Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
44511.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
171.16 Кб
Скачать

«Интегра Сервис Азия» жшс-нің құрылымы

«Интегра Сервис Азия» ЖШС-гінің құрылымын келесі кестеден көріге болады:

Құрылтайшылар кеңесі

Қойма

Сату орындары

Кадрларды қабылдау бөлімі

Директор

 

Директордың орынбасары

Сату және маркетинг болімі

 

 

 

Есеп және қаржы бөлімі

 

  

Сурет - 1. «Интегра Сервис Азия» ЖШС-нің құрылымы.

Серіктестіктің жарғылық капиталы құрылтайшы салымынан, серіктестік алған кірістер мен заңмен тиым салынбаған көздерден кірістер есебінен құрылады. Серіктестіктің жарғылық капиталының салымы ақша қаражат-тары, құнды қағаздар, мүліктік құқықтар, соның ішінде жер пайдалану құқығыжәне өзге де мүліктер бола алады. Серіктестік қатысушының ерекше құзіреті: 1) Серіктестік жарғысын өзгерту, соның ішінде жарғы капиталының көлемінің өзгеруін қоса алғандағы, тұрған жерін және фирмалық атауын өзгерту немесе серіктестік жарғысын жаңа редакцияда бекіту; 2)Серіктестіктің атқарушы органдарын құру және оның өкілетін тоқтату, сондай-ақ серіктестікті немесе мүлікті оралымды басқаруға беру; Бақылау кеңесі мен тексеру комиссиясын сайлау және олардың өкілет-тілігін ерте тоқтату, сондай-ақ серіктестіктің тексеру комиссиясының есептерін және қорытындыларын бекіту. 3)Серіктестіктің жылдық қаржылық есептерін бекіту,таза кірістерді бөлу; 4)Серіктестіктің ішкі қызметтерін реттейтін ережелер, құжаттарды бекіту; 5)Серіктестіктің басқа да шаруашылық серіктестіктерге, сондай-ақ коммерциялық ұйымдарға қатысуы туралы шешім қабылдау; 6)Серіктестікті тоқтату және қайта құру; 7)Тарату комиссиясын тағайындау және тарату балансын бекіту; Серіктестіктің ағымдағы қызметіне басшылық жасаушы, серіктестіктің атқарушы органы болып директор табылады. Серіктестіктің директоры: -Серіктестіктің өкілі болуға құқық беретін сенімхат береді; -Қызметкерлерге қатысты оларды қызметке тағайындау және босатуға бұйрық шығарады, еңбек төлемдерінің жүйесін, қосымша ақы белгілейді, сыйақы беру мәселесін шешеді, тәртіптік шаралар қолданады; -Қатысушы немесе байқау органдарының құзіретіне жатпайтын өзге де өкілдіктерді жүзеге асырады. Серіктестіктің жыл ішіндегі қызметінің нәтижелері бойынша алған таза пайдасы, серіктестік қатысушының шешіміне сәйкес бөлінеді. Серіктестікте резерв капиталға құрылған жағдайда серіктестіктің ықтимал шығындары осы қордың есебінен жабылады. Резерв капиталдың қаражаты жетіспеген кезде немесе резерв капитал болмаған жағдайда шығындарды жабудың көздері туралы шешім қатысушымен қабылданады. Серіктестіктің жұмыс тәртібі Қазақстан Республикасының Еңбек туралы заңына сәйкес жасалынады. Серітестіктің Жарғысына өзгертулер мен толықтырулар енгізуі Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленген тәртіпте қатысушының шешімі бойынша жүзеге асырылады. Серіктестіктің мүлкін құрайтындар: негізгі қорлар және айналымдағы қорлар, сонымен қатар серіктестіктің қаржылық есебінде көрсетілген өзге де мүліктер болып табылады. Мүлік серіктестікке жеке меншік түрінде жатады. Серіктестіктің мүлкін қалыптастыру көздері: -қатысушының жарғылық капиталға салған салымы; -серіктестік қызметінен түскен табыс; -ҚР заңдарымен тыйым салынбаған басқа да табыс көздері болып табылады.

