртқы беткей және ішкі бұлшықет қабаттарын қиғаш жатқан кардиомиоциттер, ал ортаңғы үш ет қабаттарын сегіздік тәрізді иіле орналасқан жүрек ет жасушалары түзеді Жүректің құрылысы оның атқаратын қызметіне сай келеді. Ол тұтас арқылы екі — сол жақ және оң жақ бөлікке бөлінген. Ал жүректің әр бөлігі бір-бірімен жалғасқан екі бөлімнен: жоғарғы — құлақшадан және төменгі — қарыншадан тұрады.  Қарыншаға қарағанда құлақшаның қабырғасы әлдеқайда жұқа. Бұл құлақша жұмысының оншалықты көп болмауына байланысты. Ол жиырылған кезде қан қарыншаларға өтеді. Қарынша бүкіл тамырларды бойлай қан айдап, көп жұмыс атқарады. Көп жұмыс істейтіндіктен, сол жақ қарыншаның бұлшық еті оң жақ қарыншаның қабырғасынан қалың болады. Әрбір құлақша мен қарыншаның шекарасында жақтаулы қақпақшалар болады, олар сіңір талшықтары арқылы жүректің қабырғасына бекінеді. Бұл жақтаулы қақпақшалар.

Жүрек перикардпен қапталған. Перикард жүректі плевралық қуыстан бөлңіп тұрады.перикардтың сыртқы қабаты созылмайтын ақ фиброзалық ұлпадан ал ішкі қабаты висцеральды және париетальды деп аталатын екі жапырақшадан тұрады. Висцеральды жапырақша жүрекке париетальдық жапырақша фиброзалық ұлпаға жабысып біткен. Осы екі жапырақшаның арасындағы саңылауға жүрек қабырғалары мен қоршаған ұлпалар арасындағы үйкелісті кемітетін перикардиалық сұйық бөлініп тұрады. Перикардтың созылмайтын қасиеті жүректің шамадан тыс созылмауына немесе оның қанға артық толуына кедергі болады. Жүрекке ритммен жиырылу тән. Оның бөліктері қатаң кезектесіп жұмыс істейді. Алдымен қанға толуымен екі жүрекшенің бір мезгілдегі жиырылуы жүреді. Кейін олар босайды. Осыдан соң қанды тамырларға айдап қарыншалар жиырыла бастайды. Жүрек қабырғасы негізгі үш қабықтан тұрады. Эпикард сыртқы, миокард ортаңғы, эндокард ішкі. Жүрек қабырғасы негізін көлденең салалы бұлшықетінің талшықтарынан тұратын миокард құрайды. Жүрек бұлшықет талшықтары аралық дисклермен жалғасқан кардиомицеттер деп аталатын бұлшықет клеткаларынан тұрады.

37)Несеп шығару жолдарының қабырғаларына сипаттама-

Несеп жолдары (мочевые пути); (viae urinariae, лат.via — жол, urina — зәр, несеп) — бүйректе түзілген зәрді уақытша жинап сыртқа шығаратын мүшелер жүйесі. Несеп жолдарына бүйректегі бүйрек тостағаншалары, бүйрек сабақшалары, бүйрек түбегі, несепағар, қуық, несепшығар өзегі, несепжыныс өзегі (еркек дарақтарда), несепжыныс кіреберісі (ұрғашы дарақтарда) жатады. Несеп жолдары құрылысы жағынан түтікше мүшелер. Олардың қабырғасы: ішкі — кілегейлі, ортаңғы — етті, сыртқы — сірлі немесе адвентиция қабықтарынан құралған. Кілегейлі қабықты ішкі жағынан көпқабатты ауыспалы эпителий астарлайды. Тек, несепжыныс өзегі мен несепжыныс кіреберісінің сыртқы ортаға шығар жеріндегі бөлігін көпқабатты жалпақ эпителий астарлайды. Эпителий қабатының астында өзіндік тақташа және кілегейлі асты негіз қабаттары (борпылдақ дәнекер ұлпасы) орналасады. Етті қабықты бірыңғай салалы ет ұлпасының ішкі және сыртқы ұзынша қабаттары және олардың аралығындағы ортаңғы сақинаша қабат құрайды. Несепағар сыртынан сірлі қабықпен қапталған. Қуықтың сыртқы қабығының 2/3 бөлігі сірлі қабықтан, ал қалған бөлігі адвентициядан тұрады. Қалған несеп жолдары мүшелерінің сыртқы қабығын адвентиция құрайды. Несеп жолдары зәрді жануарлар организмінен сыртқы ортаға шығарумен қатар, оның құрамындағы улы ыдырау өнімдерінің кері қанға сорылмауын қамтамасыз етіп, жануарлар организмін уланудан сақтайды

