Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
44511.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
171 Кб
Скачать
☆

VI. «Интегра Сервис Азия» жшс-нің бухгалтерлік есепті жүргізу ерекшеліктері

4.1 Ақша қаражаттарының есебі

«Интегра Сервис Азия» ЖШС-де қолма қол ақшамен есеп айырысуды жүргізу үшін кассасы бар. Касса – бұл қол ақша қабылдауға, беруге және уақытша сақтауға арналған, арнайы жабдықталған және оқшауланған бөлме. Субъекті жетекшілері кассаны жабдықтауға және касса бөлмесінде ақшаның сақталуын қамтамасыз етуге, сондай-ақ оларды банк мекемесінен әкелу және банк мекемесіне тапсыру кезінде оның сақтығын қамтамасыз етуге және олардың кінәсінен сақтау және тасымалдау кезінде ақша қаражатының сақталуын қамтамасыз ететін қажетті жағдайлар жасалмаған жағдайларда белгіленген заң тәртібінде жауапкершілік көтереді. Ақша қаражаты – кәсіпорын кассасындағы қолма-қол және ағымдағы банктік шоттағы ақша қаражаттары. Ақша қаражаттарының баламалары (эквиваленті) – бұл ақшалай қаражаттың белгілі бір сомасына айналатын және құндылықтар өзгеруінің аздаған тәуекеліне салынатын қысқа мерзімді, жоғары өтімді салымдар.Кассаға қолма – қол ақшалар есеп айырысу шотынан ақшалай чек бойынша келіп түседі. Кассаға ақша бас бухгалтер қол қойған кассалық кіріс ордерлері (КО-1 үлгіде) бойынша қабылданады. Кассаға ақша салған адамға бас бухгалтер және кассир қол қойған түбіртек (ордердің жыртылатын бөлігі) беріледі. Кассалық кіріс ордері бойынша ақшаны қабылдау тек қана оларды толтырған күні жүргізіледі. «Интегра Сервис Азия» ЖШС – де кассадан ақша кассалық шығыс ордері (КО – 2 үлгі) арқылы, бас бухгалтер мен төраға қол қойған тиісінше рәсімделген төлем ведомостері арқылы беріледі. «Интегра Сервис Азия» ЖШС ақша қаражаттарының қозғалысын есепке алу үшін 1000 «Ақша қаражаты» кіші бөлімі арналған. Кассадағы ақша қаражаттарының қозғалысы бойынша операцияларды келесі кестеден көруге болады: Кесте - 1. Ақша қаражаттарының қозғалысы бойынша шаруашылық операциялары

№

Шаруашылық операцияларының мазмұны

Дебет

Кредит

1

Есеп беруге тиісті тұлғаларға кассадан ақша қаражаты берілді

1251

1010

2

Кассадан еңбекақы берілді

3350

1010

3

Кассадан ағымдағы шотқа ақша аударылды

1030

1010

4

Кассаға сатып алушылардан тауарлар мен қызметтер үшін ақша қаражаты келіп түсті

1010

1210

5

Кассадан жеткізушілер мен мен мердігердердің қарызы төленді

3310

1010

«Интегра Сервис Азия» ЖШС-де ағымдық шоттағы ақша қаражаттарының есебі 1030 шотында жүргізіледі. Есеп айырысу шотындағы  ақша қаражаттар есебі кәсіпорынға  банктен келген «Банк көшірмесі» деген  құжатнамада толық көрсетіледі. Ондғы ақша қаражаттарымен келесі құжаттар арқылы ғана қолданысқа енгізуге болады.

- төлем тапсырмасы;

- чек кітапшасы

- банк клиент бағдарламасы.

Төлем тапсырмасы есеп айрйысу  шотынан басқа да тұлғалармен  есеп айырысу үшін қолданылады. Онда бенефициардың барлық реквизиттері және не үшін төлеп жатқаны көрсетіледі. Оның қорытындысы «Выписка банка» хабарландыру құжатында көрініс табады. Жалпы банк белгілі бір уақыт мерзімі сайын есеп айырысу шотындағы қозғалыстарды тұтынушыға есеп беріп отырады. Сол есепте есеп айырысу шотына келген және кеткен ақша қаражаттарының толық сипаттамасы баяндалады. Ағымдық шоттан ақша қаражаттарын алу чек кітапшасы арқылы жүзеге асырылады. Чек-кәсіпорынның жауапты тұлғаларының қолында болатын, есеп айырысу шотынан қолма-қол  ақша қаражатын алу үшін негіз  болатын бірден бір құжат. 1030 шоты бойынша ақша қаражаттарының қозғалысы бойынша бухгалтерлік жазбаларды келесі кестеден көреміз.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]