Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
D_1241_rister_zhina_1171_y_Tusupova_Nuralinova_2011g_doc-342600102.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.06 Mб
Скачать

Сібір жарасы

Сібір жарасы – терінің зақымдануымен, лимфа түйіндерінің ұлғаюымен, қызба және уланумен сипатталатын зоонозды топқа жататын жедел бактериальды жұқпалы ауру.

Этиологиясы: Қоздырғышы – Bacillus antracis. Вегетативті және спора тәрізді түрі болады. Қозғалмайтын таяқшалар, капсула түзеді (антифагоцитарлы әсері бар). Сыртқы ортада спора түрінде сақталады. 3 компоненттен тұратын экзотоксин бөледі (ісіну, летальды, протективті). Вегетативті түрлері сыртқы ортада аз мөлшерде тұрақты.

Эпидемиологиясы: Сібір жарасы жиі спородикалық түрде кездеседі, топтанып ауру түрінде – сирек.

Инфекция көзі:

  • Жиі: ірі қара және ұсақ малдар, жылқы (60-85%)

  • Сирек: шошқа, түйе, есек, киік, жабайы жануарлар.

Ауруы бар жануарлар қоздырғыштарды зәрмен, нәжіспен, сілекеймен, қақырықпен және сүтпен бөледі. Өлген жануарлардың барлық органдары мен тіндері зақымдалған болады (терісі, ұшасы, қан, сүйек). Сібір жарасымен ауырған адамның эпидемиологиялық маңызы жоқ.

Сібір жарасы мамандыққа байланысты ауру болып табылады. Көбінесе ауылды жерлерде тіркеледі.

Маусымдылығы: жаз және күз айлары.

Патогенезі: Сібір жарасында қоздырғыштың ену қақпасы болып зақымдалған тері жабындары, тыныс алу жолдарының шырышты қабаттары және асқазан-ішек жолының шырышты қабықтары табылады.

Қоздырғыш кірген жерінде және регионарлы лимфа түйіндерінде көбейіп, экзотоксин бөліп, жергілікті әсер (геморрагиялық – некротикалық қабыну) және жалпы әсер (токсемия) тудырады. Ары қарай аурудың дамуымен соңы қоздырғыштың вируленттілігіне, инфицирлейтін дозасына, организмнің резистенттілігіне байланысты. 99% науқаста патологиялық процесс терінің зақымдануымен, регионарлы лимфа түйіндерінің зақымдануымен шектеледі. 1% науқастарда бактеремия (септицемия), өкпенің, ішектің, нерв жүйесінің зақымдануымен (менингоэнцефалит түрінде) өтетін процесстің жайылмалы түрімен аяқталады.

Патологиялық анатомиясы: Қоздырғыштың орналасқан жерінде (тері, өкпе, ішек және т.б.) тіндердің некрозымен болатын серозды геморрагиялық қабыну дамиды.

Клиникасы: Инкубациялық мерзім бірнеше сағаттан 14 күнге дейін, көбінесе 2-3 күн.

Сібір жарасының 2 түрі бар:

1) терілік (сыртқы, жергілікті)

2) септикалық (жайылмалы).

Сібір жарасының клиникасында 2 синдромды бөлуге болады:

1) улану синдромы

2) ағзалардың зақымдалу синдромы.

Терілік түрі: Көбінесе, жиі сібір жарасының терілік формасы (99%) кездеседі. Бұл түрі карбункулезді, буллезді және тілме тәрізді клиникалық варинаттармен өтеді.

Сібір жарасының терілік түрінде ауру карбункулдың дамуымен өтеді, улану синдромы аурудың 2-3 күні болады. Сібір жарасының терілік түрінің карбункулезді түрі кең таралған болып табылады.