38)Аралық ми бөлімі-

Миды пайда болу, құрылымдық және қызметтік ерекшеліктеріне байланысты үлкен үш бөлімге бөледі: бағаналы (сопақша ми, ми көпірі, мишық, ортаңғы ми), қыртысасты (аралық ми, алдыңғы мидың ми сыңарлары) және алдыңғы ми сыңарларының қыртысы. Мидың бағаналы және қыртысасты бөлімдері ертеден пайда болған. Ал ми қыртысы кейіннен пайда болған бөлім. Ми ұрықтың даму ерекшелігіне байланысты 5 бөлімнен тұрады:

  1. сопақша ми;

  2. мишық (артқы ми);

  3. ортаңғы ми;

  4. аралық ми;

  5. алдыңғы ми сыңарлары.

  6. Аралық ми (көне грекше: diencephalon, көне грекше: dia - аралық; көне грекше: enkephalon — ми) — пішіні сақина тәрізді үшінші ми қарыншасынын (қуысының) қабырғасын құрайтын ми діңгегінің алдыңғы бөлігі. Ол үш бөліктен: көру төмпегі бөлігі — таламустан, төмпекасты бөлігі гипоталамустан және төмпекүсті бөлігі — эпиталамустан тұрады. Нейроциттер денелерінен құралған таламустың орталық ядроларында жұлыннан жəне сопақша мидан келетін өрлеме сезімтал өткізгіш жолдар аяқталып, таламус нейроциттерінен басталатын өткізгіш жолдар жүйке толқындарын (импульсін) үлкен ми қыртысына жеткізеді. Аралық мидың таламус бөлігі (көру төмпегі) - орталық жүйке жүйесін ің төменгі бөліктерінен келетін сезімтал өткізгіш жолдардың реттеуші бекетінің (станциясының) және ми қыртысымен байланыстыру қызметтерін атқарады. Гипоталамус — аралық мидың көру жолы, сүр төмпек, қүйғьпи (воронка), гипофиз, емізікше дене бөліктерінен, ал эпиталамус - үшінші ми қарыншасының тамырлы қабығынан, эпифизден, жүгеншектің жұп түйінінен құралған.[

39)Көз алмасының құрылысы

Көзалмасының қабақтарын атап,синтез жасаңыз- Көз - оптикалық жүйе. Жарық адамдардың айналадағы нәрселерді көруіне мүмкіндік беретін энергияның бір түрі. Алайда көру арқылы ғана біз қоршаған әлемді танимыз. Көру мүшесі – біздің көзіміз.

