- •Мазмұны
- •Қысқартылған сөздер тізімі
- •І.Ішек инфекциялары
- •Дизентерия (шигеллез)
- •Сальмонеллез
- •Холераның клиникалық патогенетикалық жіктелуі:
- •Ботулизм
- •7 Түрі белгілі: a,b,c,d,e,f,g.
- •Вирустық диареялар
- •Ротовирустық инфекция
- •Парвовирустық инфекция
- •Энтеровирустық инфекция
- •Амебиаз
- •Балантидиаз
- •Іі бөлім. Вирустық гепатиттер вирустық а гепатит
- •Вирустық в гепатит
- •Вирустық с гепатит
- •Вирустық d гепатит
- •Вирустық е гепатит
- •Ііі бөлім. Бактериялық зооноздар бруцеллез
- •Лептоспироз
- •Сібір жарасы
- •Туляремия
- •Ivбөлім. Басқа бактериялық инфекциялар менингококкты инфекция
- •Сіреспе
- •Листериоз
- •V бөлім. Ауа-тамшылық инфекциялар грипп және т.Б. Жрви
- •Парагрипп
- •Аденовирустық инфекция
- •Респираторлық-синцитиалды инфекция
- •Герпес инфекциясы
- •Vі бөлім. Протозойлық инфекциялар безгек
- •3 Күндік безгек:
- •4 Күндік безгек:
- •Лейшманиоздар
- •Токсоплазмоз
- •Vіі бөлім. Риккетсиоздар
- •Көктемгі-жазғы кене энцефалиті
- •Эпидемиялық бөртпе сузек
- •Кене бөртпе сүзегі.
- •Viіі бөлім. Вирустық геморрагиялық қызбалар бүйрек синдромымен геморрагиялық қызба
- •Қырымдық геморрагиялық қызба (қгқ)
- •Омбылық геморрагиялық қызба (огқ).
- •VIII бөлім. Аитв-инфекциясы
- •Стронгилоидоз
- •Аскаридоз
- •Трихацефалез
- •Трихинеллез
- •Энтеробиоз
- •Жалпақ құрттар цестоздар тениаринхоз
- •Дифиллобатриоз
- •Эхинококкоздар
- •Гименолепидоздар
- •Трематоздар описторхоз
- •Клонорхоз
- •Фасциолез Этиологиясы. Қоздырғышы Fasciola hepatica және f.Didantica - ірі трематодтар, өлшемі 20-30х8-12 мм және 33-76х5-12 мм. Жұмыртқалары өте ірі, қақпақшалары бар.
- •Парагонимоздар
- •Қорытынды
- •Авторлар назарына! Құралды көркемдеуге талап!
Трематоздар описторхоз
Описторхоз - бауырдың біріншілік ісігін, ұйқы безінің ісігін тудыратын, гепатобилиярлы жүйені зақымдайтын, ұзақ ағымды, жиі асқынатын гельминтоздарға жатады (қосымша сурет 13).
Этиологиясы: Описторхоздарды тудыратын 2 трематоз түрі бар:
О. felineus және О. Viverrini (тропикалық елдерде).
Синонимдері: Opistorchis felineus мысық екі ауызы, сібір екі ауызы /денесі жалпақ ұзындығы 4-13 мм, ені 1-3,5мм. Алдыңғы бөлігінде ауыз сорғышы, құрсағы алдыңғы ортанғы бөлігінде орналасқан. Жұмыртқасы түсі боз - сары. Екі нәзік қабыршақпен қапталған. Бір жағында қақпағы, екі жағында қабыршағы бар. Размерлері: 0,010-0,019 х 023-0,034мм. Дамып жетілу кезінде өт қабында, өт ішінің жолдары мен бауырдан тыс өт жолдарын зақымдап, ұйқы бездерінің жолдарын паразиттайды. Адамның, иттің, мысықтын, түлкі т.б. жануарлардың организмінде дамып жетіледі. Аралық иесі болып гельминттің ащы судағы мекен ететін молюска болып табылады. Қосымша иелері карп тұқымдас балықтар. Гельминттердің ұзындығы 5,4-10,2мм, ені 0,8-1,9мм. өңеші оның жұтқыншақтан 3 есе ұзын. Дамып жетілу кезенінде адамның, мысықтың, иттің өт жолдарында, өт қабында, ұйқы безінде дамиды. Аралық иесі болып Bithynia laechi тұқымды молюска, қосымша иесі ащы судағы карп тұқымдас балықтар. (қосымша сурет 13).
