Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
D_1241_rister_zhina_1171_y_Tusupova_Nuralinova_2011g_doc-342600102.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.06 Mб
Скачать

Дифиллобатриоз

Син.: Дибатриоцефалез.

Этиологиясы: Қоздырғышы - Diphyllobothrium тұқымдасына жататын 10000-нан астам түрлері.

Эпидемиологиясы: Дифиллоботриоздар ауыз арқылы енетін биогельминтоздар, зооноздар. Соңғы иелері және инвазия көзі адам және кейбір жағдайларда балықпен қоректенетін жануарлар: шошқалар, түлкілер, т.б. Ересек гельминт бұлардың ащы ішегінде тіршілік етеді. Дифиллоботриоздардың личинкалары организмде плероцеркойд түзеді. Инвазия негізінен тұщы сулы жерлерде кездеседі.

Патогенез: негізінен жалпақ құрттардың әсері механикалық және токсико-аллергиялық әсерімен байланысты. Ішек қабырғасына жабысу арқылы паразит шырышты қабатты зақымдайды. Бұл оның атрофиясы мен некрозына әкеледі. Организм гельминт алмасу өнімдерімен сенсебилизденіп, аутосенсибилизация процессі жүреді. Эндогенді гипо-және авитаминоз дамиды (В12, фоли қышқылы), бұл мегалобласты анемияға әкеледі. Инвазия ұзақтығы 10 жылға дейін.

Клиникасы: Инвазия жиі көрініссіз өтеді. Кейбір науқастарда әлсіздік, бас ауру, бас айналу байқалады. АІЖ-ң зақымдану белгілері: жүрек айну, кейде құсу, іштің әртүрлі аймақтарында немесе тамақ қабылдаумен байланыссыз эпигастрии аймағында ауырсыну, іштің шұрылдауы, метеоризм, іш қату немесе іш өту болады.

Болжамы: көп жағдайда жақсы, ауыр анемия кезінде нашарлауы мүмкін.

Диагностикасы: гиперхромды анемияға негізделген. Нәжісте жұмыртқалар немесе әртүрлі ұзындықтағы бөлшектерді анықтауға негізделеді.

Емі: 1.дегельминтизация – празиквантел 20мг/кг 2 рет, 10 күннен кейін қайталанады

2.анемия дамыған жағдайда В12 витаминның және фолий қышқылымен емдік курсын жүргізу.

Профилактикасы:

1. инфекция жұққандарды дегельминтизациялау.

2. су қоймаларын нәжіспен ластанудан қоршау.

Эхинококкоздар

Инвазияның 2 түрін ажыратады: E.granulosus дернәсілдерімен шақырылатын гидратиозды эхинококкоз және E. multilocularis дернәсілдерімен шақырылатын альвеолярлы эхинококкоз. (қосымша сурет 9,10).

Гидратиозды эхинококкоз

Этиология. Қоздырғышы - E. .granulosus-ң ерте дернәсілдік кезеңі-ұсақ цестодалар, ұзындығы 3,4-6,18 мм және ені 0,47-0,98 мм. (қосымша сурет 9,10).

Эпидемиология. Эхинококкоз - ауыз арқылы енетін биогельминтоз, зооноз. Инвазия көзі: сүтқоректі жануарлар - үй иттері, қасқыр, қарсақ және т.б., олардың ішектерінде жетілген құрттар паразит шақырылады. Жұқтырылған иттермен, қойлармен қатынаста болғанда адамға осы ауру жұғады.

Инвазия барлық жерде жұқтырылып, кеңінен таралған, көбінесе Оңтүстік аймақтарда көп кездеседі.

Патогенез. Жұтылған эхинококк жұмыртқа асқазаннан және ішектен босап шығып, ішек қабырғасы арқылы қанға, одан кейін бауырға барады. Мұнда онкосфераларадың көбісі жиналады, ұсталады, ал қалғандары қан арқылы әртүрлі ағзаларға тарайды (өкпе, бас миы, бүйрек, жүрек т.б.). Мұнда дернәсілдік кезең қалыптасады.

Паразит өлген соң инфекциялық абсцесс қалыптасады.

Клиникасы. Симптомдар біртіндеп күшейе отырып, ұзаққа созылады. Көбінесе алғашқы белгілері ауру жұқтырылғаннан көп жыл өткеннен кейін білінеді. Кейбір науқастар ғана әлсіздік,жұмысқа қабілеттіліктің төмендегенін, басқа да бөртпелердің пайда болғанын байқап қояды, кейде дене қызуы да біршама жоғарлайды.

Диагностика. Эхинококкоздың диагностикасы үшін арнайы сероиммунологиялық тесттер: ТЕГА, КБР, латекс-агглютинация реакциясы.

Емі. Көбінесе хирургиялық ем жүргізіледі. Либендазолмен (вермокс) және альбендазолмен консервативті терапия әдісі қолданылады.

Профилактика.Жеке бас гигиенасын сақтау. Иттерге кезеңдік гельминтологиялық зерттеу жүргізу және дегельминтизация, қаңғырған, қарауы жоқ, құтырған иттерді жою.

Альвеолярлы эхинококкоз

Ауру E.multilocularis дернәсілдерімен шақырылады, қоршалған тіндерді қабындырады. Диагностикалық және емдік тактикасы E. granulosus инвазиясы кезіндегідей болып келеді. Larva midrans симптомдар кешені байқалады.

Larva midrans - зоогельминттердің көшіп жүретін дернәсілдерімен паразит шақыратын ауру, адам негізгі иесі болып табылмайды. Терілік және висцеральды түрлерін ажыратады.

Терілік формасы (Larva midrans cutanea). Қоздырғыштары трематодтар (Shistosomatidae sp.) суда жүзетін құстарда паразит шақырады және нематодтар (Ancylostama canis, A.brasiliesis, Stronduloides және т.б.)

Клиника. Гельминт енген жерде ине сұққан секілді ауру, қышыну байқалады. Денеде папулезды элементтер көріне бастайды. Қысқа уақытты қызба, 1-2 аптадан кейін сауығу болады. Нематодтармен жұқтырғанда аллергиялық дерматит болады.

Висцеральды формасы (L. midrans visceralis). Қоздырғышы цестод дернәсілдері және нематодтар. Жануарлардың нематод жұмыртқаларын жұқтырылуы (токсокароз, токсоаскаридоз және т.б.) дұрыс емес қызбамен, аллергиялық реакциямен сипатталады, кейде құрғақ жөтел, бронх астмасы, аллергиялық экзантема көрінеді. Кей кезде гепатомегалия байқалады.

Диагностика. Клинико-эпидемиологиялық мәліметтер арқылы жүргізіледі, диагноз аспаптық (эндоскопия, рентгенография және т.б.) және сероиммунологиялық (КБР, ТГАР, ИФА, микрокреципитация және т.б.) әдісі жүргізіледі.

Емі. Тибендазол немесе мебендазол.

Профилактика. Санитарно-гигиеналық және ветеринарлық шаралар. Су құбырларымен жұмыс істегенде арнайы қорғаныс киімдерін киюі қажет.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]