Көз өзінің құрылысы жағынан оптикалық жүйе ретінде фотоапаратқа ұқсас, бірақ көздің оптикалық жүйесі әлдеқайда күрделі. Адам көзінің пішіні шар тәрізді, шамалы қысыңқы , диаметрі 23-25 мм.Көз үш қабықшадан тұрады;фиброзалық, тамырлы және торлы қабықтармен қоршалған ішкі ядродан тұрады. Сыртқы фиброзалық қабық, екі бөлікке бөлінеді- алдыңғы және артқы бөліктерге бөлінеді,артқы бөлігін склера, немесе ақ қабық, ал алдыңғы бөлігін мүйіз қабық деп атайды.Склера(гректің склерос- қатты деген сөзі)көзге өзіне тән пішін беретін және көз ішіндегі сұйықтық қысымын тоқтататын қатты дөңес дәнекерұлпалық капсула болып есептелінеді.Склера көздің алдыңғы бетінде біркелкі жұқа мөлдіп мүйіз қабыққа айналады.Мүйіз қабықтың мөлдірлігі көзге жарықтың өтуін, ал оның дөңестігі жарық сәулелерінің сынуын қамтамасыз етеді. Мүйіз қабық эктодермадан пайда болатын сыртқы эпителийлік қабатта және эпителий астында жайғасқан, стромадан тұрады, қан тамырлары болмайды, сезімтал нерв ұштарына бай келеді.Зақымдалған кезде регенерация арқылы қалпына келеді.Склераның астында мезодермалық тамырлы қабық болады.Тамырлы қабық үш бөліктен тұрады;меншікті тамырлы қабықшадан, кірпікше денеден және нұрлы қабықшадан тұрады.Меншікті тамырлы қабықша пигменттің көп болуына байланысты қара қоңыр түсті келген жұқа қабықша болып саналады, торлы қабықты қоректендіретін қан тамырлары көп болады.Тамырлы қабық алдыңғы жағынан қалыңдап кірпікті дене мен нұрлы қабыққа айналады.Кірпікті дене көздің аккомодациясы кезінде үлкен рөл атқарады.Нұрлы қабық көзге түсетін жарықтың мөлшерін реттейтін сақиналы бұлшық еттік диафрагма болып есептеленетін көздің алдыңғы бөлігі.Нұрлы қабықта көзге түс беретін пигменттік клеткалар мен көз қарашағын тарылтып немесе кеңейтіп тұратын бұлшықет талшықтары болады.Торлы қабықтың астында көздің негізгі бөлігі жұқа жарық сезгіш қабық-торлы қабық орналасқан.Торлы қабықтың құрлысы күрделі,10 қабаттан тұрады.торлы қабық аралық мидың шетке шыққан бөлігі болып саналады.Торлы қабық екі қабаттан-сыртқы, пигменттік және құрамында жарық сезгіш клеткалар бар ішкі қаббаттан тұрады.Торлы қабықтың маңызды мамандалған жарықсезгіш клеткалары ерекше фоторецепторлық нейрондардың бір түрі болып келетін таяқшалар мен жұмыр клеткалар.Көзде 125 млн шамасындай таяқша мен 6,5 млн жұмыр клеткалар болады.Торлы қабықта орталық артерия мен венаның тарамдарынан түзілген, көзге көру нервісімен бірге енетін дербес тамырлар жүйесі бар.Бірақ көру рецепторлары қоректі тамырлы қабықшасынан алады

