Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
D_1241_rister_zhina_1171_y_Tusupova_Nuralinova_2011g_doc-342600102.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.06 Mб
Скачать

Дизентерия (шигеллез)

Дизентерия – Shigella тұқымдас бактериялармен шақырылатын, нәжіс-ауыз механизмімен берілетін, ағзада көбінесе тоқ ішектің дистальды бөлігін зақымдап, клиникасында колитикалық және жалпы улану синдромдарымен сипатталатын, жедел және созылмалы түрінде өтетін антропонозды ауру.

Этиологиясы: Қоздырғышы Shigella тұқымының Enterobaсterioceae туысына кіреді. Shigella-лар 4 тоқа (А, В, С, Д) және 4 түрге бөлінеді.

  • Sh.disenteriae (Григорьев-Шига, Штицер-Шмитца)

  • Sh.flexneri (Ньюкастл, Ларджил-Сакс)

  • Sh.boidii

  • Sh.sonnei

Шигелланың 50-ден астам сероварианттары белгілі. Морфологиялық құрамдарында айырмашылықтары жоқ (ұсақ, Грамм теріс, қозғалмайтын таяқшалар) .Құрамында О және К антигендері бар. Шигеллалар эндотоксин бөледі, ал Sh. disenteriae экзотоксинді де өндіреді. (энтеро-, нейро- және цитотоксикалық белсенділігі бар).

Антибактериальді препараттарға полирезистенті және сыртқы ортаға төзімді.

Эпидемиологиясы: Антропонпоздар. Барлық жерде кездеседі. Григорьев-Шига дизентерия оң түстік Азия және Африкада ғана кездеседі.

Инфекция көздері:

  • жедел және созылмалы дизентериямен ауру адамдар.

  • транзиторлы бактериятасымалдаушылар.

Көбінесе эпидемиологиялық қауіптілікті жедел түрімен ауыратындар төндіреді. Олардың ішінде ең қауіптісі қоғамдық тамақтану саласындағы жұмысшылар.

Таралу механизмі: нәжіс –ауыз арқылы.

Таралу жолдары:

  • Су арқылы (Sh.flexneri, Sh.boidii)

  • тағам (Sh.sonnei),

  • тұрмыстық – қатынас арқылы.

Маусымдылығы: Жаз немесе жаз-күз айлары.

Қабылдаушылық: Жоғары деп есептеледі, әсіресе, кішкентай балалар мен қарт адамдар арасында.

Иммунитеті: 1-2 жыл мезгілінде арнайы түрінде қалыптасады.

Патогенезі: Асқазанға түскен шигеллалардың бір қатары жойылады. Ащы ішекке жеткен шигеллалар  инвазиялық қасиеттеріне байланысты энтероциттерге енеді. Олардың тіршілік әрекеті бойынша энтеро- және цитотоксиндер, ал ыдыраған кезде  эндотоксин бөлінеді.

Эндотоксинемия  улану синдромын шақырады, энтеро- және цитотоксиндер мен эндотоксиннің жергілікті әсерінен диарея синдромы туады (бұл кезде ол сулы – электролитті түрінде өтеді).

13 тәулік аралығында шигеллалар тоқ ішекке жетіп, колоноциттерге қалыптасып, диентерияға тән колит синдромын тудырады. Шырыш қабатында қалыптасқан шигеллалар фагоцитоз әсерінен токсикалық заттар бөліп, ағзаға жалпы және жергілікті әсер етеді.

Токсиндердің әсері шигеллалардың түрлеріне байланысты. Мысалы Григорьев  Шига қоздырғышы бөлетін экзотоксин мен энтеротоксины айқын нейротоксикалық әсерімен сипатталады, нәтижесінде өте жоғары улану белгілерімен өтеді. Қосымша бұл дизентерияға бактериемия да тән.

Басқа шигеллалардың токсиндері (эндотоксин мен цитотоксиндер) көбінесе жергілікті әсер етіп, басым түрінде диарея (колит) синдромымен өтеді.

Дизентерияда шырыш қабаттардың жасушаларының зақымдануынан көптеген белсенді биологиялық заттар (гистами, серотонин, кинин, простагландиндер) шығып, келесі бұзылыстарды тудырады:

  • Ішек қабырғасының микроциркуляциясының бұзылуы.

  • Қабыну процессін ұлғайту.

  • Ішек функциясының бұзылуы (сіңіру, моторлы-эвакуаторлы, алмасу прцесстері)

Имммунды жетіспеушілік, қолайсыз преморбитті жағдайлар, қосалқы аурулар, ішек дисбактериозы болған жағдайда процесс созылыңқы немесе созылмалы ағымға айналуы мүмкін.

