- •«Металлургия» кафедрасы
- •Мазмұны
- •1 Уран жаратылысы
- •1.1 Жер қыртысындағы уран
- •1.2 Уранның көп таралу жолдары
- •1.3 Уран геосфераларын құру
- •1.4 Уран пегматиттері
- •1.5 Тау жыныстарында кездесетін уран түрлері
- •1.6 Уранның маңызды минералдары
- •1.7 Уранды минерализациялау
- •1.7.1 Уранды минералдарды классификациялау
- •1. Бақылау сұрақтары
- •2 Уранның физика-химиялық қасиеттері
- •2.1 Уранның физика-химиялық қасиеттерінің жалпы сипаттамасы
- •2.2 Уранның негізгі қосындылары
- •2.2.1 Уран гидриді
- •2.2.2 Уран оксиді
- •2.2.3 Уран фторидтері
- •2.3 Сулы ерітінділерінен алынатын уран қосылыстары
- •2.4 Уранил нитраты
- •2.5 Уранил сульфаты
- •2.6 Уранил оксалаты
- •2.7 Уранды кеннің жалпы сұлбасы
- •2. Бақылау сұрақтары
- •3 Уранды кен орындары
- •3.1 Уранның қалдықты (тұнбаланған) кен орындарын құру
- •3.2 Уранның гидротермальды кен орындары
- •3.3 Уран өндіру әдістері
- •3.3.1 Дағдылы әдіспен өнім өндіру
- •3.3.2 Жерасты шаймалау әдісімен өнім өндіру
- •3.4 Қазақстанда орналасқан уранның кен орындары
- •3.4.1 «Cтепное» кен орыны
- •3.4.2 «Центральноe» кен орыны
- •3.4.3 «№6 Кен басқармасы» кен орыны
- •3.5 Уранды қайта өңдеу кен орыны
- •3.5.1 Солтүстiк Қазақстан кен орыны
- •3.5.2 Грачев және Косашы кен орындары
- •3.5.3 Көксор, Шат, Глубинное, Ағаш кен орындары
- •3.5.4 Есiл, Шоқпақ, Қамыс кен орындары
- •3.5.5 Оңтүстiк Қазақстан кен орыны
- •3.5.6 Қордай кен орыны
- •3.5.7 Ботабұрым мен Жусандала кен орындары
- •3.5.8 Қызылсай кен орны
- •3.6 Уран кендері құрылысының ерекшеліктері
- •3. Бақылау сұрақтары
- •4 Уран кендерін байыту
- •4.1 Уран кендерін байытудың ерекшеліктері
- •4 Бақылау сұрақтары
- •5 Шаймалау үрдісін анықтау
- •5.1 Уранды шаймалау үрдісін анықтау
- •5.2 Шаймалау үрдісінің кинетикасы
- •5.3 Уран кендерін қысым астында қышқылды шаймалау
- •5.4 Уранды кенді карбонаттық шаймалау
- •5.4.1 Карбонаттық шаймалаудың химиясы
- •5.5 Қышқылдық шаймалау
- •5.5.1 Уранның үштотығын шаймалау
- •5.5.2 Уран диоксидін шаймалау
- •5.6 Жерасты шаймалау
- •5.7 Бактериялық шаймалау
- •5.7.1 Бактериялық шаймалаудың физика- химиялық негіздері
- •5.7.2 Бактериялық шаймалаудың шарттары
- •5.8 Уран кендерін шаймалау техникасындағы қазіргі заманғы беталысы (бетбағыты)
- •5. Бақылау сұрақтары
- •6 Урандық ерітінділерді қайта өндеудің собциялық әдістері
- •6.1 Ион алмасу сорбциясының физика-химиялық негіздері
- •6.2 Уран технологиясындағы ион алмасы шайырларына қойылатын талаптар
- •6.3 Иониттердің ғылыми классификациясы
- •6.4 Уранды ерітінділерден сорбциялаудың негізгі заңдылықтары
- •6.5 Уранның күкірт қышқылды ерітінділерден сорбциясы үшін аниониттер мен катиониттердің қолданылуы
- •6.5.1 Күштінегізді анионнттермен сорбциялау
- •6.5.2 Күшті қышқылды катиониттермен сорбциялау
- •6.5.3 Екінші класты ионитгермен сорбциялау
- •6.6 Уранды ерітінділерділерден сорбциялаудың технологиялық нобайлары
- •6.7 Кендік қоймалжындардан уранды сорбциялық бөліп алу
- •6.7.1 Уранды қоймалжыңнан cорбциялаудың шет елдік тәжірибесі
- •6.7.2 Қазақстандағы уранды коймалжыңнан бөліп алудың сорбциялық технологиясының дамуы.
