- •Мазмұны
- •Қысқартылған сөздер тізімі
- •І.Ішек инфекциялары
- •Дизентерия (шигеллез)
- •Сальмонеллез
- •Холераның клиникалық патогенетикалық жіктелуі:
- •Ботулизм
- •7 Түрі белгілі: a,b,c,d,e,f,g.
- •Вирустық диареялар
- •Ротовирустық инфекция
- •Парвовирустық инфекция
- •Энтеровирустық инфекция
- •Амебиаз
- •Балантидиаз
- •Іі бөлім. Вирустық гепатиттер вирустық а гепатит
- •Вирустық в гепатит
- •Вирустық с гепатит
- •Вирустық d гепатит
- •Вирустық е гепатит
- •Ііі бөлім. Бактериялық зооноздар бруцеллез
- •Лептоспироз
- •Сібір жарасы
- •Туляремия
- •Ivбөлім. Басқа бактериялық инфекциялар менингококкты инфекция
- •Сіреспе
- •Листериоз
- •V бөлім. Ауа-тамшылық инфекциялар грипп және т.Б. Жрви
- •Парагрипп
- •Аденовирустық инфекция
- •Респираторлық-синцитиалды инфекция
- •Герпес инфекциясы
- •Vі бөлім. Протозойлық инфекциялар безгек
- •3 Күндік безгек:
- •4 Күндік безгек:
- •Лейшманиоздар
- •Токсоплазмоз
- •Vіі бөлім. Риккетсиоздар
- •Көктемгі-жазғы кене энцефалиті
- •Эпидемиялық бөртпе сузек
- •Кене бөртпе сүзегі.
- •Viіі бөлім. Вирустық геморрагиялық қызбалар бүйрек синдромымен геморрагиялық қызба
- •Қырымдық геморрагиялық қызба (қгқ)
- •Омбылық геморрагиялық қызба (огқ).
- •VIII бөлім. Аитв-инфекциясы
- •Стронгилоидоз
- •Аскаридоз
- •Трихацефалез
- •Трихинеллез
- •Энтеробиоз
- •Жалпақ құрттар цестоздар тениаринхоз
- •Дифиллобатриоз
- •Эхинококкоздар
- •Гименолепидоздар
- •Трематоздар описторхоз
- •Клонорхоз
- •Фасциолез Этиологиясы. Қоздырғышы Fasciola hepatica және f.Didantica - ірі трематодтар, өлшемі 20-30х8-12 мм және 33-76х5-12 мм. Жұмыртқалары өте ірі, қақпақшалары бар.
- •Парагонимоздар
- •Қорытынды
- •Авторлар назарына! Құралды көркемдеуге талап!
Парагонимоздар
Этиология: Қоздырғышы-Paragonimus westermani (өкпе сорғышы), Paragonimus тұқымдасының басқа түрлері – трематодалар жұмыртқа тәрізді, өлшемдері (7,5-13) х (4-8) мм; жұмыртқалары овальды.
Эпидемиология: Парагонимоздар-ауыз арқылы енетін биогельминтоздар, табиғи-ошақты инвазия. Паразиттердің соңғы иелері мен қоздырғыш көзі-адам мен мысықтар, иттер, шошқалар және жабайы сүт қоректілер. Олар гельминттің жұмыртқаларын қақырықпен, нәжіспен сирек түсіреді. Аралық иелері-тұщы су моллюскалары, қосымша иелері-тұщы судағы шаяндар.
Патогенез: Ағзаға түскен парагонимустардың дернәсілдері қабыршақтарынан босап, ішек қабырғасы арқылы іш қуысына, кейін плевра қуысы мен өкпеге өтеді (диафрагма арқылы), кейде 3 айдан кейін гельминт сыртқы ортаға жұмыртқаларын бөле бастайды. Парагонимоз патогенезі негізгі тіндердің токсико-аллергиялық реакциясымен байланысты. Жұптап орналасқан паразиттердің маңында 1-10 см диаметрдегі қуыстар пайда болады, кейін олар фиброзданып, кальций тұздарымен қатаяды.
