Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
44511.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
171 Кб
Скачать
☆

Кесте - 5. Еңбекақы бойынша корреспонденциялар

 

№

 

Операция мазмұны

 

Дебет

 

Кредит

1

Әкімшілік басқарудың қызметкерлеріне

7210

3350

2

Аяқталмаған құрылыс жұмыскерлеріне

2930

3350

3

Жеке тұлғалардан табыс  салығы ұсталынды

3350

3120

4

Жинақтаушы зейнетақы  қорларына міндетті зейнетақы жарнасы  аударылды

3350

3220

5

Өтеу сомасы еңбекақыдан  ұсталынды

3350

1250

4.6 Кәсіпорынның қаржылық есептілікті ұсынуы

«Интегра Сервис Азия» ЖШС-де қаржылық  есеп  беруге  мыналар  жатады :

   1) бухгалтерлік   баланс ;

    2) табыстар  мен  шығындар туралы  есеп ;

    3) ақша  қаражаттарының  қозғалысы  туралы  есеп ;

    4) меншік капиталындағы  өзгерістер туралы есеп;

    5) есеп жүргізу саясаты  және түсіндірме жазба. 

    Онда  сонымен қатар түсіндірме  хат  болады,  сондай-ақ қаржылық есеп беруге негізделген немесе қаржылық есептен алынған материалдармен толықтурылуы мүмкін және  бұл  материалдар  солармен бірге жүреді. Түсіндірме хатта берілген субъектінің есеп және есеп берудің қандай саясатын ұстап отырғандығы және қаржылық есепті пайдаланушылардың талаптарына сай басқа  да  ақпараттар  жүргізілуі  тиіс.

    Субъектіге  қаржылық  есепті   бухгалтерлік  есеп  стандартында анықталған жеңілдетілген  түрде  толтырып, көрсетуге  рұқсат  етіледі.

   Кәсіпорынның   қаржылық  жағдайын  талдауда  негізгі   ақпарат  көзі  қызметін  бухгалтерлік  баланс  атқарады . Баланс дегеніміз-есепті жылдың басындағы соңындағы кәсіпорынның қаржылық жағдайын  сипаттайды  және маңызды қызметтер атқарады. Біріншіден, баланс меншік иелерін шаруашылық субъектісінің мүліктік жағдайымен таныстырады. Осы арқылы олар бұл субъекті нені иеленеді, материалдық құралдардың сандық және сапалық қорлары қандай, кәсіпорын  жақын  арада  үшінші   жақ  алдындағы  өз  міндеттемелерін  ақ-тай ала ма, соны білдіреді. Екіншіден, басшылар кәсіпорынның жүйесіндегі өз орыны, таңдап  алынған  стратегиялық  бағытының  дұрыстығы  туралы, ресурстарды  пайдалану  тиімділігінің  салыстырмалы  сипаты  және  кәсіпорынды  басқару  бойынша  әр  түрлі  сұрақтарға  шешішдер  қабылдау  туралы  түсінік  алады. Үшіншіден, баланстың мазмұны оны ішкі қолданушылары сияқты сыртқы қолданушыларға   да пайдалануға  мүмкіндік  береді. Мысалы, аудиторлар  жұмыс  процесінде  дұрыс  шешім  қабылдау  үшін  өз  тексеріс  жұмысын жоспарлауда, сондай-ақ клиенттің сыртқы есеп беру жүйесінде мүмкін болтын әдейі жасалынған және әдейі жасалынатын қателіктер аумағында әлсіз жақтарын шығару үшін көмек  алады, ал  талдаушылар  қаржылық  талдаудың  бағытын  анықтайды.   

4.8 «Интегра Сервис Азия» жшс негізінде баланс активінің және құрастырылу көздерінің динамикасын талдау

Баланс активтерінің құрамы мен құрылымының динамикасын  талдау – кәсіпорынның барлық мүліктерінің және оның жекелеген түрлерінің абсолютті және салыстырмалы арту немесе кему мөлшерін белгілеуге мүмкіндік береді. Қаржылық есептің маңызды  элементі боып саналатын активтерді талдау барысында осы активтердің  нақты қолда бары құрамы, құрылымы және оларда болған өзгерістер зерттеледі. Активтердің жалпы құрылымы және оның жеке топтарын талдау, оларды рационалды тартылуын талқылауға мүмкіндік береді. Активтердің өсуі (артуы) кәсіпорынның болашақтағы дамуын көрсететін болғандықтан,ол осы кәсіпорын жұмысының  оң нәтижесін сипаттайды.

Талдау барысында шаруашылық серіктестігінің балансының актив құрылымының жыл соңындағы сомалары жыл басындағы сомаларымен салыстырылып,  ауытқулары шығарылып, олардың алатын %-к үлестері анықталады. Келесі кестені құрастыра отырып кәсіпорынныің активтеріне талдау жасаймыз.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]