- •Мазмұны
- •І. «Интегра Сервис Азия» жшс-нің экономикалық сипаттамасы
- •«Интегра Сервис Азия» жшс-нің сипаттамасы және бөлімдерінің қызметіне сипаттама
- •«Интегра Сервис Азия» жшс-нің құрылымы
- •Есеп және қаржы бөлімі
- •Ііі. «Интегра Сервис Азия» жшс-нің есеп саясаты
- •VI. «Интегра Сервис Азия» жшс-нің бухгалтерлік есепті жүргізу ерекшеліктері
- •4.1 Ақша қаражаттарының есебі
- •4.2 Тмқ есебі
- •Кесте - 3. Есеп айырысу шотындағы ақша қаражаттарының қозғалысы бойынша шаруашылық операциялары
- •4.3 Дебиторлық борыштар есебі
- •Кесте - 4. Дебиторлық берешектердің операциялары бойынша шоттар корреспонденциясы
- •4.4 Негізгі құралдардың есебі
- •4.5 Еңбекақы есебі
- •Кесте - 5. Еңбекақы бойынша корреспонденциялар
- •4.6 Кәсіпорынның қаржылық есептілікті ұсынуы
- •4.8 «Интегра Сервис Азия» жшс негізінде баланс активінің және құрастырылу көздерінің динамикасын талдау
- •Кесте - 6. 2015 жылдың басы мен соңындағы «Интегра Сервис Азия» жшс – дегі баланс активтерінің құрамы мен құрылуы.
- •Кесте - 7. 2015 жылдың басы мен соңындағы «Интегра Сервис Азия» жшс – дегі құрастырылуы көздерінің динамикасын талдау.
- •4.8 «Интегра Сервис Азия» жшс-нің қызметін экономикалық талдау
- •Кесте – 8. «Интегра Сервис Азия» жшс – нің ағымдағы активтерінің өтімділік көрсеткіштері (мың теңге)
- •Кесте - 9. «Интегра Сервис Азия» жшс жалпы активтердің (өндіріске салынған капиталдың) табыстылық деңгейі (мың теңге)
- •Кесте - 10. «Интегра Сервис Азия» жшс-нің жалпы капиталдың табыстылық деңгейіндегі ауытқулар
- •Кесте - 11. «Интегра Сервис Азия» өндірістік құралдардың табыстылық деңгейінің өгеруіне әсер етуші көрсеткіштер
- •Қорытынды
Кесте - 3. Есеп айырысу шотындағы ақша қаражаттарының қозғалысы бойынша шаруашылық операциялары
№ |
Шаруашылық операцияларының мазмұны |
Дебет |
Кредит |
1 |
Кассадан ағымдағы шотқа ақша аударылды |
1030 |
1010 |
2 |
Ағымдағы шоттан жұмыскердердің карт-шоттарына еңбекақысы аударылды |
3350 |
1030 |
3 |
Ағымдық шотқа сатып алушылардан тауарлар мен қызметтер үшін ақша қаражаты келіп түсті |
1030 |
1210 |
4 |
Ағымдық шоттан жеткізушілер мен мен мердігердердің қарызы төленді |
3310 |
1030 |
5 |
Ағымдық шоттан бюджетке салықтар төленді |
3130,3120,3150 |
1030 |
6 |
Ағымдық шоттан зейнетақы қорына әлеуметтік қамсыздандыру жарналары мен зейнетақы қорына жарналар аударылды |
3220, 3210 |
1030 |
4.2 Тмқ есебі
Тауарлы материалдық өнім өндіру барысында өзінің өзіндік құнын бірден өндірілетін өнімге немесе өзіндік құнын бірден жоятын кәсіпорынның мүлкін – тауарлы материалдық қорлар деп атаймыз. Тауарлы-материалдық қорлар өзіне активтерді мына түрде ұсынады: - шикізат және материалдар, отын, ыдыс және ыдыстық заттар, қосалқы бөлшектер; - улы химикаттар, медикаменттер; - дайын өнім; - сатуға арналған тауарлар. Тауарлы-материалдық қорлар мыналарға бөлінеді: а)Негізгі – бұл дайындалатын өнімнің құрамына заттай кіретін және материалдың негізін қалайтын материалдар. ә)Қосалқы – бұл өндірілетін өнімнің құрамына кіретін, бірақ негізгіден айырмашылығы олар өндірістік өнімнің заттай негізін құрамайды. в)Тауарлы-материалдық қорларды уақытында қолданғанда оның нақты құнына тауарлы-материалдық қорларды қолдануына байланысты (сатып алу құны, тасымалдау құны, көлікті дайындауға кеткен шығындар және т.б.) шығындар кіреді. Кәсіпорындарда инвентарлық тексеру (инвентаризация) жылына бір рет болып тұрады. Инвентарлық тексеру мына жағдайларда жүргізіледі: - ұрланған фактілер болған жағдайда; - төтенше жағдайларда (өрт, табиғат апаттары); - материалды-жауапты тұлғаны ауыстырған жағдайда; - кәсіпорынның құлауы немесе тарауы кезінде.
