- •«Металлургия» кафедрасы
- •Мазмұны
- •1 Уран жаратылысы
- •1.1 Жер қыртысындағы уран
- •1.2 Уранның көп таралу жолдары
- •1.3 Уран геосфераларын құру
- •1.4 Уран пегматиттері
- •1.5 Тау жыныстарында кездесетін уран түрлері
- •1.6 Уранның маңызды минералдары
- •1.7 Уранды минерализациялау
- •1.7.1 Уранды минералдарды классификациялау
- •1. Бақылау сұрақтары
- •2 Уранның физика-химиялық қасиеттері
- •2.1 Уранның физика-химиялық қасиеттерінің жалпы сипаттамасы
- •2.2 Уранның негізгі қосындылары
- •2.2.1 Уран гидриді
- •2.2.2 Уран оксиді
- •2.2.3 Уран фторидтері
- •2.3 Сулы ерітінділерінен алынатын уран қосылыстары
- •2.4 Уранил нитраты
- •2.5 Уранил сульфаты
- •2.6 Уранил оксалаты
- •2.7 Уранды кеннің жалпы сұлбасы
- •2. Бақылау сұрақтары
- •3 Уранды кен орындары
- •3.1 Уранның қалдықты (тұнбаланған) кен орындарын құру
- •3.2 Уранның гидротермальды кен орындары
- •3.3 Уран өндіру әдістері
- •3.3.1 Дағдылы әдіспен өнім өндіру
- •3.3.2 Жерасты шаймалау әдісімен өнім өндіру
- •3.4 Қазақстанда орналасқан уранның кен орындары
- •3.4.1 «Cтепное» кен орыны
- •3.4.2 «Центральноe» кен орыны
- •3.4.3 «№6 Кен басқармасы» кен орыны
- •3.5 Уранды қайта өңдеу кен орыны
- •3.5.1 Солтүстiк Қазақстан кен орыны
- •3.5.2 Грачев және Косашы кен орындары
- •3.5.3 Көксор, Шат, Глубинное, Ағаш кен орындары
- •3.5.4 Есiл, Шоқпақ, Қамыс кен орындары
- •3.5.5 Оңтүстiк Қазақстан кен орыны
- •3.5.6 Қордай кен орыны
- •3.5.7 Ботабұрым мен Жусандала кен орындары
- •3.5.8 Қызылсай кен орны
- •3.6 Уран кендері құрылысының ерекшеліктері
- •3. Бақылау сұрақтары
- •4 Уран кендерін байыту
- •4.1 Уран кендерін байытудың ерекшеліктері
- •4 Бақылау сұрақтары
- •5 Шаймалау үрдісін анықтау
- •5.1 Уранды шаймалау үрдісін анықтау
- •5.2 Шаймалау үрдісінің кинетикасы
- •5.3 Уран кендерін қысым астында қышқылды шаймалау
- •5.4 Уранды кенді карбонаттық шаймалау
- •5.4.1 Карбонаттық шаймалаудың химиясы
- •5.5 Қышқылдық шаймалау
- •5.5.1 Уранның үштотығын шаймалау
- •5.5.2 Уран диоксидін шаймалау
- •5.6 Жерасты шаймалау
- •5.7 Бактериялық шаймалау
- •5.7.1 Бактериялық шаймалаудың физика- химиялық негіздері
- •5.7.2 Бактериялық шаймалаудың шарттары
- •5.8 Уран кендерін шаймалау техникасындағы қазіргі заманғы беталысы (бетбағыты)
- •5. Бақылау сұрақтары
- •6 Урандық ерітінділерді қайта өндеудің собциялық әдістері
- •6.1 Ион алмасу сорбциясының физика-химиялық негіздері
- •6.2 Уран технологиясындағы ион алмасы шайырларына қойылатын талаптар
- •6.3 Иониттердің ғылыми классификациясы
- •6.4 Уранды ерітінділерден сорбциялаудың негізгі заңдылықтары
- •6.5 Уранның күкірт қышқылды ерітінділерден сорбциясы үшін аниониттер мен катиониттердің қолданылуы
- •6.5.1 Күштінегізді анионнттермен сорбциялау
- •6.5.2 Күшті қышқылды катиониттермен сорбциялау
- •6.5.3 Екінші класты ионитгермен сорбциялау
- •6.6 Уранды ерітінділерділерден сорбциялаудың технологиялық нобайлары
- •6.7 Кендік қоймалжындардан уранды сорбциялық бөліп алу
- •6.7.1 Уранды қоймалжыңнан cорбциялаудың шет елдік тәжірибесі
- •6.7.2 Қазақстандағы уранды коймалжыңнан бөліп алудың сорбциялық технологиясының дамуы.
