Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
anatomia_sessia_udachi_vsem.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
3.61 Mб
Скачать

5)Омыртқа жотасының қандай иілімдерін білесіз, және бұл иілімдер қандай жаста пайда болады

Омыртқа жотасы - тұлғаны алға, артқа, бүйіріне қарай иіп-қозғалту арқылы түрлі қимылға келтіреді.Омыртқа жотасы төрт жерінен алға және артқа қарай иіледі. Мойын мен бел омыртқалардың тұсында екі иілім алға қарай иілген. Арқа мен сегізкөз омыртқаларының тұсында екі иілім артқа қарай иілген. Жаңа туған нәрестенің омыртқа жотасы түзу, иілімдері болмайды. Нәрестенің мойны қатқанда - мойын, отыра бастағанда арқа иілімі білінеді. Қаз тұрып жүре бастағанда бел мен сегізкөз омыртқаларының тұсындағы иілімдер байқалады. Иілімдер 18-20 жаста толық қалыптасады. Омыртқа жотасының иілімдері кеуде, жамбас қуыстарының мөлшерін кеңейтеді. Иілімдер дененің тепетеңдігін жеңілдетіп, жүгіріп, секіргенде серпімділікті күшейтеді. Бұл омыртқалардың бірімен-бірі жалғасқан жеріндегі шеміршектердің созылғыштық қасиетіне де байланысты. Омыртқа жотасының алға және артқа қарай иілімдері адамның тік жүруіне байланысты қалыптасқан. Бұл - қалыпты құбылыс. Ал омыртқа жотасының бір бүйіріне қарай иілуі бұзылғанда сколиоз (грекше - қисаю, иілу) ауруы пайда болады.Омыртқа жотасының бір бүйіріне қарай қисаюының негізгі себептері:орындықта түзу отырмау;жазу үстелі мен орындық биіктігінің сәйкессіздігі;көбіне бір қолымен ауыр жүк көтеру;

сүйектер мен бұлшықеттердің нашар дамуы және т. б.

Сондықтан да жүргенде, тұрғанда, отырғанда омыртқа жотасын түзу ұстауға тырысу керек. Ауыр жүк көтермеу, жүйелі түрде спортпен шұғылданған жөн.

6 Тыныс алуға қатысатын бұлшық еттер

Кеуде бұлшық еттері кеуде торының бетінде басталып,одан иық белдеуі мен қолдың еркін бөлігіне баратын бұлшық еттерге бөлінеді.Қолдарға жататын кеуде бұлшық еттері.Үлкен кеуде бұлшық еттері-m pctoralis major бұғананың медиальды жартысынан төстің алд бетінен ж/е 2-7 қабырғалардың шеміршегінен ж/е іштің тік бұлшық еті қынабының алдыңғы қабырғасынан басталып тоқпан жілікке бекиді.Қызметі-қолды тұлғаға әкеледі,оны ішке айналдырады.Қозды қозғалтпай тұрғаан кезде төспен қоса қабырғаларды көтеріп,тыныс алуға көмектеседі.Кіші кеуде бұлшық еті-mpectoralis minor.Үлкен кеуде бұлшыұеттерінің астында жатады.Ол 2қабырғадын 5 қабырғаға дейін 4 тіспен басталып,жауырынға бекиді.Қызметі-жиырылған жауырынды алғажәне төмен қарай керіп тартады.Қол қозғалмай тұрған кезде тынысалу бұлшық еті ретінде жұмыс істейді.Бұғана асты бұлшық еті-лдыңғы тісті бұлшық еті-m serratus anterior-кеуде торының бетінің бүйір жағында жатады.Қ/і-Жоғарғы тістер жауырынды бұғанамен қоса ортаңғы талшықтарының антогонистері ретінде алға қарай қаозғайды,иық белдеуі қозғалмай тұрғанда қабырғаларды көтеріп тыныс алуға жағдай жасайды.Ішкіқабырғааралық бұлшық ет-mm intercostales interni-сыртқы қабырғааралық бұлшық ет-ң астында жатады.Қабырғаасты б/т-mm subcostales.Кеуде торы төменгі бөлігінің ішкі бетінде,қабырға бұрыштары аймағында жатады.Көлденең кеуде б/т-m transverses thoracis.Кеуде торының ішкі бетінде,оның алдыңғы аймағында орналасып іштің көлденең бұлшық етінің жалғасын құрайды.Қ/і-кеуде торын алдыңғы артқы ж/е көлденеі бағытта кеңейтіп тыныс алу кезінде қызмет жасайды.Көке-diaphragma.күмбез дәрізді иілген,үсті мен астынан шандыр ж/е сірлі қабықтармен жабылған жалпақ жұқа бұлшақ ет.Екі бөлігі бар 1-төстік 2-қабырғалық.Қабырғалық б/і-7-12 қабырғалырдың шеміршегінен басталып,сіңірлі орталыққа айналады.Төстік б/і-төстің семсер тәрізді өсіндісінің артқы бетінен сіңірлі орталыққа қарай шығады.Көкет күмбез пішінді бірақ күмбездің биіктігі екі жағында симметриялы емес бүл оң жағында көлемді бауыр орналасуына байланысты оң жағы сол жағына қарағанда жоғарылау жатады.Қызметі-Көкет демді алғанда жиырылады,күмбез жалпаяды да,төмен түседі.Көкеттің төмен түсуі нәтижесінде демді алғаг кезде кеуде қуысы вертикальды бағытты үлкейеді.

