- •Батыс Қазақстан медициналық колледжі
- •Психиатрия
- •Психиатрия пәні және даму тарихы туралы түсінік
- •Жалпы психиатрия
- •Психиатриялық көмекті ұйымдастыру
- •Жалпы психопатология
- •І.Танып-білу жүйесінің бұзылуы.
- •Ойлаудың бұзылуы (мышление)
- •Ес және оның бұзылуы
- •Зейінннің (назар) бұзылуы
- •Іі. Сезімнің бұзылуы (эмоция)
- •Ііі. Қозғалыс-жігердің (поведенческая сфера) бұзылуы
- •Жігердің бұзылуына:
- •Жыныстық инстинктің бұзылуы
- •Іv. Сананың бұзылуы.
- •Психопатологиялық синдромдар.
- •Сандырақ синдромдары (бред)
- •Эмоциялық синдромдар.
- •Апатиялық синдром.
- •Кататониялық синдромдар.
- •Корсаков синдромы (амнестикалық синдром).
- •Астениялық синдром.
- •Арнайы психиатрия.
- •Ішкі себептер.
- •Психикалық ауруларды зерттеу тәсілдері.
- •Қояншық
- •Дифференциалды диагноз қою.
- •Қояншықтың шығуы мен патогенезі
- •Бас сүйек пен ми зақымдануындағы психикалық бұзылулар
- •Маскүнемдік
- •Маскүнемдіктің шығу тегі мен патогенезі:
- •Маскүнемдік психоздар
- •Нашақорлық
- •Нашақорлық қайдан келген?
- •Есірткі заттардың қандай топтары бар?
- •Психикалық тәуелділік
- •Физикалық тәуелділік (ағзалардың тәуелділігі)
- •Тыныштандырғыш заттар Героин
- •Дәрі – дәрмекке әуестік
- •Қоздырғыш заттар (стимуляторы)
- •Амфетамин деген не?
- •Экстази
- •Кокаин (крэк)
- •Адамның ой-санасын өзгертетін немесе галлюцинация тудыратын заттар Кендір және оның түрлері. (Конопля)
- •Гашиш қолданушыларды қалай анықтауға болады?
- •Уқұмарлық (токсикомания)
- •Есiрткіні не себептен қолданады?
- •Шизофрения
- •Маниакальды - депрессивті психоз (циклофрения)
- •Қартайған кездегі психикалық аурулар (инволюциялық психоздар)
- •Психиатриялық ауруларға ауруханаға дейінгі жедел жәрдем көрсету стандарттары.
- •1. Жедел галлюцинаторлы - параноидты синдром:
- •6. Эпилептикалық статус.
- •Психогенді аурулар (невроздар және реактивті психоздар)
- •Невроздар.
- •Психопатия.
- •Олигофрения.
- •IV тарау.
- •V тарау
- •VI тарау
Ойлаудың бұзылуы (мышление)
Айналадағы заттар мен құбылыстарды қабылдап қана қоймай, оларды салыстырамыз, тұжырымдаймыз, негізгі және қосалқы жақтарын айырамыз. Сезім мүшелеріміз арқылы қабылданған мәліметтерді талдаймыз. Адамға ғана тән бұл түсінік пен қорытындылауды ойлау деп атаймыз. Ойлау сөйлеумен тығыз байланысты, ойлаудың бұзылуы ауру адамның сөйлегенінен білінеді.
Шындықтан алшақ, түзетуге болмайтын ойларды сандырақ ойлар деп атайды (бред). Сандырақ ойлы аурудың пікірін өзгерту мүмкін емес. Егер сағым мен елестеушілік кейде сау адамдарда да кездесіп отырса, ал сандырақ ойлар тек психозбен ауырған кезде ғана болады.
Маңызы жағынан сандырақтың бірнеше түрі болады.
Солардың негізгілері:
а) Соңынан түсу сандырағы (бред преследования) – жиі кездесетін қарым-қатынас, уландыру, әсер ету, кінәлау, ұрлау, қызғану, кемсіту сияқты ойлар. Ауруларға айналасындағылар нашар қарап күлетін жаман ойларды айтып, сыбырласатындай болып көрінеді. Өзіне қатысы жоқ әрекеттерді өзіне бағытталған деп есептейді. Өткен-кеткен адамдарды өздеріне қарсы жауыздық ойлап жүр деп, бағалап сескенеді, сақтанады. Улап кетеді деп қорқып, тамақ ішуден бас тартады. Гипноздар, электр тогы, радиотолқындар, теледидар, ғарыш толқындары арқылы өзіне әсер етеді деп санап еден астынан, қабырғадан оларды іздеп, әуре болады, жүдейді. Көбіне дәрігерлерден, көршілерінен, туыстарынан қауіптенеді.
