- •Мазмұны
- •Қысқартылған сөздер тізімі
- •І.Ішек инфекциялары
- •Дизентерия (шигеллез)
- •Сальмонеллез
- •Холераның клиникалық патогенетикалық жіктелуі:
- •Ботулизм
- •7 Түрі белгілі: a,b,c,d,e,f,g.
- •Вирустық диареялар
- •Ротовирустық инфекция
- •Парвовирустық инфекция
- •Энтеровирустық инфекция
- •Амебиаз
- •Балантидиаз
- •Іі бөлім. Вирустық гепатиттер вирустық а гепатит
- •Вирустық в гепатит
- •Вирустық с гепатит
- •Вирустық d гепатит
- •Вирустық е гепатит
- •Ііі бөлім. Бактериялық зооноздар бруцеллез
- •Лептоспироз
- •Сібір жарасы
- •Туляремия
- •Ivбөлім. Басқа бактериялық инфекциялар менингококкты инфекция
- •Сіреспе
- •Листериоз
- •V бөлім. Ауа-тамшылық инфекциялар грипп және т.Б. Жрви
- •Парагрипп
- •Аденовирустық инфекция
- •Респираторлық-синцитиалды инфекция
- •Герпес инфекциясы
- •Vі бөлім. Протозойлық инфекциялар безгек
- •3 Күндік безгек:
- •4 Күндік безгек:
- •Лейшманиоздар
- •Токсоплазмоз
- •Vіі бөлім. Риккетсиоздар
- •Көктемгі-жазғы кене энцефалиті
- •Эпидемиялық бөртпе сузек
- •Кене бөртпе сүзегі.
- •Viіі бөлім. Вирустық геморрагиялық қызбалар бүйрек синдромымен геморрагиялық қызба
- •Қырымдық геморрагиялық қызба (қгқ)
- •Омбылық геморрагиялық қызба (огқ).
- •VIII бөлім. Аитв-инфекциясы
- •Стронгилоидоз
- •Аскаридоз
- •Трихацефалез
- •Трихинеллез
- •Энтеробиоз
- •Жалпақ құрттар цестоздар тениаринхоз
- •Дифиллобатриоз
- •Эхинококкоздар
- •Гименолепидоздар
- •Трематоздар описторхоз
- •Клонорхоз
- •Фасциолез Этиологиясы. Қоздырғышы Fasciola hepatica және f.Didantica - ірі трематодтар, өлшемі 20-30х8-12 мм және 33-76х5-12 мм. Жұмыртқалары өте ірі, қақпақшалары бар.
- •Парагонимоздар
- •Қорытынды
- •Авторлар назарына! Құралды көркемдеуге талап!
Сіреспе
Сіреспе – контактті механизммен жұғатын, клиникалық көрінісінде көлденең жолақты бұлшық еттердің ұстамалы түрде клоникалық немесе тоникалық жиырылуымен, негізінен жүйке жүйесінің зақымдауымен көрнетін жедел инфекциялық ауру.
Эпидемиологиясы: Қоздырғышы – Clostridium tetani анаэроб, споралар түзеді (сыртқы ортада), экзотоксин бөледі, ол 3 фракциядан тұрады:
тетаноспазмин (негізгі патогенетикалық әсерін құрайды, сіреспеге тән клиникалық синдром көрсетеді).
тетанолизин, эритроциттер гемолизін тудырады және фагоциттердің ыдырауымен бірге жергілікті некроз тудыруы мүмкін.
жүйкелі бұлшық етті қосылыстарда медиатордың секрециясын жоғарлауын шақыратын кіші молекулярлы фракция.
Сіреспе токсині ботулизм токсинынан кейінгі ең күшті табиғи уларға жатады.
Эпидемиологиясы: Барлық жерде таралған.
Инфекция көзі:
сау адам (5-40% дамдарда сіреспе таяқшасы ішекте болады)
үй (жылқы, сиыр, қой, шошқа және т.б.) және жабайы (қояндар, маймылдар, тышқандар немесе т.б.) жануарлар, олардың да ішектерінде сіреспе таяқшалары болады.
Таралу жолы: Контактілі.