7.Көру анализаторыныңөткізгіш жолдарының сызбасын сызып, түсіндіріңіз.

Көру органдары. Көз алмасынан, көру жүйкесінен және қосымша мүшелерден тұрады.

Көз алмасы үш қабаттан:

Сыртқы тығыз талшықты ( фиброзды)

Ортаңғы тамырлы қабық

Ішкі торлы қабықтан түзілген.

Талшықты қабық – өте тығыз, ол ( склер) артыңғы және алдыңғы ақ қабық бөлімдерден тұрады. Ол көз алмасын сырт жағынан қорғап, оған белгілі бір пішін беріп тұрады. Тамырсыз болғандықтан оны “ мүйізді қабық” деп аталады. Бұл қабық арқылы көз алмасының ішіне сәуле сындырылып өтеді

Фиброз қабығының артқы бөлігін ақ қабық деп атайды. Бұл қабықтың белдеу бөлігіне көздің тік еті төрт жағынан келіп тіркеледі. Ақ қабық көз алмасының артқы жағынан шыққан көру жүйкесінің сырт жағын жауып, жүйке қабығын түзеді талшықты қабық пен ақ қабықтың қосылған жерінде көз алмасының вена қаны өтетін тамыр кеңістігі жатады.

Тамырлы қабық – талшықты қабықтың астында жатқан, көз алмасының ортаңғы қабығы болып саналады. Ол құрылысы жағынан бір-біріне тең емес үш бөліктен алдыңғы – нұрлы, ортаңғы – кірпікті дене, артқы – меншікті тамырлы қабықтан тұрады.

Нұрлы қабық – тамырлы қабықтың алдыңғы бөлігі болып саналады.

Нұрлы қабықтың дәнекер ұлпасы негізінде пигментті жасушалар тамырлар және біріңғай салалы ет ұлпалардан тұрады. Көздің түсінің әртүрлі болуы, осы пигментті жасушалардың мөлшеріне және орналасу тереңдігіне байланысты келеді. Нұрлы қабықтың ет талшықтары екі бағытта орналасқан Дөңгелек ( сақиналы бағытта) жатқан талшықтары қарашық тесігін тарылтса, сәулелі талшықтары көз қарашығын кеңейтеді. Осының нәтижесінде нұрлы қабықтың ет талшықтары көзге түсетін жарық сәулесін реттеп отырады

Кірпікті дене- тамырлы қабықтың ортаңғы бөлігі, пішіні сақина тәрізді.

Кірпікті дененің сыртқы қабатын біріңғай салалы ет ұлпасы түзеді. Бұл еттер не жиырылып,не босап көз бұршағының пішінін өзгертіп, көздің көруін икемдеп тұрады.

Меншікті тамырлы қабық тамырлы қабықтың ең үлкен артқы бөлігі болып саналады. Қан тамырларына бай болып келеді.

Торлы қабық- көз алмасының ішкі жағын астарлап жатқан қабық. Бұл артқы және алдыңғы бөліктерден түзілген. Артқы бөлігі көру бөлігі бұл жерде жүйкесінің шоғыры жатады. Бұл шоғыр тор қабықтың түйінді жасушалар талшықтарының жинағынан түзілген. Олар көз алмасының артқы жағында көру жүйкесінің сабағын түзеді.

Көз алмасының ішкі ортасы көз бұршағы мен қоймалжың келген шыны тәрізді денеден түзілген. Көз бұршағын өте мөлдір талшықтардан түзіліп түссіз қабықшамен жабылады. Осы қабықшасынан басталып, кірпікті дененің ет талшықтарына тіркелетін белдеулері арқылы көз бұршағы өз орнына бекемделіп тұрады. Сонымен қатар кірпікті дененің ет талшықтарының жиырылуы нәтижесінде көз бұршағының қалыңдығы өзгеріп, көздің әртүрлі қашықтықта жатқан заттарды көруіне себеп болады. Көз бұршағының әртүрлі қашықтықтағы заттарды көруіне икемделуін “ аккомодация ” деп атайды. Жас ұлғайған сайын көз бұршағының жалпы тығыздығы артып көздің көру қабілеті нашарлайды.

Көз (көз алмасы) – мөлдір келген қоймалжың затқа толы келеді. Бұнда қан тамырлары мен жүйке талшықтары болмайды.

Көру органының қосымша аппараттары. Бұған көз алмасын қимылға келтіріп, көзді қорғап тұратын құрылыстар жатады.

Көздің қорғаныш аппаратына – қабақ, кірпік және көз жас безі жатады. Қабақ тері қатпарларынан түзілген. Жоғарғы қабақ төменгіге қарағанда қимылды келеді.

Жоғарғы және төменгі қабақтардың жиектерінде кірпіктер орналасқан. Қабақтардың сырты терімен, іші қызыл түсті кілегей қабықшамен жабылған. Кілегей қабықшасы көз алмасының талшықты қабығының бетіне жалғасып жатады. Оны жалпы “ коньюнктизм” дейді.

Көз жасының аппараты. Екі қабықтың біріккен жерін көз бұрышы дейді, оның кеңірек келген ішкі бұрышын “көз бұлағы” дейді. Оның түбінде ет өсіндісі жатады. Әрбір қабақ жиегінде нүктелер болады. Олар жас түтікшелерінің ашылатын тесіктері. Көз жасын көз жасының бездері бөліп тұрады.

Көздің бұлшық еттері көз алмасын қимылға келтіріп тұрады. Олардың төртеуін тік, екеуін қиғаш еттер дейді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]