- •Мазмұны
- •Қысқартылған сөздер тізімі
- •І.Ішек инфекциялары
- •Дизентерия (шигеллез)
- •Сальмонеллез
- •Холераның клиникалық патогенетикалық жіктелуі:
- •Ботулизм
- •7 Түрі белгілі: a,b,c,d,e,f,g.
- •Вирустық диареялар
- •Ротовирустық инфекция
- •Парвовирустық инфекция
- •Энтеровирустық инфекция
- •Амебиаз
- •Балантидиаз
- •Іі бөлім. Вирустық гепатиттер вирустық а гепатит
- •Вирустық в гепатит
- •Вирустық с гепатит
- •Вирустық d гепатит
- •Вирустық е гепатит
- •Ііі бөлім. Бактериялық зооноздар бруцеллез
- •Лептоспироз
- •Сібір жарасы
- •Туляремия
- •Ivбөлім. Басқа бактериялық инфекциялар менингококкты инфекция
- •Сіреспе
- •Листериоз
- •V бөлім. Ауа-тамшылық инфекциялар грипп және т.Б. Жрви
- •Парагрипп
- •Аденовирустық инфекция
- •Респираторлық-синцитиалды инфекция
- •Герпес инфекциясы
- •Vі бөлім. Протозойлық инфекциялар безгек
- •3 Күндік безгек:
- •4 Күндік безгек:
- •Лейшманиоздар
- •Токсоплазмоз
- •Vіі бөлім. Риккетсиоздар
- •Көктемгі-жазғы кене энцефалиті
- •Эпидемиялық бөртпе сузек
- •Кене бөртпе сүзегі.
- •Viіі бөлім. Вирустық геморрагиялық қызбалар бүйрек синдромымен геморрагиялық қызба
- •Қырымдық геморрагиялық қызба (қгқ)
- •Омбылық геморрагиялық қызба (огқ).
- •VIII бөлім. Аитв-инфекциясы
- •Стронгилоидоз
- •Аскаридоз
- •Трихацефалез
- •Трихинеллез
- •Энтеробиоз
- •Жалпақ құрттар цестоздар тениаринхоз
- •Дифиллобатриоз
- •Эхинококкоздар
- •Гименолепидоздар
- •Трематоздар описторхоз
- •Клонорхоз
- •Фасциолез Этиологиясы. Қоздырғышы Fasciola hepatica және f.Didantica - ірі трематодтар, өлшемі 20-30х8-12 мм және 33-76х5-12 мм. Жұмыртқалары өте ірі, қақпақшалары бар.
- •Парагонимоздар
- •Қорытынды
- •Авторлар назарына! Құралды көркемдеуге талап!
Вирустық е гепатит
Вирустық Е гепатит (ВЕГ) – нәжіс-ауыз арқылы, көбінесе су көздері арқылы жұғатын, циклдік түрде өтетін, жедел антропонозды вирусты инфекциялық ауру.
Этиологиясы: қоздырғыш құрамында РНК-сы бар, цитопатогенді әсер ететін вирус, А вирусқа қарағанда сыртқы ортада төзімділігі төмен.
Эпидемиологиясы: таралымы бірыңғай емес. Эндемиялық аймақтар Оңтүстік – Шығыс Азияда, Индияда, Орталық Америкада орналасады. Қазақстанда көбінесе – Оңтүстікте шоғырланған.
Инфекция көзі: ВЕГ-тің әр түрлі клиникалық түрлерімен ауыратын адамдар. Әсіресе сарғаюсыз түрімен.
Таралу жолдары:
су арқылы (негізгі)
алиментарлы (моллюскалар)
тұрмыстық қатынас арқылы (өте сирек)
ВЕГ-тің эпидемиялық процессінің ерекшеліктері:
көбінесе 30-40 жастағы адамдар ауырады
су көздерінен топталып өршу ретінде таралу
отбасында ошақтану сирек кездеседі
7-8жыл сайын сырқаттанушылықтың көтерілуі тән.
Маусымдылығы: жаз айлары
Сырқаттану мүмкіншілігі жоғары деп есептеледі.
