Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
anatomia_sessia_udachi_vsem.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
3.61 Mб
Скачать

51.Артқы ми бөлімі туралы түсінік беріп,сараптама жасаңыз.

Ми' ('дұрыс айтылуы — мый) —латын тілінен encephalon деп аталады.\ сүтқоректілерде мінез-құлыққа жауапты орталық нерві жүйесінің меңгеру торабы. Ми баста бассүйек қуысында орналасады. Ол мынадай бөлімдерден тұрады: сопақша ми, ми көпірі, мишық, ортаңғы ми, аралық ми және үлкен ми сыңарлары.

Артқы миға - мишық пен ми көпірі жатады. Ми көпірі ортаңғы ми мен сопақша мидың аралығына орналасқан. Сопақша ми мен ортаңғы миды байланыстырып тұратындықтан, оны ми көпірі дейді. Ми көпір арқылы төменірек орналасқан бөлімдерден қозу келеді. Ми көпірінің өткізгіш доғасы алдыңғы мидың үлкен ми сыңарларының қыртысын жұлынмен және мишықтың қыртысымен жалғастырады. Ми көпірінің жүйке жасушалары (нейрондары) беттің терісінен, тілден, ауыз қуысының сілемейлі қабықшасынан (дәм сезгіштік) келетін хабарларды қабылдайды. Есту, тепе-теңдікті сақтау мүшелерінен келетін ақпараттар (информация) ми көпіріне хабарланады. Ми көпірінде сілекей, жас бездері мен шайнау, ымдау бұлшықеттерінің жұмысын реттейтін жүйке орталықтары да орналасқан. Мишық - сопақша ми мен ми көпірінің артқы жағында жатады. Мишықтың сыртында сұр заттан түзілген қыртыстары және өте көп қатпарлы болады. Сұр заттың астында ақ заты орналасады. Нейрондардың мишықтан шығатын өсінділері оны орталық жүйке жүйесінің барлық бөлімдерімен байланыстырады. Мишық қаңқа бұлшықеттерінің үйлесімді жиырылуын реттейді. Әсіресе мойын, тұлға, аяқ-қол бұлшықеттерінің қозғалысын, дененің тепе-теңдігін сақтайды. Егер мишық жарақаттанса, адамның қолаяғы тез шаршайды, қозғалысы, тепе-теңдігі, сөзі бұзылады.

Мишық (лат. cerebellum) - дененің кеңістіктегі тепе-теңдігін реттейтін және дене мүшелерінің қимьл-қозғалыстарын үйлестіретін, орталық жүйке жүйесінің мүшесі — мидың бір бөлігі. Мишық — сыртқы қатпарлы сұрзаттық мишық қыртысынан және ішкі ақзаттан тұрады. Мишық қыртысы үш қабаттан: сыртқы — молекулалы, ортаңғы — ганглионды жөне ішкі — дәнше қабаттардан тұрады. Мишықтың сүрзаты: жұлдызша, себетше, алмұрт тәрізді және дәнді нейроцит терден құралған. Мишықтың ақзаты — мишықты мидың басқа бөліктерімен байланыстыратын өткізгіш жолдарды құрайтын миелинді жүйке талшықтарынан тұрады.

Мишық қыртысы (cortex cerebelli, лат. cortex —қыртыс, cerebellum — мишық) — мишықтың сыртқы бетіндегі қатпарлы сұр заты. Мишық қыртысы үш қабаттан: молекулалы, ганглионды және дәнше қабаттардан қүралған. Сыртқы — молекулалы қабатты мидың басқа бөлімдерінен келетін жүйке толқынын (импульс) тежейтін, жұлдызша және себетше нейроциттер, олардың өсінділері мен ганглионды нейроциттердің тарамдалған дендриттері құрайды. Ортаңғы—ганглионды қабат мишықтың негізгі қызметін атқаратын алмұртша нейроциттерден түрады. ішкі — дәнше қабат майда нейроциттерден және импульстерді тежеуші ірі жұлдызша нейроциттерден құралған. Орталыққа тепкіш (афферентті) жүйке толқындары мидың төменгі бөліктерінен мишық қыртысына мүк тәрізді және өрмелегіш жүйке талшықтары арқылы келеді. Мүк тәрізді жүйке талшықтары жүйке толқынын алмұртша нейроциттерге дәнше нейроциттер арқылы, ал өрмелегіш жүйке талшықтары жүйке импульстерін оларға тікелей жеткізеді. Мишық қыртысының қалыңдығы әртүрлі жануарларда түрліше. Орта есеппен молекулалы қабаттың үлесі 55%, ганглионды қабаттың — 5%, дәнше қабаттың — 40% болады. Мишық қыртысы адам мен жануарлар организмдерінде дене тепе-тендігін реттеу және қимыл-қозғалыстарды үйлестіру қызметтерін атқарады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]