Таралудың негізгі факторы: Сіреспе таяқшасы бар (споралры) жер (құм).
Жұқпалығы: Өте жоғары.
Маусымдылығы: Көктем-жаз айлары.
Кәсіптік фактор: Жиі ауыл тұрғындары, механизаторлар және т.б. ауырады.
Иммунитеті: Сіреспемен ауырған иммунитет пайда болады.
Өлімділік көрсеткіштері: 40-70% және жоғары.
Патогенезі: Қоздырғыштың ену жолдары – терінің және шырышты қабаттарының әр түрлі зақымданулары, жарақаттар, күйіктер, үсіктер, криминальды аборттар, иньекциялар (нашақорларда), жаңа туғандарда кіндіктерінің дұрыс зарарсыздандырылмағандығынан немесе т.б. кезде жұғуы мүмкін. Операциядан кейінгі сіреспе дамуы мүмкін.
Сіреспе токсині организмге келесідей тарайды:
гемотогенді
лимфогенді
жүйке бағаналарымен
Гемотогенді және лимфа жолдары процесстің таралу жолдарын сипаттайды, ал жүйкелі жергілікті сіреспе дамуына әкеледі.
Тетанотоксин полисиноптикалық рефлекторлы доғалардың қойылмалы (вставочные) нейрондарын зақымдайды, бұл физиологиялық коррекциясының бұзылуымен жүретін мотонейрондардың тежелуінің барлық түрінің төмендеуіне әкеледі. Мотонейрондарда пайда болатын қимыл импульстары координацияға көнбейтін және бұлшық еттерге үздіксіз беріліп тұратын болады, бұл бұлшық еттердің үнемі тоникалық жиырылуда болуына әкеледі. Сонымен қоса тыныс алу орталықтарының және кезбе нерв ядроларының зақымдалуымен жүреді.
Клиникасы:
Инкубациялық кезең: Бір тәуліктен бір айға дейін, орташа мерзімі 6-14 күн.
Сіреспенің клиникалық жүктелуі (Шейник В.Н. бойынша):
І). Жалпы таралған сіреспе:
а) біріншілік
б) төмендейтін түрі
в) жоғарлайтын түрі
ІІ. Жергілікті (шектелген) сіреспе:
а) қол – аяқтар (біреу немесе көп)
б) бас
в) кеуде
г) аралас (қол, кеуде және т.б.)
Ауырлық дәрежесі бойынша:
жеңіл
орташа
ауыр
өте ауыр
Сіреспенің негізгі клиникалық симптомдары:
продромальді кезең (бірнеше күн)
жалпы әлсіздік
жүрудің қиындауы
ұйқысыздық
арқада ауырсынулар
кеуде қысылу сезімі
бас қозғалту қиындықтары
жұтқанда ауырсыну, жұтынудың бұзылыстары
Өршіген кезде:
тризм (шайнау бұлшық еттерінің қатаюы)
сардоникалық күлкі (бірден күлкімен жылау болатын бет–әлпетінің өзіндік көрінісі)
мойын, арқа, аяқ–қол бұлшық еттерінің қатаюы, әсіресе төменгі бөліктерінің
іш бұлшық еттерінің қатаюы (тақтай тәрізді)
опистотонус
кеуде және аяқ–қолдарының толық қатаюына байланысты қимыл-қозғалыс мүмкін емес, қол және табаннан басқа
бұлшық ет гипертонусына байланысты әр түрлі ұзақтықта немесе интенсивтілікте болатын ұстамалар дамиды
жұтқыншақ және тыныс алу бұлшық еттері ұзақ қысылу ұстамаларында асфиксия болуы мүмкін.
Жалпы симптомдар:
дене температурасының жоғарлауы (37,5-380С, сирек 39-400С)
іш қатулар
зәрдің тұруы (задержка), зәрдің болмауы
Сана сезім сіреспе кезде сақталады.
Асқынулары:
бұлшық еттердің жыртылуы
аяқ–қол сүйектерінің сынуы
пневмония
Диагностикасы:
Сіреспеге диагноз клиникалық көріністерге және эпидемиологиялық мәліметтерге сүйене отырып қойылады.