- •6.8 Карбонаттық ерітінділер мен қоймалжыннан уранды бөліп алу үшін ион алмасу шайырларын қолдану
- •6.9 Ионалмасу сорбциялық үрдістеріне арналған қондырғылар
- •6 Бақылау сұрақтары
- •7 Уранды экстракциялаудың физика- химиялық негіздері
- •7.1 Экстракцияның жалпы сипаттамасы
- •7.2 Экстракциялық жүйелерге фазалар ережелерін қолдану
- •7.3 Экстракция кезіндегі фазалық таралу заңы
- •7.4 Уран қосылыстарының экстракциясының механизмімен экстрагенттердің классификациясы
- •7.5 Сұйылтқыштар
- •7 Бақылау сұрақтары
- •8. Уран технологиясындағы аффинаж
- •8.1 Уран қосылыстарындағы «ядорлық тазалық» түсінігі
- •8.2 Уран қосылыстарының «ядорлық тазалық» дәрежелері
- •8.3 Уран технологиясындағы аффинаж әдістері
- •8.3.1 Асқын тотықтық тазалау
- •8.3.2 Карбонаттық тазалау
- •8.3.3 Уранның экстракциялық аффинажы
- •8.5 Англиядағы уран аффинажы
- •8.6 Франциядағы уран аффинажы
- •8.7 Уран аффинажы үшін басқа экстрагенттерді қолдану мүмкіндігі
- •8. Бақылау сұрақтары
- •9. Уран металлургиясы
- •9.1 Металдық уран және оның қасиеттері
- •9.2 Металдық уран алудың әдістері
- •9.3 Уран металлтермиясының термодинамикалық негіздері
- •9.4 Металдық уранды, оның өзінің тотықтарынан өндіру
- •9.5 Металдық уранды уран тетрафторидінен өндіру
- •9.5.1 Уран тетрафторидін кальциймен тотыксыздандыру
- •9.5.2 Үздіксіз металтермиялық тотықсыздандыру
- •9.5.3 Уран тетрафторидін магниймен тотықсыздандыру
- •9.6 Рафинадтық балқыту
- •9.6.1 Тотыксыздандырғыштық және рафинадтық балқыту үрдістерін бір аппаратта біріктіріп жүргізу (дингот-үрдісі)
- •9.7 Жылу бөлгіш элементтерді (жбэл-ді) дайындау
- •9.8 Металлургиялық өндіріс қалдықтарын қайта өңдеу
- •9 Бақылау сұрақтары
- •10 Қоршаған ортаны қорғау
- •Қорытынды
- •Әдебиеттер тізімі
- •5В070900 мамандығыының студенттері үшін
8.2 Уран қосылыстарының «ядорлық тазалық» дәрежелері
Аффинаж мақсаты – белгілі талаптарға жауап беретін уран қосылыстарын алу. Ядорлық таза уранның көптеген дәрежелері бар және әртүрлі елдерде оны қолдану принциптері бірдей. Ол, жоғарыда айтылып кеткен «нейтрондык улар» концепциясына негізделген. Алайда бұл дәрежелердін бір-бірінен біршама өзгешеліктері бар. Осындай қатаң дәрежелердің бірі Канадада қолданылады (8.2-кесте).
8.2-кесте. Ядорлық таза уранның құрамындағы қоспалар мөлшерінің дәрежелері
Элемент |
Қоспалардың рұқсат етілген мөлшері (артық емес), млн-1 |
Элемент |
Қоспалардың рұқсат етілген мөлшері (артық емес), млн-1 |
Элемент |
Қоспалардың рұқсат етілген мөлшері (артық емес), млн-1 |
Бор |
0,2 |
Марганец |
5 |
Алюминий |
30 |
Кадмий |
0,2 |
Хром |
10 |
Темір |
35 |
Молибден |
1 |
Никель |
15 |
Мышьяк |
35 |
Гафний |
5 |
Кремний |
20 |
Магний |
40 |
Кобальт |
5 |
Ванадий |
30 |
|
|
Қазіргі уакытта, бір ғана амалмен ураннан қоспаларды керекті дәрежеге дейін бөліп алуға мүмкіндік беретін жалпы әдіс жоқ. Сондыктан іс жүзінде, жоғары сапалы соңғы өнім алу мақсатында бірнеше әдістердің жиынтығын қолданады.
Уранды аффинаждау әдісін тандау көптеген себептерге байланысты және олардың ішіндегі ең негізгілері: тазалаудың талап етілетін дәрежесі; қоспалардың табиғаты мен мөлшері; қолданылатын реагенттердің соңғы өнімнің тазалығына әсерінің рұқсат етілуі.
8.3 Уран технологиясындағы аффинаж әдістері
Уран аффинажының әдістері, сол сияқты оның колданатын реагенттері - әр түрлі. Сәйкес қышқылдарды қолдану - уранды жақсы ерігіш күйге, мысалы уранил-нитратқа, уранил-хлоридке, уранил-сульфатқа айналдыруға мүмкіндік береді. Белгілі бір реагенттерді қолданған кезде, іс жүзінде ерімейтін косылыстар - диуранат, асқын тотық, оксалаттар және т.б. түзіледі. Уранның кейбір қосылыстары суда жақсы ериді және оны сулы ерінтінділерден тұнбаға сұрыптап (аммонийгуранилүшкарбонаты, аммонийуранилпентафториды, аммонийуранилсульфаты және т.б.) бөліп алуға болады. Сорбция және экстракция әдістері де жоғары аффинаждық тиімділігімен сипатталады.