Карбункул – терінің және әр жерде орналасқан ісіктердің дамуымен сипатталатын, шырышты қабаттардың және регионарлы лимфадениттің коагуляционды некрозы. Карбункулдың түзілуі қоздырғыштың түскен жерінен басталады (жиі қолда және баста), қызыл және көк түсті дақтар түрінде, ашу, қышу сезімі болады. Бірнеше сағаттан соң дақ түсі қызыл түсті папулаға айналады, 12-24 сағаттан соң серозды-геморрагиялық бөліндісі бар көпіршікке айналады. Көпіршік шашты тараған кезде немесе өз бетімен ашылғанда жара пайда болады, қою қоңыр түсті қабыршақты сібір жаралы карбункул. Ол тығыз инфильтрация негізде орналасады, шеттері анық гиперемирленген. Жараның көлемі айналасында болатын ұсақ көпіршіктерге байланысты үлкейеді. Карбункулдың айналасында жұмсақ тіндердің «жем» тәрізді ісіктері дамиды. Ісік аймағындағы тері түсі бозғылт болады. Карбункул аймағында сезімталдығының тез төмендеуі немесе толығымен жойылуы мүмкін. Пальпацияда регионарлы лимфа түйіндері ұлғайған, біраз ауырсынумен болады. Кейде лимфангит дамиды. 10-30 күннен кейін қара қабыршақ түсіп, жара тыртықтанады. Карбункулдар жекеленген немесе көптеген болады (10-20 және одан да жоғары).

Эритематозды түрі. Сирек кездеседі. Кіші көлемді карбункулда үлкен ісіктердің дамуымен ерекшеленеді. Бұл тері көбінесе бетте орналасқан карбункулда дамиды (төменгі және жоғарғы қабақ аймағында, жақ сүйегі жағында), қышумен бірге дақтар пайда болады, кейін мойында, шап аймақтарында ісіктер дамиды. Жұтқыншақтың жұмсақ тіндерінің ісінуіне байланысты асфиксия дамуы мүмкін.

Буллезді түрі. Сібір жарасының терілік формасының бұл түрі сирек кездеседі. Қоздырғыш түскен жерде өзіне тән көлемі кіші қанмен толған көпіршіктің дамуымен сипатталады. Коагуляционды некроз бұл вариантта терең қабаттарда болады. Қайта дамыған кезде ақырындап кішірейіп, некроз зонасының маңына келіп бітеді.

Тілме тәрізді түрі. Сирек кездеседі, ісік аймағындағы гиперемия және буллезді элементтердің болуымен сипатталады. Сібір жарасының терілік түріндегі улану синдромы аурудың 2-3 күні басталып, қалтыраумен, температураның жоғарлауымен (38-400С ауырлық дәрежесіне байланысты), әлсіздік, бас ауруымен өтеді. Температура көбінесе ремиттирлеуші болып келеді, 3-7 күннің ішінде тез түседі. Осы уақытта қайтадан ісіну мен карбункул дамуы басталады.

Септикалық (генерализденген) түрі. Сібір жарасының септикалық түрі ІІ-лік генерализденген (терілік түрден кейін), І-лік генерализденеген (қоздырғыштың көбінесе аэрогенді, ас қорыту жолдары арқылы енуі) сияқты болады.

ІІ-лік генерализденген түрі. Сібір жарасының бұл түрі терілік түрдегі қысқа жақсарудан кейін науқаста аяқ астынан қалтырау мен температураның 39-400С-ға дейін көтерілуі болады, интоксикация синдромы тез басталады, бас ауруы, құсу, тахикардия, гипотония, қозу, сандырақтау, есінің бұзылуы, менингеальды симптомдар болуы мүмкін. Геморрагиялық бөртпелер, ентігу және цианоз ұлғаяды. 2-3 күннің ішінде науқастар инфекциялық – токсикалық шоктың болуынан өледі.

Біріншілік генерализденген түрі. Бұл түрі аяқ астынан басталып, қалшылдап тоңу, гипертермия, геморрагиялық бөртпелермен және гемодинамика бұзылыстарының ұлғаюымен сипатталады.

Өкпелік түрі. Септикалық форманың бұл түрінде негізгі симптомдар болып тұншығу сезімі, дем алғанда кеуде келеткасында шаншып ауырсынулар, ентігу, қан және көпіршікті қақырықпен жөтел (жем тәрізді тез ұйып қалады) болып табылады. Өкпеде әр түрлі калибрлі ылғалды сырылдар естіледі. Геморрагиялық плевриттің дамуы мүмкін. Науқастар инфекциялық – токсикалық шок және тыныс алу жетіспеушілігінен сырқаттың 2-3 күнінде өлуі мүмкін.