Емдеу:
Орташа ауырлықты, ауыр немесе өте ауыр жағдайда емдеу интенсивті терапия және реанимация бөлімдерінде жүргізіледі:
1) режим (бөлек палатада кез – келген дыбыс, жарық және басқа тітіргендіргіштер болмауы керек)
2) жарақаттарды хирургиялық зарарсыздандыру
3) диета (тағам зонд арқылы және парентральді енгізіледі)
4) арнаулы ем: сіреспеге қарсы сарысу (б.е. бірден 50000-100000 МЕ дозада) немесе сіреспеге қарсы адам иммуноглобулині (б.е. бірден, 900 МЕ-6 мл).
5) ұстамаға қарсы ем
6) антибактериальды ем
7) жүйелі түрде ем
Алдын алу:
1. Активті (сіреспе анатоксин) – ұлттық күнтізбелі жоспар бойынша егу жүргізу.
2. Активті–пассивті (сіреспе анатоксин+сіреспеге қарсы сары су ) – көрсеткіш бойынша.
ТІЛМЕ
Тілме бұл бетта - гемолитикалық стрепококкпен шақырылатын, жедел және созылмалы түрлерінде өтетін, клиникасында қызбамен, интоксикациямен және терінің серозды немесе серозды-геморрагиялық ошақты қабынымен көрінетін антропонозды бактериальды инфекция.
Этиологиясы: Қоздырғышы бетагенолитикалық стрептококк. Клиникалық көріністерін туғызатын:
- эритрогенді экзотоксин
- O.S стерептомицин
- бір қатар ферменттер бөледі
Қасиеттері:
факультативті анаэроб
Z түріне өте алады
сыртқы ортада төзімді
бірнеше серологиялық түрлері бар
Эпидемиологиясы: таралымы кең, сырқаттану көбінесе бірен-саран оқиғалар түрінде кездеседі.
Аурудың көздері:
әр түрлі стрептококкты аурулармен (ангина, скарлатина, пневмония, стрептодерлин т.б.) сырқаттанған адамдар
бактерия тасымалдаушылар (өздері сау)
Тарау жолдары:
экзогенды түрінде – жұғу жарақаттанған тері қабаттары арқылы
эндогенды түрінде – организм өзіндегі стрептококкты ошақтардан тарау
Мерзімділігі- біріншілік түрінде көбінесе жаз-күз айлары, рецидивті түрінде күз-қыс айлары. Тілмемен көбінесе қабылдау мүмкіншілігі жоғары адамдар ауырады. Қабылдау мүмкіншілікті жоғарлататын факторлардың ішінде генетикалық, ұзақ уақыт бойы стероидты препараттарды қабылдау, тамырлардың варикозды кеңеюі, тромбофлебит және басқа созылмалы аурулар, әр түрлі травмалар, салқын тию т.б.
Иммунитет: инфекциядан кейінгі иммунитет қоздырғыштың түрімен байланысқан. Өте тұрақсыз. Сондықтан қайталап ауру жиі кездеседі (рецидивті және қайталанған түрлері).
Патогенезі: Тілме экзогенді және эндогенды жолмен туады.
Сырқатты тудыру факторлары:
инфекциялық (бактеремия)
токсикалық (токсинемия)
аллергиялық (БТСЖ)
иммунопатологиялық (иммунды жетіспеушілік)
Тілменің біріншілік және қайталанған түрлері қоздырғыш организмге көбінесе экзогенды түрінде ену себебінен жедел стрептококты инфекция болып өтеді.
Инфекциялық процесс циклдік түрінде өтеді. Стрептококтар енген орнында (терінің лимфа капиллярларында) көбейіп, эндо және экзотоксин бойы жергіліктік әсерін береді (қабыну), әрі қарай қанға өтіп интоксикацияны тудырады. Интоксикацияның негізгі себебі- токсинемия және сонымен қатар аз уақыт бактеремия да болады.
Жергілікті қабыну өзгерістерінде баяу өтетін сезімталдықтың жоғарлауы (аллергия) және иммунопатологиялық (ЦИК) реакциялар маңызды роль атқарады.