Клиникасы: Инкубациялық кезең қысқа, бірнеше күн болуы мүмкін. Инвазияның алғашқы фазасында энтерит, гепатит, асептикалық перитонит симптомдары болуы мүмкін. Бұдан кейін плевро-өкпелік синдром дамиды, ол бронхит, ошақты пневмония және жиі экссудативті плевритпен көрінеді.
Созылмалы интоксикация, өкпе зақымдалу белгілерімен сипатталады. Қақырықта паразиттердің жұмыртқаларын табады. Кейін өкпе зақымдалу белгілері өшіп, патологиялық ошақтар фиброзданып, кальциленіп, рентгенде анықталады.
Бас миына түссе, мида көлемді процесс синдромы болады.
Болжамы: жақсы, көп мөлшерде жұққан кезде пневмосклерез дамуы мүмкін. Бас миы зақымдалса, болжамы жаман.
Диагностика: Клинико-рентгенологиялық мәліметтер, сероиммунологиялық тесттермен дәлелдейді (КБР және терішілік аллергиялық сынама).
Созылмалы кезеңде қақырықта гельминт жұмыртқаларын анықтау керек.
Емі. Битинол (актомер, битин) 30-40 мг/кг тәулігіне, 2-3 рет, тамақтан кейін, ересектерге 300-400 мг/кг.
Симптоматикалық патогенетикалық ем. Емнің тиімділігін 3-6 айдан кейін тексереді.
Бас миының парагонимозы кезінде хирургиялық ем қолдану керек.
Профилактика: шаяндардан, крабтардан тағам даярлағанда технологиялық процессті сақтау.
Қорытынды
Жалпы сырқаттанушылықтың құрамында инфекциялық аурулар жетекші орын алады. Кез келген маман дәрігерінің тәжірибесінде инфекциялық аурулардың диагностикасын, ажырату диагностикасын жасау, ауруларға байланысты іс әрекет сурақтарын шешу, сонымен қатар үйде ем жүргізу, профилактикалық және эпидемияға қарсы шаралар жүргізу қажеттілік тудырады.
Қазіргі уақытта инфектология бойынша қазақ тіліндегі оқу- әдістемелік материалдар жеткіліксіз. Жүйелі жинақта және қол жетімді түрдегі дәрістік материалдар неғұрлым кең таралған инфекциялық ауруларға арналған. Әдістеме - инфектология бойынша дәстүрлі дәрістер жинағы түрінде көрсетілген, ол факультеттер мен курстардың оқу бағдарламасында енгізілген және бұрындары енген.
Ұсынылған жинақ инфекциялық аурулар бойынша қазақ тіліндегі қолда бар оқулықтар мен оқу-әдістемелерден келесідей ерекшелінеді: нозологияның толық қамтылуымен, ұсынылған материалдың жүйелілігімен және клинико- патологиялық аспектілердің синдромалды сипатымен, диагностика және ем таруына жаңа мәліметтер еңгізілуімен. Вирусты гепатит, геморрагиялық қызба, гельминтоз сияқты маңызды нозологияларға неғұрлым кеңейтілген материалдар ұсынылған. Ұсынылған материалда барлық тараулар өзара байланысқан, кезектілік сақталған, терминологиясы анық, қазақ тілінің ережелері сақталынып жазылған. Инфекциялық аурулар бойынша ұсынылатын жинақ қазақ бөлімінің студенттерінің өз білімін жақсартуға және тәжірибелік дәрігерлерге ақпараттық анықтама әдебиеті ретінде қызмет етуге негіз болады.
ҚОЛДанылған әдебиеттер тізімі
Шувалова Е.П., Змушко Е.И. Синдромная диагностика инфекционных заболеваний. -СП:Питер. 2001
Әміреев С.Ә., Жаханов А.,. Құдайбергенұлы Қ, Медициналық паразитология. 421 бет, 2005ж
Сейдуллаева Л.Б. авторлармен Тропикалық жұқпалар мен инвазиялар. 2008ж. 166 бет,
Дүйсенова А.Қ. Жұқпалы аурулар. 422 бет, 2009ж
Жұманбаев Қ.А., Жұманбаева Ғ.Қ. Жұқпалы аурулар. 2010ж. 451 бет.