Патологиялық анатомиясы: Патоморфологиялық өзгерістер дизентерияда көбінесе тоқ ішектің дистальді бөлігінде көрінеді. Қабынудың келесі түрлері қалыптасуы мүмкін:

  • катаральді

  • катаральді – эрозиялық

  • катаральді – геморрагиялық

  • ойық – жаралы

  • фибринозды некрозды

Клиникасы: Дизентерияның клиникалық жіктелуі:

1. Жедел дизентерия (3 айға дейін )

  • колиттік түрі (жеңіл, орташа, ауыр)

  • гастроэнтероколиттік түрі (жеңіл, орташа, ауыр)

2. Созылмалы дизентерия (3 айдан 2 жылға дейін)

  • рецидивті түрі

  • үзіліссіз түрі

3. Бактериятасымалдаушылық түрі (транзиторлы)

Инкубациялық кезеңі бірнеше сағаттан (6-12 сағат) 7 тәулікке дейін. Орташа есеппен 2-3 күн.

Дизентерияның типті түрінің клиникасында екі синдром анықтылады:

  • колиттік

  • жалпы улану

Басталуы жедел, жиі колиттік синдромның белгілерімен көрінеді:

  • іштің толғақ тәрізді ауырсынуы (көбіне сол жақ мықын аймағында).

  • іш өту, жиі, сұйық нәжіс (3-5-тен тәулігіне 20 рет), нәжіс мөлшері азайып, шырыш пен қан араласады. Нәжіс түрі «ректальді қақырық» тәрізді болады.

  • сигма тәрізді ішект тығыздалып, ауырсынады.

  • жалған шақырулар тенизмдер

Жалпы улану синдромы кейінірек пайда болады (2-3 сағаттан кейін):

  • дене қызуы жоғарлайды (қалтыраумен немесе қалтыраусыз) 2-3 тәулік бойы;

  • әлсіздік, бас ауруы, лоқсу, құсу, тәбеті төмендейді.

Гастроэнтероколиттік түріне тән:

  • қысқа инкубациялық кезең (6-8 сағат)

  • жедел басталуы, жалпы улану белгілері және гастроэнтерит көріністері.

Колит белгілері аурудың 2-3 күнінде қалыптасады. Осы клиникалық түрінде сусыздану синдромы туу мүмкін.

Дизентерияның созылмалы ағымы 2-5% кездеседі. Созылмалы дизентерияның рецидивті ағымында ремиссия кезеңдері болады, ал үзіліссіз ағымында болмайды.

Бактерия тасымалдаушылық (транзиторлы) туралы келесі жағдайда айтуға болады:

  • шигелланың капрокультурасы бөлінсе

  • алдынғы 3 айында диарея болмаса

  • қанның серологиялық зерттеуі теріс қорытынды берсе

  • ректоманоскопияда патоморфологиялық өзгерістер анықталмаса.

Асқынулары:

  • инфекциялық-токсикалық шок

  • гиповолемиялық шок

  • аралас шок

  • ішектен қан кету

  • перитонит (перфорацияланған ойық жара кезінде)

  • тік ішектің айналып түсу

  • анустың жарылуы

Болжамы:

  • сауығу

  • созылмалы түріне өтуі (2-5% ауруларда)

  • дизентериядан кейінгі колит

  • ішек дисбактериозы

Диагностикасы: Дизентерия диагнозының негізделуі:

  • клиникалық белгілер (колиттік және улану синдромдары)

  • эпидемиологиялық мәліметтер

  • зертханалық тексерулер

Зертханалық тексеулер :

бактериологиялық зерттеу (нәжісті, құсық массасын тексеру)

  • серологиялық зерттеу (ПГАР)

  • аллергиялық сынама

  • арнайы емес әдістер

  • копрологиялық зерттеу

  • ректоромоноскопия

Салыстырмалы диагностикасы:

  • тағам токсикоинфекция

  • сальмонеллез

  • холера

  • амебиаз

  • эшерехиоз (дизентерия тәрізді дисбактериоз түрі)

  • тік ішектің рагы

  • арнайы емес жаралы колит

  • иерсиниозбен және басқа диареямен өтетін аурулармен.

Емдеу: Дизентерия емдеуін ауруханада және үйде жүргізуге болады. Госпитализация клиникалық және эпидемиологиялық жағдайларға байланысты жүргізіледі.

  • диета №4

  • емдік – қорғаныс күн тәртібі

  • этиотропты ем; берілетін препараттар (фуразолидон, невиграмон, метациклин, эрсефурил, интетрикс, ципрофлоксацин); жеңіл түрінде әдеттегі дозаларымен 3-4 тәулік, орташа және ауыр ағымында 5-7 күн. Антибактериальды препараттар ауыр ағымында қолданылады (аминогликозидтер, цефалоспориндер, фторхинолондар)

  • патогенетикалық ем; улану синдромы айқын кезінде.

  • дезинтоксикациялық ем жүргізіледі

  • регидратациялық ем – дегидратация кезінде

  • иммундық реактивтілік жоғарлататын препараттар (метилурацил, пентоксил, дибазол)

  • ферменттер (креон, фестал, линекс, хилак-форте)

  • эубиотиктер (бифидум бактерин, лактобактерин, бактисубтил, бактиспорин)

  • физиотерапия

  • симптоматикалық ем (анальгетиктер, спазмалитиктер).

Алдын алу: жалпы санитарлық-гигиеналық шаралар, таралу жолына бағытталған шаралар.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]