- •Батыс Қазақстан медициналық колледжі
- •Психиатрия
- •Психиатрия пәні және даму тарихы туралы түсінік
- •Жалпы психиатрия
- •Психиатриялық көмекті ұйымдастыру
- •Жалпы психопатология
- •І.Танып-білу жүйесінің бұзылуы.
- •Ойлаудың бұзылуы (мышление)
- •Ес және оның бұзылуы
- •Зейінннің (назар) бұзылуы
- •Іі. Сезімнің бұзылуы (эмоция)
- •Ііі. Қозғалыс-жігердің (поведенческая сфера) бұзылуы
- •Жігердің бұзылуына:
- •Жыныстық инстинктің бұзылуы
- •Іv. Сананың бұзылуы.
- •Психопатологиялық синдромдар.
- •Сандырақ синдромдары (бред)
- •Эмоциялық синдромдар.
- •Апатиялық синдром.
- •Кататониялық синдромдар.
- •Корсаков синдромы (амнестикалық синдром).
- •Астениялық синдром.
- •Арнайы психиатрия.
- •Ішкі себептер.
- •Психикалық ауруларды зерттеу тәсілдері.
- •Қояншық
- •Дифференциалды диагноз қою.
- •Қояншықтың шығуы мен патогенезі
- •Бас сүйек пен ми зақымдануындағы психикалық бұзылулар
- •Маскүнемдік
- •Маскүнемдіктің шығу тегі мен патогенезі:
- •Маскүнемдік психоздар
- •Нашақорлық
- •Нашақорлық қайдан келген?
- •Есірткі заттардың қандай топтары бар?
- •Психикалық тәуелділік
- •Физикалық тәуелділік (ағзалардың тәуелділігі)
- •Тыныштандырғыш заттар Героин
- •Дәрі – дәрмекке әуестік
- •Қоздырғыш заттар (стимуляторы)
- •Амфетамин деген не?
- •Экстази
- •Кокаин (крэк)
- •Адамның ой-санасын өзгертетін немесе галлюцинация тудыратын заттар Кендір және оның түрлері. (Конопля)
- •Гашиш қолданушыларды қалай анықтауға болады?
- •Уқұмарлық (токсикомания)
- •Есiрткіні не себептен қолданады?
- •Шизофрения
- •Маниакальды - депрессивті психоз (циклофрения)
- •Қартайған кездегі психикалық аурулар (инволюциялық психоздар)
- •Психиатриялық ауруларға ауруханаға дейінгі жедел жәрдем көрсету стандарттары.
- •1. Жедел галлюцинаторлы - параноидты синдром:
- •6. Эпилептикалық статус.
- •Психогенді аурулар (невроздар және реактивті психоздар)
- •Невроздар.
- •Психопатия.
- •Олигофрения.
- •IV тарау.
- •V тарау
- •VI тарау
Психопатологиялық синдромдар.
Синдром - іштей өзара байланысты, жалпы патогенетикалық негізі бар белгілердің қосындысы.
И.В. Давыдовскийдің айтуы бойынша: «әрбір аурудың дамуында белгілі стереотип, белгілі бір жол болады».
Әрбір аурудың клиникалық белгілерін және олардың ауысу заңдылықтарын білу, ауруға дұрыс диагноз қоюға көмектеседі.
Синдромды дұрыс анықтамай,дұрыс диагноз қоймай ауруға жедел көмек көрсету мүмкін емес. Мысалы, ойы алжасқан адам өзіне де өзгеге де қауіпті болуы мүмкін, оларды дереу ауруханаға жатқызу керек. Қатты депресия кезінде ауру өзін-өзі өлтіруге әрекет жасайды. Тез арада ауруханаға жатқызып, бақылау қажет.
Сандырақ синдромдары (бред)
Паронойяльды синдром - елестеушілігі жоқ жүйелі
сандырақ белгілері. Әр түрлі фактілерді жүйелі әңгіме арқылы басқаша түсіндіру. Бұл синдромда сезімнің бұзылуы, жалған және шын елестеушіліктер, психикалық автоматизмдер болмайды. Негізінде: қудалау, жаңалық ашу, қызғану түрінде кездеседі.
Параноидтық синдром (Кандинский-Клерамбо синдромы) - сандырақ бейнелі болып,сезіну процестері бұзылады. Кандинский мен Клерамбо дәлелдеген жалған елестеушілік пен психикалық автоматизмдер кездеседі. Есіту елестеушілігі жиіленеді. Сандырақ ойлардан көбіне әрекет пен қудалау сандырағы басым болады.
Психикалық автоматизмдердің үш түрі болады:
а) Ассоциативті автоматизм - еріксіз пайда болатын, күшпен енгізілген бөтен, қолдан жасалған ойлар. Ауру адамға өзінің ойлары сөйлеп тұрғандай көрінеді, дауыс ретінде естиді және осы ойларын айналадағылардың бәрі білетіндей көрінеді. (Ашық белгісі – сипмтом открытости). Дауыстап сөйлеп, жалған қуғыншылармен ой арқылы пікір таластырады.
б) Қозғалыс автоматизмі (кинетикалық автоматизм) деп ауру адамдардың қозғалысы өз еркімен емес басқа күштің әсерімен болатын жағдайларды айтамыз. Сөзі де, қимылы да шеттен, басқа бір күштердің әсерінен сияқты көрінеді.
в) Сенестопатиялық автоматизм – бұл жағдайда тек ойлар мен қозғалыстар ғана емес аурудың сезімдері де басқа күштердің әсерінен болғандай көрінеді. Олар күйдіргенді, шанышқанды немесе бір нәрселердің тері астындағы жыбырлағанын сезеді. «Дәретке отырғызбайды, тәбетімді жойды, жыныстық қозуымды тоқтатты» деп шағымданады.Бұл синдромдар шизофрения ауруында кездеседі.
Парафрендік синдромда аурулар өздерін құдаймыз,дүние жүзінің қожасымыз, «бәрі менің қолымда» деп алжасады. Көбіне шизофрения ауруында болады.
Жабысқақ синдром. Невроздарда, баяу ағымды шизофренияда кездесетін синдром жабысқақ ойлардан,үрейлерден, әрекеттерден тұрады.
Эмоциялық синдромдар.
а) Маникальды синдром деп көтеріңкі көңіл-күй,жылдам келетін ойлар және сөйлеу мен қозғалыс белсенділігі байқалатын белгілерді айтамыз. Ауру адамдар қоршаған ортада болып жатқан жағдайларға байланыссыз, өте қуаныш сезімде болады.
б) Депрессивті синдром да үш белгіден тұрады:
қайғылы көңіл күй, баяу ойлар,сөйлеу мен қозғалыс тежелуі. Аурулар себепсіз қайғырып,зарығып, өздерін өздері жәбірлейді. Мүлде үндемей немесе қозғалмай қалулары мүмкін (депрессивті ступор).
Бұл жағдайлар маникальды-депрессивті психозда, шизофренияда кездеседі.