Иммунитеті: Аурудан кейін едәуір күшті иммунитет қалыптасады, бірақ та реинфекцияның мүмкіншілігі бар.
Патогенезі: Толық зерттелмеген. Қазіргі көзқарас бойынша гепатоциттердің зқымдауында вирустың тікелей цитопатогенді әсері мен иммунды бұзылыстар да маңызды роль атқарады. Жүкті әйелдерде ВЕГ ауыр өту себебі әлі күнге дейін анықталмаған.
Патологиялық анатомиясы: ВЕГ-та патоморфологиялық өзгерістер басқа гепатиттердегідей дистрофиялық және некрозды өзгерістер мен перипортальды мононуклеарлы инфильтрациямен өтеді.
Клиникалық жіктелуі: Т ү р і: 1. сарғаю
-цитолитикалық синдроммен
-холестаздық синдроммен
-фульминантты
2. сарғаюсыз
3. субклиникалық
Өту ауырлығы: жеңіл, орташа, ауыр.
Клиникасы: Өтуі циклді.
Инкубациялық мерзімі: 17-75 күн аралығында, орташа 30-42 күн.
Сарғаю алды кезең ұзақтығы 1-13 күн (орташа 4-5 күн). Бұл кезең – диспепсиялық, катаральды, астено-вегетативті, аралас синдромдар белгілерімен өтеді, кейде латентты түрінде болуы мүмкін. Артралгиялық синдром және бөртпе шығу ВЕГ - ке тән емес.
Сырқат көбінесе біртіндеп басталады. Улану белгілері, әлсіздік, енжарлық, шаршағыштық, тәбетінің төмендеуі, жүрегі айнып, құсумен, оң жақ қабырға астында және эпигастрий аймағында ауырсынумен, кейде дене қызуының жоғарлауымен көрінеді.
Латентты түрінде – зәр қоңырлануымен және склералар сарғыштығымен байқалады.
Сарғаю кезеңі (өршу) зәр қоңырлану мен шырышты қабаттардың сарғаюынан басталады. Улану белгілері бұл кезеңде 5-6 күнге дейін сақталынады. Науқастардың көбінде бауыр мен көкбауыр ұлғаяды. Сарғаю кезеңі 1,5-2 аптаға дейін созылады.
Холестаз синдромымен өтетін сарғыштық түрінде науқас адамды улану белгілерімен қатар ұзақ сақталынатын сарғыштық пен терінің қышуы мазалайды.
ВЕГ көбінесе:
жеңіл ағымда өтеді (60%-ке дейін)
орташа ауырлықта (40%)
ауыр түрінде (1%)
Ауыр түрі көбінесе жүкті әйелдерде кездеседі (60%)
Ауыр ағымы – геморрагиялық синдроммен және бауырлық жедел энцефалопатиямен асқынады.
Жүкті әйелдердегі ВЕГ іштегі перзентке де әсер етеді, шала немесе өлі туумен аяқталуы мүмкін.
Жүкті әйелдер арасындағы өлім көрсеткіші 10-25%, басқа аурулар арасында 1% төмен.
Асқынулары: бауырдың жедел энцефалопатиясы.
Диагностикасы:
клиникалық көріністері бойынша
эпидемиологиялық мәліметтер (эндемиялық ошақтарда болу)
зертханалық тексерулер
Зертханалық әдістер:
а) арнайы иммунологиялық – анти-ВЕГ-IgM (сиректеу ВЕГ-РНК) анықтау
б) арнайы емес – биохимиялық
Салыстырмалы диагностикасы: ВЕГ-ны бірінші қатарда ВАГ-мен, ал жүкті әйелдер арасында майлы гепатитпен салыстыру қажет және сарғаюмен өтетін басқа аурулардан да ажырату керек.
Емдеу:
күн тәртібі – төсектік тәртіп
үстел №5
патогенетикалық ем (дезинтоксикациялық)
симптоматикалық ем
Аурудың соңы:
сауығу (негізгі)
летальды
Алдын алу: инфекциялануға қарсы бағытталған санитарлық – гигиеналық шаралар.
