- •«Металлургия» кафедрасы
- •Мазмұны
- •1 Уран жаратылысы
- •1.1 Жер қыртысындағы уран
- •1.2 Уранның көп таралу жолдары
- •1.3 Уран геосфераларын құру
- •1.4 Уран пегматиттері
- •1.5 Тау жыныстарында кездесетін уран түрлері
- •1.6 Уранның маңызды минералдары
- •1.7 Уранды минерализациялау
- •1.7.1 Уранды минералдарды классификациялау
- •1. Бақылау сұрақтары
- •2 Уранның физика-химиялық қасиеттері
- •2.1 Уранның физика-химиялық қасиеттерінің жалпы сипаттамасы
- •2.2 Уранның негізгі қосындылары
- •2.2.1 Уран гидриді
- •2.2.2 Уран оксиді
- •2.2.3 Уран фторидтері
- •2.3 Сулы ерітінділерінен алынатын уран қосылыстары
- •2.4 Уранил нитраты
- •2.5 Уранил сульфаты
- •2.6 Уранил оксалаты
- •2.7 Уранды кеннің жалпы сұлбасы
- •2. Бақылау сұрақтары
- •3 Уранды кен орындары
- •3.1 Уранның қалдықты (тұнбаланған) кен орындарын құру
- •3.2 Уранның гидротермальды кен орындары
- •3.3 Уран өндіру әдістері
- •3.3.1 Дағдылы әдіспен өнім өндіру
- •3.3.2 Жерасты шаймалау әдісімен өнім өндіру
- •3.4 Қазақстанда орналасқан уранның кен орындары
- •3.4.1 «Cтепное» кен орыны
- •3.4.2 «Центральноe» кен орыны
- •3.4.3 «№6 Кен басқармасы» кен орыны
- •3.5 Уранды қайта өңдеу кен орыны
- •3.5.1 Солтүстiк Қазақстан кен орыны
- •3.5.2 Грачев және Косашы кен орындары
- •3.5.3 Көксор, Шат, Глубинное, Ағаш кен орындары
- •3.5.4 Есiл, Шоқпақ, Қамыс кен орындары
- •3.5.5 Оңтүстiк Қазақстан кен орыны
- •3.5.6 Қордай кен орыны
- •3.5.7 Ботабұрым мен Жусандала кен орындары
- •3.5.8 Қызылсай кен орны
- •3.6 Уран кендері құрылысының ерекшеліктері
- •3. Бақылау сұрақтары
- •4 Уран кендерін байыту
- •4.1 Уран кендерін байытудың ерекшеліктері
- •4 Бақылау сұрақтары
- •5 Шаймалау үрдісін анықтау
- •5.1 Уранды шаймалау үрдісін анықтау
- •5.2 Шаймалау үрдісінің кинетикасы
- •5.3 Уран кендерін қысым астында қышқылды шаймалау
- •5.4 Уранды кенді карбонаттық шаймалау
- •5.4.1 Карбонаттық шаймалаудың химиясы
- •5.5 Қышқылдық шаймалау
- •5.5.1 Уранның үштотығын шаймалау
- •5.5.2 Уран диоксидін шаймалау
- •5.6 Жерасты шаймалау
- •5.7 Бактериялық шаймалау
- •5.7.1 Бактериялық шаймалаудың физика- химиялық негіздері
- •5.7.2 Бактериялық шаймалаудың шарттары
- •5.8 Уран кендерін шаймалау техникасындағы қазіргі заманғы беталысы (бетбағыты)
- •5. Бақылау сұрақтары
- •6 Урандық ерітінділерді қайта өндеудің собциялық әдістері
- •6.1 Ион алмасу сорбциясының физика-химиялық негіздері
- •6.2 Уран технологиясындағы ион алмасы шайырларына қойылатын талаптар
- •6.3 Иониттердің ғылыми классификациясы
- •6.4 Уранды ерітінділерден сорбциялаудың негізгі заңдылықтары
- •6.5 Уранның күкірт қышқылды ерітінділерден сорбциясы үшін аниониттер мен катиониттердің қолданылуы
- •6.5.1 Күштінегізді анионнттермен сорбциялау
- •6.5.2 Күшті қышқылды катиониттермен сорбциялау
- •6.5.3 Екінші класты ионитгермен сорбциялау
- •6.6 Уранды ерітінділерділерден сорбциялаудың технологиялық нобайлары
- •6.7 Кендік қоймалжындардан уранды сорбциялық бөліп алу
- •6.7.1 Уранды қоймалжыңнан cорбциялаудың шет елдік тәжірибесі
- •6.7.2 Қазақстандағы уранды коймалжыңнан бөліп алудың сорбциялық технологиясының дамуы.