Ішектік түрі. Септикалық форманың бұл түрінде ішінің кесіп ауыру сезімі, қанмен құсу, қан аралас сұйық нәжіс болады. Науқаста ішек парезі мен перитонит тез дамиды. Сырқаттың соңы қолайсыз. Септикалық түрінде менингоэнцефалит дамуы мүмкін.

Асқынулары: Сібір жарасының септикалық формасында келесі асқынулар болады:

  • инфекциялық – токсикалық шок

  • өкпе ісігімен бірге жедел тыныс жетіспеушілігі

  • ми ісігі

Диагностикасы: Сібір жарасының диагностикасы клиникалық, эпидемиологиялық және зертханалық мәліметтер негізінде қойылады. Диагнозды негізеуде келесі әдістер қолданылады:

  • бактериологиялық (карбункул, қан, қақырық, нәжістен жағынды алынады)

  • иммунофлюоресценция әдісі

  • аллергиялық әдіс (антроксинмен бірге терілік аллергиялық сынама).

Салыстырмалы диагностикасы: Сібір жарасының диагнозы клиникалық формасы негізінде жүргізіледі. Терілік түрінде салыстырмалы диагнозды оба ауруының терілік формасымен жүргізеді, туляремияның терілік-бубонды түрімен, фурункул, тілме, сап және т.б. жүргізеді.

Өкпенің зақымдалуымен болатын септикалық түрін әр түрлі этиологиялық өкпенің қабыну ауруларымен (обаның өкпелік түрі, крупозды пневмония т.б.) ажыратуға болады.

Сібір жарасының ішек зақымдалуымен өтетін түрін дизентерия, әр түрлі табиғи уланулар, жедел панкреатитпен салыстыру жүргізеді.

Емдеу. Сібір жарасымен ауырған науқас, клиникалық белгілеріне қарамастан және осы ауруға күдікті науқастар жедел госпитализацияланады.

Емі комплексті:

  • этиотропты препараттар (пенициллин, тетрациклин, доксициклин, гентамицин, цефалоспориндер) 7-8 күн ішінде

  • сібір жарасына қарсы иммуноглобулин

  • патогенетикалық және симптоматикалық ем.

Болжамы:

  • жақсы (көбінесе жиі терілік формасында)

  • өлім (көбінесе септикалық формада)

Алдын алу:

1. Ауыл шаруашылығындағы малдар мен адамдарға сібір жарасымен аурудың алдын алу үшін медико-ветеринарлық комплексті шаралар жүргізу

2. Арнайы (спецификалық) алдын алу (қауіпті топтарға және эпидемиологиялық көрсеткіштері барларға – тірі вакцина қолдану), иммунизация тері астына немесе тері үстіне қойылады, 2 рет, 21 күннен кейін, ревакцинация 1 жылдан кейін.

ОБА

Оба – қоздырғыштары әр түрлі механизммен берілетін, айқын улану, терінің, өкпелік лимфатикалық түйіндердің зақымдалуымен және жиі сепсистің дамуымен сипатталатын, зоонозды табиғаты-ошақты жедел инфекциялық ауру. Аса қауіпті топқа жататын инфекция.

Этиологиясы: Қоздырғышы Үersinia pestis, 30 тарта антигендері бар (капсулалық антиген фагоцитоздан сақтайды). Vі және W-антигендер мононуклеарлардың цитоплазмасындағы лизистен сақтап, сол арқылы жасуша ішінде көбейе алады, эндотоксині бар, агрессия факторларын өндіреді (пестицин, фибринолизин, гиалуронидаза, коагулаза) сыртқы ортада тұрақты болады.

Эпидемиологиясы: Табиғи-ошақты инфекция.

Инфекция көздері:

  • егеуқұйрық типті кемірушілер (300-ге тақау түрлері бар), оның ішінде негізгілері:

  • сарышұнақ

  • суыр

  • ауру адам (әсіресе өкпелік түрі)

Таралу жолдары:

  • трансмиссивті (кенелер арқылы)

  • қарым – қатынас – зақымдалған тері және шырышты қабат арқылы

  • алиментарлы

  • ауа – тамшы – обаның өкпелік формасымен ауыратын науқастан

  • ауа – шаң жолдары арқылы

Маусымдылығы: Жаз немесе күз-қыс айлары.

