- •Мазмұны
- •Қысқартылған сөздер тізімі
- •І.Ішек инфекциялары
- •Дизентерия (шигеллез)
- •Сальмонеллез
- •Холераның клиникалық патогенетикалық жіктелуі:
- •Ботулизм
- •7 Түрі белгілі: a,b,c,d,e,f,g.
- •Вирустық диареялар
- •Ротовирустық инфекция
- •Парвовирустық инфекция
- •Энтеровирустық инфекция
- •Амебиаз
- •Балантидиаз
- •Іі бөлім. Вирустық гепатиттер вирустық а гепатит
- •Вирустық в гепатит
- •Вирустық с гепатит
- •Вирустық d гепатит
- •Вирустық е гепатит
- •Ііі бөлім. Бактериялық зооноздар бруцеллез
- •Лептоспироз
- •Сібір жарасы
- •Туляремия
- •Ivбөлім. Басқа бактериялық инфекциялар менингококкты инфекция
- •Сіреспе
- •Листериоз
- •V бөлім. Ауа-тамшылық инфекциялар грипп және т.Б. Жрви
- •Парагрипп
- •Аденовирустық инфекция
- •Респираторлық-синцитиалды инфекция
- •Герпес инфекциясы
- •Vі бөлім. Протозойлық инфекциялар безгек
- •3 Күндік безгек:
- •4 Күндік безгек:
- •Лейшманиоздар
- •Токсоплазмоз
- •Vіі бөлім. Риккетсиоздар
- •Көктемгі-жазғы кене энцефалиті
- •Эпидемиялық бөртпе сузек
- •Кене бөртпе сүзегі.
- •Viіі бөлім. Вирустық геморрагиялық қызбалар бүйрек синдромымен геморрагиялық қызба
- •Қырымдық геморрагиялық қызба (қгқ)
- •Омбылық геморрагиялық қызба (огқ).
- •VIII бөлім. Аитв-инфекциясы
- •Стронгилоидоз
- •Аскаридоз
- •Трихацефалез
- •Трихинеллез
- •Энтеробиоз
- •Жалпақ құрттар цестоздар тениаринхоз
- •Дифиллобатриоз
- •Эхинококкоздар
- •Гименолепидоздар
- •Трематоздар описторхоз
- •Клонорхоз
- •Фасциолез Этиологиясы. Қоздырғышы Fasciola hepatica және f.Didantica - ірі трематодтар, өлшемі 20-30х8-12 мм және 33-76х5-12 мм. Жұмыртқалары өте ірі, қақпақшалары бар.
- •Парагонимоздар
- •Қорытынды
- •Авторлар назарына! Құралды көркемдеуге талап!
Трихацефалез
Этиология. Қоздырғышы - Trichocephalus trichiurus - (власоголов). Құрттың денесі бас бөлімінен және үлкен құйрықты бөлімнен тұрады. Құйрықтарының ұшы спираль тәрізді бұралған.
Мөлшері 0,047-0,054х0,022-0,023 мм, түсі сарғыш-қоңыр жұмыртқалардың пішіні сопақша бөшкелерге ұқсайды, полюстерінде тығындары бар.
Эпидемиология. Трихоцефалез - ауыз арқылы түсетін геогельминтоз, антропоноз. Соңғы иесі және инвазия көзі – адам.
Трихоцефалезді жұқтыру құрамында инвазиялық дернәсілдер бар жұмыртқаны жұтқанда болады. Ол ластанған жеміс-жидектерді, суды қолданғанда, сонымен қатар кір қолмен ауызға түседі.
Патогенез және патологиялық анатомиясы. Ішекте жұмыртқадан дернәсілдер шығып тоқ ішектің шырышты қабатының түктеріне енеді. 3-100 тәуліктен кейін дернәсілдер ішекке, содан кейін тоқ ішекке шығады. Онда 1-1,5 айдан кейін жыныстық жетілген құртқа айналады. Власоглавтар тоқ ішекті зақымдайды, жіңішке бас бөлімінен шырышты қабаттан өтіп, кейде бұлшық еттің қабатына дейін өтіп кетеді. Паразиттердің айналасында инфильтраттар, ісік, қан ағулар пайда болады. Кейде эрозия және некроздар түзілу мүмкін.
Клиникасы. Инвазия көбінесе субклиникалық түрде өтеді. Қарқынды инвазия кезінде аурудың алғашқы клиникалық көріністері жұқтырғаннан кейін 1-1,5 айдан кейін көрінеді. Бұл асқазан ішек жолының ересек гельминттермен зақымдалуына байланысты. Ауруларда тәбеті төмендейді, жүрегі айниды, кейде құсу, сирек іш өті немесе іш қату, метеоризм болады. Олар оң жақ бөлігінің қатты, спастикалық ауырсынуына шағымданады. Өте күшті инвазияда ауыр гемоколит байқалады, соқыр ішектің түсіп қалуы болады.
Интоксикация нәтижесінде ұйқысы бұзылады, басы ауырады, басы айналады, еңбекке қабілеттілігі төмендейді. Гемограммада айқын немесе біраз эозинофилия болуы мүмкін.
Ауыр инвазияда анемия болмайды.
Диагностикасы. Нәжісте власоглав жұмыртқасының табылуы. Ересек гельминттер ректороманоскопияда табылуы мүмкін.