- •6.8 Карбонаттық ерітінділер мен қоймалжыннан уранды бөліп алу үшін ион алмасу шайырларын қолдану
- •6.9 Ионалмасу сорбциялық үрдістеріне арналған қондырғылар
- •6 Бақылау сұрақтары
- •7 Уранды экстракциялаудың физика- химиялық негіздері
- •7.1 Экстракцияның жалпы сипаттамасы
- •7.2 Экстракциялық жүйелерге фазалар ережелерін қолдану
- •7.3 Экстракция кезіндегі фазалық таралу заңы
- •7.4 Уран қосылыстарының экстракциясының механизмімен экстрагенттердің классификациясы
- •7.5 Сұйылтқыштар
- •7 Бақылау сұрақтары
- •8. Уран технологиясындағы аффинаж
- •8.1 Уран қосылыстарындағы «ядорлық тазалық» түсінігі
- •8.2 Уран қосылыстарының «ядорлық тазалық» дәрежелері
- •8.3 Уран технологиясындағы аффинаж әдістері
- •8.3.1 Асқын тотықтық тазалау
- •8.3.2 Карбонаттық тазалау
- •8.3.3 Уранның экстракциялық аффинажы
- •8.5 Англиядағы уран аффинажы
- •8.6 Франциядағы уран аффинажы
- •8.7 Уран аффинажы үшін басқа экстрагенттерді қолдану мүмкіндігі
- •8. Бақылау сұрақтары
- •9. Уран металлургиясы
- •9.1 Металдық уран және оның қасиеттері
- •9.2 Металдық уран алудың әдістері
- •9.3 Уран металлтермиясының термодинамикалық негіздері
- •9.4 Металдық уранды, оның өзінің тотықтарынан өндіру
- •9.5 Металдық уранды уран тетрафторидінен өндіру
- •9.5.1 Уран тетрафторидін кальциймен тотыксыздандыру
- •9.5.2 Үздіксіз металтермиялық тотықсыздандыру
- •9.5.3 Уран тетрафторидін магниймен тотықсыздандыру
- •9.6 Рафинадтық балқыту
- •9.6.1 Тотыксыздандырғыштық және рафинадтық балқыту үрдістерін бір аппаратта біріктіріп жүргізу (дингот-үрдісі)
- •9.7 Жылу бөлгіш элементтерді (жбэл-ді) дайындау
- •9.8 Металлургиялық өндіріс қалдықтарын қайта өңдеу
- •9 Бақылау сұрақтары
- •10 Қоршаған ортаны қорғау
- •Қорытынды
- •Әдебиеттер тізімі
- •5В070900 мамандығыының студенттері үшін
4 Бақылау сұрақтары
1 |
Уран кендерін байытудың ерекшеліктері |
2 |
Уран кендерін байыту әдістері |
3 |
Радиометриялық байыту |
4 |
Гравитациялық байыту |
5 |
Уран кендерін флотациялық байыту |
5 Шаймалау үрдісін анықтау
5.1 Уранды шаймалау үрдісін анықтау
Механикалық байыту әдістерінің (радиометриялық, гравитациялық және флотациялық) көмегімен уранды қажет дәрежеде байыту және бөліп алу мүмкін емес. Ең жақсы жағдайда алынған уран концентраттарының сапасы мен құрамы сұранысқа сәйкес келмейді. Сондықтан механикалық байыту әдістері қазіргі кезде экономикалық тиімді әдіс ретінде кенді алдын-ала қосымша өндегенде ғана қолданылады [12].