40)Ас қорыту жүйесінің бездерінің құрылысы- Адамның асқорыту жүйесі асқорыту түтігінен және оның сыртында орналасатын бездерден (сілекей бездері, бауыр және ұйқы бездері) тұрады, бұл бездердің сөлдері асқорыту процесіне қатысады. Сілекей бездерінің жалпы сипаттамасы. Ауыз қуысына шырышты қабықшадан тыс орналасқан үш жұп ірі сілекей бездері – шықшыт, жақ асты және тіл асты бездерінің шығару өзектері ашылады. Шықшыт безі (құлақмаңы безі) – қуысына ақуызды секрет бөлетін, сондай-ақ эндокриндік қызметке ие, күрделі альвеолярлық тармақталған без. Сыртқы жағынан ол тығыз дәнекер тіндік капсуламен жабдықталған. Бездің құрылымы айқын бөлікшелі. Бөлікшелер арасындағы дәнекер тіндерден тұратын аймақтарда өзектер мен қан тамырлары орналасқан. Жақ асты безінің ендірмелі өзектері азырақ тармақталған және шықшыт асты безінің өзектеріне қарағанда қысқарақ. Жақ асты безіндегі жолақты өзектер өте жақсы жетілген, ұзын және жақсы тармақталған. Оларда тарылымдар және кеңеймелер жиі кездеседі. Оларды жауып тұрған айқын базальды жолағы бар призмалық эпителийдің құрамында сары пигмент болады. Тіл асты безі. Бұл – құрылысы бойынша күрделі альвеолярлық-түтікшелі тармақталған без. Бөлінетін сөлі жағынан ол – шырышты бөліндісі басымырақ келетін аралас, шырышты-белокты без. Олардың үш түрлі: белокты, аралас және шырышты – аяққы секреторлық бөлімдері бар Белокты аяққы бөлімдер өте аз. Сілекей бездерінің қызметі: Сілекейлі бездер экзокринді және эндокринді қызмет атқарады. Экзокринді функция ауыз қуысына үнемі сәлекей бөлу болып табылады. Оның құрамына (шамамен 99 %) ағуыз заттар, сонымен қоса ферменттер, органикалық емес заттар, сонымен қатар жасушалы элементтер (эпителий жасушасы, лейкоциеттер) болады. Сілекей асты сулап, оған жартылай сулы консистенция береді, бұл шайнау және жұтыну үрдістерін жеңілдетеді. Жақ пен еріннің сілекеймен шырышты қабықшасының үнемі сулануыартикуляция актін туындатады. Сілекейдің маңызды қызметтерінің бірі асты ферментативті өңдеу болып табылады. Сілекейдің ферментаты полисахаридтерді (амилаза, мальтаза, гиалуронидаза) ыдыратуда, нуклеинді қышқыл мен нуклеопротеидтерді (нуклеаза мен ағуыздарды (калликреин тектес протеаздар, пепсиноген, трипсинотектес ферменттер), жасушалы қабықшаларды (лицозим) ыдыратуда қызмет атқарады. Сөлдік функциядан бөлек сілекей безі экскреторлы функцияны атқарады. Сілекейлі бездердің қорғаныстық қызметі бактерицидті заттың бөлініуінде – лизоцима. Сілекеймен қоса сыртқы ортаға әртүрлі органикалық және бейорганикалық заттар бөлінеді: несеп қышқылы, креатин, без, йод және басқалар.