- •6.8 Карбонаттық ерітінділер мен қоймалжыннан уранды бөліп алу үшін ион алмасу шайырларын қолдану
- •6.9 Ионалмасу сорбциялық үрдістеріне арналған қондырғылар
- •6 Бақылау сұрақтары
- •7 Уранды экстракциялаудың физика- химиялық негіздері
- •7.1 Экстракцияның жалпы сипаттамасы
- •7.2 Экстракциялық жүйелерге фазалар ережелерін қолдану
- •7.3 Экстракция кезіндегі фазалық таралу заңы
- •7.4 Уран қосылыстарының экстракциясының механизмімен экстрагенттердің классификациясы
- •7.5 Сұйылтқыштар
- •7 Бақылау сұрақтары
- •8. Уран технологиясындағы аффинаж
- •8.1 Уран қосылыстарындағы «ядорлық тазалық» түсінігі
- •8.2 Уран қосылыстарының «ядорлық тазалық» дәрежелері
- •8.3 Уран технологиясындағы аффинаж әдістері
- •8.3.1 Асқын тотықтық тазалау
- •8.3.2 Карбонаттық тазалау
- •8.3.3 Уранның экстракциялық аффинажы
- •8.5 Англиядағы уран аффинажы
- •8.6 Франциядағы уран аффинажы
- •8.7 Уран аффинажы үшін басқа экстрагенттерді қолдану мүмкіндігі
- •8. Бақылау сұрақтары
- •9. Уран металлургиясы
- •9.1 Металдық уран және оның қасиеттері
- •9.2 Металдық уран алудың әдістері
- •9.3 Уран металлтермиясының термодинамикалық негіздері
- •9.4 Металдық уранды, оның өзінің тотықтарынан өндіру
- •9.5 Металдық уранды уран тетрафторидінен өндіру
- •9.5.1 Уран тетрафторидін кальциймен тотыксыздандыру
- •9.5.2 Үздіксіз металтермиялық тотықсыздандыру
- •9.5.3 Уран тетрафторидін магниймен тотықсыздандыру
- •9.6 Рафинадтық балқыту
- •9.6.1 Тотыксыздандырғыштық және рафинадтық балқыту үрдістерін бір аппаратта біріктіріп жүргізу (дингот-үрдісі)
- •9.7 Жылу бөлгіш элементтерді (жбэл-ді) дайындау
- •9.8 Металлургиялық өндіріс қалдықтарын қайта өңдеу
- •9 Бақылау сұрақтары
- •10 Қоршаған ортаны қорғау
- •Қорытынды
- •Әдебиеттер тізімі
- •5В070900 мамандығыының студенттері үшін
5.6 Жерасты шаймалау
Кенді қазып алу және зауытта оны өндеуге карағанда уран кенін жер астында шаймалауда перколяция әдісінін артықшылығы бар. Қазіргі кезде уранға кедей кендерді жер астында шаймалауға көп көніл бөлінуде. Бірақ уран кендерін шаймалауда үгіткіштік әдіс ыңғайлы. Ол ерітіндіде уран кенінің бөлшектерін тиімді араластыруды қамтамасыз етеді. Үгіткіштік шаймалау үшін қолданылатын негізгі аппараттар – механикалык араластырғышы бар және пневматикалық пачук типтес үгіткіштер) Аппараттардың екі түрі 5.6-суретте көрсетілген.
