Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
жастар жауап.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
187.33 Кб
Скачать
  1. Жастар мәдениеті, контрмәдениеттің мәдениеттен айырмашылығы

Мәдениеттің жаңартудағы жас ұрпақтың рөлі, «жастардың мәдениеті» мен «ересектер мәдениетінің» өзара қатынастары туралы мәселелер аса өзекті болып табылатын сияқты, бірақ оларды ғылыми талқылау, осы ұғымдардың сапалық межелері анықталған жағдайда әдептілікке бағдарлануы мүмкін.

Жаңару және қалыптасу үстіндегі мәдениетке бейімделу кезеңін бастан кешіретін жас ұрпақ дүниетанымдық, мағыналы өмір бағдарларында, субмәдениетке бағдарланған ұстанымдарда елеулі өзгерістерге ұшырайды.

Осы проблемалар қатарын зерттеудің әдіснамалық негізін қадағалағандар: В.Дильтейге, К.Маннгеймге, Г.Шельскийге тірелетін ұрпақтардың қалыптасу және әлеуметтік өзгеру теориясы; Т.Парсонсқа тірелетін құрылымдық-функционалды теориялар; жас топтары мен ұрпақтар арасындағы өзара қатынастар туралы Ш.Айзенштадттың теориясы, сондай-ақ К. Левиннің әлеуметтік-психологиялық тәсілі, А.Коэннің, Дж. Колеманның, Д. Аусубельдің, Ф. Тенбруктың және көптеген басқа ғалымдардың тұжырымдамалары.

Жастар субмәдениетінің мәнін түсіндіретін негізгі тәсілдерді белгілемес бұрын, «жастар», «мәдениет», «субмәдениет» ұғымдарының анықтамаларын қарау қажет.

С.И. Григорьевтың пікірі бойынша, ресейлік әдебиетте бүгінгі күнге қарай «мәдениет» ұғымының дефинициялары туралы мынадай түсініктер кең тараған:

-заттық, материалдық таратушыларға дәйектелген, келесі ұрпақтарға берілетін адамзат баласының материялдық және рухани қызметіндегі тәсілдер мен амалдардың жиынтығы;

- тарихи нақты қоғамда әлеуметтік бағдарлау функциясын орындайтын нормалардың, құндылықтар мен мұраттардың жиынтығы.

Мәдениетке әлеуметтік меңгерілген мінез-құлық ретінде анықтама беру мәдениеттің әлеуметтендіруші рөлін күшейтеді және ол субмәдениеттердің мазмұнын зерттеуге қолданымдылығымен шектелместен, сонымен бірге олардың мәдени айырмашылықтары тұрғысынан да маңызды сияқты. Іс-жүзінде мәдениет бір жағынан біріктіруші, екінші жағынан ажыратушы күш болып табылады. Адамдар әртүрлі және бір-бірінен өзгешеленетін әлеуметтік топтарда дүниеге келеді және өмір сүреді, осы топтарда олардың бастапқы әлеуметтенуі жүреді. Нақ осы әлеуметтік-мәдени орта, әлеуметтік сәйкестік қалыптастыратын нормалар мен құндылықтарды береді. Осыған қарай кез-келген стратификацияланған қоғамда түрлі мәдениеттің болуы, олардың баламасы мен таңдау мүмкіндігі құндылықтар, стильдер, өмірлік бағдарлар, биоәлеуметтік бедел мен мінез-құлық тартыстарының себебі болып табылады.

Мәдениет пен контрмәдениет бір-бірін қарама-қарсы мәдениеттер болып табылады.

Контрмәдениет - (лат. contra - қарсы және cultura - өңдеу, егу) - 60-70 жылдары батыс елдерінің жастары арасында таралған қазіргі буржуазиялық мәдениетке рухани қарсылықты көрсету формасы. Әлеуметтік құндылықтан, моральді нормалар және тұтынушылық қоғамның құлықтық идеалдары, стандарттары мен жалпы мәдениет стереотиптері, өмір салтынан ашық бас тартуымен танымал.