Уран кендерін байыту және бай, таза уран концентраттарын алудың негізгі әдісі (техникалық уранның тотығу-тотығы U3O8-уранды шикізат кенінен сұрыпты шаймалау арқылы химиялық концентрлеу және таза уран қосылыстарын ерітіндіден сұрыпты бөлу арқылы алынған өнім – уранның химиялық концентраты деп аталады.
Уранның химиялық концентратын алу мақсатында уран кендерін осылай өңдеу қазіргі кезде гидрометаллургиялық әдіспен жүргізіледі, ол байыту және термиялық өңдеумен салыстырғанда универсалды әдіс болып табылады.
Гидрометаллургия - ылғалды материалдан уран және оның қосылыстарын ылғалды әдіспен бөлу, ол химиялық технологияның тарауына жатады. Бұл радиометриялық, гравитациялық, флотациялық әдістермен байытылған, жоғары температурада өнделген кен немесе кен концентраттары, сонымен қатар өндіріс қалдықтары болып саналады.
Гидрометаллургиядағы негізгі үрдіс, яғни ондағы өндірістің маңызды негізгі бөлімі – металды және онын қосылыстарын шаймалау болып табылады. Шаймалау – техникалық еріткіштер арқылы ерітіндіге бір немесе бірнеше компоненттерді өткізу (сулы кышқылды ерітінділер, сілтілер немесе негіздер, кейбір тұздар ерітінділері (мысалы, соданың) және т.б.). Уран технологиясындағы шаймалаудың негізгі мақсаты – уранның толық және сұрыпты еруі [5,11].
Құрамында ураны бар кеннің және минералдар түрінің әртүрлілігіне қарамастан, олардың көп бөлігі минералды қышқылдарда және сілтілік металдар карбонатының ыстық ерітінділерінде ериді. Осыған байланысты уран кенін шаймалаудың екі негізгі әдісі бар: қышқылдық және карбонаттық. Уран қосылыстарының еру реакциясын қарастырғанда оның ерекше қасиеті; оттекті қосылыс молекулаларымен комплекс түзуге бейімділігі байқалды. Сондықтан уранның тотықтары, сонымен қатар металдық уран және кейбір суда қиын еритін қосылыстары оттекті бейорганикалық қышқылдар (Н2SO4, HNO3) және де нейтралды, оттекті сілтілік реагентті ерітінділер (Na2СO3, (NH4)2СO3 т.б.) әсеріне оңай ұшырайды. Қышқылдық немесе карбонаттық үрдістерді таңдау негізінеи кендердің түріне байланысты.
Уран минералдары қышқылда жақсы еритіндіктен, кеннің көпшілігін өңдегенде карбонаттық шаймалауға карағанда оңай қышқылдық шаймалау қолданылады. Бірақ қышқылдық шаймалауға қарағанда карбонаттық үрдістің артықшылығы ерекше, оны жүзеге асыруға кететін шығын аз болады.
Табиғи уран біріншілік немесе екіншілік болып бөлінеді. Біріншілік уран кенінде, уран тотықсызданған (төрт валентті), аз мөлшері тотыққан (алты валентті) түрде, екіншілік кенде біраз немесе толығымен тотыққан түрде болады.
Құрамыңда ураны бар біріншілік кендер әртүрлі қиын еритін тотықтармен (СЖЭ, титан, торий және т.б.) химиялық байланыста болғандықтан, оны өңдеу үшін концентрлі қышқылды қажет етеді. Мұндай кендер көбінесе сілтілік шаймалауға ұшырамайды. Құрамында настуран түріндегі уран бар біріншілік кендерді және барлық екіншілік кендерді өндеуге қышқыл да, сілті де қолданылады.
Үрдісті тандауда шикізат құрамының мәні зор. Егер кенде кальций, доломит немесе магнезит болса, онда оны өңдеуде қышқылдық шаймалау реагенттерін қажет ететіндіктен, карбонаттық шаймалау қолдану қажет. Керісінше, көп мөлшерде кремний қос тотығы бар кеннен немесе концентраттардан уранды бөліп алуда қышкылдық шаймалау қолданылады, өйткені олар қышқылға инертті келеді.