б) Кінәлау сандырағында (бред обвинения), мысалы, жұмыс істейтін жерінде кейбір заттардың жоғалғанын өзінен көреді деп есептеп, жұмыстан шығаруды өтініп арыз жазады. Көптеген кемшіліктерді өзінің кесірінен деп ойлап мазасызданады, жазалауды өтінеді.
в) Қызғану сандырағы көбіне маскүнем адамдарда кездеседі. Әйелін (күйеуін) көзіне шөп салады деп есептеп, жұмысқа барғанда, қонақтықтарда астыртын немесе ашықтан-ашық бақылауға алады. Достарына, тумаларына айтып, өзінің сандырақ ойын дәлелдеуге тырысады. Әйелін (күйеуін) балаларынан, әкесінен, тумаларынан қызғанып, өш алуға ұмтылады.
г) Ипохондриялық сандырақта өздерін: СПИД, туберкулез,
мерез сияқты жаман аурулармен ауырамыз, әрі сол аурулардың таратушыларымыз деп есептептейді. Жын-шайтанмен байланыстымын, қоймын, жыланмын деп, әйел еркекпін, еркек әйелмін деп тез арада шара қолдануды талап етеді.
д) Ұлылық сандырағы (бред величия) – байлық, тектілік, ойлап табушылық, сұлулық, сүйіспеншілік сандырақтары. Өздерін аса бай немесе асқан сұлу, ғалым, өнертапқыш деп таныстырады. Айтқан сөздері мен істері алшақ болса да «мен маршалмын, адмиралмын, әлемде теңдесі жоқ әртіспін, емшімін» деп өзіне бағынуды, сыйлауды, табынуды талап етеді.
Сандырақ ойлардан басқа жалықтыратын
жабысқақ ойлар (навязчивые идеи) – адамның ықыласынсыз оның санасын алатын, құтылуы қиын ойлар. Маңызы аз, қисынсыз, сын көзбен қарап, олардан құтылуға тырысқанымен құтыла алмайтын ойлар бар. Мысалы, мен өлсем не болады? Неге әтештің басы біреу? Қолым неге екеу, үшеу емес? деген сияқты жабысқақ ойлардың біреуі кетсе, екіншісі келіп мезі қылады. Белгілі бір әуеннің ойдан кетпей қайталана беруін жабысқақ ойларға қосуға болады.
Жабысқақ қорқыныштарға (фобия) үйден шығарда есікті жаптым ба, үтікті өшірдім бе, өшірмедім бе т.с.с. күдіктер немесе әртістердің күнделікті сахнаға шығып жүргеніне қарамастан, күтпеген қорқынышқа тап болуы жатады. Бұл сияқты жабысқақ жағдай кейде сау адамдарда да болады. Қысқа мерзімде болып тез өтуіне байланысты адамның жұмысына, өміріне көп әсер етпейді.
Ойлаудың өзгеруі жылдамдау және баяулау түрінде кездеседі.
Жылдам ойлау процесінде ойлар жылдам әрі үнемі өтіп жатады. Бұл көңіл-күйі жоғары болған кезде байқалатын жай. Берілген сұрақтарға үстіртін және қалай солай жауап бере салған ауру, тез өз назарын басқаға аударады. Ойлау күрт жылдамдаса, ойлар секіре бастайды (скачек), аурулар ұйқастырып айтуға бейім болады, барлық ойын айтып үлгермейді.
Ойлау баяулаған кезде ойлардың пайда болуы мен өтуі
қиындыққа соғады. Берілген сұрақтарға өте баяу, аз сөзбен жауап береді. Бұл жағдай көңіл-күй төмендеген жағдайларда кездеседі (депрессия).
Сөйлем құрамында логикалық байланыстың болмауын, сөздің мәні болмауын - ойлаудың үзілуі дейді.
Аурудың сөзінде мән мен грамматикалық байланыс болмаса, жеке сөздер мен буындар қисынсыз кездесе берсе, бұл жағдай - ойлаудың қисынсыздығы деп аталады.
Ойлаудың персерверациясы – ұзақ уақыт бір сөздің басым болуы. Берілген сұраққа бір сөзді қайталай береді. Мысалы: атың кім? – Амантай, әкең бар ма? – Амантай, оқисың ба? – Амантай, әйелің бар ма? – Амантай т.с.с.
Қойылған сұрақтарға бірден жауап бермей, зорға жылжып, әріден бастап, бірнеше керек емес нәрселерді айтып, адасып жауап қайтарса, ондай жағдайды батқыш ойлау дейміз. Балшыққа батқан автокөлік секілді шақ жылжып, мысалы қайда барасың деген сөзге өзінің кім екенін, қашан дүниеге келгенін, өмірбаянын қоса айтып діңкеңді құртады. Бұл қояншық және кәрілікке байланысты психоздарда кездеседі.