  1. Постфигуративті, конфигуративті және префигуративті мәдениеттер тұрғысынан қоғам тарихының түрлі кезеңдеріндегі ұрпақтар арасындағы өзара қатынастарды сипаттаңыз:

Мәдениеттің үш үлгісі бар: Постфигуративті, конфигуративті және префигуративті. Постфигуративті – мұнда балалар ең алдымен, өздерінің алдыңғы буындарынан тәлім алса, конфигуративті мәдениетте балалар мен ересектер құрдастарынан үйренеді, және префигуративті мәдениетте ересектер сондай-ақ өз балаларынан үйренеді, бұлар біз өмір сүріп отырған заманды көрсетеді.Қарабайыр қоғамдар,шағын діни немесе идеологиялық топтар негізінен постфигуративті, өйткені олар өздерінің билігін өткенге негіздейді.Қажеттілігіне қарай жаңалықтар енгізудің рәсімдерін әзірлеген ұлы өркениеттер өздерінің құрдастарынан, ойындағы серіктерінен, оқу мен жұмыстағы әріптестерінен кофигуративті үйренудің қайсы бір түрлеріне жүгінеді.Ал енді біз тарих үшін жаңа кезеңге қадам жасап отырмыз, мұнда әлі беймәлім болашақты префигуративті зерделейтін жастарға жаңа құқұқықтар беріледі.

Постфигуративті мәдениет дегеніміз-мындай мәдениет, мұнда әр бір өзгерістің баяу және елеусіз өтетіні соншалық, жаңа туылған немерелерін қолдарына алған аталары олар үшін өздері бастарынына өткерген тағдырдан бөлек ешқандай басқа болашақты көздеріне елестете алмайды.Ересектердің өткен өмірі әрбір жаңа ұрпақ үшін болашақ өмір болып табылады,олардың тағдыры - өздерінің балалары үшін болашақтың сызбасы.Балаларының болашағы былайша қалыптасады, алдынғы буын ересек шақта бастан өткергендері балалары есейгенде діл солай қайталанады.

Кофигуративті мәдениет-осы қоғамға жататын адамдар үшін мінез-құлықтың басым үлгісі олардың замандастарының мінез-құлықтары болып табылатын мәдениет.ББір қатар постфигуративті мәдениеттерге сипаттама берілді, мұндай мәдениеттердер жастары үлкен адамдар жастар үшін мінез-құлықтың үлгісі болып қызмет атқарады және ата бабаларының дәстүрлері тіпті қазіргі уақытқа дейін тұтастық күйінде сақталады.Алайда кофигурация мәдениеті табыстаудың жалғыз нысанына айналатын қоғамдар аз, әрі бірнеше ұрпақтардың өмірінде тек осы үлгі сақталған бірде-бір қоғам белгілі емес.Мәдениетті табыстаудың жалғыз-ақ үлгісі кофигурация болатын қоғамда, кәрілері де , жастары да әрбір келесі ұрпақтың алдынғы мен салыстырғанда мінез-құлық түрлерінің өзгешелелігін «табиғи» деп есептейді.

Постфигуративті дағдарыс туындайтын жерде кофигурация басталады.Осындай дағдарыс әр түрлі жолдармен туындауы мүмкін: бүкіл халықты дерлік жоятын апаттың салдары ретінде, әсіресе осы қоғамды басқаруда ең елеулі рөл атқартын аға ұрпақтың мерт болуы; Аға ұрпаққа белгісіз техниканың жаңа түрлерін дамытудың нәтижесінде;Жас үлкендер әр қашан иммигранттар және жат болып саналатын жаңа елге қоныс аударудың салдарынан; Жаулап алудың нәтижесінде, бағындырылған халық жаулап алушылардың тілі мен ғұрыптарын игеруге мәжбүр болады; жаңа дінге жүгінудің нәтижесінде, жаңа дін қабылдаған ересектер өз балаларын жаңа мұраттар рухында тәрбиелеуге тырысады, балалары үшін мұндай наным мен балалық шақтада, жасөспірім шақта да байланыс болған немесе өзін жастар үшін өмірдің жаңа және басқа стильдерін енгізуші деп есептейтін әдейі жасалған қайсы бір революция шараларының нәтижесінде.

Кофигурация орын алған жағдай былайша сипатталады, жас ұрпақтың тәжірибесі ата-аналарының, аталарының және барлығына ортақ қауымның басқа да аға буын өкілдерінің тәжірибесінен мүлде бөлек болады.

Бүгінгі балалар аға ұрпақ білмейтін дүниеде өмір сүреді, бірақ осылай болатынын ересектердің кейбіреулері күн ілгері болжаған болатын. Осына алдын ала болжай білгендер, болашақтағы префигуративті мәдениеттің алғашқы хабаршылары болды,оның алдаға жай жапсары беймәлім.