Қарынасты без үш бөліктен: без мойынынан, без денесінен және без түбінен тұрады. Қарынасты (ұйқы) безі аралас сөлініс безге жатады. Ол әрі ішкі, әрі сыртқы сөлініс қызмет атқарады. Сыртқы сөлініс қызметіне асқорыту сөлін өндіру қызметі жатады. Ішкі сөлініс қызметін Лангерганс аралшықтары атқарады. Лангерганс аралшықтары ұйқы безінің негізінен «үш» жағында және аздап басқа бөлімдерінде орналасқан ерекше тін. Қарынасты безі құрсақтың үстіңгі жағында орналасқан.Ол қарын сөлі мен инсулинен глюкоген гормондарын бөліп шығарады.Бұл гормондар қан құрамындағы қанттың мөлшерін реттеп отыру үшін қажет. Глюкоган бүйрекке әсер етіп,қант көлемін арттырады,ал инсулин қан құрамындағы қанттың мөлшерін азайтады. Глюкагон – кристал түрінде болады және қандағы қант мөлшерін арттырады, бауырда гликогеннің ыдырауын күшейтеді. Оның гипергликемиялық әсері адреналинге ұқсас, ал инсулинге қарама-қарсы. Ұйқы безінің гормонын инсулин (инсула — аралшық) деп атаған. Ол жасушаларда өндіріледі.Бауырдың гликоген түзу қызметін күшейтеді, бұлшықеттерде қорының жиналуын арттырады. Жасушалардың қантты пайдалануына әсер етеді. Инсулин, диабетпен ауырған адамның бұзылған зат алмасуын жөнге келтіреді.Бауыр (hepar) — 1) ең үлкен ас қорыту безі. Омыртқасыз жануарларда бауыр ас қорыту және қоректі сіңіру процестеріне қатынасады, сондай-ақ, онда май, көмірсу жиналады. Омыртқалы жануарлар мен адамда бауыр - күрделі орган, ол организмдегі зат алмасу процесіне қатысады әрі онда ас қорыту сөлдерінің бірі - өт түзіледі. Оның ересек адамдардағы орташа салмағы 1,5 - 2 кг. Бауыр іш қуысының оң жақ жоғарғы бөлігіне орналасқан. Бауырдың көк етке жанасып жататын жоғарғы дөңес, төменгі ішкі (висцеральдық) беттері бар. Бұлар бауырды оң(үлкен) және сол(кіші) бөліктерге бөледі. Бауырдың бетінің ортасында бауыр қақпасы деп аталатын көлденең ойық болады. Ол арқылы бауырға артерия, қақпалық вена тамырлары, жүйке талшықтары өтеді де, одан лимфа тамырлары мен өт түтігі шығады. Бауыр қақпасының алдыңғы жағында өт қуығы жатады. Бауыр қорғаныш қызметін де атқарады, яғни тамақ құрамында болып, ішекте сіңірілген зиянды заттар мен белок алмасуының нәтижесінде түзілетін қанның құрамындағы улы өнімдер Бауырда зарарсыздандырылады. Бауырдың лимфа түзілудегі, қан ұюын реттеудегі және қанның тұрақты құрамын сақтаудағы маңызы зор. Бауырда қанмен келген амин қышқылдарынан белоктар, глюкоза, фруктоза, глицерин, май қышқылы түзіледі, сондай-ақ, қандағы көмірсулар бауырда гликогенге айналады. Бауырдағы зат алмасу процестері әр түрлі ферменттердің қатысуымен жүреді, оны жүйке жүйесі мен түрлі гормондар реттеп отырады. Бауырдың құрамында 70-73% су, 2—4 % май, 17—18% ақуыз, оның ішінде ауыстырылмайтын түрлері болады. Бауырда көптеген В тобының витаминдері және А, Д, Е витаминдері де бар. Сонымен бірге бауырда көптеген ферменттер, экстрактивті заттар және темір, фосфор көп. Майдаланған, пісірілген бауыр өзіне майды жақсы сіңіреді. Бауырды алдымен өтінен бөліп алып тазалайды, содан соң жуып, кесіп 2—3 сагғат суық ағынды суда ұстайд