ІІ. Кәсіпорынның өндірістік қызметі мен қаржы қызметін ұйымдастыру.

Есеп бөлімінің сипаттамасы және қызметтері

«Интегра Сервис Азия» ЖШС-де есеп бөлімі бухгалтерлік есеп бас бухгалтерімен басқарылатын бухгалтериямен жүзеге асырылады.Егер кәсіпорында бухгалтерлік қызмет болмаса, басшы есеп  пен есеп беру жүргізуді арнайы мамандандырылған  ұйымдарға келісімшарт ( көбінесе ол шағын кәсіпорындарға қатысты) негіздерінд тапсыруына құқығы бар.

Кәсіпорынның есеп бөліміндегі жұмыс ереже бойынша бухгалтерлік жұмыстың мөлшеріне қарай мынадай негізгі топтарға бөлінеді:

-Есеп айырысу;

-Материалдық, алғашқы құжаттар;

-Қаржылық. Бас бухгалтер қызметіне кәсіпорын басшысы тағайындайды  немесе қызметінен босатады  және оған бағынады. Бас бухгалтер есеп саясатын құруға жауапты, бухгалтерлік есепшоттарда шаруашылық әрекерттерді бейнелеуді және бақылауды,ақпараттарды ұсынуды, Бекітілген мерзімде бухгалтерлік есеп беруді  құруды,  кәсіпорынның   ішкі  шаруашылық резервтерін анықтау және   мобилизациялау мақсатында  қаржы- шаруашылық қызметтің экономикалық талдауын жүргізуді басқа қызметтермен бірге қамтамасыз етеді. Бас бухгалтер  кәсіпорынның басшысымен бірге тауарлы- материалдық құндылықтар  мен ақша қаражаттарын   қабылдау және беру,  сонымен қатар  есеп айырысу, несиелік  және қаржылық  міндеттемелер  мен  шаруашылық  келісімшарттар үшін    негіздеме болып  табылатын  құжаттарға    қол қояды.

Аталған құжаттар  бас  бухгалтердің қолынсыз жарамсыз болып табылады және орындауға қабылданбайды. Қолтаңба қою  құқығы  кәсіпорын  басшысының  жазбаша үкімімен осыған  өкілетті тұлғаларға берілуі мүмкін. Бас бухгалтерге келісімшарт және қаржылық тәртіпті бұзатын және заңдылыққа қайшы келетін әрекеттер бойынша  құжаттарды орындауға  және ресімдеуге болмайды.  Осындай құжаттар туралы  бас бухгалтер кәсіпорын басшысына жазбаша хабарлайды , ол  жазбаша  үкіммен  осы  құжаттарды   есепке  алады. Осы сәттен бастап   орындалған   әрекеттердің  заңсыздығына   кәсіпорын   басшысы жауапкершілік  атқарады.

Бас бухгалтерге тікелей ақша қаражаты  және материалдық құндылықтармен байланысты  жауапкершілік жүктелуі мүмкін.  Оған  чектер мен   басқа құжаттар  бойынша кәсіпорын үшін   ақша қаражаттары мен  тауарлы- материалдық  құндылықтарды алуға  рұқсат етілмейді.Бас бухгалтерді орнынан босатқан кезде  қайтадан тағайындалған  бас бухгалтерге істерді  тапсыру  жүргізіледі.  Сонымен бір уақытта   кәсіпорын басшсымен бекітілген   актінің құрылуымен   бухгалтерлік есептің  жағдайы мен   дұрыс ақпараттарды  тексеру жүргізіледі.

