- •«Металлургия» кафедрасы
- •Мазмұны
- •1 Уран жаратылысы
- •1.1 Жер қыртысындағы уран
- •1.2 Уранның көп таралу жолдары
- •1.3 Уран геосфераларын құру
- •1.4 Уран пегматиттері
- •1.5 Тау жыныстарында кездесетін уран түрлері
- •1.6 Уранның маңызды минералдары
- •1.7 Уранды минерализациялау
- •1.7.1 Уранды минералдарды классификациялау
- •1. Бақылау сұрақтары
- •2 Уранның физика-химиялық қасиеттері
- •2.1 Уранның физика-химиялық қасиеттерінің жалпы сипаттамасы
- •2.2 Уранның негізгі қосындылары
- •2.2.1 Уран гидриді
- •2.2.2 Уран оксиді
- •2.2.3 Уран фторидтері
- •2.3 Сулы ерітінділерінен алынатын уран қосылыстары
- •2.4 Уранил нитраты
- •2.5 Уранил сульфаты
- •2.6 Уранил оксалаты
- •2.7 Уранды кеннің жалпы сұлбасы
- •2. Бақылау сұрақтары
- •3 Уранды кен орындары
- •3.1 Уранның қалдықты (тұнбаланған) кен орындарын құру
- •3.2 Уранның гидротермальды кен орындары
- •3.3 Уран өндіру әдістері
- •3.3.1 Дағдылы әдіспен өнім өндіру
- •3.3.2 Жерасты шаймалау әдісімен өнім өндіру
- •3.4 Қазақстанда орналасқан уранның кен орындары
- •3.4.1 «Cтепное» кен орыны
- •3.4.2 «Центральноe» кен орыны
- •3.4.3 «№6 Кен басқармасы» кен орыны
- •3.5 Уранды қайта өңдеу кен орыны
- •3.5.1 Солтүстiк Қазақстан кен орыны
- •3.5.2 Грачев және Косашы кен орындары
- •3.5.3 Көксор, Шат, Глубинное, Ағаш кен орындары
- •3.5.4 Есiл, Шоқпақ, Қамыс кен орындары
- •3.5.5 Оңтүстiк Қазақстан кен орыны
- •3.5.6 Қордай кен орыны
- •3.5.7 Ботабұрым мен Жусандала кен орындары
- •3.5.8 Қызылсай кен орны
- •3.6 Уран кендері құрылысының ерекшеліктері
- •3. Бақылау сұрақтары
- •4 Уран кендерін байыту
- •4.1 Уран кендерін байытудың ерекшеліктері
- •4 Бақылау сұрақтары
- •5 Шаймалау үрдісін анықтау
- •5.1 Уранды шаймалау үрдісін анықтау
- •5.2 Шаймалау үрдісінің кинетикасы
- •5.3 Уран кендерін қысым астында қышқылды шаймалау
- •5.4 Уранды кенді карбонаттық шаймалау
- •5.4.1 Карбонаттық шаймалаудың химиясы
- •5.5 Қышқылдық шаймалау
- •5.5.1 Уранның үштотығын шаймалау
- •5.5.2 Уран диоксидін шаймалау
- •5.6 Жерасты шаймалау
- •5.7 Бактериялық шаймалау
- •5.7.1 Бактериялық шаймалаудың физика- химиялық негіздері
- •5.7.2 Бактериялық шаймалаудың шарттары
- •5.8 Уран кендерін шаймалау техникасындағы қазіргі заманғы беталысы (бетбағыты)
- •5. Бақылау сұрақтары
- •6 Урандық ерітінділерді қайта өндеудің собциялық әдістері
- •6.1 Ион алмасу сорбциясының физика-химиялық негіздері
- •6.2 Уран технологиясындағы ион алмасы шайырларына қойылатын талаптар
- •6.3 Иониттердің ғылыми классификациясы
- •6.4 Уранды ерітінділерден сорбциялаудың негізгі заңдылықтары
- •6.5 Уранның күкірт қышқылды ерітінділерден сорбциясы үшін аниониттер мен катиониттердің қолданылуы
- •6.5.1 Күштінегізді анионнттермен сорбциялау
- •6.5.2 Күшті қышқылды катиониттермен сорбциялау
- •6.5.3 Екінші класты ионитгермен сорбциялау
- •6.6 Уранды ерітінділерділерден сорбциялаудың технологиялық нобайлары
- •6.7 Кендік қоймалжындардан уранды сорбциялық бөліп алу
- •6.7.1 Уранды қоймалжыңнан cорбциялаудың шет елдік тәжірибесі
- •6.7.2 Қазақстандағы уранды коймалжыңнан бөліп алудың сорбциялық технологиясының дамуы.