41)Барлық ми бөлімдеріне атаңыз.Бас мидың қай бөлімінде кезеген нервтің ядролары орналасқан-

Орталық нерв жүйесінің негізгі бөлігі – ми. Ол им сауытында орналасқан. Ересек адамда мидың салмағы 1400-1450 г құрайды. Мидан 12 жұп нервтер тарап, миды көптеген ішкі мүшелермен, беттің, мойынның еттерімен, тілмен, көзбен байланыстырады жєне сезім мүшелерінен келген ақпаратты миға жеткізеді.

Артқы ми. Артқы мидың құрамына сопақша ми және Варолий көпірі кiредi. Артқы мидың тiршiлiктегi маңызы өте зор. Мидан шығатын 12 жұп нepвтepдiң сегiзi артқы мидан тарайды. Олар мыналар үштармақты, көз алмасын кейін тартатын, бет, есту, жұтқыншақ, кезеген, қосымша және тiл асты нepвтеpi. Осы нервтердің қатысуымен тыныс алу, журек соғу, қан айналымы, тамақтану, түшкiру, құсу, терлеу, жылау, кiрпiк қағу, жөтелу сияқты тiршiлiкте маңызды рефлекстер орталықтары бар.

Сопақша ми жұлынмен тікелей байланысқан жєне екі түрлі қызмет өткізгіштік жєне рефлекторлық қызмет атқарады. Сопақша ми мидың сұр заты жұлындағыдай бiр ғана жерге топтаспай, ақ зат аралықтарында жеке-жеке шоғырлар құрып, көптеген ядроларға, кызметi әр түрлi орталықтарға айнaлған. Ақ зат нерв тaлшықтарынан тұрады. Бұл талшықтар қозуды жоғары және төмен қарай өткiзетiн жұлын жолдарының жалғасы және жұлынды мидың басқа бөлiмдерiмен, сопақша мимен байланыстырып тұрады. Сопақша ми арқылы өтетін кейбiр жұлын жолдары осы мида бiр-бiрiмен айқасып оң жақтан келген тaлшықтар сол жаққа, сол жақтан келген талшықтар оң жаққа шығады. Бас сүйектен шығатын 12 жұп ми нepвтepiнiң. соңғы бесеуiнiң (VIII, IX, Х, XI, ХII) ядролары мен бiрқатар аса маңызды рефлекстердi icкe асыратын орталықтар және жұлын қызметiн реттеуде маңызды торлы құрылымның бiр бөлігi сопақша мида орналасқан. Сопақша мидың нерв орталықтары адамның өмірiн қамтамасыз етуде үлкен мєн атқарады. Сопақша мида тыныс, ас қорытуға қатысы бар (шайнау, жұту, сiлекей шығару, қарын сөлi мен ұйқы безi сөлiн шығаратын және құсу), қан тамырларын тарылтып, кеңейтетiн (қозғалтатын), жүректiң соғуын баяулатып, сирететiн (тежейтiн) жєне көптеген қорғаныс (көз жасын шығару, кipпiк қағу, жөтелу, түшкiру, тер шығару) рефлекс орталықтары бар. Артқы мидың бүкіл бойында көптеген талшықтары бар нерв жиынтықтары орналасқан. Осы нерв пен жасушалар жиынтығын – тор тәрізіді (ретикульді) туындылар деп атайды. Торлы құрылым екi түрлi кызмет атқарадыа) жұлынның қызметiн күшейтiп, не әлсiрететiн төмен қарай бағытталған әсер; б) ортаңғы мидың торлы құрылымымен бiрге мидың басқа бөлiмдерiнiң қызметiн күшейтетiн жоғары жаққа қарай бағытталған әсер. Торлы құрылымды ми «аккумуляторы» деп атауға болады. Сонымен қатар, ол организмнің ұйқы-сергек күйінің көрініс беруіне де қатысады.

ОРТАҢҒЫ МИ. Варолий көпiрi және сопақша мимен бiрге ортаңғы ми ми діңінің негiзiн құрады. Оның сырт жағындa ми қақпағы, iшкi жағында ми аяқшалары орналасқан. Opтaңғы мидың негізгі құрылымдарына төрт төмпешiк, қара зат(субстанция), қызыл ядро, III және IV жұп ми нервтерiнiң түйiнiсi мен торлы құрылым болады. Ортаңғы ми арқылы жоғары қарай таламусқа, мишыққа баратын жолдар, ми қыртысынаң жолақ денеден гипоталамустан төмен қарай бағытталған ортаңғы миға, сопақша миға, жұлынға баратын жолдар өтедi.

Мишық. Мишық үш бөлімнен тұрады мишықтың құрты деп аталатын ортаңғы бөлімнен жєне мишықтың екі жарты шарларынан. Мишықтың бетінде толып жатқан иректер болады. Сондықтан ол өте үлкен болып келеді және сұр заттан немесе қыртыстан тұрады. Қыртыста үш қабат бар беткі немесе молекулалық, аралық немесе Пуркинье жасушаларының қабаты; терең я дәнді қабат.Мишық барлық қозғалу актыларының орындалуына қатысады оған өзгерістер енгізеді, сүйтіп әрбір жеке қимылдардың нақты дұрыс орындалуын қамтамасыз етеді. Мишық – тонустық рефлекстердің жоғары дєрежелі реттеушісі болып табылады. Сонымен қатар, мишық тыныс алуды, жүректің жиырылуын қимылдың түріне байланысты лайықтап отырады.Адамда мишықтың қызметі бұзылса қозғалу қызметінің реті бұзылады, теңдік жоғалады. Мишықты толығымен алып тастағанда атония байқалады – еттер тонусын жоғалтады