Кейбір нақты зауыттардың өнеркәсіптік нобайларына талдау жасамастан бұрын, уран аффинажында қолданылатын жеке әдістер мен реагенттерге тоқталып өтейік. Уран технологиясында аффинаждың көптеген әдістері белгілі, мысалы: сульфиттік тазалау, гидрототықтық тазалау, фосфаттық тазалау, уранил-нитратты кристалдау арқылы тазалау, оксалаттық тазалау, асқын тотыктық тазалау, карбонаттық тазалау, экстракциялық тазалау.
Қазіргі уақытта осы әдістердің тек соңғы үшеуінің ғана іс жүзінде мәні бар.
8.3.1 Асқын тотықтық тазалау
Асқын тотықтық тазалау әдісі ерітіндіден уран аскын тотығын U042H20 бөліп алуға негізделген. Бұл уранға тән қосылысты ураннын ерітіндідегі тұзына сутегі асқын тотығымен (30%-дық Н2О2) әсер ету арқылы алады.
2Н20
немесе [UO(00)(H20)2] (сусыз қосылысы алынбаған)
Асқын тотықтық тазалау нобайы өте қарапайым, бірақ дегенмен де бұнда асқын тотықтың тұнбаға түсуінің біршама ерекшеліктеріне мән берген жөн, өйткені үрдіс өте күрделі және сезімтал.
1) уран асқын тотығының тұнбаға түсуі төмендегідей реакция бойынша жүреді:
U02(N03)2+H2О2+2H20U04•2H20+2HN03
Яғни, бұнда сутегі асқын тотығының артық мөлшері қажет және түзілген азот қышкылын аммиакпен бейтараптау керек;
8.1-сурет. Техникалық уран шала тотық-тотығын асқын тотықтық тазалау нобайы
2) үрдісте қыздыруға жол бермеу керек, өйткені бұндай жағдайда сутегі асқын тотығы ыдырайды;
3) сутегі асқын тотығы уақыт өткен сайын тез бұзылады;
4) салыстырмалы түрде жаксы сүзілетін тұнба алуға тырысу керек, ол үшін тұндырғышты жайлап құю кажет.
Үрдістің шарттарына қойылатын талаптардьщ қарама-қайшылығы, уран асқын тотығын тұндыруды іс жүзінде жүзеге асырудың қиындықтарын туғызады.
Зертханалық зерттеулерде алынған, неғұрлым оптималды параметрлер: рН=22,5; t =4045°C; [U]=25240г/л; Н3O2-ң артық мөлшері - 10%-ға дейін. Сүзуден қалған ерітіндіде 1-ден 10г-ға дейін U/л болады. Бірақ, зауыттар тәжірибесінде әдетте басқа, неғұрлым тиімді режимді колданады: [U]=100120г/л, [NHO3]=30г/л, бөлмелік температура; Н2O2-ң 100%-дық артық мөлшері, уранның бөліп алынуы - 99%.
Коспалардың аскын тотықтық тазалау үрдісіндегі сипаттамалары әртүрлі:
1) бор, СЖЭ, хром, никель, марганец, кобальт, мыс - өте жақсы; литий, кадмий - өте нашар; фосфор, темір, натрий, ванадий - нашар бөлінеді.
2) кейбір қоспалар уран асқын тотығының толық тұнбаға түсуіне кедергі жасайды, олар:
а) уранды комплекстейтін қоспалар: сульфаттар, фторидтер, фосфаттар, ванадаттар және органикалық қышқылдар.
б) Н2О2-ны ыдырауға үшырататын қоспалар: Сu+, Fe3+, Fe2+, Mn4+, VO2+.
3) қоспалар ерімейтін асқын тотықтык косылыстар (немесе ерімейтін комплекстер) түзеді: Ті, Тһ, Hf, Zr, Ce4+, Cu2+, Nb5+, Мо6+.
4) Са, Ва, Sr сульфаттары, фосфаттар, арсенаттар және ванадаттар әлсіз қышқылдык орталарда ерімейді және тұнбаны былғайды.
5) уранның толық бөлініп шығуына, сілтілік және сілтілік жер металдардың мөлшері көп болған кезде ерігіш асқын тотықты уранаттар кедергі жасайды.
Бірақ жоғарыда айтылып кеткендей, сутегі асқын тотығы қымбат жене онша тұракты емес. Сондықтан, асқын тотықтық үрдісті аффинаждың соңғы сатыларында, яғни қоспалардың басым бөлігі алынған кезде пайдаланған тиімді. Қазіргі кезде асқын тотықтық үрдіс аффинаж тәжірибесінде мүлдем қолданылмайды. Алайда кейде оны, уранды элюат пен регенераттан тұндырып алу кезде, урандық ерітінділерді қосымша тазалау мақсаттарында пайдаланады.