Емі. Мебендазол (вермокс) ересектерге тәулігіне 100 мг тәулігіне 2 реттен 12 күн. Сонымен қатар альбендазол тәулігіне 400 мг жұмысына 1 рет. Антигельминтиктер: дифезил және бемосат 2 препарат бірдей мөлшерде қолданылады. Ересектерге тәулігіне 5,0г, балаға 2-5 жас 2,5-3,0г; 6-10 жас-3,5-4,0г; 11-15 жас-4,0-4,5г; 5 күн ішінде. Медамин 10 мг/кг тәулігіне 1-2 күн.
Профилактика. Санитарлық-емдік шаралар кешенін сақтау.
Трихинеллез
Этиологиясы. Қоздырғышы – Trichinella spiralis - ұсақ нематода. Самка ұзындығы 0,09-0,1 мм дернәсіл туады, олар иесінің бұлшық етінде 0,8-1 мм-ге дейін үлкейеді, сосын иректеліп бұралады және 3-4-ші жұмада қабықшаланады (қосымша сурет 3,4).
Эпидемиологиясы. Трихинеллез-ауыз арқылы түсетін биогельминтоз, зооноз. Табиғи ошақтарда инвазия көзі-жабайы жануарлар қасқырлар, түлкі, енот тәрізді иттер, борсық, қабан, аю және т.б.
Антропоургиялық ошақтарда қоздырғыш көзі-үй жануарлары (шошқа, мысық, ит). Адам тамаққа толық қыздырылған өңдеуден өтпеген жануардың етін қолданғанда инфекцияны жұқтырады.
Патогенез және пат.анатомиясы. Етпен бірге адам асқазанында және ащы ішекте қабықшалардан босайды. 1-1,5 сағаттан кейін ішектің шырышты, шырыш асты қабатына енеді және бір тәуліктен кейін жыныстық жетілген болып шығады. Қабықтанғаннан кейін 3-4-ші жұмада және 10-30, кейде 50 күн ішінде ұрғашы дернәсілдер туады. Олар қанмен бірыңғай салалы бұлшық етке барып, тоқтап, мөлшері үлкейеді, иректелінеді және қабықтанады. 17-18-ші күні дернәсіл дамуы жаңа адам үшін жұқпалы болады. Қабықшаланған дернәсілдер ие организмінде 10-40 жыл өмір сүреді. Біртіндеп қабықтары кальциленеді, ондағы дернәсілдер өледі. Патогенездің негізі болып алмасу өнімдерінің сенсибилиздеуші әсері және адам организмінде паразиттердің өлуі, бұл қатты аллергиялық реакцияларға әкеледі.
Клиникасы. Инкубациялық кезең 5-30 күн, көбінесе 10-25 күн. Аурудың басында жиі энтерит симптомы көрінеді. Трихинеллездің негізгі көріністері болып қабақтың және беттің ісінуі, миалгия, қызба, қандағы жоғары эозинофилия.
Қабақтың және беттің ісігі, коньюктивитпен бірге аурудың жиі 1-ші белгілері болып табылады. Миалгия ісікпен бірге көрінеді, ауырсыну болады. Ауырсыну көбінесе көзде, шайнау бұлшық еттерінде, мойын, сан, бел бұлшық еттерінде және т.б. Миалгия қозғалмағанда болмайды, ол кішкене қозғалғанда және пальпация кезінде туады. Ісік және миалгия негізінен қызбамен жалғасады, көбінесе ремиттирлеуші, сирек тұрақты немесе интермиттерлеуші типі. Диагностикалық маңызы ерекше ол қандағы эозинофилия, аурудың 2-4-ші жұмасында максимумға жетеді. Лейкоцитоз болады.
Аурудың негізгі белгілерімен қатар трихинеллезбен ауырған адамдарда өзін нашар сезіну, ұйқысыздық, басының ауруы, мазасындану немесе керісінше депрессия, ішінің ауруы, жүрек айну, денесінде әртүрлі бөртпелер шығады. Аурудың жалпы ұзақтығы 5-6 жұмаға дейін.
Диагностика. Эпидемиологиялық және клиникалық көріністері бойынша ауру пайдаланған етті зерттеу негізгі диагностика болып табылады.
Емі. Паразиттің барлық сатыларына әсер ететін мебендазол (вермокс) және сирек тиабендазол (минтезол) қолданады. Сондықтан емді мүмкіндігінше ерте инвазияның алғашқы 2-3 аптасында бастаған дұрыс. Тиімді препарат болып мебендазол саналады, оны ересектерге күніне 300-400 мг-нан 7-10 күн және альбендазол 100мг күніне 3 рет 7-10 күн аралығында (аурудың ауыр формаларында 14 күнге дейін) тағайындалады. Тиабендазолды 25 мг/кг-ның күніне 2-3 рет, 5-10 күн, аралығында тағайындайды, бірақ оның әсері әлсіздеу.
Дегельминтизация кезінде күшейетін токсико-аллергиялық көріністерді глюкокортикостероидтар көмегімен 10-14 күн емдейді (преднизолон күніне 30-90 мг-нан, ауырлығына байланысты). Гормонмен емдеу курсын ұзарту үшін вермоксты қайталап тағайындау керек. Көрсеткіштері бойынша дезинтоксикациялық және симптоматикалық ем тағайындалады. Кейбір науқастарда сауығу кезеңінде рецидивтер болуы мүмкін. Бұл кезде антигельминттік және гипосенсибилизациялайтын заттарды қолданады.
Трихинеллез реконвалесценттерін 6 ай аралығында, ал қалдықты көріністері болса, 1 жылға диспансерлік бақылауға алу керек.
Профилактика. Санитарлық-емдік шаралар кешенін сақтау.