42)Төменгі қуыс вена адам денесінің қай жерінде қалыптасады және оны қандай веналар түзетеді-Қуыс веналар (полые вены); (venae cava, лат. vena —

көктамыр, cava — қуыс) - организмнен (жүрекген бас- қа) барлық вена қанын жинайтын ірі қан тамырлары. Дененің бас, мойын, көкірек керегесі аумақтарынан және алдыңғы аяқтан вена қаны алдыңғы қуыс венаға, ал дененің қалған бөліктерінен артқы қуыс венаға жиналып, осы екі қуыс веналар арқьшы жүректің оң жүрекшесіне құйылады. Бұл веналар адамда жоғарғы және төменгі қуыс веналар деп аталады

Төменгі қуыс вена (көне грекше: vena cava caudalis sinferioris) — вена қанын адамда дененің төменгі, ал жануарларда — артқы бөлігінен жинайды. Аталмыш вена 5-ші бел омыртқаның тұсынан басталады. Ол құрсақ қолқасының оң жағымен алдыңғы (адамда — жоғарғы) бағытта бауырға жетіп, оның доғал жиегінде вена батыңқысын қалдырады. Одан кейін, ол диафрагманың сіңірлі орталығындағы тесік арқылы көкірек қуысына өтіп, жүректің оң жүрекшесіне қүяды. Артқы қуыс венаны түзуге дененің артқы (төменгі) бөлігінен вена қанын жинайтын бірнеше веналар, атап айтқанда, жалпы мықын, ішкі мықын және сыртқы мықын веналары қатысады.

43)Бүйір ми қарыншаларының құрылысы-

Соңғы ми сыңарларында сүйелді дене деңгейінен төмендеу,ортаңғы сызықтың екі жағында ми сыңарларының жоғарғы латералды бетінен бүкіл ми заты қабаты арқылы бөлінгкен 2бүйір қарынша,ventriculi lateralis симметриялы орналасады,Әрбір бүйір қарыншаның қуысы ми сыңары пішініне сәйкес келеді;қарынша қуысы маңдай үлесинде төмен және латералды жаққа қарай иілген алдыңғы мүйіз cornu anterius ,түріде басталып,осы жерден шеке үлесі арқылы орталық бөлікке pars centralis созылады,Ал бұл бөлік ,сүйелді дененің артқы жиегі деңгейінде төменгі мүйізге және артқы мүйізге бөлінеді.Алдыңғы мүйіздің медиалды қабырғасын түзеді,ол алдыңғы мүйізді басқа ми сыңарының дәл осындай мүйізінен бөліп тұрады,алдыңғы мүйіздің латералды қабырғасы мен ішінара түбін құйрықты ядроның басы,caput nuclei caudati ,алып жатады,ал жоғарғы қабырғасы сүйелді дене талшықтарынан түзіледі ,ал түбі құйрықты ядроның денесі мен таламустың жоғарғы бетінің бір бөлігінен құралады.артқы мүйіз ақ нерв талшықтары қабатымен қоршалған;оның медиалды қабырғасында ми сыңарының медиалды бетіндегі sulgus calcarinus-тің ішке енуінен түзілген буылтық-құс топшысы байқалып тұрады.Төменгі мүйіздің жоғарғы латералды қабырғасын артқы мүйізді қоршап тұратын tapetum-ның жалғасы құрайды.Жоғарғы қабырғаның медиалды жағында төмен және алға қарай иілетін құйрықты ядроның жұқарған бөлігі-cauda nuclei caudate өтеді.Төменгі мүйіздің медиалды қабырғасымен бүкіл өн бойында ұзын ақ түсті дөңес-гиппокамп созылып жатады.Ол сырттан терең енетін гиппокамп жүлгесінен түзіледі.Гиппокамптың медиалды жиегімен күмбез аяқшасының жалғасы болып табылатын шашақ fimbrid hippocampi деп аталатын түзіліс өтеді,Төменгі мүйіздің түбінде аттас жүлгенің сырт жағынан батуынан пайда болған буылтық eminentia collateralis жатады.Бүйір қарыншаның медиалды жағынан,оның орталық бөлігі мен төменгі мүйізіне тамырлы өрім plexus choroideus ventriculi lateralis, түзетін жұмсақ ми қабығы еніп тұрады.Өрім қарыншаның жетілмеген медиалды қабырғасының қалдығы болып табылатын эпителиймен жабылған.