Кассирдың қызметтері

«Интегра Сервис Азия» ЖШС – де кассалық операцияларды арнайы тағайындалған кассир жүргізеді. Ол кассадағы ақшалардың сақталуы үшін материалды – жауапты тұлға болып саналады. Және ақшаларды қабылдау, сақтау, өткізу мен беруді жүргізеді.Ұйымда кассирдің материалдық жауапкершілігі жөніндегі ұйым төрағасымен кассир арасында келісім шарт жасасқан. Онда кассир мен төрағаның міндеттері мен жауапкершіліктері көрсетіліп, екі данада толтырылған. Және тараптардың қолдары қойылған. Осы келісім шарттың негізінде ұйымның кассирі «Кассирдің міндеттемесін» қабылдайды, онда кассалық операцияларды жүргізу ережелерін орындауға, оны бұзған жағдайда жауапкершілікті өз мойнына алуға міндеттенеді. Сондай – ақ кассалық операцияларды жүргізу тәртібімен танысқандығын растап, қолын қояды.Ұйымның кассирі ауысатындай болса, онда кассаны және құндылықтарды өткізу – беру актісі бойынша рәсімдейді. Бухгалтердің міндеттері «Интегра Сервис Азия» ЖШС-де бухгалтер мүліктің, міндеттемелердің және шаруашылық операцияларының бухгалтерлік есебін (негізгі құрал-жабдықтардың, тауар-материалдық құндылықтардың, өндіріс, өнім өткізу шығындарын, шаруашылық-қаржы нәтижелерінің есебін жүргізу, жеткізушілермен және тапсырыс берушілермен, сондай-ақ көрсетілген қызметтер үшін есеп айырысу) жүргізу жөніндегі жұмысты орындайды. Қаржылық тәртіпті сақтауға және ресурстарды ұтымды пайдалануға бағытталған іс-шараларды әзірлеуге және жүзеге асыруға қатысады. Бухгалтерлік есептің тиісті учаскелері бойынша бастапқы құжаттарды қабылдауды және бақылауды жүзеге асырады және оларды санап өңдеуге дайындайды. Негізгі құрал-жабдықтардың, тауар-материалдық құндылықтардың және ақша қаражатының қозғалысына байланысты операцияларды бухгалтерлік есеп шоттарында көрсетеді. Өнімнің (жұмыстың, қызметтің) өзіндік құнының есептік калькуляциясын жасайды, шығындардың және көзделмеген шығындардың пайда болуы көздерін анықтайды, олардың алдын алу жөнінде ұсыныстар дайындайды. Есептілікті жасау үшін бухгалтерлік есептің тиісті учаскелері бойынша деректер дайындайды, бухгалтерлік құжаттардың сақталуын қадағалайды, оларды мұрағатқа өткізу үшін белгіленген тәртіпке сәйкес ресімдейді. Бухгалтерлік ақпараттың деректер базасын қалыптастыру, жүргізу және сақтау бойынша жұмыстар жүргізеді, деректерді өңдеу кезінде пайдаланылатын анықтамалық және нормативтік ақпаратқа өзгертулер енгізеді. Сату және маркетинг бөлмінің қызметтері Кәсіпорында сату және маркетинг бөлімі ерекше орын алыды. Сату және маркетинг бөлімінің басты мақсаты- нарықтық экономика жағдайында, тауарлар мен қызметтерге ұсыныс пен сұраныстың нәтижелі сәйкестілігін қамтамасыз ету, бәсекелестікті бағалау және тауарлар мен қызметтерді сатудың ерекше стратегияларын ойлап табу болып табылады. «Интегра Сервис Азия» ЖШС-нің сату және маркетинг бөлімінде сату бөлімінің басшысы, сату бөлімінің менеджерлері және маркетолог қызмет етеді. Сату және маркетинг бөлімінің басты атқаратын қызметтерін келесі сызбадан көруге болады.

Нарықты зерттеу

Өнім ассортиментін жоспарлау

Сату және маркетинг бөлімінің негізгі функциялары

Тауарлар мен қызметтерді өткізу

 

 

2-сурет. Кәсіпорындағы сату және маркетинг бөлімінің қызметтері.

Осылайша сату және маркетинг бөлімінің қызметкерлері кәсіпорынның тауарлары мен қызметтерінің барынша сұранысқа ие болып, өтімді болуын қадағалап отырады. Тауарға сұранысты қалыптастыру мақсатында көптеген іс-шалалар жүргізіледі.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]