Материалдардың есебі ұйымның қоймасында және бухгалтериясында жүргізіледі. Қоймада материалдық қорлардың сандық есебі ғана жүргізіледі. Материалдың әрбір номенклатуралық нөмірі бойынша бөлек-бөлек М-17 үлгідегі карточка ашылады. Бұл карточкада материалдық қорлардың аты, мөлшері, көлемі, сорты, өлшем бірлігі, номенклатуралық нөмірі және есептеу бағасы көрсетіледі. Оны бухгалтерияда жаңа кіріске алынған материалға жартылай толтырып, кіріс ету ордерімен қоса материалды-жауапкершілікті тұлғаға (қоймашыға) қолхат арқылы береді. Қоймашы кіріс және шығыс құжаттары негізінде материалдардың кіріске алыну және есептен шығарылу операцияларын, олардың іске асырылған күнін осы есеп карточкасына жазып, сол күннің соңындағы қалдығын шығарып отыруы керек.
Бухгалтерия қызметкері жиі-жиі (апта сайын, 10 күнде) қоймашымен қоймадағы операцияларды жүргізуге негіз болған алғашқы құжаттардың дұрыс жазылуын, қоймалық сорттық карточканың дұрыс жүргізілуін және карточкадағы материалдар қалдығының дұрыс шығарылуын тексеріп отыруы қажет. Бухгалтерия қызметкері карточкадағы жазылған операцияларды тексергені және оның дұрыстығы жайлы есеп карточкасының тиісті жеріне қол қояды. Ай соңында қоймаға «Материалдар қалдығы кітабы» кітабы тапсырылады, оған карточкадан материалдық қорлар қалдығы көшіріледі. Осылай қоймадағы есеп заттай, ал бухгалтерияда заттай және ақшалай көрсетіледі. Қорлардың барлық түрлерінің есебі 1300 – «Қорлар» бөлімшесіні негізгі, активтік, инвентарлық шоттарында жүргізіледі. 1310 – «Шикізаттар мен материалдар» 1320 – «Дайын өнім» 1330 – «Тауарлар» 1340 – «Аяқталмаған құрылыс». ТМҚ-дың қозғалысы бойынша шаруашылық операциялары келесі кестеде көрсетілген: Кесте - 3. ТМҚ қозғалысы бойынша шаруашылық операциялары
№ |
Шаруашылық операцияларының мазмұны |
Дебет |
Кредит |
1 |
Жабдықтаушылар мен мердігерлерден ТМҚ келіп түсті |
1310,1330 |
3310 |
2 |
Түгендеу кезінде артық шыққан ТМҚ кіріске алынды |
1310,1330 |
6280 |
3 |
Ай соңында шаруашылық қажеттіліктегі ТМҚ есептен шығарылды |
7110, 7210 |
1310,1330 |
4 |
Есеп беруге тиісті тұлға ТМҚ-ды сатып алғанда |
1310,1330 |
1251 |
5 |
ТМҚ-ды жеткізген мердігерлермен есеп айырысқанда |
3310 |
1030,1010 |