Эпидемиология: Описторхоз табиғи ошақты ауру. Описторхозды тудыратын көбінесе Обь, Ертіс (Батыс Сібір, Қазақстанда, Пермь обл.), Днепр бассейіндерінде кездеседі Волга, Дон, Донца Солт, Двина, Немен бассейіндерінде тіркелген. Негізгі описторхоздың ошағы болып Тайланд болып табылады. Индияда да тіркелген, Тайвань аралдарында кездеседі. Инвазия көзі болып описторхоз жұқтырған адамдар, үй жануарлары, жабайы аңдар болып табылады. Нәжіспен түскен гельминттің жұмыртқасы молюска битиниямен жұтылады. Соңғысында дамып көбею жүреді. Дернәсілі дамып суға құйрықты дернәсіл церкори түседі. Церкорилер карпты балықтарға еніп, оның тері асты тіндері мен бұлшық еттерінде дамып, метацеркариге айналады. Адамдар мен сүт қоректілердің жұғуында тағамға шикі, дұрыс пысырылмаған, әлсіз тұздалған етін қолданғанда болады.
Патогенез.: Жейтін балықпен бірге описторхоз дернәсілі ішекте өзінің қабыршағынан шығып, жалпы өт жолдарына түсіп, бауырға, өт қабына, ұйқы безіне барып 2 аптада дамып жетіліп, бір айдан соң жұмыртқа сала бастайды.
Описторхоз патогенезінде негізгі роль ойнайтын:
- аллергиялық реакциялар (аурудың ерте басталар кезеңінде) гельминттердің зат алмасуындағы бөлінетін заттардың әсерінен пайда болады.
- гельминттердің механикалық әсері, өт және ұйқы бездерінің қабырғасын, өт жолдарын өзінің үшкір инелерімен тесіп, зақымдайды. Паразиттердің осылай жиналуы өт жолдарынан өттің ағуын, ұйқы безі сұйығының бөлінуін тежейді.
- нервті рефлекторлы әсері. Гельминттер жолдардарындағы нерв элементтерін тітіркендіреді. Осыдан барып патологиялық импульстер асқазанға және он екі елі ішекке беріледі.
- өт жолдарына екіншілік инфекцияның қосылу (өт жолдарының дискенезиясы, паразиттердің жиналуы, жұмыртқалар эпителий клеткалары, өттің уақытша немесе толық тоқтауы )
- ұйқы бездерінің және өт жолдарының эпителилерінің белсенді пролиферациясының салдарынан ісік алды жағдайлары болуы мүмкін.
Ағымы мен симптомдары: Инкубациялық кезең описторхозда 2-4 аптаға созылады. Описторхоздың алғашқы кезеніңде дене қызуы көтерілуі, буындар мен бұлшық еттер ауырсынуы, құсу, іш өту, бауырдын ауырсынып ұлғаюы, көкбауыр ұлғаюы, терідегі аллергиялық бөртпелер қанда лейкоцитоз, эозинофилиямен көрінеді. Науқастардың описторхоздың кеш фазасында шағымдары - эпигастрий және он жақ қабырға астындағы ауырсыну болады. Көбінде ауырсынулар арқаға, кейде сол жақ қабырға астына беріледі. Кей кезде ауырсыну асқынып, өт ұстамасы түрінде болады. Жиі бас ауырсынуы, бас айналуы, диспепсиялық бұзылыстар болады. Кейбір науқастар ұйқысының бұзылуына, көңіл күйінің ауыспалылығына, жоғары тітіргенгіштікке шағымданады. Дене қызуы қалыпты немесе субфебрильді болады. Бауыры тығыздалған, ұлғайған болады. Негізінен бауырдың біркелкі тегіс ұлғайғаны, ал кейбір науқастарда тек бір бөлігінің, оң немесе сол бөлігінің ұлғайғаны байқалады. Бауырдың қызметі (белокты синтетикалық пигментті, антитоксикалық) асқынбаған описторхозда қалыпты немесе аздап өзгерген болады. Бұрындары вирусты гепатитпен және екіншілік бактериальды инфекцияның өт жолдарына түсулерінде бауырдың қызметінің бұзылулары байқалады. Өт қабы жиі ұлғайған және тығыздалған болады. Көптеген науқастарда өттің жиылуына тек екіншілік дуоденальды зерттеу арқылы көз жеткізуге болады. Дуоденальды заттарды микроскоппен қарағанда: барлық сынамаларда, әсіресе С сынамасында лейкоциттер, эпителиальды клеткалар, биллирубин мен холестерин кристалдарының көбейгені байқалады. Описторхозда өт қабының қозғалмалы қызметінің бұзылуы гиперкинетикалық, гипертониялық және гипокинетикалық дискенезиялар түрінде өтуі мүмкін. Науқастардың ¾ бөлігінде өт қабының моторикасының бұзылуы рентгенологиялық дәлелденгенде дискенезияның гипокинетикалық түрі байқалады.