Қабынудың түрі: серозды және серозды-геморрагиялық. Тілменің рецидивті түрлері созылмалы ағымының көрінісі.
Патогенезінің негізгі организмнің макрофагальды жүйесінде стрептококктарды ұзақ персистенциялы (бактериальды немесе Z-түрлерінде)
аллергиялық өзгерістер
екіншілік иммунологиялық жетіспеушілік (макрофагтардың және басқа лимфоидты клеткалардың иммунорегуляциясы бұзылу деңгейінде)
Патанатомиясы. Теріде қабыну ошағы қалыптасу. Қабыну көбінесе ұсақ капилярлардың маңайында ұсақ клеткалық лейкоцитарлы инфильтрациямен қалыптасатын серозды және серозды геморрагиялық түрлерінде байқалады.
Клиникалық жіктелуі.
І. Жергілікті өзгерістер бойынша:
1)эритематозды
2)эритематозды-буллезды
3)эритематозды-геморрагиялық
4)буллезды-геморрагиялық
ІІ.Ауырлығы бойынша:
1)жеңіл
2)орташа
3)ауыр.
ІІІ.Өту жиілігі бойынша
1)біріншілік түрі
2)қайталанған түрі (бірінші ауырғаннан кейін 2 жылдан аса басқа орында қалыптасқан тілме)
3)рецидивті:
1)ерте көрінетін( бір жылдың арасында)
2)кеш көрінетін (бір жылдан аса)
3)үнемі рецидивті (бір жылдың ішінде 3-4 қайталанған)
ІУ.Жергілікті өзгерістердің таралуы бойынша:
1)локальды
2)таралған
а)миграциялық
б)метастазды
У.Асқынулар:
1)жергілікті
2)жалпы
УІ.Калдықтары:
1)лимфодена
2)екіншілік фибродена
Клиникасы: Инкубациялық мерзімі бірнеше сағаттан 3-5 тәулікке дейін. Клиникалық көріністері 2 синдромға бөлінеді:
интоксикациялық
жергілікті өзгерістер (тері бетіндегі)
Сырқат көбінесе жедел, интоксикация көріністерімен басталады:
қалтырау
дене қызуы бірнеше сағатта 39-40С жетеді, кейде 5-6 күнге дейін сақталады.
бас ауруы
әлсіздік, селқостық
жүрек айну, құсу жиі байқалады
Бұл кезде регионарлы лимфа түйіндерінде ауырсыну байқалады. 12-48 сағат ішінде жергілікті өзгерістер қалыптасады.
Қабынудың орналасуы:
аяқтарда 55-68%
- бетте 25-30%
- қолдарда 6-10%
Дененің, жыныс ағзаларының қабаттарында өте сирек болады.
Эритематозды түрі. Атына сай қабынған орнында эритема қалыптасады. Шыққан кезде қызарған дақ болып біраз уақытта жойылып типті белгілерімен байқалады:
айқын шектелген гиперемия. Шекарасы оттың жалыны немесе географиялық карта тәрізді болып көрінеді.
инфильтрация
эритема үстіндегі тері тығыздалып тартылған
пальпация кезінде ауырсынады, әсіресе шеттеріне қарай
ісіну эритема шеттерінен кең жайылады, әсіресе тері асты клетчаткасы мол жерлерде (көбінесе ошақ көз, ерін, іштің алдыңғы жағында, жыныс ағзаларында орналасқанда)
терінің жедел қабынуы ісінуімен қатар лимфа айнасының бұзылуымен байланысты лимфостаз қалыптасады.
аурулардың көбінде регионарлы лимфоаденит байқалады.
тілменің эритематозды түрі өз бетімен және басқа түрлерінің бастапқы өзгерісі болып өтуіне тиісті.
Эритематозды-буллезды түрі эритеманың үстінен (бірнеше сағаттан 2-5 тәуліктің ішінде), пайда болатын көпіршіктермен өтеді. Көпіршіктер:
әр түрлі көлемде болады
іші түссіз сұйықтыққа толы болады
Сұйықтықтың пайда болу себебі қабыну ошағында эксудация жоғарлауы, эпидернис дермадан бөлініп арасына эксудат толуы. Көпіршіктер кейіннен өздері жарысып эрозиеларды қалыптастырады немесе біртіндеп тарап кетеді.
