Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
44511.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
171 Кб
Скачать
☆

4.3 Дебиторлық борыштар есебі

Белгілі бір қарым-қатынасқа байланысты заңды және жеке тұлғалардың шаруашылық субъектісінің алдындағы сатып алған тауарлары, субъектінің оларға көрсеткен қызметтері үшін, сондай-ақ жұмысшылар мен қызметкерлердің субъектіден аванс ретінде алған немесе несиеге, қарызға алған тауарлары мен материалдары үшін қайтаруға тиісті борыштарын -дебиторлық берешек деп айтады. «Интегра Сервис Азия» ЖШС-де сатып алушылар мен тапсырыс берушілермен есеп айырысу есебі бухгалтерлік есептің мынандай шоттарында жүргізіледі: 1200 «Қысқа мерзімді дебиторлық берешек» 1210 «Сатып алушылар мен тапсырысшылардың қысқа мерзімді дебиторлық берешегі» 1220 «Еншілес ұйымдардың қысқа мерзімді дебиторлық берешегі» 1230 «Қауымдастырылған және бірлескен ұйымдардың қысқа мерзімді дебиторлық берешегі» 1240 «Филиалдар мен құрылымдық бөлімшелердің қысқа мерзімді дебиторлық берешегі». 1250 «Қызметкерлердің қысқа мерзімді дебиторлық берешегі» 1260 «Жалдау бойынша қысқа мерзімді дебиторлық берешек» 1270 «Алуға арналған қысқа мерзімді сыйақылар» 1280 «Басқа да қысқа мерзімді дебеторлық берешек» шоты; 1290 «Күмәнді талаптар бойынша резерв» Осы шоттар бойынша жасалатын есептің ұйымдастырылуын қарас-тырайық.1210 «Сатып алушылар мен тапсырысшылардың қысқа мерзімді дебиторлық берешегі» шотында жөнелтілген өнім (тауарлар), орындалған жұмыстар және көрсетілген қызметтер үшін төлеуге банк қабылдаған есептесу құжаттарын есепке алады. Алынуға тиісті дебиторлық берешек ағымдағы (немесе қысқа мерзімдегі) дебиторлық берешектер, яғни бір есептік кезеңнің ішіндегі болып және ұзақ мерзімдік дебиторлық берешектер, яғни бірнеше есептік кезеңді қамтитын болып екіге бөлінеді. Сатып алушылармен және тапсырыс берушілермен есеп айырысу бойынша бухгалтерлік есепте келесі жазулар жазылады:

Кесте - 4. Дебиторлық берешектердің операциялары бойынша шоттар корреспонденциясы

Рет

Шаруашылық

Шоттар корреспонденциясы

дебет

кредит

1

Тауарлар, жұмыстар, қызметтер сатылды: — ҚҚСсомасына (12%)

7010,

1210

1330,

3130,6010

2

Сатылған тауарларға, жұмыстарға, қызметтерге вексель алынды

1130

 

1210

 