- •6.8 Карбонаттық ерітінділер мен қоймалжыннан уранды бөліп алу үшін ион алмасу шайырларын қолдану
- •6.9 Ионалмасу сорбциялық үрдістеріне арналған қондырғылар
- •6 Бақылау сұрақтары
- •7 Уранды экстракциялаудың физика- химиялық негіздері
- •7.1 Экстракцияның жалпы сипаттамасы
- •7.2 Экстракциялық жүйелерге фазалар ережелерін қолдану
- •7.3 Экстракция кезіндегі фазалық таралу заңы
- •7.4 Уран қосылыстарының экстракциясының механизмімен экстрагенттердің классификациясы
- •7.5 Сұйылтқыштар
- •7 Бақылау сұрақтары
- •8. Уран технологиясындағы аффинаж
- •8.1 Уран қосылыстарындағы «ядорлық тазалық» түсінігі
- •8.2 Уран қосылыстарының «ядорлық тазалық» дәрежелері
- •8.3 Уран технологиясындағы аффинаж әдістері
- •8.3.1 Асқын тотықтық тазалау
- •8.3.2 Карбонаттық тазалау
- •8.3.3 Уранның экстракциялық аффинажы
- •8.5 Англиядағы уран аффинажы
- •8.6 Франциядағы уран аффинажы
- •8.7 Уран аффинажы үшін басқа экстрагенттерді қолдану мүмкіндігі
- •8. Бақылау сұрақтары
- •9. Уран металлургиясы
- •9.1 Металдық уран және оның қасиеттері
- •9.2 Металдық уран алудың әдістері
- •9.3 Уран металлтермиясының термодинамикалық негіздері
- •9.4 Металдық уранды, оның өзінің тотықтарынан өндіру
- •9.5 Металдық уранды уран тетрафторидінен өндіру
- •9.5.1 Уран тетрафторидін кальциймен тотыксыздандыру
- •9.5.2 Үздіксіз металтермиялық тотықсыздандыру
- •9.5.3 Уран тетрафторидін магниймен тотықсыздандыру
- •9.6 Рафинадтық балқыту
- •9.6.1 Тотыксыздандырғыштық және рафинадтық балқыту үрдістерін бір аппаратта біріктіріп жүргізу (дингот-үрдісі)
- •9.7 Жылу бөлгіш элементтерді (жбэл-ді) дайындау
- •9.8 Металлургиялық өндіріс қалдықтарын қайта өңдеу
- •9 Бақылау сұрақтары
- •10 Қоршаған ортаны қорғау
- •Қорытынды
- •Әдебиеттер тізімі
- •5В070900 мамандығыының студенттері үшін
8. Бақылау сұрақтары
1 |
Уран аффинажының экстрагенті ретінде органикалық фосфаттарға, фосфонаттарға, фосфинаттар мен фосфин тотықтарына сипаттама беріңіз. |
2 |
Уран аффинажында, неліктен басқа экстрагенттерге қарағанда ҮБФ-н қолдануды жөн санайды? |
3 |
Аммоний карбонатының қолданылуымен реэкстракциялаудың артықщылықтары неде? |
4 |
ҮБФ-ң көмегімен уранды аффинаждау кезінде кездесетін қоспалардың сипаттамасын беріңіз. |
5 |
Ядорлық тазалық түрғысынан урандағы неғұрлым зиянды қоспаларды атаңыз. |
6 |
Уранныд асқын тотықтық тұндыру үрдісінің жүргізілу шарттары мен физика-химиялық негіздерін көрсетіңіз. |
7 |
Уранды ҮБФ-ң көмегімен экстракциялық аффинаждау кезіндегі азот қышқылының ролін түсіндіріңіз. |
9. Уран металлургиясы
9.1 Металдық уран және оның қасиеттері
Уран металлургиясының, яғни аса (ядорлық таза) металдық уранды алудың маңызы - оның дамуының арқасында қысқа мерзім ішінде әлемнің әр түрлі елдерінде (Қазақстан, Ресей, АҚШ, Англия, Франция және басқалар) ядорлық отын өндірісінің ұйымдастырылуы мен тізбектік ядорлық реакцияның жүзеге асырылуында және ядорлық энергияның қолдана басталуында.