Қабылдаушылығы: Жоғары

Иммунитеті: Тұрақты

Патогенезі: Қоздырғыштардың ену жолдары:

  • зақымдалған тері

  • көздің шырышты қабаты

  • тыныс алу жолдарының шырышты қабаты

  • асқазан-ішек жолдарының шырышты қабаты

Берілу механизмі және қоздырғыштың ену жолдары обаның клиникалық формасын анықтайды.

Ену жолдары арқылы (науқастарда 3-6 жергілікті өзгерістер болуы мүмкін), қоздырғыш регионарлы лимфа түйіндеріне түседі, көбейеді, токсикалық факторлар пайда болады, жергілікті (серозды – геморрагиялық қабыну – біріншілік бубондар) және жалпы (токсинемия) әсер ететін, кейін регионарлы лимфа түйінінен қоздырғыш қанға түседі (біріншілік генарализация) лимфатикалық түйіннің кейбір бөліктерінде тұнады (екіншілік бубондар), обаның таяқшалары тағы да қанға түседі, септицемия пайда болады – обаның екіншілік септикалық формасы. Патологиялық процесс бастапқы кезде сепсис түрінде дамуы мүмкін (біріншілік – септикалық форма). Қоздырғыштың өкпеге гематогенді жолмен енуінде екіншілік – өкпелік формасы, ал тыныс алу жолдарының шырышты қабаттары арқылы зақымдалған кезде – біріншілік өкпелік формасы дамиды.

Обаның барлық формасында бірінші кезекте жүрек – қантамыр жүйесі зақымдалады, науқастар жедел жүрек – қантамыр жетіспеушілігінен қайтыс болады.

Патологиялық анатомиясы: Лимфатикалық түйіндерде, әр түрлі органдарда дистрофия, некроз және геморрагиялық көріністер болады.

Клиникасы:

Обаның клиникалық жіктелуі (Г.Г.Руднев, 1970).

А. Орналасуына байланысты: терілік, бубонды, тері – бубонды.

Б. Генерализденген формасы (сыртқы диссеминерленген), біріншілік – септикалық, екіншілік – септикалық.

В. Ішкі диссемирленген формасы. Біріншілік – өкпелік, екіншілік – өкпелік, ішектік.

Обаның клиникалық формасының жіктелуі эпидемиологиялық мағынасына, өсуіне негізделіп жасалған.

Обаның клиникасында 2 синдромды ажыратады:

  • жалпы улану синдромы (барлық клиникалық формасында)

  • патологиялық процестің орналасуына байланысты.

Инкубациялық кезең 3 күннен 6 күнге дейін.

Жедел басталады. Жалпы улану синдромынан (қалтырау, тез және жылдам дене қызуының жоғарлауы 39-40ºС, қатты бас ауру, бас айналу, ұйқысыздық, әлсіздік, жүрек айнуғ құсу, миалгия) басталады.

Жиі есі бұзылған, тежелу, есеңгіреу және галлюцинациялары бар психомоторлы қозу басым болады.

Сыртқы түрінің сипаты: Беті гиперемирленген, ісінген, сосын беті жүдеп, бет бейнесі өткірленеді, көзінің астында қара шеңберлер, цианоз болады, қайғылы бет – әлпет болады, кейде қорқыныш сезімі, үмітсіз қозғалмайтын, көрмейтін көзқарасты болады. Тербелмелі жүріс және түсініксіз сөйлеу пайда болады.

Жүрек – қантамыр жүйесі: Тахикардия, гипотония, жүрек тондары тұйықталған.

Асқазан – ішек жолдары: тілі қалыңдаған, беті ақ жабындымен жабылған, тілдің дірілі байқалады, бауыр және көкбауырдың ұлғаюы, ауыр түрлерінде “кофе қоюы” тәрізді құсық, нәжіс қан аралас болады.

Аурудың өршуінде олигоурия немесе анурия болады.

Терілік формасы: Қоздырғыштың енген жерінде бастапқы кезінде дақ, папула динамикасымен везикула, пустула және жара пайда болады. Бұл процесс ұзақ уақыт өтеді және жазылуы баяу, соңында тыртық қалады.

Бубонды формасы: Бубондар (лимфатикалық түйіндердің қабынуы), жиі шап аймағында, сирек қолтық асты және мойын лимфа түйіндерінің қабынуы байқалады. Бастапқы кезде бубонның орнында қатты ауырсыну, содан кейін ісіну, лимфа түйіндерінің ұлғаюы болады.