3

Кассаға сатып алушылардан тауарлар үшін төлемдер келіп түсті

1010

1210

4

Есеп айырысу шотына сатып алушалардан төлемдер келіп түсті

1030

1210

4.4 Негізгі құралдардың есебі

Негізгі құралдар дегеніміз - материалдық активтер, оларды ұйым өндірісте пайдалану немесе тауарларды болмаса көрсетілетін қызметтерді беру үшін, басқа тұлғаларға жалға беру немесе әкімшілік мақсаттар үшін ұстап тұрады және бір кезеңнен көп пайдалану болжанады. Негізгі құралдар түрлері бойынша бөлшектенеді. Негізгі құралдардың түрі – бұл ұйымның қызметінде сипаты және пайдаланылуы жағынан бірдей активтердің бірігуі. «Интегра Сервис Азия» ЖШС-де негізгі құралдарының жекелеген түрлердің мысалдары мыналар болып табылады: -жер; -жер және ғимараттар; -машина жабдығы; -автокөліктік құралдары; -жылжымайтын мүлікпен біріктірілген жиһаз бен жылжымалы мүлік; -кеңсе жабдығы. Негізгі құралдардың түрлері бойынша бөлшектеуге байланысты синтетикалық шоттар ашылады. Негізгі құралдардың бухгалтерлік есебінде негізгі құралдардың келіп түсуін, кәсіпорын ішінде орын ауыстыруын және шығуын, дұрыс құжаттық рәсімделуін және бухгалтерлік есепте уақытылы көрсетілуін; олардың материалдық жауапты адамдарға бекітілуін және сақталуы мен ұтымды пайдаланылуын бақыланады; негізгі құралдардың есептелген амортизациясы мен тозу сомасының есепте дұрыс көрсетілуін, сондай-ақ есептелген амортизация сомасының есепте дұрыс көрсетіледі және негізгі құралдардың қор қайтарымын анықталып, жаңа техниканың және оны қолданудың жаңа әдістерінің тиімділігі негізгі құралдарды жөндеу бойынша шығындардың сенімді есебін құрастырылады. Негізгі құралдарды түгендеуді және қайта бағалауды мезгілінде жасайды және олардың нәтижесін сонымен қатар негізгі құралдарды сату және олардың басқаша шығу нәтижелерін есепте нақты көрсетілуін қамтамасыз етеді. 2400 «Негізгі құралдар» кіші бөлімі негізгі құралдарды есепке алуға арналған.Осы бөлім мынадай шоттардың топтарын қамтиды: 2410, 2420, 2430. Негізгі құралдардың келіп түсуі мен оның қозғалысынв 2410 – «Негізгі құралдар» шоты арналған. Актив ретінде бастапқы танығаннан кейін жылжымайтын мүлік барлық жинақталғанамортизацияны және құнсызданудан пайда болған барлық жинақталған шығындарды қоспай оның өзіндік құны бойынша немесе барлық жинақталған амортизацияны және құнсызданудан пайда болған кейінгі жинақталған шығындарды қоспай қайта бағалау күніне дұрыс құны болып табылатын қайта бағаланған құны бойынша есепке алынады. Негізгі құралдардың амортизациясын шоғырландыру үшін 2420 «Негізгі құралдардың амортизациясы» шоттар тобы арналған. Негізгі құралдардың құнсыздануынан болатын шығындарды шоғырландыру үшін 2430 «Негізгі құралдардың құнсыздануынан болатын шығындар» шоттар тобына арналған. Негізгі құралдар аудитінде қолданылатын ақпарат көздері кәсіпорын қабылдаған есеп саясатына тәуелді болады. Бұл есеп формасын таңдауда көрінеді: журнал-ордерлі, мемориалды – ордерлі, қарапайымды, сонымен қатар қолданыстағы регистрлер тізімінде, олардың құрылуында, кезектілігінде және оларда жазу жүргізу тәсілінде. Бірақ есептің кез- келген формасында негізгі құралдар бойынша операциялар алғашқы есептік құжаттаудың бірыңғайлы ведомісті аралық формалары мен толтырылуы тиіс екендігін есте сақтау керек: НҚ-1 формасы – негізгі құралдарды қабылдау - жіберу актісі; НҚ-3 формасы – жөнделген, қайта құрылған және жетілдірілген объектілердің қабылдау – тапсыру актісі; НҚ-4 формасы – негізгі құралдарды жою актісі; НҚ-4а формасы – автокөлік құралдарын жою актісі; НҚ-14 формасы – қондырғыларды қабылдау туралы акті; НҚ-15 формасы - қондырғыларды монтажға қабылдау – жіберу актісі; НҚ – 16 формасы қондырғылардың анықталған кемістігі туралы акті. Негізгі құралдар қозғалысы мен олардың тозуының синтетикалық есебі №13,10 және 10/1 журнал – ордерлерде жүргізіледі.

«Интегра Сервис Азия» ЖШС-де негізгі құрал объектілерінің бастапқы құны былайша белгіленеді:

Шаруашылық операциялаңрыны мазмұны

Дебет

Кредит

Құрылтайшылардың жарғы капиталына олардың салымдары есебіне негізгі құрал-жабдықтарды серіктестіктерге қатысушылар арасында келісілген бағамен салған кезінде

2410

Негізгі құрал құралдарды сатып алған кезде

2410

3310

Басқа заңды немесе жеке тұлғалардан объектіні өтеусіз алғанда (бағалау эксперттік жолмен немесе қабылдау-тапсыру актісінің мәліметтері бойынша жүргізілді)

2410

6280

Негізгі құраладарға амортизация есептелінді

7110, 7210

2420

Негізгі құрал объектілері субъектінің бухгалтерлік балансынан мыналардың нәтижесінде есептен шығарылады:

  • Физикалық немесе сапалық тозу;

  • Шаруашылық қызметінде пайдаланылмайтын объектілерді өткізуде;

  • Басқа субъектілерге негізгі құралды жарғы капиталына салым түрінде беру;

  • Басқа заңды немесе жеке тұлғаларға өтеусіз беру,

  • Объектілерде ұзақ мерзімді (қаржыландыратын) жалға беру;

  • Кем шығу, табиғи апат және басқа есептер.

Негізгі құрал объектілерін өтеусіз беру туралы шешім шаруашылық жүргізуші субъектіге қатысушылардың жалпы жиналысында қабылданады. Негізгі құралдардың жарамсыздығын, оларды қалпына келтіріп, жөндеудің мүмкін еместігін және тиімсіздігін анықтау үшін, сондай – ақ есептен шығаруға қажетті құжаттаманы ресімдеу үшін субъект басшысының бұйрығы бойынша тұрақты жұмыс істейтін комиссиялар құрылады. Комиссия объектіні қарайды, есептен шығарудың нақты себептерін белгілейді, мерзімінен бұрын істен шығаруға кінәлі адамдарды табады, пайдалану мүмкіндігін анықтайды және жарамды материалдық құндылықтарды бағалайды. Есептен шығаруды «Негізгі құралды есептен шығару актісі» және «Автотранспорттық құралдарды есептен шығару актісімен» екі данамен ресімделеді.Обектіні таратуға тек ұйым басшысының актісі бекітілгеннен кейін ғана кіріседі.

«Интегра Сервис Азия» ЖШС-де негізгі құралдардың істен шығуы (есептен шығуы) мынандай бухгалтерлік жазбалармен көрсетіледі:

Шаруашылық операциялардың мазмұны

Дебет

Кредит

Негізгі құралдың баланстық құны есептен шығару

7410

2410

Бұрын есептелген тозу сомасына

2420

2410

Сатып алушыларға ҚҚС – сыз (салық шот – фактурасы келісімімен)

1210

6100

Жыл соңында есептен шығарылды:

а) шығындар – жиынтық кірісті азайтуға

5400

7410

ә) кірістер – жиынтық кірісті азайтуға

6100

5400

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]