Қазіргі уакытта әлемдік уран өндірісінің масштабы, басқа түрлі-түсті және сирек металдар өндірісінің масштабымен теңестіріледі, өндірісті жоғары деңгейге көтеру кезенінде уранды жыл сайын шамамен 40000 т өндірген (Қазақстан елін қоспағанда). Металдық уранның кейбір қасиеттерін карастырамыз. Уран тығыздығы р=19,05 г/см3-ке тең аса ауыр металл болып табылады. Уранның сыртқы көрінісі құрышқа ұқсас. Оның жаңа өңдеп, жылтыратылған беттік қабаты күміс түстес, бірақ ол ауада күңгірттенеді және алғашында көгілдір реңді алтын түсті, сонан соң қорғасынға ұқсас қара түске айналады.
Металдық уран үш кристалды модификацияда: α-, β- және γ-құрылымдарында болады. Уранның төменгі температуралық формасы (α-фазасы) 662°С-қа дейін төзімді, белгілі мөлшерде созылмалы қасиетке ие. Орта температуралық модификациясы (β -фазасы) 662°С-тан бастап 769°С-ке дейінгі аралықта тұрақты, морт сынғыш, ал 769°С-тан бастап балқу температурасы 1130°С аралығында болатын, жоғары температуралық модификациясы созылмалы (γ -фаза). Уран 3813°С температурада қайнайды. Уранның электрді және жылуды өткізу қабілеті төмен. Уранның жылу өткізгіш қабілеті мыстың жылу өткізгіш қабілетінен 13 есе кем. Уран 20-350°С температура аралығында әлсіз парамагнитті.
Металдық уранға катысты кейбір термодинамикалык сипаттамалар 9.1-кестеде келтірілген.
9.1-кесте. Металдық уранның кейбір термодинамикалық сипаттары
№ |
Параметр |
Өлшеу мәні, ккал/моль |
1 |
α -фазадан β -фазаға айналу жылуы |
0,68-0,71 |
2 |
(β -фазадан γ -фазаға айналу жылуы |
1,14-1,17 |
3 |
Балқу жылуы |
4,74-4,76 |
4 |
Бу түзілу -//- |
107 |
5 |
Сублимация -//- |
117 |
6 |
25°С кезіндегі энтальпия |
1,521 |
7 |
25°С кезіндегі энтропия |
11,99 кал/(град.моль) |
Уранның α-фазасының негізгі ерекшелігі - оның анизотроптылығы. β-фазасында металдың анизотроптық қасиеттері α-фазасына қарағанда едәуір әлсіз көрініс тапқан. γ-фазасы α- және β- фазаларына қарама-қайшы изотроптық қасиеттерге ие. Уранның механикалық қасиеттері, оның анизотроптық болуы себебінен бастапқы механикалық және термиялық өндеулерге, сондай-ақ түйірлердің көлемі мен олардың бағытына әсер ететін қоспалардың да құрамына тікелей байланысты.
Металдық уран химиялық реакцияларға өте қабілетті. Ол барлық металл емес элементтермен жеңіл әрекеттеседі, сонымен бірге көптеген металдармен сансыз көп интерметалдық қосылыстарды кұрайды.
Ураннын химиялық активтігі, атап айтқанда оның женіл тотығуы, көміртегімен, азотпен және басқа заттармен өзара әрекеттесуі уран металургиясының ерекшеліктерін анықтайды. Ол ерекшеліктердің бірнешеуін атап өтелік: бастапқы шикізат ядерлі таза болуы керек; қолданылатын бұрынғы қалпына келтіруші зат қуатты және уранды ластамайтын болуы тиіс; аппаратураның материалы уранға қатысты инертті болуы керек; қоршаған орта уранға қатысты инертті болуы тиіс.