Оба кезіндегі бубондардың ерекшелігі:

  • айқын ауырсыну (науқастар еріксіз жағдайда болады)

  • лимфа түйіндері үлкен көлемдерге дейін жетеді

  • олар қоршаған тіндермен жабысып, қозғалмайды (периаденит белгілері).

Бубон басында тығыз, сосын қамыр тәрізді консистенциялы болып, флюктуация пайда болады. Аурудың 8-12 күндері бубон көп мөлшерде жасыл – сары түсті, ірің бөлінуімен ашылады. Уақытында емдеген кезде бубондар жиі сорылады немесе склерозданады.

Біріншілік – септикалық формасы: Обаның бұл формасы сирек (1-3) кездеседі және келесілермен сипатталады:

  • айқын және тез прогрессирлейтін интоксикация

  • геморрагилық синдром (теріде, шырышты қабаттарда, қанда, құсық, іш өту, мұрыннан және өкпеден қан кету, гематурия)

  • бауыр мен көкбауырдың ұлғаюы.

Жалған аурудың ұзақтығы 1-3 тәулік, жиі өлім болуы мүмкін.

Екіншілік – септикалық формасы: Басқа клиникалық форманың фонында дамиды, клиникалық көріністеріжоғарыда айтылғандай.

Біріншілік – өкпелік формасы сипатталады:

  • тез интоксикацияның дамуы

  • өкпенің зақымдану симптомы (24-36 сағаттан кейін пайда болады)

  • кеудедегі кесіп ауырсыну, кеуденің қысылу сезімі

  • ентігу

  • қақырықпен жөтел

  • қақырық тез пайда болады, өзіне тән сипатты түрде (көп, сұйық, көпіршікті, қызыл)

  • бауыр мен көкбауырдың ұлғаюы

Науқастар көбінесе аурудың 3-5 күні қайтыс болады.

Екіншілік – өкпелік формасы: Көп рет құсықпен, іштің қатып ауырсынуымен, тенезмдермен және көп шырышты-қанды нәжіспен сипатталады.

Асқынулары:

  • инфекциялық – токсикалық шок

  • жедел жүрек – қантамыр жетіспеушілігі.

Диагностикасы:

  • клиникалық көрінісіне

  • эпидемиологиялық мәліметтерге (эпидемиологиялық ошақта болуы)

  • зертханалық тексеру әдістерінің қорытындысы оң болған нәтижеде обаның диагнозы қойылады.

Зертханалық әдістер:

  • бактериологиялық (қанның бубонды пунктатын, қақырықты және жарадан бөлінген сұйықтықты тексеру)

  • биологиялық (жануарларды жұқтыру арқылы)

  • экспересс – әдіс – иммунофлюоресценция

  • серологиялық әдіс (РА,РПГА)

Салыстырмалы диагностикасы: Клиникалық формасына байланысты жүргізіледі:

  • терілік формасында сібір жарасының терілік формасымен және туляремиямен

  • бубонды формасында туляремияның бубонды формасымен және басқа этиологиялық лимфаденитпен

  • өкпелік формасында крупозды пневмониямен, тұмау кезіндегі өкпенің ісінуімен, сібір жарасының жайылған түрімен

  • септикалық формасында басқа этиологиялы найзағай тәрізді сепсиспен (жиі менингококкты), геморрагиялық қызбамен және басқа аурулармен жүргізіледі.

Емдеу: Емі комплексті, сонымен қатар режим, диета.

Этиотропты ем: (стрептомицин, левомицетин, тетрациклин, бактрим, гентамицин, мономицин және т.б.) моно- немесе политерапия түрінде 7-10 күн аралығында.

Патогенетикалық ем (гемодез, альбумин, реополиглюкин, трентал, солкосерил және т.б.) және симптоматикалық ем.

Этиотропты терапиясы ерте және уақытында болуы керек.

Болжамы:

  • жазылу

  • летальді (этиотропты емнің уақытында басталуына байланысты).

Алдын алу:

1. Табиғи ошақтарда аурудың пайда болуын алдын алу.

2. Аурудың енуінің алдын алу

3. Табиғи ошақтарда өмір сүретін халық пен белгілі маман топтарын вакцинацилау (эпидемиялық көрсеткіштер бойынша)

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]