Эритематозды-геморрагиялық түрінде эритьема ішінде қан құйылу себебінен әр түрлі көлемдегі геморрагиялармен өтеді.
Буллезды-геморрагиялық түрі эритематозды-геморрагиялық немесе эритематозды-буллезды түрлерімен қалыптасады. Тілменің бұл түрінде көпіршіктердің іші фибрин қоспалары бар қоңыр сұйықтықпен толады. Көбінесе бойы жарылып орнында эрозиелар, терінің некрозы қалыптасады.
Сырқаттың ауырлығы тілменің түріне, интоксикация және жергілікті өзгерістердің деңгейіне байланысты болады.
Интоксикация синдромы 4-5 күнге дейін созылады, ол қабыну өзгерістердің қайтуы 5-7 күннен 10-15 күнге дейін созылады.
Рецидивтер біріншілік тілмемен ауырғандар ішінде 4-5% кезінде, ал созылмалы рецидивті өтімде 40-60% ауруларда болады.
Тілме кезінде қанның жалпы анализінде нейтрофильді лейкоцитоз, таяқшалардың көбеюі, ЭТЖ жоғарлауы байқалады.
Асқынулары 3-8% ауруларда болады. Жалпы асқынулар:
инфекциялық-токсикалық шок
сепсис
тромбоэмболия
Жергілікті асқынулары:
абсцесс
флегиона
флебит, тромбофлебит
Диагностикасы
айқын клиникалық көріністер (интоксикациялық белгілер мен тері қабынуы)
эпидемиологиялық мәліметтер
Диагнозды ешқандай арнайы лабораторлы тексерусіз қоя беруге болады.
Салыстырмалы диагнозы:
абсцесс
флегиона
экзе....
дерматит
эризипиелоид
белдеуленген лишай т.б. аурулармен жүргізеді.
Емі. Тілменің ауырлығына қарай ем емханада немесе ауруханада жүргізіледі.
Ем комплексты және жекеленген болу керек.Комлексті емнің ішіне антибиотикотерапия,глюкокортикостероидтар,бейспецификалық тимулдеуші препараттар,физиотерапия кіреді.
Этиотропты ем:
пенициллин
Пенициллин 1,3-3,0 млн.Б жеңіл формада, ауыр жағдайда 8,0 млн Б .Оны бұлшықетке 3-4 сағат сайын 7-10 күн бойы енгізеді.Ем аяқталған соң рецидив профилактикасы ретінде бициллин беріледі.Жиі рецидив кезінде жартылай синтетикалық пенициллиндер беріледі (оксациллин,метициллин,амоксициллин 8-10 күн)
линкомицин
цефалосперин қатарының препараттары 7-10 күн.
Патогенетикалық ем-дезинтоксикация, қабынуға қарсы, десенсибилизивті препараттармен жүргізіледі.
иммуномодуляциялық препараттар
клиникалық және иммунологиялық көрсеткіштері бойынша жүргізіледі
аутогемотерапия,донорлық иммуноглобулиндер
витаминотерапия В топтағы
Жергілікті ем:
физиотерапия (УФС, УФУ)
көпіршіктер жарылған кезде адсорбенттер (тагансорбент, тагангель)
репарацияны жылдамдататын дәрілер (қызыл май, леваниколь және т.б.)
Буллезді формада (1:5000) фурациллин, (1:1000) этакридин лактат,каффилинт беріледі.
Қанталау болған жағдайда 5-10% дибунол линименті аппликация ретінде 2 рет 5-7 күн бойы жасалынады.
Аурудың соңы:
жазылу
созылмалы рецидивті түріне өту
өлім (сирек, көбінесе асқынулар)
Ауруханадан шығару ережелері клиникалық сауығу кезінде.
Диспансеризация:
біріншілік тілме кезінде – 3 ай
рецидивті ағымда, соңғы рецидивтен 2 жыл бойы жүргізіледі
Алдын алу:
Тілмеге қолайлы факторларға қарсы әрекеттер жүргізу.
Спецификалық профилактикасы жоқ.