Осындай науқастарға оң жақ қабырға астында батып, сыздаған ауырсынулар, айқын диспепсиялық бұзылулар, іш қату (өт қабының жетіспеушілік синдромы) тән. Дискинезияның гипертониялық және гиперкинетикалық түрінде көбінде өтті (тассыз) ұстама синдромы кездеседі. Өт қабы оларда ұлғаймаған болады. Ұйқы безінің пальпациясы ауырсынумен, ал кейбір науқастарда сол жақ терісінің гиперстезиясы болады. Ұйқы безінің сыртқы секреторлық қызметінің жеткіліксіздігі оның дуоденальды затындағы ферменттер (трипсин, амилаза, лидаза) және қандағы ферменттердің (трипсин, амилаза, лидаза) концентрациясының жоғарлауы болады. Кейбір науқастарда таңертен аш қарын ұйқы безінің қызметінің гипергликемия түрінде бұзылуы байқалады. Описторхозбен науқастарда тең жартысынын асқазан секрециясы жағынан қышқылдығының төмендегені байқалады. Қанда эозинофилия өте жоғары, кейде аздаған анемия байқалады. Описторхоздың симптомотологиялық анализінде науқаста қайткенде де холангит болуы, жиі өт жолдары дискенезиясы, анда санда ангиохолецистит және созылмалы гепатит, созылмалы панкреатит, ал кейбір науқастарда бауырдың зоопаразитарлы холангиялық циррозы болады. Өтуі жеңіл түрде болады. Кейде описторхоз жасырын өтуі мүмкін. Описторхоздың асқынуларына жатқызуға болады: іріңді холангит, өт жолдарының кистозды кеңеюінен жыртылуы, өтті перитонит, жедел панкреатит, бауырдың біріншілік ісігі.
Диагноз және дифференциальдық диагноз: Описторхоздың диагностикасын аурудың клиникалық көріністеріне қарап қою қиын. Оған өзіне тән симптомдар мен синдромдардың болмауына байланысты описторхозды инвазияны зақымдағаннан соң I-айдан кейін нәжіспен дуоденальды овоскопиялық тексеріп табуға болады. Гельминттер сол уақытта жұмыртқа сала бастайды. Описторхоздың ерте кезеңін білу қиындықтар тұғызуы мүмкін. Интенсивті ошақтарда описторхоздың ерте фазасында қызба, гепатомегалия, эозинофильді лейкоцитоз болады. Описторхоз әр түрлі клиникалық көріністермен өтеді. Сондықтан науқастарды өте мұқият клиникалық, лабораторлық, рентгенологиялық, УДЗ тексерулерінен өткізу керек.
Описторхозды: жедел респираторлы аурулар, пневмония, вирусты гепатит, жедел ішек ауруларынан, қан ауруларынан, жедел хирургиялық аурулардан ажырату керек.
Емі: Описторхозды емдегенде жоғарғы тиімділігі бар препарат - празиквантел тағайындайды. Бір реттік мөлшері 75мг/кг. Емдеу нәтижесінде жұмыртқалары 99% жойылады. Никлофон 2-3 апта бойы күн ара тәуліктік дозасы 30-50 мг/кг ішке. Описторхоздың кеш анықталған түрінде, үстіне холангит пен өт жолы дискенезиясы қосылғанда сорбит немесе магний сульфатымен дуоденальды зонд жасау керек. 1-2 ай бойы аптасына 1-2 реттен өт айдағыштар тағайындайды. Ауырсынуларда спазмолитиктер, екіншілік инфекция қосылса антибиотиктер тағайындайды. Описторхозда жазылып шығуы мүмкін. Ұйқы безі мен бауырдың біріншілік ісігінде аурудың өтуі ағымы ауыр болады.
Описторхоздың ошақтарында жүргізілетін шаралар мен алдын алу.
Ең маңызды роль су қоймаларын нәжісті зақымданулардан алдын алу, санитарлы ағарту жұмыстарын жүргізу болып табылады. Халықты тағамға шикі, дұрыс пысырылмаған балық тағамдарын қолдандырмау. Балықты қайнатқанда тұтастай описторхоз личинкасы 20 минуттан соң өледі. Ыстық бықтыру балықты толық залалсыздандырады. Балықты 15-20 мин. қуыру керек. Балықты тұздау 14 күн болады. Кептіретін тұздың көлемі 27-29 кг. 100кг балыққа. Инвазияланған балықты қалыпты жағдайларды қатырып залалсыздандыру рұқсат етілмейді. Ондай жағдайларда описторхоз личинкалары 2 4 аптаға дейін сақталуы мүмкін.