44)Еркін қозғалатын қол бұлшық еттері-

Иық белдеуінің бұлшық еттері иық буынының айналасын қоршап,оны түрлі қимылға келтіреді.Бұлшық еттер иық белдеуінің сүйектерінен басталып кар сүйегіне жабысады.

1)Дельта тәрізді бұлшық ет( дельтовидная мышца,m.delteideus)Бұғана сүйегінің латераль бөлігінен,акрамионнан және жауырынның қырынан басталады.Барлық бумалары бірігіп қар сүйегінің дельта тәрізді бұдырына келіп бірігеді.

Атқаратын қызметі:алдыңғы бөлігі иықты бүгеді,ортадағы бөлігі иықты горизонталь деңгейде ұстайды,артқысы иықты жазады.

2)Қыр үсті бұлшық еті(надостная мышца,m.supraspinatus)-жауырынның қыр үсті шұңқырынан басталып,қар сүйегінің үлкен томпағына бірігеді.

Атқаратын қызметі:иықты денеден алып қашады,орталық бөлігінің синергисті.

3)Қыр асты бұлшық еті(подостная мышца,m.infraspinatus)-жауырынның қыр асты шұңқырынан басталып,қар сүйегінің үлкен томпағына бірігеді.

Атқаратын қызметі:иықты сыртқа айналдырады.

4)Кіші домалақ бұлшық ет(малая круглая мышца,m.teres minor)-жауырынның латераль шетінен басталады,қар сүйегінің үлкен томпағына жабысады.Иықты сыртқа айналдырады.

5)Үлкен домалақ бұлшық ет(большая круглая мышца,m.teres major)-жауырынның латераль шетінен басталып қар сүйегінің кіші томпағына бірігеді.Иықты ішке айналдырып,төменге және арқаға тартады.

6)Жауырын асты бұлшық ет(подлопатная мышца,m.subcapularis).Жауырынның қабырға бетінің шұңқырынан басталады,қар сүйегінің кіші томпағына жабысады.Иықты ішке бұрады,оны денеге жақындатады,иық буынын соғылудан қорғап,кері тартып тұрады.

Қолдың еркін қимылдайтын сүйектерінің бұлшық еттері:тоқпан жіліктің,білектің,қолбасы сүйектерінің бұлшық еттері болып үшке бөлінеді.

Тоқпан жіліктің бұлшық еттері екі үлкен топқа бөлінеді:

-алдыңғы топтағы бұлшық еттері қызметі жағынан қолды бүгушілер;

-артқы топтағылары-жазушылар.

Алдыңғы топтағы бұлшық еттеріне:

Екі басты бұлшық ет( двуглавая мышца,m.biceps brachii).Оның ұзын басы жауырынның құстұмсық өсіндісінен басталады.Екі басы бірігіп,қар сүйегінің бұдырына жабысады.Бұлшық ет қарды және білекті шынтақ буынында бүгеді,білекті сыртқы қарай айналдырады.

Құстұмсық-иық бұлшық еті( клювоплечевая мышца m.coracobrachialis) жауырынның құстұмсық өсіндісінен басталып,білек сүйегінің ортасына жабысады.Бұлшық ет жиырылғанда иық көтеріледі,ішке қарай айналады,иық денеге жақындайды.

Иық бұлшық еті( плечевая машца,m.brachialis)қар сүйегінің төменгі 1/3-нен басталып,білектің шыбығының адырлы томпағына жабысады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]