Темірдің ерітіндіге өтуі, мг
5.6-сурет. Бактериялардың пириттің тотығу жылдамдығына тигізетін әсері.
1-бактерияларсыз жасалған тәжірибелер; 2-Ғ. ferrooxidans; 3-Т. Ferrooxidans
5.7 Бактериялық шаймалау
Сульфидті минералдарға бай кендердің бетіне шығу кезінде қышқылдық (мору) үгілу процесі дамиды. Олардың мәні кен орынның осы бөлшектерінен уранды және қышқылға еритін басқа элементтерді шығарып алуға қабілетті қышқылды сорғыту суларының пайда болуымен, ауа мен судың оттегісімен сульфиттерді, ең бастысы пиритті тотықтыру болып келеді. Мыс пен темір минералдарының әлсіз қышқыл ерітінділерінде ерігіш сульфаттар түзе отыра, тотығу қабілеттілігі мысты теміртас кендерін үймелік және жерастылық шаймалауда пайдаланылады; бұл әдіс және пириттің тотығуы кезінде түзілетін қышқыл ерітінділерімен уран минералдарын шаймалауда да қолданылуы мүмкін.
Табиғи жағдайларда сульфиттердің тотығуы көп уақыт таза химиялық процесс ретінде қарастырылып келеді. Қазіргі кезде бұл процеске оны көп есе үдететін бактериялардың қатысатындығы анықталады (5.7-сурет).
Темірдің тотығу жылдамдығы, г/л тәулік
Температура, 0С
5.7-сурет. Температураның еківалентті темірдің бактериялық тотығу жылдамдығына тигізетін әсері.
5.7.1 Бактериялық шаймалаудың физика- химиялық негіздері
Бактериялардың бөлінген және ұқсастырылған үш түрі болады: ferrobacillus ferrooxidans, күкірт пен темірді тотықтырғыш, ferrobacillus thiaoxidans, еківалентті темірді тотықтырғыш, және ferrobacillus ferrooxidans, күкіртті тотықтырғыш. Бұл бактериялар автотрофты хемосинтездегіштер қатарына (топтарына) жатады. Олар таза минералды ортада дамиды және өзінің өсуі үшін ауадағы О2 мен СО2-ін керек қылады. Өздерінің тіршілік әрекеттерінің сипаттамасы бойынша олар жасыл өсімдіктер сияқты, бірақта бактериялардың өсімдіктерден айырмашылығы ауадағы СО2 игеру үшін күн радияциясын емес, элементті күкірттің, еківалентті темірдің немесе сульфидтердің тотықтыру энергиясын пайдаланады. Сульфидтер тотығуының бактериялы сипаттамасы бактериялар жасуша (клетка) ферменттерінің әсері арқылы сульфидтер тотығуының химиялық реакцияларын үдетуде болып тұрады. Сульфидтерді бактериялы тотықтыруды пайдаланумен байланысқан шаймалау процестері бактериялық шаймалау деген атқа ие болды.
Бактериялардың қатысуымен пириттің тотығуы мына жиынтық реакциялар бойынша жүреді:
бактериялар
2FeS2+ 7 1/2O2+ H2O = Fe2(SO4)3+H2SO4
Реакция бойынша алынған үшвалентті темірдің сульфаты пиритпен мына реакция арқылы өзара әрекеттеседі:
FeS2+ 7 Fe2(SO4)3+ 8 H2O = 15 FeSO4 +8 H2SO4
Еківалентті темір сульфаты бактериялар әсерінен қайтадан ауаның оттегісімен үшвалентті темірдің сульфатына дейін тотығады:
бактериялар
2 FeSO4+ 1/2 O2 +H2SO4 = Fe2(SO4)3 + H2O
Пириттің тотығуы нәтижесінде қышқыл және уран минералдарын шаймалау үшін керекті тотықтырғыш алынады. Бактериялы шаймалауда уран минералдарының еруі күкіртқышқылдық шаймалау кезіндегідей сол реакциялар бойынша жүреді:
UO3 +H2SO4 = UO2SO4+ H2O
UO2 + Fe2(SO4)3 = UO2SO4 + 2 FeSO4.
